Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз ОМ каз ПРАКТИКА 2012-13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
807.16 Кб
Скачать

«Жалпы этиология мен патогенез. Төмен барометрлік қысымның организмге әсері»

Сабақ мақсаты:

  • Ситуациялық есептерді шешкенде клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

  • Теориялық материалдан алған білімдерін есептерді шығарғанда қолдана білу

Сабақ жүргізу әдістері:

Кейс - стади

1 тапсырма. Кейс-стади

1 Есеп

Бір топ туристер қатты нөсердің астында қалып қойды. Бір күннен кейін біреуі пневмония ауруына ұшырады. Аурудың себебі не?

2 Есеп

14 жасар бала туберкулезді гонитпен (тізе буынының қабынуы) клиникаға түсті. Ауырғанына екі жыл болған.Аурудың басталуы абайсызда құлағанда тізе буынының жарақаттануына байланысты. Жиі суықтап ауырған. Баланың тәбеті төмен.

Аурудың себебін атаңыз.

Аурудың дамуына қандай жағдайлар себеп болды?

3 Есеп

Тамақта витамин «С»-нің жеткіліксіздігі аурудың себебі не, әлде жағдайы ма?

Жауапты негіздеңіз.

4 Есеп

Организамге тағамның аз түсуі аурудың себебі ме, әлде жағдайы ма? Жауапты негіздеңіз.

5 Есеп

Биіктік ауруын алдын-алу үшін қышқыл тағамдар мен лимон қышқылын қабылдау керек.Оларды қолданудың патогенездік негізі қандай?

6 Есеп.

Егеуқұйрықты барокамераға үш минут бойы отырғызып, барометрлік қысым 180 мм. с.б. деңгейіне дейін ауа сорылды. Төмен барометрлік жағдайда болғаннан кейін жануарда 4 минуттан соң тырыспа-селкілдек пайда болды. 5 минуттан соң ақтық тыныс (сирек дем алу) пайда болып, бір бүйіріне қисайып жатты. Кейін тыныс алуы мүлдем тоқтайды. Төменгі барометрлік жағдайда (барометрлік қысым 180 мм. с.б.) өмір сүру ұзақтығы 6минутты құрады.

  1. Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне ұшырады?

  2. Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?

  3. Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге болады?

  4. Аталған гипоксияда жануарда ҚСҮ мен қанның газдық құрамы қалай өзгереді?

7.Есеп

10 000 метр биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше секөнттің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, ұшақ сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.

  1. Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қауіп төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?

  2. Бұл дерттік үрдістердің туындау себептері мен даму жолдары қандай?

  3. Аталған дерттік үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?

8 Есеп

38 жастағы жұмысшы Т.,кессоннан шыққаннан соң апатты түрде теріде қышу сезімі және тізе бұлшықеті мен тізе буындарында сыздап ауыруы сезімі пайда болды. Ентікті ,жүрегі жай соқты, жоғарылады, соқырлық пайда болды.

Сұрақтар:

  1. Жұмысшыда аурудың қандай симптомдары пайда болды?

  2. Осы бұзылыстардың механизімі қандай?

  3. Науқасқа қандай медициналық көмек көрсету керек?

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 22-31, 75-80

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 73-87

  3. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 12-17.

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 19-21, 23-25

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30 -38.

  6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б.24-57

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-22

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 33-37.

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 8-14

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 37-45.

  5. Давыдовский И.В. Проблемы причинности в медицине (этиология). М.: Медгиз. - 1962. -176 с.

  6. Царегородцев Г.И., Ерохин В.Г. Диалектический материализм и теоретические основы медицины. М.: Медицина, 1986, С.226 - 233.

  7. Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. Общая патология человека. М.: Медицина, 1995. - С.49 - 90.

  8. Нурмухамбетов А.Н. Спорные вопросы этиологии (лекция) // Вестник КазГМУ, 1999. - № 5,.с.114 - 117.

Бақылау

  • Есептер бойынша қорытынды

3 тақырып: «ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІ МЕН ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ»

Сабақтың мақсаты:

  • Ауру туындауы мен дамуындағы организм реактивтілігінің, төзімділігі мен тұқым қуалаушылықтың маңызы бойынша білімін қалыптастыру

  • Тәжірибе нәтижелерін талқылағанда теориялық білімін қолдану дағдысын қалыптастыру

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігінің дерттанудағы маңызы туралы білімін қалыптастыру

  • Теориялық материалды талқылағанда 3 тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізуде коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру

  • Тәжірибе нәтижелерін сараптағанда теориялық білімді қолдануды үйрену

  • Тәжірибедегі организм реактивтілігіне қарай тітіркендіргішке организмнің жауап қайтару түрлерін бағалау

Тақырыптың негізгі сұрақтар:

  1. Организм реактивтілігі мен төзімділігі туралы түсінік. Қоздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері

  2. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Реактивтілікті анықтайтын жайттар (тұқым қуалаушылық, дене бітімі, жас мөлшері, жыныс, жүйке, ішікі сөлденіс, иммундық т.б. жүйелердің ерекшелігі).

  3. Тұқым қуалайтын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқым қуалайтын аурулардың жіктелуі.

  4. Тұқым қуалайтын аурулар туындауының жалпы механизмдері. Бидл-Татума және Жакоба-Мано-Львов тұқым қуалайтын аурулар патогенезінің теориялары.

  5. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеу ұстанымдары.

  6. Организм конституциясы туралы түсінік. Сиго, Кречмер Э., Павлов И.П., Черноруцкий А.А. бойынша конституцияның жіктелуі. Организм конституциясының реактивтіліктегі маңызы. Диатездер туралы түсінік. Диатездер түрлері және олардың сипаттамасы.

  7. Реактивтіліктегі адам жасының маңызы. Балалар мен қарттардың реактивтілігінің ерекшеліктері.

  8. Реактивтіліктегі адам жынысының маңызы. Ерлер мен әйелдер организмі реактивтілігінің ерекшеліктері.

  9. Организм реактивтілігін бағдарлы түрде өзгерту аурулардың алдын алу мен емдеудің маңызды жолы.

Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Оқытушы мен студент арасында сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, дискуссия, бейнефильм көру, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.

Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, тәжірибе хаттамаларының дұрыс толтырылуын және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының дұрыстығын тексеру.