Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус каз инж ж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
843.26 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

«Машина жасау» факультетінің 5B072900 – «Құрылыс»мамандығының

2 курс студенттеріне арналған М 14.1 Инженерлік жүйелері модульінің

«Инженерлік жүйелері -1» пәні бойынша

Оқу бағдарламасы ( силлабус)

Орал 2013ж

М 14.1 Инженерлік жүйелері модульінің

шифр және атауы

«Инженерлік жүйелері-1» пәні (міндетті бойынша компонент) бойынша оқу бағдарламасы (силлабус)

Құрастырушы: аға оқытушы Уразова С.С.

«Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасы

«Машина жасау» факультеті, 213- кабинет

Оқу бағдарламасы (силлабус) ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2008 ж. бекітілген 5В072900 «Құрылыс» мамандығына арналған

шифр – мамандық атауы

«Инженерлік жүйелері» пәнінің типтік оқу бағдарламасына негізделіп жасалынды

Кредит саны – 3

Дәріс – 15 сағат

Практикалық – 30 сағат

СОӨЖ – 25 сағат

СӨЖ – 65 сағат

Барлығы – 135 сағат

Бақылау түрі – емтихан

1.Пәннiң сипаттамасы

«Инженерлік жүйелері-1» 5В072900 - «Құрылыс» мамандығы бойынша базалық пәндер циклына енген. «Инженерлік жүйелер-1» пәні екі бөлімнен тұрады.

«Сумен жабдықтау және канализация» бөлімінде қалалар, тұрғын аудандар мен үйлердің сумен жабдықтау және канализация жүйелерінің құрылысы туралы мәселелер қаралған, табиғи және сарқынды суларды тазалау әдістері, су құбыр және канализация тораптарын есептеу негіздері келтірілген.

«Құрылыс жылу техникасы, жылу-газбен қамту және желдету» бөлімі үйлерде энергия сақтау, жылу қамтудың құрылымы, үйлерді желдету және ауаны жақсарту, негізгі есептеу әдістері мен жабдықтарды таңдау шарттары сұрақтарын қарастырған.

1.1Пәннің пререквизиттері. Математика-1;гидравлика; геодезия-1; құрылыс материалдары-1; физика-1;инженерлік графика-1; инженерлік механика- 1;компьютерлік графика-1.

1.2Пәнді оқытулы мақсаты

«Инженерлік жүйелері-пәнін оқытудың мақсаты келешек мамандардың сумен жабдықтау және суды әкету, газбен қамту, елді мекендерді жылумен қамту, желдету, ішкі су құбырының құрылысы, канализациясы құбыры, газ құбыры, тұрғын бұл үйлердің инженерлік жабдықтары туралы теориялық білім негіздерімен практикалық үйренуін, сонымен қатар арнайы ғылыми-техникалық әдебиеттерді қолдана алуын қамтамасыз ету.

1.3 Міндеттер: Студенттер бұл пәнді оқу барысында желі ұғымын, сумен жабдықтау құрылымын, азаматтық және өндірістік ғимараттар мен үймереттер канализацияларын, жылу және газдын негізгі гидравликалық есептеулерді меңгереді. II .Бөлім. Жылумен қамту жүйесі.

1.4 Пәннің қысқаша мазмұны: I. Бөлім. Кіріспе.

Сумен қамту және әкету жүйелерінің арналуы. Сумен қамту жүйесі.

Табиғи сулардын сапасыныңі негізгі көрсеткіші.

Тұтынушылардын әртүрлі категориясының судын сапасына қойылатын талаптар. Су тазарту құрылыстары. Өндірісті сумен қамту. Өндірістік су құбырларының сұлбалары. Өндірісті сумен қамту. Өндірістік су құбырларының сұлбалары. Жылу көздері. Қазандық қондырғыларының элементтері.

1.5 Оқыту нәтижелері: А- Азаматтық тұрғын үй және өнеркәсіп ғимараттарының жүйелері мен жабдықтарын негізгі гидравликалық есебің білу және түсіну керек. В -инженерлік жүйелерінің конструктивті элементтерін қолдану және керекті құрылымдарды тандау.

С- инженерлiк тораптар және жабдықтардың дамытуы және перспективалар туралы пiкiрлердi қалыптастыру.

Д- Арнайы кәсiби және ғылыми терминологияның игеру.

Е- Санитарлы - техникалық жүйелерi мен жабдықтардың есептеуі және жобалауы бойынша нормативтiк құжаттармен жұмыс істеу.

1.6 Пәннің постреквизиттері: Құрылыс өндірісінің технологиясы-1;құрылыс материалдары-2;құрылыс конструкциялары-1; су тасымалдау; инженерлік жүйелер-2;сорғышты және су алатын ғимараттар; сумен жабдықтау және канализация; жылумен жабдықтау - 1,2; газбен жабдықтау .