Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз ОМ каз ПРАКТИКА 2012-13.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
807.16 Кб
Скачать

Шеткері қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстары

Сабақтың мақсаты:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

  • Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру

Сабақ жүргізу әдісі:

Топта жұмыс жасау: кейс-стади

ТАПСЫРМАЛАР:

7 тапсырма.

Ситуациялық есептерді шығару.

1. 25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.

Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

2. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.

Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

3. Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын 68 жасты Д есімді науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорып алу үшін іш перде пункциясын жасады. Ісшараның 15 минөтінде, 5 литр сұйықтықты сорып алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке шағымданды, бірақ ісшара жалғастырылды. Тағы 1,5 литр сұйықтықты сорып алған соң науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсеткеннен кейін біршене минөт ішінде есін жиды, бірақ науқас әлі де қатты әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуына шағымданады.

Сұрақтар:

  1. Дәрігердің қателігін табыныз?

  2. Іш шемендік сұйықтықты сорып алудан кейін пайда болған талу тетіктері қандай? –

  3. Осындай жағдайларда мыйдағы қанайналым бұзылыстарының икемделістік тетіктері болуы мүмкін?

  4. Неліктен осы науқаста қанайналым жүйесінің икемделіс тетіктері әсерсіз болды?

4. 56 жастағы ер кісі емханадағы қабылдауда тез уақытта шаршау және жүргенде балтыр бұлшықеті ауыруына, тоқтағанннан кейін – «ауық-ауық ақсау» симптомына, аяқтарының мұздайтындығына, ұйып қалуына, «жыбырлайтындығына» және тыныштықта шаншуына (парестезиялар) шағымданды. Жас кезінен және көп мөлшерде шылым шегеді, мамандығы ұзақ мұздау кезеңдерімен байланысты (күз-қыс мерзімдерінде даладағы жұмыс). Қарау барысында: табаны боз, терісі құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш; екі аяқтың табанының сыртқы және балтырының артқы артерияларында тамыр соғысы анықталмайды. Алдын ала диагнозы: «Бітелістік эндоартериит».

Сұрақтар:

  1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?

  2. Осы науқастағы дерттің даму тетіктері?

  3. Науқастағы қанайналымының жағымсыз салдарларын анықтаңыз?

  4. Белгілердің дамуының қандай ең мүмкіндік тетіктері келтірілген?

5. Жас әйелде жүктіліктің 7 айлығында аяғының ісінуі дамыды. Қарап тексергенде тізе аймағында теріасты веналарының кеңейгені анықталды. Қабыну белгілері жоқ.

Әйелде қанайналымы бұзылыстарының қай түрі дамыды? Оның даму тетігі қандай?

6. Науқас К, 43 жаста, оң жақ бұғанаасты венасын катетерлеген соң тромбоз дамыды.

  1. Шеткері қанайналымы бұзылысының мүмкіндік тетіктері мен симптомдарының патогенезін түсіндіріңіз

7. Көктамырының варикозды кеңеюі бар науқаста жүру кезінде аяғында ауыру сезімі пайда болды. Балтырының цианозы мен ісінгені көрінеді. Аяғы сипағанда салқын. Көрсетілген бұзылыстардың айқындығы біртіндеп азайды, біраз уақыттан соң өздігінен жойылды.

  1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?

  2. Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

  3. Науқастағы қанайналымының өздігінен қалпына келуінің тетіктері қандай?

8. Ауруханаға науқас екі аяғының сынықтарымен келіп түсті. Бірнеше сағаттан соң өкпе артериясы эмболиясының клиникалық белгілері дамыды.

Эмболия даму көздері мен тетіктерін түсіндіріңіз.

9. Тереңдіктен жедел көтерілгенде водолаз есінен танды.

Атмосфералық қысым өзгергенде организмде қандай жағдай дамыды?

Естен танудың себебі мен даму тетіктері қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 247 - 265.

  2. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с. – 404-435

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 372-381

  4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 30-35.

  5. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 247 - 265.

  6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-194.

  7. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар /Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен – Алматы.: «Эффект», КазНМУ, 2007.- С. 96 -110

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. С. 87-92, 195-197

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 182-200.

  3. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 161-181

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 195-214.

Бақылау: ситуациялық есептер бойынша қорытындыны тексеру

14 тақырып: ҚАБЫНУ

Сабақтың мақсаты:

  • Жіті және сүлде қабынудың этиологиясы мен патогенезі бойынша білім қалыптастыру

  • 3 тілдегі глоссарийді қолдану машығын қалыптастыру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс істеу машықтық дағдысын қалыптастыру

  • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 697 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидалары бойынша құқықтық білімін бекіту

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Қабынудың этиологиясы мен патогенезі зерттеу бойынша білім қалыптастыру

  • Теориялық материалды талқылағанда 3 тілдегі глоссарийді қолдану машығын қалыптастыру

  • Алған теориялық білімін ситуациялық есептерді шешкенде қолдана білу

  • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 697 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдануды үйрену

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізгенде және топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Әлтерация туралы түсінік. Қабыну кезіндегі алғашқы және салдарлық әлтерация.

  2. Қабыну ошағында зат алмасудың өзгерістері. Олардың патогенезінде жасушалар мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүлінуің маңызы. Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер, олардың патогенезі, салдарлары.

  3. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну дамуындағы маңызы. Қабынуды шақыратың және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік

  4. Қабыну ошағында қанағымы өзгерістерінің сатылары, олардың патогенезі.

  5. Экссудация, анықтамасы, даму жолдары. Жалқықтың түрлері. Ірінді жалқықтың құрамы мен қасиеттері.

  6. Лейкоциттердің эмиграциясы, анықтамасы, сатылары және олардың жолдары.

  7. Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздің жеткіліксіздігі және оның қабынудағы маңызы.

  8. Пролиферация, оның тетіктері. Пролиферацияның түрткілері мен тежегіштері.

  9. Қауырт қабынудың жергілікті және жалпы белгілері, олрдың патогенезі.

  10. Созылмалы қабыну, этиологиясы, патогенезі, қауырт қабынкдан айырмашылықтары.

  11. Онтогенез кезіндегі қабынудың патогенез.

  12. Қабынудың организм үшін маңызы.

  13. Қабыну үрдісін алдын алу және емдеудің жалпы ұстанымдары.

Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Оқытушы мен студент арасында сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, дискуссия, тәжірибе орындау, оның нәтижелерін талқылау

Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, тәжірибе нәтижелерін тексеру, тестілеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]