Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус кукык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
419.33 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

Университеттің барлық мамандықтарына арналған

1-2 курс студенттеріне арналған

М-1__әлеуметтік-гуманитарлық_ модульінің

шифр және атауы

«Құқық негіздері» пәні бойынша

Оқу бағдарламасы (силлабус) күндізгі оқу бөлімінің 2013-2014 оқу жылының 2-4 семестріне арналған

Орал 2013 ж

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

«Агрономия» «Агрономия»

факультетінің ОӘБ төрайымы факультетінің деканы

____________ Берниязова А.М. ______ Рахимгалиева С.Ж. «___» _________ 2013 ж. «___» _________ 2013 ж.

__М-1__әлеуметтік-гуманитарлық____ модульінің

шифр және атауы

«Құқық негіздері» пәні бойынша (міндетті компонент)

оқу бағдарламасы (силлабус)

Құрастырушылар: аға оқытушылар Тналиев М.М., Аймукашева Ш.С.

«Қазақстан тарихы және философия» кафедрасы

«Агрономия» факультеті 304, 320 - кабинеттер

Оқу бағдарламасы (силлабус) ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2005ж. бекітілген барлық мамандықтарға арналған «Құқық негіздері» пәнінің типтік оқу бағдарламасына негізделіп жасалынды

Кредит саны – 2

Дәріс – 10 сағат

Практикалық – 20 сағат

БАОӨЖ – 15 сағат

БАӨЖ – 45 сағат

Барлығы – 90 сағат

Бақылау түрі – емтихан

Кафедра отырысында талқыланды « » қаңтар 2013ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі _________ Есенгалиева В.А.

1. Пәннің сипаттамасы:

Құқық негіздері – мемлекет және құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері, мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар Қазақстандық құқтың жетекші салаларының енгізетін кешенді оқу пәні.

1.1. Пәннің пререквизиттері:

Аталған курсты оқығанға дейін оқушылар орта және жалпы білім беру мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет.

1.2. Пәнді оқудың мақсаты:

Жоғарғы білім оқу жоспарына енген әлеуметтік гуманитарлық циклдың негізгі пәндерінің бірі ретінде жоғары оқу орындарында оқылатын құқық негіздері курсының білікті мамандар даярлап, тәрбиелеудегі маңызы өте ерекше. Қазақстан Республикасында тұратын әр азаматы өз құқықтары мен міндеттерін білуі өте қажет. Сол себепті осы пәннің негізгі мақсаты студенттерді өз міндеттері және құқықтарымен таныстыру. Біздің ойымызша студенттерге білім берудегі басты мақсат ақиқатты оқыту емес, ақиқатты іздеп табу әдістеріне үйрету деген қағиданы ескеріп, құқық негіздерін қысқа тұжырымды практикалық күнделікті іске басшылық ретінде баяндадық.

1.3.Пәнді оқудағы міндеттер:

Қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктерге сүйеніп, студенттерді кейінгі кәсіби қызметіне қажетті білім, іскерлік, дағдылармен қаруландыру. Оқу уақытын жұмыс түрлері бойынша ұтымды бөлу, оқыту әдістерін-техникалық құралдарды, көрнекілік, т.б.құралдар пайдалану арқылы оқыту әдістемесін жетілдіріп, студенттерге оқу материалдарын терең меңгеру. Студенттердің уақытын ескере отырып, олардың өзіндік жеке оқу жұмыстарын жоспарлауды, ұйымдастыруды жақсарту. Оқу және зерттеу процесінің байланысын күшейту, студенттің шығармашылық қабілетін белсендіру. Теориялық білімдерді белсенді практикада пайдалануды жүйелеу. ҚР Конституциясын, Азаматтық, Қылмыстық, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстерді, Еңбек туралы заңын, Неке және отбасы туралы т.б. заңдарды басшылыққа алу.