Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз ОМ каз ПРАКТИКА 2012-13.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
807.16 Кб
Скачать

Сабақтың хронометражы

Сабақтың кезеңдері

Уақыт

1

Ұйымдастырулық бөлім. Студенттерді түгендеу. Сабақтың мақсаты мен тапсырмаларымен танысу, көрсетілім материалдарын тарату

5 мин

2

Тақырыптың № 1-3 сұрақтарын мультимедиялық көрсетілімді қолдана отырып талқылау

20 мин

патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, сараптау, №1,2,3 тапсырмалар

25

3

Үзіліс

10 мин

4

№ 4-6 сұрақтарды талқылау, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, сараптау

35 мин

6

Тестілеу

10 мин

7

Сабақты қорытындылау, компетенцияны бағалау

5 мин

Тәжірибелік жұмыс

1 тапсырма.

1 сызбанұсқаны зерттеу. ««Жауаптың жедел кезеңі» дамуында цитокиндердің маңызы».

Жұқпа, ишемия, жарақаттар, өспелер, күйік, иммундық дерт ж.б.

Қан моноциттерінің , тіндік макрофагтардың, нейтрофилдердің, лимфоциттердің, фибробластардың, эндотелийдің ж.б жасушалардың белсенденуі

Жасушалардан «жауаптың жедел кезеңі» және қабыну дәнекерлерінің босап шығуы

ЦИТОКИНДЕР

( ИЛ – 1, ИЛ -6, ӨТЖФ –а, интерферон –ү ж.б.)

Жүйелік әсер жергілікті әсер

↓ ( қабыну)

Жүйкелік эндокриндік реттеудің, зат алмасудың, ағзалар мен жүйелер ( гипоталамустың, гипоталамус – гипофиз – бүйрек үсті бездер жүйесінің, иммундық жүйенің, қан түзу жүйесінің, қан плазмасы, бауыр ж.б) қызметінің қайтадан құрылуы

Ил-1 – интерлейкин-1, ИЛ-1 қабылдағыштары организмнің барлық жасушаларында бар.

ИЛ – 6 - интерлейкин - 6

ӨТЖФ –а - өспе тіршілігін жоятын фактор - әлфа

2 тапсырма.

2 сызбанұсқаны зерттеу. «Жедел кезең жауабының» негізгі әсерлері»

Гипоталамус

Дене қызуының жоғарылауы ( қызба)

Гипоталамус гипофиз – бүйрек үсті бездері жүйесі

Кортиколиберин сөлденісінің жоғарылауы – АКТГ ↑ → глюкокортикоидтардың ↑ ( стресс)

Зат алмасу

Катаболизмнің күшеюі, теріс азоттық тепе –теңдік, несеп арқылы фосфаттар, сульфаттар, калий және амин қышқылдарын, креатинин және несеп қышқылын жоғалту. Май, гликогеннің ыдырауы, глюконеогенездің күшеюі. Энергияның ішкі қайнар көзін пайдалану.

Иммундық жүйе

Т және В лимфоциттерінің белсенділенуі

Қан плазмасы

- Калликреин – кинин, комплемент, қан ұю, ұюға қарсы жүйелердің белсенділенуі

- Диспротеинемия

- Сиал қышқылдарының көбеюі ( гли-копротеидтердің құрамбөлшектері)

- ЭТЖ –ң жоғарылауы

Қан түзу жүйесі

( сүйек кемігі)

Нейтрофилдік лейкоцитоз

Ретикулоцитоз

Нейтрофилдер

Лактофериннің шығуы → қанда темірді байланыстыру ( трансферин-нен,бактериялардан) → гипосидеремия

Бауыр

«Жедел кезең жауабының» глобулиндерінің түзілуінің күшеюі: фибриноген, С - әсерлі нәруыз ( қалыпты жағдайда болмайды), А және Р амилоидтар, гаптоглобин, церулоплазмин, орозо-мукоид, ферритин, антигемофилиялық глобулин, қан уюының Ү11, 1Х факторлары, қан уюына қарсы С және $ нәруыздарының, антитромбин 111, плазминоген, а 2 – макроглобулиннің ж.б.лығы 30 жуық).

«Жедел кезең жауабының» глобулиндерінің қызметі:

. антиоксиданттық ( церулоплазмин, амилоид, гаптоглобин, С - әсерлі нәруыз, транскобаламин, а2 – макроглобулин)

. микробтарға қарсы ( с - әсерлі нәруыз, лактоферрин, комплемент факторлары). Олар темір және цинктің тінге түсуін азайтады --- бактериялардың өсіп - өнуі↓

. гемостазға қатысуы ( қан ұйытқыш және уюға қарсы факторлар).

3 тапсырма.

Егеуқұйрықтардың дене қызуына жіті қозғалтпаулық стрестің әсері.

Егеуқұйрықтарда стрестің үлгісін әртүрлі ықпалдар арқылы алуға болады: қозғалтпау, гипоксия, қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасы, ауырулық тітіркендіру, ашығу, оташылдық әсер, физикалық күштеме ж.б. Қозғалтпаулық стресс егеуқұйрықтарда оларды қатты байлап тастау арқылы туындатылады. Осы мақсатпен егеқұйрықты корнцагпен ұстап алып, эфир наркозы арқылы ұйықтатады, сонан соң оны аяқтарынан 30 минөт бойы тақтайшаға мықтап байлап тастайды. Байлағаннан соң дереу, 15 және 30 минөттен соң егеуқұйрықтың тік ішегіндегі қызуды өлшейді. Алынған нәтижелерді салыстырады және стресстің егеуқұйрықтың дене қызуына әсері тұралы қорытынды жасалады. Алынған нәтижелерді түсіндіреді.

4 тапсырма Калликреин -кинин жүйесі және комплемент жүйес әсерленуінің патогенездік сызбанұсқасын құрастыру.

5 тапсырма. Жалпы адаптациялық синдромның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру