Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АУДАРМА КУРСТЫК ЖУМЫС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
364.54 Кб
Скачать

Кіріспе

I.Тарау

1.1 Аударма – аударматанудың өзегі…………………………………………4

1.2 Аудама – тілдік және мәдениетаралық қарым – қатынас құралы………5

1.3 Аударма түрлері……………………………………………………………9

1.4 Аударма техникасы………………………………………………………19

II.Тарау

2.1 Аудармадағы балама туралы түсінік……………………………………28

2.2 Балама түрлері……………………………………………………………28

2.3 Семантикалық балама…………………………………………………….33

2.4 Аударма прогматикасы…………………………………………………..46

III.Тарау

3.1 Аудармада кездесетін сәйкестіктер туралы түсінік………………………60

3.2. Баламасыз тілдік бірліктер…………………………………………………60

3.3 Баламасыз грамматикалық бірліктер……………………………………….69

3.4. Баламасыз тілдік бірліктерді аудару жолдары……………………………69

Қорытынды…………………………………………………………………….73

Әдебиеттер……………………………………………………………………..77

I.Тарау «Аударма» - аударматанудың өзегі «Аударма» түсінігі

Аударма ұғымы аударматанудың өзекті мәселелерінің бірі.

Аударма ұғымын әр түрлі жолмен, соның ішіне тереңірек үңіліп талдау жасай оырып анықтауға болады.

О.С. Ахметованың лингвистикалық – терминдер сөздігінде аударма ұғымына мынадай анықтама берілген: 1.Екі немесе бірнеше тілдерді, ондағы бірліктердің семантикалық сәйкестігін іздестіре отырып салыстыру. 2.Тілдік құралдардың көмегімен бір тілдің шығармасындағы хабарды немесе ақпараттарды жеткізу.3.Өзге тілден айтылған ақпаратты жеткізудің түрлі жолдарын қарастыру ғана емес, сондай-ақ жаңа мәтіннің бастапқы мәтінге формасы жағынан да толық сәйкес келуін зерттеу, бұл әсіресе көркем әдеби мәтіндермен жұмыс жасағанда аса қажет». Осы айтылған түсініктерге байланысты аударматануда екінші анықтама аса жақын.Үшінші түсініктеме көп жағдайда көркем аудармаларда қолданылады.

Сонымен аударма ұғымына мынадай анықтама беруге болады: аударылатын мәтіннің өзге тілде сол тілдің көмегімен бастапқы мәтінге сәйкес мәтіндердің құрылуы.Бұл мәтін бастапқы мәтінмен мазмұны, құрылымы жағынан толық сәйкес келуі қажет.

Аударма дегеніміз полилингвистикалық тұрғыдан түсіндірілетін, нәтижесінде мәтін құралып, аударылатын тілде мәтіннің түпнұсқасын құрайтын вербальды түрі.

Осыған байланысты ауызша-жазбаша өтілетін іс-әрекет пен нәтижені байқауымызға болады. Аударма дегеніміз зерттеулер нәтижесінде 2 жақты іс-әрекетті қамтиды және өзіне мынадай міндеттерді жүктейді «аударма процессі», «мәтіндік аударма».

Егер сөз билингвистикалық немесе полилингвистикалық вербальдық болса, бір тілден екінші тілдегі даму кезеңдері әр түрлі болса, бұл аударманың адресанты ретінде түсіндіріледі. Нақтырақ айтсақ, бұндай аударма бір тілден екінші тілге аударылатын аударма деп аталады.

Аударма – тілдік және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы

Жоғарыда айтылған мысалдарға жүгіне отырып, аударманы өзіміз көз алдымызға айтылатын ойдың берілуі ретінде елестетуге болады, бір тілден айтылып, екінші тілге жеткізу.[Нелюбин 1983, 145 бет.] Бұл дегеніміз- аударма процесін тілдік қарым-қатынас құралы ретінде қарастыруға болады, яғни ақпаратты жіберушіден қабылдаушыға жеткізу.

Аударма процесі ең бірінші нормативтік компоненттері арқылы анықталады. Осы айтылған мағынада аударма ақпараттарының терминдер теориясымен қарастырылған, өйткені бұл ақпаратты беруден бірден-бір жолы олып табылады.Осыған орай, аудармаға басқа да ақпараттарды ауыстыру түрлері бойынша ғылыми негіздерге бағытталуы мүмкін.

Ақпаратты беру процесінде басты элементтері болып ақпаратты беруші бұл ақпаратты құрушы және жіберуші, коммуникаия каналы, т.с.с. орта ақпаратты берудің орындалуы, және де басты коммуникация актісін құрайтын бұл-код, код қарым- қатынаста қолданылады. Код дегеніміз- бірнеше белгілер жүйесі мен шарттардан және олардың ауыстыру мақсатымен байланыс каналдары арқылы ақпаратты беру. Кодтың көптеген түрлері бар, қарапайымнан бастап күрделіге дейін.

Кодтар өз алдына әр түрлі іс-әрекеттерді білдіреді. Мысалы, организмнің гентикалық коды өз алдына мұрагерлік комбинацияларды аминқышқылдары мен протеиндерді қарастырады. Ақпараттарды алмастыру бойынша кодтар ретінде табиғи және жасанды тілдер пайдалану жол белгілерінің жүйесі, дәстүр,этикет және т.б болып табылады.

Ақпараттық теорияда айтылғандай, барлық ақпараттық алмасу түрлерінде қолданыла береді, соның ішінде вербальдық ақпараттық алмасулар. Осыны қарастырып көрейік.

Сонымен, ақпаратты жіберетін адам бар делік. Сондай-ақ ақпарат қабылдаушы да бар. Осының ішінде байланыс каналы ретінде әтүрлі лингвистикалық бірліктер қарастырылады (әріптер, дыбыстар, буын, морфема, сөздер, сөз формасы және т.б). Бұлар ақпаратты беруге қатысады (жазбаша және ауызша).

Вербальдық ақпараттардың алмасу кодына тіл қатысады. Бұл кодта арнаулы шектеулі үйлесімділік беріледі, сондай-ақ басқа тілдік бірліктердің пайда болуы, осының бәрі нақты айтылатын мәтінде айтылады.

Бұл (аударма) ұғымда аударма сферасында-«сөздің үстемдігі».Аудармашы, лингвистке қарағанда, тек қана тілмен жұмыс істемейді, сондай-ақ мәтінмен де жұмыс жасайды.

Ақпаратты жіберуші және қабылдаушының бірдей каналға біріккенімен, бірдей не әртүрлі каналдарға байланысты, бір тілдік не екі тілдік коммуникация жайлы айтуға болады.

Лингвистикада «аударма» ұғымы және аударма ғылымы ақпараттық теориядан өзгешеліктері бар, олар сөздік хабар беруден тұрады. Бұл айтылғанның барлығы ақпараттар алмасуының берілуі, сақталуы және қайта өңдеуінде қолданылады.

Осы тәсілдермен, жалпы вербальды коммуникацияның құрылысы мынадай жолмен жасалынады:ақпарат жіберуші, яғни белгілі кодпен; коммуникация каналы(ақпаратты жіберуге арналған), жабаша немесе ауызша түрде ақпаратты (құру) алушы мәлімет немесе реципиент.Бір тілдегі қарым-қатынас нұсқасы осындай сипатта болады.

Екі тілдік қарым-қатынаста бұл схема аздап өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жіберуші мәлімет аударматану терминінде түпнұсқа деп аталады, түпнұсқа мағынасын жеткізуде канал байланыстары арқылы басқа каналға алмастырылады, бұл яғни хабар алушы немесе реципиент осының арқасында аударма жүзеге асырылады.

Егер осы жоғарыда айтылған айырмашылық коммуникация процесінің бір тілдік теорияда ақпаат жіберуін және ақпарат теориясын терминологиялық характерге ие болса, онда 2 тілдік қарым-қатынастарды 1 тілдік қарым-қатынас айырмашылығы ақпарат жіберуімен және реципиентін мәліметін декотивті-кодифтік мәлім қайта құруында. Яғни аудармашы қосымша элементті құрушы ретінде қатыса отырып тағы да бір байланыс каналын құрайды. Байланысты құрушы кез-келген уақытта 2-тілдік коммуникация кодымен жұмыс жасауы мүмкін. Бұл жұмыспен аудармашы немесе арнайы автоматтық компьютерлік программалар жүзеге асыруы мүмкін, яғни осы әдіске сүйене отырып, коммуникацияның принциптік әсері болуы мүмкін, яғни ол байланыстың жалпы схемасын қиындатуымен түсіндіріледі. Расында да, ақпаратты алушы арасында, тікелей кодты құрушы аудармашы қалыптасады.

Егер аударманы жалпы адам жүзеге асырса, бұл аударма «табиғи аударма» деп аталады, егер машина болса- «машиналық» немесе компьютерлік аударма деп аталады.

Ақпаратты жіберуші бірінші кезекте тек қана бір тілде немесе кодпен жіберіледі. Ақпаратты жіберушінің басты міндеті бұл- ақпаратты алушыға немесе тыңдаушыға әсер беру, бұл ақпаратты алушыдан нақты түсінімділікті талап етеді. Әдетте ақпарат немесе мәлімет таныс емес шет тілінен беріліп, қабылдаушыға үлкен қиындықтар туғызуы мүмкін. Осы себептен коммуникация жүруінің мақсаты ретінде бұл қиындықты болдырмау үшін кодты қайта құру әдісі қолданылады, басты мақсаты бір тілдік бірліктің кодына алмастыру. Осы әдіспен аудармашы- қайта құрушы бір жағынан ақпаратты бір кодтан алып, оны өңдей отырып басқа кодтың көмегімен алынған мәліметті жеткізеді Аударматануда бастапқы код аударылатын тіл деп аталады да, ал түпнұсқаның мағынасын беретін тіл аударылған тіл деп аталады.

Шынында да, аудармашы өзінің міндеті бойынша бір жағынан ақпаратты алушы ретінде қатысса, екінші жағынан ақпаратты жіберуші ретінде қатысады. Бірінші жіберуші бір тілдің көмегімен ақпаратты жібереді. Аудармашы мәліметті алмастыра отырып қабылдайды.

Содан кейін масканы ауыстырушы секілді, ақпаратты алушыдан жіберушіге айналады.Ақпаратты қабылдай отырып аудармашы басқа тілдің көмегімен аналогиялық ақпаратқа алмастырады, және осы тілде реципиент барлық түсінген мәліметті акті ретінде көрсетеді.

Осы айтылған ұзақ жолдардан өте отырып, бастапқы берілген мәтін өз жетістіктеріне жетеді.

Аударма формасы бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: ауызша, жазбаша немесе ауызша-жазбаша, бұл аударма әсіресе «байланыс каналына» сәйкес келеді-бұл орталық ақпаратты алмастырумен жүзеге асырылады. Аударма орталығы арнайы графикалық әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін(әріптер, диакритикалық пунктуациялық белгілер және т.б.), бұл аударманың сыртқы, материалды мәтіннің жасалуы ретінде қолданылады. Физикалық дыбыстардан дыбысталу ырғағы, бір тілден немесе екінші тілдегі дыбыстар арқылы беріліп, содан сөз, сөйлем немесе мәтіннің құрылуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]