Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз ОМ каз ПРАКТИКА 2012-13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
807.16 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ЖМ 2 КУРС СИЛЛАБУС 2012-13

I.4. Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар

1 ТАҚЫРЫП. ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ. ЖАЛПЫ НОЗОЛОГИЯ.

Сабақтың мақсаты:

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру

  • Тәжірибе жасаудың, жануарлармен жұмыс жасауды, функциялық зерттеулерді жүргізудің негізгі әдістерін үйрену

  • Топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

  • Клиникаға дейінгі ғылыми зерттеулерді жүргізу этикасы туралы нормативті құжаттарды оқу.

Оқыту міндеттері:

  • Оқу пәні ретінде патофизиологияның мақсаты, міндеттері, құрылымы, мазмұны, жалпы нозологияның негізгі түсініктері бойынша білімін қалыптастыру

  • Нозологияның негізгі атаусөздерін (глоссарий) қолдана білу

  • Топпен жұмыс жасауды үйрену (өз ойыңды жеткізу, лидерлік қаситетіңді көрсете білу)

  • «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ 2009д 12 қарашадағы № 697 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Патологиялық физиология пәні. Патофизиологияның жоғары медициналық білім беру саласында алатын орны және маңызы, оның басқа пәндермен байланысы. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері.

  2. Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Медико-биологиялық тәжірибелерді құрудың негізгі принціптері. Тәжірибелік әдістің маңызы, жануарларда тәжірибелік терапияның және дерттік үрдістердің үлгісін алудың адам ауруларын зерттеудің мүмкіншіліктері мен маңызы. Медицинада үлгілеудің тәжірибелік және басқа да әдістерінің шектелулері және олардың ұсынымдарының жолдары.

    1. Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасаудың өнегелік-әдептік аспектілері. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ № 442 Бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

    2. Жалпы нозологияның негізгі түсініктері: денсаулық, ауру, ауруалды, дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай.

    3. Аурудың нышандары. Ауруларды жіктеудің негізгі ұстанымдары.

  1. Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы

  2. Өлім аурудың аяқталуы ретінде. Өлімнің түрлері. Өлімнің сатылары, сипаттамасы. Организмді тірілтудің (реанимация) патофизиологиялық негіздері. "Тірілтілген организмнің ауруы" туралы түсінік, дамуының негізгі жолдары

Оқыту мен үйретудің тәсілдері:

Сабақтың негізгі сұрақтарын талдау, оқытушының бақылауымен жұмыс жасау, «Клиникаға дейінгі зерттеулер этикасы» мультимедиялық көрсетілімімен жұмыс, кіші топтарда жұмыс жасау – блиц – ойындар, кейс-стади

Бақылау түрі: ауызша сұрау, блиц-ойын, кейс-стади, тестілеу