Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз ОМ каз ПРАКТИКА 2012-13.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
807.16 Кб
Скачать

Аллергия

Сабақтың мақсаты:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

  • Иммундық дерттік үрдістер бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын жетілдіру

  • Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру

Сабақ жүргізу тәсілдері:

Аз топта жұмыс жасау: кейс-стади

ТАПСЫРМАЛАР

Кейс-стади

1 есеп. Балтырында жайылған іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин кейін науқаста мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозу, басының қатты ауырғаны, терісінің қышынуы, бетінің қызаруы, тершеңдік байқалды; АҚ — 180/90 мм сын.бағ., тамыр соғысы 120 рет. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберді және төсекке жатуды ұсынды. 20 минуттан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен күшеюші тұншығу сезімі, есінің жоғалуы, тырыспа-селкілдек байқалды, АҚ — 75/55 мм сын.бағ. бірден төмендеді. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

1. Науқасқа антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай дамыды?

2. Осы дерттік жағдайдың даму тетігі қандай?

3. Науқасты осы жағдайдан шығаруда шұғыл медициналық көмектің шаралары қандай?

2 есеп. 7 жасар балада манго сусынын ішкеннен кейін 40 мин соң тез арада жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әпкесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды.

1. Науқаста қабынулық ісіну даму мүмкін ба?

2. Егер жоқ болса, онда ісіну дамуы неге байланысты және қалай аталады?

3.Осы дерттік түрдің патогенезі қандай?

4. Бұл ісінуді өмірге қауіпті ісіну түріне жатқызуға бола ма?

3 есеп.

Шөп шабу кезінде бригаданың бір мүшесінде келесі белгілер пайда болды: қышыну, қызару, қабағының ісінуі; «көзіне құм түсу» сезімі; жарықтан қорқу, жас ағу; қатты таңдайдың, жұтқыншақтың, мұрынның шырышты қабатының қышуы; мұрынның бітелуі, тоқтамайтын түшкіру ұстамасы; мұрынмен демалудың оның кейде мүлде болмауына дейін бұзылуы; қақырықты мол шығарумен қабаттасқан жөтел; тұншығу ұстамалары байқалды. Бұл құбылыстар шаршағыштықпен, тәбеттің төмендеуімен, ашуланшақтықпен, ұйқының бұзылуымен қабаттасты. Дене қызымы – 38-39оС.

Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің дамуында жоғары сезімталдықтың қай түрі жатыр? Байқалған бұзылыстардың дамуы тетіктері қандай?

IgE мен IgG4 иммуноглобулиндердің басқа класстарынан ерекшеленетін қандай қасиеттері бар?

Атопиямен ауырған науқастардың қан сары суында IgE-нің көбеймеуі мүмкін?

4 есеп. 28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.

Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады? Дене қызымы көтерілу патогенезін түсіндіріңіз. Осы аллергиялық серпілістің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз

5 есеп. Бел омыртқаның остеохондрозын қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емдеу нәтижесінде науқаста дәрінің салдарынан лейкопения дамыды.

Бұл құбылыстың дамуына аллергиялық серпілістердің қай түрі себеп болды? Лейкоциттер ыдырауының патогенезін түсіндіріңіз. Патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз

6 есеп. Оң көзінің ене дамыған жарақатынан соң науқастың басқа көзінде ауыру сезімі және басының сол бөлігінде ұдайы ауыру сезімі пайда болды. Сол жақ көзінің көруі үдемелі түрде төмендеді. Қарап тексергенде көз қарашығы тарылған, көз ағы тамырларының гиперемиясы анықталды. Көзін басып сипағанда ауыру сезімі үдеді. Көз әйнегінің (хрусталик) тұмандануы тіркелді.

Дерттің қай түрі дамыды? Жарақаттанбаған көздің зақымдану тетіктері қандай?

7 есеп. Қалқанша безінің екі аутоиммундық ауруының (Хасимото аутоиммундық тиреоидиті мен тиреотоксикоз, Грейвс ауруы) даму негізінде тиреоглобулин мен қалқанша безі эпителийі құрамына (ТТГ рецепторы) антидене түзілуі жатыр, оның біреуінде қалқанша безі қызметі төмендеуі, ал екіншісінде оның қызметінің жоғарылауы неліктен?

8 есеп. Миокардтың жайылмалы инфарктымен ауруханада болған науқаста 6-аптада емдеудің жақсы нәтижелері болса да жүрек аймағында тұйық ауыру сезімі және перикардтың үйкеліс шуы пайда болып, дене қызымы 39 градусқа дейін көтерілді. Қанын тексергенде эозинофилді лейкоцитоз, антикардиалды антидене титрі артты. Дәрігер «инфарктан кейінгі синдром» (Дреслер синдромы диагнозын қойды.

Сұрақтар:

  1. Дресслер синдромы иммундық табиғатты екендігі белгілі, соған байланысты оны дамытқан Аг-нің пайда болуы мен сипатын көрсетіңіз.

  2. Науқастың қанында антикардиалды антидене анықталуына байланысты дамыған серпілістер қай түрге жатады?

  3. Антикардиалды антидене Ig-нің қай түріне жатады?

9 есеп. Сіреспеге қарсы сары суды енгізгеннен 7 күннен соң науқаста дене қызымы 39 оС-қа көтеріліп, қышитын бөртпе пайда болды. Буындардың зақымданғаны (артралгия, қозғалуының шектелуі) байқалды. Аурудың 2-аптасында лимфа түйіндері және көкбауыры ұлғайды. Науқас әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, жүрек аймағындағы ауыру сезіміне шағымданды.

Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің дамуында жоғары сезімталдықтың қай түрі жатыр? Байқалған бұзылыстардың дамуы тетіктері қандай? Патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз

10 есеп. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.

Сұрақтар:

1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?

2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?

11 есеп. Туберкулиндік сынау (Манту реакциясы) баяу дамитын жоғары сезімталдыққа жатады. Туберкулинді енгізгеннен 6-12 минуттан соң енгізген жерде реакцияның алғашқы белгілері пайда болып, 24-48 сағаттан соң айқын дәрежесіне жетті.

Оң туберкулиндік сынау нені мәлімдейді?

Қабынулық инфильтраттың жасушалық құрамы қандай және оның түзілу тетіктері қандай?

12 есеп. Науқас Ш., 38 жаста, аллерголог-дәрігерге суық ауа райына бетінде қызыл қышитын дақтардың пайда болуына шағымданып келді. Сонымен бірге, суық суға жуынғанда су тиген жерде терісінің ісінуі және қышитындығын байқаған. Иық терісіне мұзды қою арқылы суықтық сынау жасағанда гиперемия, көпіршік пайда болды.

Суыққа осындай реакция пайда болуыының мүмкіндік тетіктерін түсіндіріңіз.

13 есеп. Төмендегілер аллергиялық серпілістің қай түрін дамытады?

  1. Үй шаңы, қайызғақ, жануарлар жүні

  2. Трансплантант жасушасы

  3. Бөгде нәруыз

  4. Өсімдіктер тозаңы

  5. Вирус енгізілген жасуша

  6. Бактериялар, саңырауқұлақтар

  7. Сарысулар

  8. Резусы және тобы сәйкес емес эритроциттер

Көрсетілетін материал: ситуациялық есептер.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 293-311.

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 210-221.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.362-403

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. – С. 224-237.

  5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 47-54.

  6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 111-135

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 92-101.Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, 164-181.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 557-577

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 127-164.

  4. Pathologic basis of disease. Environmental and nutritional pathology. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223.

Бақылау: ситуациялық есептер бойынша қорытындыны тексеру

17 тақырып. ӨСПЕ ӨСУІ

Сабақ мақсаты:

  • Өспе өсу этиологиясы мен патогенезі бойынша білім қалыптастыру

  • 3 тілдегі глоссарийді қолдану дағдысын қалыптастыру

  • Кестелерді толтырғанда теориялық білімін қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

  • Өспелердің себебі, даму тетіктері және биологиялық ерекшеліктері бойынша бідімін қалыптастыру

  • Теориялық материалды талқылағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрету

  • Кестелерді толтырғанда теориялық білімін қолдануды үйрету

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын жетілдіру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Өспе туралы түсінік, анықтамасы. Қатерсіз және қатерлі өспелер, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

2. Өспелер этиологиясы. Өспелердің пайда болуында химиялық, физикалық, биологиялық канцерогендердің маңызы.

3. Өспелердің пайда болуында жүйкелік, эндокриндік, иммундық жүйелердің маңызы.

4. Өспелердің пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы.

5. Өспе өсуінің патогенезі.

6. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері.

7. Өспе өсуіне қарсы төзімділік туралы түсінік, оның тетіктері,

8. Өспенің организмге әсері, өспе алддылық үрдістер.

9. Өспелердің алдын алу және емдеудің ұстанымдары.

Оқыту әдістері: сабақтың негізгі сұрақтары бойынша оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірталас, бейнефильм көру, кестелерді толтыру.

Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, кестелердің толтырылуын тексеру, тестілеу.