Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз ОМ каз ПРАКТИКА 2012-13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
807.16 Кб
Скачать

Глоссарий

Ответ «острой фазы» или преиммунный ответ – неспецифическая реакция организма на повреждение, характеризуются появлением общих неспецифических признаков болезни, обусловленных действием медиаторов: интерлейкинов (ИЛ-1, ИЛ- 6), фактора некроза опухолей (ФНО), гамма-интерферона

Жедел кезеңнің жауабы немесе иммунитет алды жауап – интерлейкиндер (ИЛ-1, ИЛ- 6), өспелерді жоятын фактор (ӨТЖФ), гамма-интерферон, медиаторлар әсерлерінен аурудың жалпы бейспецификалық белгілерімен сипатталатын зақымдануға организмнің бейнақты серпілісі ретінде жүйелік қабынулық жауаптың бір құрамбөлшегі болып табылады.

Acute phase reactions (preimmune response) is nonspecific organism response to damage characterized by the appearance of non-specific symptoms of the disease due to mediators: interleukins (IL-1, IL-6), tumor necrosis factor (TNF), interferon-gamma

Белки ответа острой фазы – белки, синтезирующиеся в печени под действием ИЛ-6, ИЛ-1, ФНО, обладают антимикробными, антиоксидантными свойствами, ограничивают очаг повреждения, участвуют в репаративных процессах, реакциях клеточного и гуморального иммунитета, повышают неспецифическую резистентность организма, в том числе фагоцитарную активность лейкоцитов. К ним относятся С-реактивный белок – СРБ, амилоид А (их концентрация увеличивается в 100-1000 раз); α1-кислый гликопротеин, фибриноген, гаптоглобин (их концентрация увеличивается в 2-5 раз;. церулоплазмин, С3 α1-антитрипсин, антихимотрипсин (их концентрация увеличивается на 20-60%)

«Жауаптың жедел кезеңі» нәруыздары – микробтарға қарсы, антиоксиданттық қасиетті, зақымдану ошақтарын шектейтін, репарациялық үрдіспен жасушалық және гуморалдық иммунитет серпілістеріне қатысты, организмнің бейспецификалық төзімділігі мен лейкоциттердің фагоцитоз белсенділігін күшейтетін, бауырда ИЛ-6, ИЛ-1, ӨТЖФ әсерлерінен түзілетін нәруыздар. Оларға жататындар: С - әсерлі нәруыз (СӘН), А амилоидтар (олардың мөлшері 100-1000 есе артады), α1-қышқыл гликопротеин, фибриноген, гаптоглобин (олардың мөлшері 2-5 есе артады), церулоплазмин, С3, α1-антитрипсин, антихимотрипсин (олардың мөлшері 20-60% жоғарылайды).

Acute phase globulins are proteins synthesized in the liver under the influence of IL-6, IL-1, TNF, they have antimicrobial, antioxidant effects, limit lesions, participate in reparative processes, immune response, increase non-specific resistance, including leukocyte phagocytic activity. Acute phase proteins include C-reactive protein , amyloid A (their concentration is increased by 100-1000 times); α1-acid glycoprotein, fibrinogen, haptoglobin (their concentration is increased by 2-5 times); Ceruloplasmin, C3, α1-antitrypsin, antichymotrypsin (their concentration is increased by 20-60%)

Стресс (анг. stress – напряжение) - неспецифическая реакция организма, возникающая под влиянием необычных и неблагоприятных раздражителей (стрессоров) и сопровождающаяся активацией неспецифических механизмов адаптации. Термин введен Г.Селье (Selye). Стресс проявляется в виде общего адаптационного синдрома, который имеет три стадии: стадия тревоги, резистентности и истощения

Стресс (ағылш. stress – ауыртпалық) – қоршаған ортаның кез келген қолайсыз әсерлеріне организмнің арнайы емес бірбеткей(біркелкі) серпілістермен көріністегі, дененің қорғану-бейімделу мүмкіншіліктерінің жаңа деңгейде қалыптасуы. Терминді Г.Селье (Selye) енгізген. Стресс немесе жалпы адаптациялық синдром сатылы түрде дамиды. Стресс 3 сатыдан тұрады: үрей, төзімділік, қалжырау.

Stress is a nonspecific organism’s response to extreme agents (stressors), is accompanied by activation of nonspecific adaptive mechanisms. The term was offered by H. Selye. Stress is described as general adaptation syndrome, which has 3 stages: alarm reaction, resistance, exhaustion

Триада Селье: инволюция тимуса и лимфоидной ткани; гипертрофия коры надпочечников; язвы желудка и 12-перстной кишки.

Селье үштігі: тимус (айырша без) және лимфа тіндерінің кері дамуы; бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының гипертрофиясы; асқазан мен ұлтабардың ойық жаралары.

Selye’s triad: involution of the thymus and lymphoid tissue, hypertrophy of adrenal cortex, ulcers of the stomach and duodenum

Стресс-реализующая система- система, запускающая стресс-реакцию, включает гипоталамо-гипофизарно-надпочечниковую систему, симпатоадреналовую систему, прооксиданты

Стресті-дамытатын жүйе – стресс-серпілісіне жол ашатын («қамшылайтын») жүйе. Оның құрамбөлшектері - гипоталамус- гипофиз – бүйрек үсті бездер жүйесі, симпато-адреналдық жүйесі, прооксиданттар.

Stress realizing system is the system that triggers the stress response, it includes the hypothalamic-pituitary-adrenal axis, the sympathoadrenal system, prooxidants

Стресс-лимитирующая система – механизмы, предупреждающие чрезмерную активацию стресс-реализующей системы. Включает в себя гамк-ергическую систему, опиоид-ергическая систему, серотонин-ергическая систему, антиоксиданты

Стресті-шектейтін жүйе – стресс-дамытатын жүйелердің тым артық белсенділінуін шектейтін тетіктер. Оның құрамбөлшектері - гамк-ергиялық жүйе, опиоид-ергиялық жүйе, серотонин-ергиялық жүйе, антиоксиданттар.

Stress-limiting system – includes mechanisms preventing excessive activation of the stress-realizing system (-amino butyric acid-ergic system, opiate-ergic system, serotonin-ergic system, antioxidants)

Болезни адаптации, дезадаптивные болезни – заболевания, возникновение которых связано с неблагоприятным воздействием стресса (дистресс): язвенная болезнь желудка, ишемическая болезнь сердца, атеросклероз, артериальная гипертензия, инсульт.

Дезадаптациялық аурулар – стресстің жағымсыз, қолайсыз әсерінен дамитын аурулар: асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз, артериалық гипертензия, инсулт.

Diseases of adaptation - are the diseases, the occurrence of which is associated with negative effects of stress (distress): ulcers of the stomach, intestine, ischemic heart disease, atherosclerosis, stroke, arterial hypertension.

Шок – общее, острое, крайне тяжёлое состояние организма, возникающее под действием сверхсильных экстремальных факторов. Характеризуется стадийным прогрессирующим расстройством жизнедеятельности организма в результате нарастающего нарушения функций нервной, эндокринной, сердечно-сосудистой и других жизненно важных систем.

Шок (сілейме,соққы) – аса қарқынды, төтенше ықпалдардың әсерлерінен жедел (жіті) дамитын организмнің өте ауыр жағдайы. Үйткені бұл жағдай жүйке жүйесі, эндокриндік жүйе, жүрек-қан-тамыр жүйесі тағы басқада ағзаның тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз ететін жүйелердің сатылы, үдемелі бұзылыстарымен сипатталады.

Shock is a severe pathological process, which occurs under the influence of extreme pathogenic agents, when overexcitation of the nervous system is changed by deep inhibition and that leads to severe hemodynamic, respiratory, metabolic disturbances.

Кома (от греч. koma - глубокий сон) - состояние, характеризующееся глубоким угнетением центральной нервной системы, стойкой потерей сознания, отсутствием рефлексов на внешние раздражители и расстройством регуляции жизненно важных функций организма.

Кома (греч. koma – терең ұйқы ) - организм тіршілігінің маңызды қызметтерінің бұзылыстарымен, сыртқы тітіркендіргіштерге рефлекстік жауабтың болмаумен, тұрақты естен танумен, ОЖЖ –нің терең тежелістік, күйзелістік сиппаттағы көрініс.

Coma – (from Greek. Koma - deep dream) - is the condition characterized by a deep depression of the central nervous system, loss of consciousness, absence of reflexes to stimuli and dysregulation of the vital functions.

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-89, 115-130.

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С.60-79.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 197-231

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 264-293

  5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 73-77.

  6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.442-447, 564-568.

  7. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 81 -96

Қосымша

  1. Патофизиология в таблицах и схемах под/ред. А.Н.Нурмухамбетова. Алматы: - 2004, С. 230 - 234.

  2. Патологическая физиология под/ред. А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А. Владимирова. М.: Триада-Х.-2002, С.48- 70.

  3. Патофизиология под/ред. П.Ф.Литвицкого. М.: «ГОЭТАР-мед». Т.1 , 2003, с.689 - 721.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С.90 – 101, 444 – 446, 465 - 467

  5. Нурмухамбетов А.Н. Стресс и его роль в адаптации организма и развитии заболеваний. Учебно-методическое пособие. Алматы, 1998. – 23 с.

  6. Пшенникова М.Г. Феномен стресса. Эмоциональный стресс и его роль в патологии//Пат.физиол. и экспер. Терапия.-2000.-№ 2.-С.24-31; № 3.-С.20-26.

  7. Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме. М.: Медгиз, 1960.- 254 с.

  8. Селье Г. Стресс без дистресса. М.: Прогресс, 1982.- 125 с.

  9. Останин А.А., Черных Е.Р. Эффективность цитокинотерапии в комплексном лечении хирургических инфекций. СПб: издательство СПб университета, 2002, 28 с.

БАҚЫЛАУ

Тест тапсырмаларын орындау. – қараңыз: Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 81-95

СОӨЖ

5 тақырып. ОРГАНИЗМНІҢ ЗАҚЫМДАНУҒА ЖАЛПЫ ӘСЕРЛЕНІСТЕРІ

Сабақтың мақсаты:

  • Организмнің зақымдануға жалпы әсерленісі бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

  • Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Организмнің зақымдануға жалпы әсерленісі бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

  • Тақырыпты талдағанда медициналық атаусөздерді қолдана білу және пікірсайыс жүргізу дағдысын жетілдіру

  • Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдысын жетілдіру

Сабақ жүргізудің тәсілдері:

Кіші топта жұмыс жасау, кейс-стади.

ТАПСЫРМАЛАР

Кейс - стади

Есеп 1.

Теріс эмоциядан бір күннен соң ауруханаға түскен науқастың қанында АКТГ, глюкокортикоидтар деңгейі артып, артериялық қысымы жоғарылады, тамыр соғысы минутына 85 рет.

  1. Науқаста қандай жағдай (үрдіс) дамыды?

  2. Байқалған өзгерістер үрдіс дамуының қай сатысына сәйкес келеді? Оның даму тетіктерін түсіндіріңіз.

Есеп 2

АҚШ ВВС ұшқыштар құрамына жүргізілген зерттеулерден бомбардировщиктер экипажына жаңадан жұмысқа қабылданғандарда ұшу кезінде және одан соң 17-оксикетостероидтардың зәрмен бөлінуі артты. Ұшу өтілі артқан сайын бұл құбылыс азайды. Экипаж құрамындағы ұшқыштардың гормондар мөлшері бірнеше ай бойына өзгермеді.

  1. Экипаждың жас мүшелерінде қандай синдром дамыды?

  2. Берілген синдром дамуының қандай сатылары бар? Бұл сатыларды сипаттаңыз.

Есеп 3

Училищені жақында тәмамдаған және жұмысқа енді қабылданған биіктікте жұмыс жасайтын жұмысшылар жұмыс мезгілінде гормондық құрамын тексертуге келісті. Жас жұмысшыларда жұмыс жасайтын биіктік артқан сайын қанда катехоламиндер мөлшері 2-3 есе артты. Жұмыс өтілі артқан сайын бұл құбылыс аз айқындалды.

  1. Жұмысшылардың қанында катехоламиндер деңгейі артуы қай синдромды дамытты?

  2. Бұл не себепті дамыды?

  3. Берілген синдромның дамуында қандай сатылар байқалды? Патогенезін түсіндіріңіз.

Есеп 4

20 жастағы студентте сессия кезінде емтиханды сәтсіз тапсырғаннан кейін он екі елі ішектің ойық жарасы дамыды.

  1. Бұл ауруды аурулардың қай тобына жатқызуға болады?

  2. Бұл аурудың мүмкіндік даму тетіктері қандай?

Есеп 5

28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесі соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, терісі бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тынысы сирек, беткей, жүрек

соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, АҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ.

1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?

2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?

3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?

4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?

Есеп 6

Науқас Т., 29 жаста, қол саусақтары, денесінің алдыңғы бөлігі мен беті 2-дәрежелі күйікке шалдықты. Зақымдану аймағы 30%. Науқас қозу жағдайында, айқын ауыру сезімі, қалтырау, дене қызымының көтерілуі байқалды. Қарап тексергенде: есі сақталған, есі бұзылмаған, кеңістік пен уақытты бағдарлайды. АҚ 150/90 мм с.б. 15 минуттан соң АҚ 90/60-қа дейін төмендеді, есі тежеле бастады.

    1. Науқаста қандай жағдай қалыптасты?

    2. Берілген жағдайдың сатыларын атаңыз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

    3. Берілген жағдай патогенезінің бастапқы тізбегін көрсетіңіз.

Есеп 7

Науқас Р., 28 жаста, хирургиялық бөлімшеге оқ тиіп жарақаттанған соң 15 минуттан соң әкелінді. Науқастың есі бар, көп және қатты сөйлейді, көмек сұрайды, мегіл- мезгіл ыңырсиды, төсектен тұрғысы келеді. Беті бозарған, суық термен жабылған. Қарашықтары кеңейген, қысымы 140/100 мм с.б. тамыр соғысы минутына 90 рет, кернеулігі жоғары, тынысы минутына 30 рет.

  1. Науқаста қандай жағдай қалыптасты?

  2. Берілген жағдайдың сатыларын атаңыз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Берілген жағдай патогенезінің бастапқы тізбегін көрсетіңіз.

Есеп 8. Науқас Д., 24 жаста, қантты диабетпен ауырады, инсулинді енгізген соң есінен танды. Рефлекстері жойылған.

1. Дамыған жағдайды сипаттаңыз, зақымданған нейрондардың патогенезін түсіндіріңіз.

2. Берілген жағдайдың даму сатыларын атаңыз.

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-89, 115-130.

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С.60-79.

  3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 197-231

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 264-293

  5. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 73-77.

  6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С.442-447, 564-568.

  7. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 81 -96

Қосымша

  1. Патофизиология в таблицах и схемах под/ред. А.Н.Нурмухамбетова. Алматы: - 2004, С. 230 - 234.

  2. Патологическая физиология под/ред. А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А. Владимирова. М.: Триада-Х.-2002, С.48- 70.

  3. Патофизиология под/ред. П.Ф.Литвицкого. М.: «ГОЭТАР-мед». Т.1 , 2003, с.689 - 721.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С.90 – 101, 444 – 446, 465 - 467

  5. Нурмухамбетов А.Н. Стресс и его роль в адаптации организма и развитии заболеваний. Учебно-методическое пособие. Алматы, 1998. – 23 с.

  6. Пшенникова М.Г. Феномен стресса. Эмоциональный стресс и его роль в патологии//Пат.физиол. и экспер. Терапия.-2000.-№ 2.-С.24-31; № 3.-С.20-26.

  7. Селье Г. Очерки об адаптационном синдроме. М.: Медгиз, 1960.- 254 с.

  8. Селье Г. Стресс без дистресса. М.: Прогресс, 1982.- 125 с.

  9. Останин А.А., Черных Е.Р. Эффективность цитокинотерапии в комплексном лечении хирургических инфекций. СПб: издательство СПб университета, 2002, 28 с.

БАҚЫЛАУ

Ситуациялық есептердің қорытындысын тексеру

1 АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Тақырыптар: «Патофизиология пәні, әдістері, міндеттері. Жалпы нозология», «Этиология және патогенез», «Реактивтілік пен тұқымқуалаушылықтың дерттанудағы маңызы», «Жасушаның жалпы патофизиологиясы», «Зақымдануға организмнің жалпы әсерленістері».

Мақсаты:

  1. аудиториялық және аудиториядан тыс өткен сабақтар бойынша студенттердің білімін бағалау

  2. клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын бағалау

  3. ҚР ДСМ бұйрықтарынан медико-биологиялық тәжірибе жүргізу бойынша құқықтық дағдысын бағалау

  4. Ситуациялық есептерді талқылау барысында коммуникациялық дағдысын бағалау

Студенттердің білімін бақылау сұрақтары:

  1. Патологиялық физиология, шешетін мәселелері, зерттеу тәсілдері. Патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы (кемшілігі және артықшылығы).

  2. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ №697 бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

  3. Денсаулық пен аурудың анықтамасы. Аурудың негізгі нышандары. Аурулардың жіктелу ұстанымдары.

  4. Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, мысалдар.

  5. Аурудың сатылары, сипаттамасы. Ауру алды туралы түсінік. Жүктемелік сынамалармен ауру алдын анықтау.

  6. Ауру алды туралы түсінік. Ауру алды жағдайларын жүктемелік әдістермен анықтау.

  7. Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.

  8. Реанимацияның негізгі ұстанымдары. Реанимациядан кейінгі аурулар, түсінігі, даму тетігі.

  9. Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

  10. Организмге төмен барометрлік қысымның әсері. Биіктік ауруының этиологиясы және патогенезі.

  11. Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы.

  12. Аурудың пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы. Аурулардың этиологиясында тұқым қуалау және сыртқы орта жағдайларына байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқым қуатын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқым қуалаушылық патология түрлерінің жіктелуі.

  13. Тұқым қуалаушылық патологиялар туындауының жалпы механизмдері. Бидл-Татум және Жакоба-Мано-Львов тұқым қуатын аурулардың патогенезінің теориялары. Тұқым қуатын аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеу ұстанымдары.

  14. Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Зақымдалу деңгейлері.Мысалдар.

  15. Патогенездегі себеп-салдарлық. . арақатынастар. Мысалдар.

  16. Патогенездегі негізгі тізбек және «кері айналып соғу шеңбері». Ауруларды патогенездік емдеу ұстанымы. Балалар организмінде бейімделу және қызметтердің қалпына келу үрдістерінің ерекшеліктері.

  17. Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру серпілісінің түрлері, мысалдар.

  18. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігінің аурулардың пайда болуындағы, өтуі және аяқталуындағы маңызы.

  19. Организмнің жас мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы.

  20. . Организмнің жыныс мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы.

  21. Балалардағы диатездер, анықтамасы, түрлері, сипаттамасы.

  22. Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (Кречмер, М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы.

  23. Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Зақымдануға жасушаның төзімділігі.

  24. Жасушаның зақымдану түрлері. Жедел және созылмалы жасуша зақымдануының сатылары.

  25. Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары.

  26. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, салдары.

  27. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары. Жасуша мембранасының зақымдалуының негізгі тетігі ретінде МАТ белсенденуі.

  28. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары, сипаттамасы. Мембараналық фосфолипазаның және басқа гидролазалардың белсенденуі, смостық зақымдалу, иммундық зақымданулар..

  29. Апаптоз, түсініктемесі, патогенезі. Зақымдануда жасушаның икемделіу- бейімделу тетіктері.

  30. «Жауаптың жедел кезеңі» себептерәі, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жауаптың жедел кезеңінің» нәруыздары, олардың қызметтері. «Жауаптың жедел кезеңінің» организм үшін маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдпромы тіралы түсінік.

  31. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері.

  32. Стрестің қорғану-бейімделу және патогенді маңызы. Адаптациялық аурулар туралы түсінік.

  33. Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, гемодинамика мен микроциркуляцияның өзгерістері.

  34. Кома, түрлері, даму механизмдері.

Жүргізу түрі:

1 – кезең - тестілеу. Тест тапсырмаларын орындау. – қараңыз: Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.

2 – кезең – ситуациялық есептер бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысы

6 тақырып: СУ-ЭЛЕКТРОЛИТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Сабақтың мақсаты:

  • Су-электролит тепе-теңдігінің негізгі бұзылыстары бойынша білімін қалыптастыру

  • Патогенездің сызбанұсқасын құрастырғанда теориялық білімді қолдану

  • Сабақты талдағанда медициналық атаусөздерді 3 тілде қолдану дағдысын қалыптастыру

  • Тақырып сұрақтарын талқылағанда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Су-электролит тепе-теңдігінің негізгі бұзылыстарының зтиологиясы мен патогенезі бойынша білімін жетілдіру

  • Әртүрлі ісіну түрлерінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру, патогенездің негізгі тізбегін анықтау дағдысын жетілдіру

  • Тақырып сұрақтарын талқылағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Организмдегі су тепе-теңдігі бұзылуының түрлері.

2. Сусыздану, патогенезі бойынша жіктелуі, себептері, сусызданудың әртүріндегі жасушаіші және жасушадын тыс бөліктердегі осмостық қысымның өзгерістері. Негізгі көріністері және олардың патогенезі.

3. Оң су тепе-теңдігі (изо-, гипо-, гиперосмолялдық сулану), себептері, патогенезі. «Сумен улану» туралы түсінік, себептері, даму тетіктері.

4. Ісіну, түрлері. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамасы.

5. Ісінудің клиникалық түрлері, даму тетіктері. Балалардағы су алмасуы бұзылыстарының

ерекшеліктері.

6. Натрий, калий, кальций алмасуларының бұзылыстары, себептері, организмдегі өзгерістердің патогенезі.

Оқыту мен сабақ жүргізу тәсілдері:

Оқытушы мен студент арасында сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс, дискуссия, тақырып көрсетілімін талқылау, ісінуді үлгілеу тәжірибесін көрсету, патогенездің сызбанұсқасын құрастырып сараптау.

Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, патогенездің сызбанұсқасының дұрыстығын тексеру, тәжірибе нәтижелерін , тестілеу.