Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз ОМ каз ПРАКТИКА 2012-13.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
807.16 Кб
Скачать

Глоссарий

Лихорадка (febris, pyrexia) – повышение температуры тела в результате изменения деятельности центра терморегуляции под действием пирогенных веществ

Fever means a body temperature above the usual range of normal due to changes in the activity of the thermoregulatory center caused by pyrogens.

Қызба (febris, pyrexia) – пирогенді заттардың әсерінен жылу реттеу орталығы қызметі өзгерістерінен дамитын дене қызымының жоғарылауы

Экзопирогены –продукты жизнедеятельности микробов, вирусов, по химической природе –липополисахариды, термостабильны

Exogenous Pyrogens are secreted by bacteria, viruses, are breakdown products of bacteria, they are lipopolysaccharides and so they are thermostable

Экзопирогендер – микробтар мен вирустардың тіршілік өнімдері, химиялық табиғаты бойынша – липополиқанттар, жылуға төзімді.

Первичные пирогены - экзогенные пирогенны и продукты первичной и вторичной альтерации тканей

Рrimary pyrogens are exogenous pyrogens and the products of tissue alteration.

Алғашқы пирогендер – экзогенді пирогендер және алғашқы және салдарлық альтерация өнімдері

Вторичные эндогенные пирогены: интерлейкины (ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-8), ФНО (фактор некроза опухолей) синтезируются моноцитами, макрофагами, гарнулоцитами, лимфоцитами при их активации

Екіншілік эндогенді пирогендер - интерлейкиндер (ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-8), ӨТЖЖ (өспе тіршілігін жоятын жайт) моноцит, макрофаг, гарнулоциттер, лимфоциттер әсерленгенде бөлінеді.

Secondary endogenous pyrogens: interleukins (IL-1, IL-6, IL-8), TNF (tumor necrosis factor) are synthesized by monocytes, macrophages, granulocytes, lymphocytes at their activation.

Стадии лихорадки

Қызбаның сатылары

  1. Стадия подъема температуры (Stadium Incrementi)

Температураның көтерілу сатысы

The stage of temperature elevation

  1. Стадия стояния температуры на высоком уровне (Stadium Fastigii)

Температураның тұрақтану сатысы

The stage of high constant temperature

  1. Стадия снижения температуры (Sadium Decrementi)

Температураның түсу сатысы

The stage of temperature decreasing

Виды лихорадки по степени повышения температуры

Температураның жоғарылау дәрежесіне қарай қызбаның түрлері

Субфебрильная, шамалы subfebrile 37,1 – 37,9 оС

умеренная орташа moderate 38,0 - 39,0 оС

высокая қатты high 39,0- 40,9 оС

гиперпиретическая асқын hyperpyretic 41,0 оС и выше

Виды лихорадки в зависимости от колебаний суточной t0 тела

Дене қызымының тәуліктік өзгерісіне қарай қызбаның түрлері

Постоянная – f. Continua: суточные колебания температуры не превышают 1 оС (брюшной и сыпной тиф, крупозная пневмония)

Тұрақты қызба – температураның тәуліктік өзгерісі 1 оС-тан аспайды (іш сүзегі, бөртпе сүзек, крупозды пневмония)

Сontinued fever: fluctuations of temperature are lower than 1 оС (Typhus, pneumonia)

Послабляющая –f.remittens: Суточные колебания температуры 1-2 оС (вирусные и бактериальные инфекции, экссудативный плеврит)

Босаңситын қызба- температураның тәуліктік өзгерісі 1-2 оС (вирустық, бактериялық жұқпа, экссудативті плеврит)

Remittent fever: fluctuations of temperature are 1-2 оС (viral and bacterial infections, exudative pleuritis)

Перемежающая – f.intermittens: большие колебания температуры с падением ее по утрам до нормы (гнойная инфекция, туберкулез, малярия)

Ұстамалы қызба – дене қызымы бірнеше сағаттың ішінде ертеңгілік тез түсуі мүмкін (іріңді жұқпа, туберкулез, малярия)

Intermittent fever: significant temperature fluctuations with morning normalization (purulent infections, tuberculosis, malaria)

Истощающая – f.hectica: суточные колебания температуры 3-5 оС (сепсис, гнойная инфекция)

Қалжырататын қызба – таңертеңгі мен кешкі дене қызымы аралығы 3-5 оС (сепсис, іріңді жұқпа)

Hectic fever: fluctuations of temperature are 3-5 оС (sepsis, purulent infection)

Возвратная – f. Recurrens: чередование лихорадочных и безлихорадочных периодов длительностью 2-7 суток (возвратный тиф, малярия)

Қайталамалы қызба – қызба және қызбасы жоқ кезеңдердің 2-7 күнде қайталануы (қайталамалы сүзек, малярия)

Recurrent fever: febrile and afebrile alternating periods last 2-7 days (typhus recurrens, malaria)

Атипичная - f. Athypica:

Извращенная - f. inversa нарушение циркадного ритма, утренняя температура выше вечерней. (сепсис)

Келбетсіз қызба – температураның тәуліктік өзгеруі бей-берекет, ретсіз болады.

Atipical fever Perverted fever f. inversa:disorders of circadian rhythm, morning temperature is higher than evening temperature (sepsis)

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә. Н.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 237-247.

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 55-60.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с. 497 – 518

  4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 45-47.

  5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 80-99.

  6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 324-340.Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 76-83

  7. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 128 -139

Қосымша

  1. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 202-209

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 201 -234.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 235-244.

  4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-364-380

  5. 9.А.Л. Костюченко. Угрожающие жизни состояния в практике врача первого контакта. СПб: спец.литература, 1998г. с-240.

  6. 10.Ю.В.Лобзин, А.Т.Марьянович, Н.В.Цыган. Терморегуляция и лихорадка. – М.: Вузовская книга, 1998. – 64 с.

.

БАҚЫЛАУ

Тест тапсырмаларын орындау. – қараңыз: Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.:изд-во Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 128-138

СОӨЖ

ҚЫЗБА

Сабақтың мақсаты:

  • Қызбаның этиологиясы, патогенезі бойынша білім қалыптастыру

  • 3 тілдегі глоссарийді қолдануды үйрену

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

  • Гипертермиялық жағдайлардың этиологиясын, патогенезі бойынша білім қалыптастыру

  • Теориялық материалды талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды дағдысын қалыптастыру

  • Теориялық материалдың білімін ситуациялық есептерді шығарғанда және үлгілеу жағдайларын патофизиологиялық сараптағанда қолдана білу

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізгенде және топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру

Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Оқытушы мен студент арасында сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, дискуссия, тәжірибе орындау, оның нәтижелерін талқылау

Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелерін тексеру, тестілеу.

ТАПСЫРМАЛАР

1 тапсырма Кейс – стади

1 есеп

Науқас Б., 25 жаста, ЖИТС-қа байланысты ауруханада жатқанда қызба (дене қызымы 38,9), қақырықты жөтел және дем алу кезінде оң кеуде тұсында ауыру сезімі пайда болды. Зерттеу барысында лимфоциттер мен моноциттердің азаюына байланысты лейкопения, қақырықта (Грамм бойынша бояғанда): көп мөлшерде эпителий жасушалары, лейкоциттер, әртүрлі бактериялар, трепонема Аг реакциясы оң.

Сұрақтар:

  1. Берілген жағдайда пирогендердің мүмкін болатын көздері?

  2. Науқаста лейкопения кезінде қызба дамуын қалай түсіндіресіз?

  3. Науқаста қызбаның осы көріністерінің болуы АИВ жұқпасының болуына байланысты ма?

2 есеп. Дәрігерге 20 жастағы науқас ұдайы қайталанатын жұқпалы ауруға шағымданып келді. Ауру тарихынан науқастың тіпті айқын іріңді үрдісте де дене қызымы 37,20С-тан аспаған.

  1. Төмен дене қызымының мүмкіндік табиғатын түсіндіріңіз

  2. Осы жағдайда иммундық әсерлендіргіштерді қолдану тиімді бола ма?

3 есеп

Науқас В., 30 жаста, ауруханада экссудативті плеврит аңғарымымен жатыр. Науқастағы температуралық сызықтың түрі қандай (№ 2)?

Науқас С., ауруханада ревматоидты артрит аңғарымымен жатыр. Науқастағы температуралық сызықтың түрі қандай (№ 3)?

Науқас ауруханада «Сепсис» аңғарымымен жатыр. Науқастағы температуралық сызықтың түрі қандай (№ 4)?

Науқас Ш., ауруханада «Туберкулез» аңғарымымен жатыр. Науқастағы температуралық сызықтың түрі қандай (№ 5)

4 есеп. Науқас П., 18 жаста ауруханаға крупозды пневмониямен келіп түсті. Дене қызымы 40,50С. Терісі бозарған, құрғақ, қалтырайды, «құстың терісіндей», тамыр соғысы минутына 98 рет, тілі өңезденген, тәбеті жоқ.

  1. Науқаста дене қызымының көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның қай түрі дамыды?

  2. Берілген көріністер қызбаның қай сатысына тән?

  3. Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

5 есеп. Миокард инфарктымен ауырған науқастың дене қызымы көтерілді. Қан сары суында жедел кезең жауабының нәруыздары (СРН-С-реактивті нәруыз) анықталды.

  1. Дене қызымы көтерілуі және қанда жедел кезең жауабы нәруызы артуының патогенезін түсіндіріңіз.

  2. Миокард инфарктында қызбаның қорғаныстық маңызы бар ма?

6 есеп. 70 жастағы науқастың дене қызымы 390С –қа көтеріліп, тамыр соғысы әлсіз толып, минутына 110 рет және жүрек шекаралары оңға және солға кеңейсе, қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?

7 есеп. 18 жастағы науқаста жіті аппендициттің белгілері, дене қызымы 380С, тамыр соғысы жақсы толып, минутына 82 рет болса, қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?

8 есеп. Науқас А. жұқпаның әсерінен дамыған қызбаны түсіру үшін аспирин ішті. 50 минуттан соң дене қызымы қалпына келді. Науқас Б., дене қызымы қалыпты болса да, буындарында ауыру сезімі мазалаған соң аспирин ішті. Бір сағаттан соң буындағы ауыру сезімі басылды, дене қызымы қалыпты болып қала берді. Аспириннің қызым түсіретін және ауыру сезімін басатын әсерінің тетіктерін түсіндіріңіз.

9 есеп. Жағажайда 6 сағат болып келген 18 жастағы С., үйге келген бойда әлсіздік, басының айналуы, басының солқылдап ауыруы, қалтырау және жүрек айнуын сезді. Бұдан 30 минуттан соң құсты, дене қызымы — 39 °C. Аспирин және спазмалгон ішкенмен, дене қызымы 37 °C-қа түскенмен, жеңілдікті сезбеді, жағдайы ауырлай түсті, жедел жәрдем шақырды. Ауруханаға барар жолда есінен танды, сол себепті реанимация бөлімшесіне әкелінді.

1. Науқаста дамыған дерттік жағдай қалай аталады?

2. Оның даму себебі мен тетіктері қандай?

2 тапсырма. «Қызбаның ысынудан айырмашылығы» кестесін толтырыңыз

Көрсеткіш

Қызба

Гипертермия-ысыну

Себебі

Филогенезде дамуы

Онтогенезде дамуы

Патогенездің негізгі тізбегі

Симптомдары

Организм үшін маңызы

Дене қызымын қалпына келтіру жолдары

Көрсетілетін материал: ситуациялық есептер

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ә. Н.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 237-247.

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 55-60.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с. 497 – 518

  4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 45-47.

  5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 80-99.

  6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 324-340.Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 76-83

  7. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 128 -139

Қосымша

  1. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 202-209

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 201 -234.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 235-244.

  4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Общая патофизиология. СПб., 2001. – ЭЛБИ-СПб, С.-364-380

  5. 9.А.Л. Костюченко. Угрожающие жизни состояния в практике врача первого контакта. СПб: спец.литература, 1998г. с-240.

10.Ю.В.Лобзин, А.Т.Марьянович, Н.В.Цыган. Терморегуляция и лихорадка. – М.: Вузовская книга, 1998. – 64 с

16. тақырып АЛЛЕРГИЯ

Сабақ мақсаты:

  • Аллергиялық серпілістердің этиологиясы, патогенезі бойынша білімін қалыптастыру

  • Үш тілдегі глоссарийді қолдану машығын қалыптастыру

  • Кестелерді толтырғанда теориялық бітімін қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша дискуссия жүргізу бойынша дағдылар қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

  • Аллергиялық серпілістердің себептері, даму тетіктері, көріністері және алдын алудың негізгі ұстанымдары бойынша білімін жетілдіру.

  • Теориялық материалды талдау барысында медициналық терминдерді қолдануды үйрету

  • Теориялық білімді кестелерді толтыру барысында қолдануды үйрету

  • Пікірсайыс кезінде коммуникациялық дағдыны жетілдіру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы ( себептері мен жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.

  2. Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.

  3. Аллергиялық серпілістердің сатылары (иммундық серпілістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.

  4. Сезімталдықты жоғарылату, түрлері, патогенезі.

  5. Аллергиялық серпілістердің 1, 11, 111,1Ү түрі патогенезінің ерекшеліктері;

а) аллергендердің табиғаты, сезімталдықтың жоғарылау тетіктері;

б) негізгі дәнекерлер, олардың шығу тегі және биологиялық әсерлері.

6. жалған аллергиялық серпілістер туралы түсінік

7. Аллергиялық әсерленістердің алдын алу және емдеудің патогенездік ұстанымдары. Арнайы және бейнақты гипосенсибилизация, тетіктері.

Оқыту әдістері: сабақтығ негізгі сұрақтары бойынша оқытушының қатысуымен және бақылауымен пікірталас, «Теңіз тышқанында анафилаксиялық сілеймені үлгілеу» бейнефильмін және «Анафилаксиялық сілейменің патогенезі» рөлдік ойынын көру, тәжірибе нәтижелерін талқылау, кестелерді толтыру.

Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелерін тексеру, кестелердің толтырылуын тексеру, тестілеу.