
- •II.Тарау
- •III.Тарау
- •I.Тарау «Аударма» - аударматанудың өзегі «Аударма» түсінігі
- •Аударма техникасы
- •Аударма түрлері
- •II.Тарау Аудармадағы балама туралы түсінік
- •Семантикалық балама
- •Аударма прагматикасы
- •III.Тарау
- •3.1 Аудармада кездесетін сәйкестіліктер туралы түсінік
- •3.2 Баламасыз тілдік бірліктер
- •3.3 Баламасыз тілдік бірліктерді аудару жолдары
Аударма түрлері
Аударма барысында мәтіннің аударылу өзгешеліктеріне байланысты аударма екі классификациялық түрге бөлінеді. Бірінші түрі түпнұсқаның жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерімен байланысты, екіншісі- психолингвистикалық ерекшеліктерімен сипатталатын аударма.
Аударманың жанрлық-стилистикалық түрі түпнұсқаның жанрлық стилистикалық түрлеріне байланысты екі түрге: көркем аударма (әдеби) және ақпараттық (арнайы) аударма болып бөлінеді.
Көркем аударма деп көркем әдебиетпен байланысты аударманы айтады. Көркем әдеби шығарма басқа шығармалардан өзгешеленеді, себебі шығарманың доминанты ретінде қарым-қатынас функциясы жатады, әсіресе функцияға эстетика және поэтика кіреді. Осы типке жататы шығармашылықтың мақсаты көркем образ құру, эстетикалық әсер беру. Сонымен көркем аударма- аударылатын тілде ауызша немесе жазбаша эстетикалық- көркем әсер беруі.
The mountain tops were hidden in a grey waste of sky…
Тау шыңы сұр бұлттың арасына батты.
«Батты» етістігі аспандағы бұлттарды сипаттап тұр. (waste of sky)
Көркем аудармада көркем әдеби жанрларына байланысты аударма бірнеше түрге жіктеледі. Оларға поэзия аудармасы, пьесса аудармасы, сатирикалық шығарма аудармасы, көркем проза аудармасы, көркем өлеңдер аудармасы және т.б.
Ақпараттық аударма дегеніміз ақпаратқа байланысты аударма, басты функциясының міндеті болатын немесе болған жаңалықтарды хабарлау. Бұл мәтіндерге барлық ғылыми, іскерлік, жалпылама –саяси және т.б. кіреді. Сондай-ақ аудармаға детективтік оқиғалар, саяхатты суреттеу, очерктер, тағы да басқа ақпараттық бірліктерден тұратын аудармалар кіреді. Көркем аударманы қажет ететін түпнұсқаның кейбір бөліктерінде ақпараттық мәтінде көркем аударманың құрамдас бөліктері болуы мүмкін.
Ақпараттық аударма аударылатын тілдің функциялық стиліне қарай ерекшеленеді. Осыған орай аударылатын мәтіндер бірнеше түрлерге бөлінеді: ғылыми- техникалық материалдар, арнайы және іскерлік құжаттар аудармасы, саяси – публицистік материалдарының аудармасы, пртенттік құжаттар аудармасы және т.б.
Аударманың психолингвистикалық классификациясы, түпнұсқаны қабылдау және оны аударуға негізделген. Сонымен бірге аударманы ауызша және жазбаша түрлерге бөледі.
Жазбаша аударма түпнұсқаны жазбаша түрде аудару. Аударманың бұл түрі аудармашыға түпнұсқаның мазмұнын қайта қарауға мүмкіндіктер береді.
Жазбаша аударманың классикалық түріне аудармашы жазбаша түпнұсқаны көзбен шолып, содан соң жазбаша түрде аударуын айтамыз.
Ауызша аударма- аударманың түпнұсқаны ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аударманың классикалық түріне аудармашы түпнұсқаны акустикалық түрде қабылдап, ауызша аударуын айтамыз. Ауызша аудармада аударма түпнұсқаны қабылдаумен параллель немесе түпнұсқаны қабылдағаннан кейін аударылуы мүмкін. Осыған орай, ауызша аударманың екі түрі бар: синхрондық аударма және ілеспелі аударма.
Синхрондық аударма дегеніміз – аудармашы түпнұсқаның сөзін тыңдай отырып, сонымен бірге аударылатын ауызша аударманың бір түрі синхрондық аударма техникалық базамен қамтамасыз етілген арнайы кабиналарда жүзеге асырылады. Мұнда оратордың сөзі аудармашыға наушниктер арқылы беріледі, аудармашы берілген ақпаратты микрофонға айтып аударады. Синхрондық аударма ауызша аударманың ең қиын түрі, себебі бұл аудармашыдан біруақытта түрлі сөйлесу қарым-қатынасты орындауды талап етіледі: бір тілден тыңдап, оратордың сөйлеу темпінен қалмай екінші тілде аударуды талап етіледі. Синхрондық аударма есте сақтау қабілетіне, мұқият назарды, түпнұсқаның келесі бөліктерін болжау, қате кеткен болжамдарын дұрыстау және тез арада шешім қабылдаумен тығыз байланысты.
Ілеспелі аударма – бұл оратордың сөзінен кейін аударылатын ауызша аударманың түрі. Аударылатын сөздің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: әдетте 20-30 минут немесе одан да көп. Бұл аударманың түрі аудармашыдан ұзақ уақытқа созылатын түпнұсқадан аса маңызды сегменттерін есте сақтауды талап етеді. Оратордың сөзінен кейін аудармашы есінде ұстаған ақпаратты аударуға кіріседі, егер түпнұсқада айтылатын сөздің көлемі жоғарыласа, онда аудармашы түпнұсқаның басты мазмұнын жазып алып, оны аудара бастайды.
Түпнұсқаны ауызша немесе жазбаша қабылдау және аударма мәтін жасау ауызша және жазбаша аудармаға сәйкес келеді, бірақ осы аударманың бірінде аударманың басқа да түрлерінің құралдары қолданылуы мүмкін. Жазбаша аудармашы түпнұсқаның мәтінін жазылған магниттік лентадан алуы мүмкін немесе өзінің аудармасын машинистке немесе диктофонға жеткізуі мүмкін. Қандай да болмасын аударма жазбаша түрде сақталады, себебі аударма фиксивтік формасында берілген, және аудармаға қайта қарастырулар мен толықтыруларды енгізуге мүмкіндік береді. Ауызша аудармашы түпнұсқаны ауызша қабылдап, керек жағдайда синхрондық немесе ілеспелі аудармада пайдалануы мүмкін. Жазбаша мәтінді ауызша аудару түрі «қағаз бетінен аудару» деп аталады. Мұнда аудармашы жазбаша түпнұсқаны оратордың қатысуынсыз ауызша аударады.
Ең бастысы, ауызша немесе жазбаша аудармада уақыт факторы басты роль ойнайды. Жазбаша аударма барысында қатаң уақытқа шектелмейді.
Аудармашы кез-келген сәтте аудармасын тоқтатып, аударылған бөлікке қайта оралуға, түпнұсқаның кез-келген бөлігін қайта ойлануға, сөздіктерді пайдалануға немесе кеңесшіден не болмаса мамандардан кеңес алуына болады. Мұндай жағдай аудармада кездесетін келеңсіздіктерді шешуге, сондай-ақ көркем немесе ақпараттық аударманы сәтті аударуға көмегін тигізеді. Жазбаша аударма жоғары дәрежелі баламалықты талап етеді. Ал ауызша аударма шектеулі уақытқа негізделеді. Аудармашы оратормен бірге немесе ол тоқтағаннан кейін аудармасын бастайды. Осыған байланысты аудармашыға ойлануға немесе сөздіктерді пайдалануға уақыт болмайды. Сонымен қатар ауызша аудармада аудармашы берілген ақпаратты нақты және түсінікті түрде аудару қажет. Аудармашы аударма барысында кейбір элементтерді түсіру, қысқа түрде беру тәсілдерін пайдалана алады. Сөйлеу мәтіні берілетін синхрондық аудармада аудармашы үлкен физикалық немесе психологиялық зардап шегуі мүмкін. Осыған орай синхрондық аудармашы өзінің жұмысын 20-30 минут аралығында орындай алады. Сондықтан да синхрондық аударманың әрбір кабинасында бірнеше аудармашылар кезегімен жұмыс атқарады.
Жазбаша мен ауызша аударманың тағы да бір өзгешеліктері осы аударманы аудару барысында аудармашы түпнұсқаның бірдей емес бөліктерімен жұмыс жасайды. Жазбаша аудармада аудармашы түпнұсқада берілген ойды ретімен аударады, бірақ аудармашының қолында түпнұсқаның толық мәтіні болады, және де әрбір айтылған ой берілген мәтіннің жеке бірлігі ретінде қатысады. Түпнұсқаның жеке бөлігін аудара отырып, өзіне қажетті ақпаратты келесі немесе өткен бөліктерінен ала алады, сондай-ақ логикалық ойдың дұрыстығын бақылайды. Ауызша аудармада аудармашы берілген оратордың сөзін кішігірім сегменттерін аударумен шектеледі, сондай-ақ түпнұсқаның басқа бөліктерін қарастыруға мүмкіндік берілмейді. Ілеспелі аудармада аудармашы айтылған бір немесе бірнеше ойды аудара алады. Синхрондық аудармада аудармашы шектелген уақыт аралығында түпнұсқаның әрбір бөлігін параллель түрде түпнұсқаның екінші бір бөлігіне сәйкес етіп аударады.
Сонымен қатар жазбаша мен ауызша аударма тіларалық қарым-қатынасты құрушылар бойынша ерекшеленеді. Жазбаша аудармада тәртіпке сәйкес аудару процесі «кабинеттік жағдайларда» іске асырылады және аудармашыда қарым-қатынасқа қатысушылардың тікелей немесе кері байланысы болмайды. Мұнда аудармашы түпнұсқаның авторы мен танысу және потенциалды Рецептордың аудармасын жасау аударма процесінен тыс болады. Аудармашының барлық назары аударылатын мәтінде болады, және кез-келген аудармашыға берілетін баға тіларалық қарым-қатынас процесі аяқталғаннан кейін беріледі.
Ауызша аудармада аудармашы қарым-қатынасқа түсушілер мен тілдік байланыспен жұмыс жасайды, мұнда жиі кері байланыстар болады.
Аудармашы ауызша айтылған ойдың дұрыс айтылуын, дұрыс темпін не манерін тәуелсіз қабылдап, тыңдарман мен сөйлеушінің арасында тура қарым-қатынасты орнатуы керек. Тағы бір аудармашыға айтылатын кеңес түпнұсқаны аудару барысында қарым-қатынас принципін анықтау, егер өткізіп алған ақпарат болса, оны толықтыру, әңгіменің мақсаты мен алдыңғы өткен келіссөздерді анықтау. Аудармашы мен оратордың арасында кері байланыстың сәті түссе, онда аудармашы оратордан түсінбеген терминнің мағынасын сұрап анықтауға болады. Ал егер тыңдармандар арасында кері байланыс туындаса, онда олардың көңіл –күйіне, аудармадағы тапқырлықтың, аудармашының сөйлеу типін өзгерту, кейде оратордың темпін өзгертуіне мүмкіндік туады. Ал егер аудармашы жеке қарым-қатынасқа түсушілердің арасындағы байланыста, олардың қимылына, сыртқы іс-әрекетіне назар аударады. Бұндай сәттерде аударма адаптивтік транскодтаудың көмегімен толықтырылмайды, бұл кезде қосымша толықтырулар енгізуде аудармашының үлесі зор.
Кез-келген тілдік қарым-қатынаста ақпараттың берілуі бір ғана бағытта өтіледі: Түпнұсқаның қайнар көзінен Рецептірге. Аудармашы түпнұсқадағы тілден аударылатын тілге аударады. Жазбаша аудармада тіларалық қарым-қатынас өз қалпында қалады, ал аудармашы белгілі бір тілден екінші тілге аударуға шықтанады. Ауызша аудармада екі жақты қарым-қатынастар бойынша әңгімеге ұласуы мүмкін, мұнда әрбір қарым-қатынас құрушы репликтермен алмастырылып отыруы мүмкін. Бұл кезде аудармашы «екі жақты аударманы» орындайды.
Теоретикалық тұрғыдан аударманың жеке түрлері арнайы аударма теориясымен байланысты. Аударманың тәжірибелік классификация жоспарында аудармашыларды аударманың арнайы түрлеріне мамандануына мүмкіндік береді.
Қазіргі кездің өзінде-ақ аударманың арнайы теориясы толық өңделмеген. Арнайы теориялар арасында аударманың жанрлық- стилистикалық түріне байланысты, зерттеудің көп бөлігін аударманың ғылыми-техникалық және газеттік ақпараттық түрлеріне назар аударады.
Аударманың арнайы теориясы аударманың психолингвистикалық классификациясының негізінде қалыптасты, мұнда ауызша аударманың түрлі аспектілері оқытылады, әсіресе синхрондық аударма. Синхрондық аударма негізінде аудармашыларға арнайы бағдарламалар мен дайындық курстары ашылған.
Ауызша аударманы оқытуда үш басты бағытқа негізделеді. Зерттеудің бірінші аспектісі аудармашының түпнұсқаның мазмұнындағы ақпаратты қабылдауын оқытып үйретеді. Ауызша аударма дегеніміз – ауызша айтылған оратордың сөзін, ойын ауызша аудару. Ауызша аудармада сөзді қабылдау қысқа уақытпен, біркелкілікпен ерекшеленеді.Аудармашының толық түсінуі ритмге, паузаға және сөйлеу темпіне байланысты.
Аудармашы мәтіннің мазмұнын қабылданған ақпараттың «Кванттардың» көмегімен алдын-ала болжауы қажет, бұл аудармашыға алдыңғы берілген ақпаратты есте сақтауға көмектеседі. Ауызша аударма теориясы психолингвистикалық ерекшеліктерді аудармада болжауды, әр түрлі тілдердегі минималды сөздердің тәуелділігін, сондай-ақ қабылдау кезіндегі ақпаратты жіберіп алу аспектілерін оқытып үйретеді.Сонымен қатар осы фактілерді болдырмау үшін пәнді жақсы меңгеру мен сөйлесу жағдайы, бұл өткізіп алған ақпараттың мазмұнын түсінуге мүмкіндіктер береді, оған: сөзге эмоциалды реңк беру, және т.б.
Оқытудың екінші аспектісі аударылатын тілдің айрықша түрін қарастырады. Ауызша аударма теориясы қарапайым аударылмайтын сөзден ерекшеленетін(өзгешеленетін) аудармашының ауызша аударылуын бейнелейді. Синхрондық аудармада сөйлеу процесі оратордың сөзімен бірдей аударылады. Лингвистикалық түсіндірмеде синхрондық аударманың басты аспектісі түпнұсқаның басталуы мен аударманың басталу уақытын анықтауға негізделген. Осындай интервалдың ұзақтығы екі түрлі факторға байланысты. Біріншіден, ол аударылатын тілдің құрамына байланысты және сөздегі сегменттің ұзақтығын анықтайды. Осындай сегмент көп тілдерде өзіне басты сөйлемнің SPO(субъект-предикат-объект) құрамын қосады және бірінші кезекте баяндауыш-етістік. Көп жағдайда аудармашы оратордың сөзінен етістікті күтеді. Екіншіден, интервалдың ұзақтығы аударылатын тілдің бірнеше өзгешеліктеріне байланысты, әдетте, олар айтылған сөздің бастапқы элементтері мен соңғы элементтерін анықтайды. Мысалы, сөйлемді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда «Советтік Союзбен достығымызды біз мақтан тұтамыз» Аудармашы аударуды бастау үшін оратордан бастауыш пен баяндауышты күтеді. We highly appreciate our friendship… Егер сол кезде неміс тіліне аударатын болса, онда аудармашы бірінші сөзден кейін аудармасын бастай алады: Die Frundshaft mit der Sowejetunion…
Ауызша аударма теориясы аудармашының басқа да қасиеттерін оқытып үйретеді. Оған жай артикуляция, хезитатциондық үзіліске байланысты, аудармада жаңылысу, бұл интервалдың ұлғаюына әкеліп соғады, сондай-ақ айтылатын сөзге қатысты үзіліс кіреді. Синхрондық аудармада аудармашы жоғары темппен сөйлейді. Ілеспелі аудармада сөйлеу темпі біртіндеп баяули бастайды, себебі аудармашы түпнұсқаның мазмұнын есіне түсіреді. Ауызша аудармада ең басты назар аудармашылардан нормативтік талаптарына аударылады. Мұндай талаптар синхрондық және ілеспелі аудармада аса қажет: нақты артикуляцияны қамтамасыз ету, ритмнің біркелкілігі, акцентті дұрыс қою, соңғы айтылған ойдың дұрыс әрі түсінікті берілуі.
Ауызша аударманың орталық аспектісіне аударманың ерекше түрі ретінде жазбаша аудармаға қарама-қарсы қою. Арнайы ауызша аударма теориясы сандық және сапалық ерекшеліктерді бөліп көрсетеді.
Синхрондық аудармада мәтіннің көлемі аударылатын бөліктің ұзақтығына байланысты. Синхрондық аудармада қысқа сөздердің аудармасы жазбаша аудармаға қарағанда көп болады. Ұзақ сөзді аудару барысында көлемі теңестіріледі. Абзацты немесе мәтіннің ірі бөліктерін аударғанда синхрондық аудармада өте қысқа түрде беріледі. Сондықтан да ауызша аударма теориясы ерекше назарды сөздік қысқартуға береді.
Бұл тәсілдерді пайдаланудың өзіндік себептері бар. Біріншіден, оратордың жылдам темпіне байланысты аудармашыға мәтіннің толық мазмұнын аудару қиынға түседі. Екіншіден, аудармашылардың барлығы оратор секілді сөйлей алмайды. Үшіншіден, жылдам аударылған мәтін көп жағдайда тиімсіз және айтушы мен тыңдаушылар арасында кері байланыс тудыруы мүмкін.
Сөйлемді қысқарту ауызша аудармада оңай шаруалардан емес. Мұнда тек қана кейбір бөліктерді тастап кету емес, сонымен қатар аударылатын ақпараттың маңызды элементтерін сақтай отырып, қысқа түрде жеткізу.
Кейде айтылған ойда бірін-бірі толықтырып тұратын элементтер кездеседі, осы элементтерді мәтіннің мағынасын сақтай отырып түсінуге болады. Мысалы аудармашы мына сұрақты толықтай аударды дейік: Бұл жоспар қай кезде жүзеге асырылады? Ол мынадай жауап қайтаруы керек: Бұл жоспардың жүзеге асырылуы 1990 жылдан басталады, мұнда аудармашы қысқаша «тоқсаныншы» деп аударуына болады.
Аудармада ақпаратты қысқарту уақыттық өрісті сипаттайды. Ол оратордың сөйлеу темпі мен түпнұсқа тілімен аударылатын тілдің сәйкестіліктеріне тәуелді. Ауызша аударма теориясы сөзді қысқарту арқылы екі тілдің құрамын, және семантикалық қайта құрылуын сипаттайды. Ең тиімді сөздің қысқартуларға сөйлемнің ең қысқа сөзбен айтылатын синонимдік алмастырулар, мұнда әсіресе мекемелер немесе кәсіпорындардың толық атаулары, аббревиатурамен немесе қысқаша айтылады. (The United Nations-БҰҰ), зат есімнің қатысуымен жасалған етістік (to render assistance –көмектесу) сөз тіркесінде қосымша элементтерді түсіру (the policy pursued by the United States – АҚШ саясаты) және т.б. Оратордың жылдам темпімен айтылған мәтін аудармашы түрлі қысқарту тәсілдерін қолдана оырып мәтінді жазбаша аудармаға қарағанда 25-30% дейін қысқарта алады.
Ауызша аударманың басты бөлігі – аудармада баламалықты оқытып-үйрету. Ауызша аудармада жазбашамен салыстырғанда кейбір ақпаратты өткізіп алуымен ерекшеленеді. Аудармашы мәтіндегі ақпараттардың орнына басқа ақпаратпен алмастырып, түпнұсқаның мазмұнын өзгертуі мүмкін. Осыған орай тастап кетуге мыналар жатады: 1) эпитеттегі мағынасыз сөздерді тастап кету; 2) мәтіндегі басты және үлкен бірліктерді тастап кету, бұл аудармашының мәтіннің бөлігін түсінбеуінен туындайды; 3) аудармада мәтінді қайтакезіндегі тастап кету; 4) оратордың сөзінен қалып қою кезіндегі тастап кетулер.
Сонымен қатар аудармада қате мынадай түрлерге бөлінеді: жеке сөзді аударудағы үлкен қателік; сөйлемнің құрамын өзгерту барысындағы қателік және сөйлемнің құрамын өзгертудегі үлкен қате және т.б.
Айтылған аударманың 2 түрлі классификациясы бір-біріне мүлдем сәйкес келмейді. Теоретикалық жағынан мәтіннің қандай да түрі болмасын ауызша немесе жазбаша аударыла алады. Практикалық жағынан мәтіннің кейбір аударылмайтын бөліктеріне байланысты ауызша аудармада шектеулілік ұғымына түсінік береді. Көркем әдебиет шығармалары ауызша аударылмайды, бірақ осы шығармаларда жеке цитаталар ауызша аудармада синхронды немесе ілеспелі түрде аударыла алады. Ауызша аудармада көркем-эстетикалық әсер беру аса қиын міндет болып табылады.