
- •Салық басқармасының негізгі қызметтері мен міндеттері
- •1.2 Қазыбек би атындағы ауданы бойынша Салық басқармасының құрылымы
- •Заңды тұлғалардың салықтық есеп беруін қабылдау және өңдеу бөлімі;
- •Бақылау-кассалы машиналарымен жұмыс істеу бөлімі;
- •2.1 Салықтық тіркеу бөлімі
- •Жалпы ережелер.
- •Бөлімнің негізгі тапсырмалары.
- •Бөлімнің қызметі.
- •Бөлімнің құқықтары.
- •5. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімнің құрылымы
- •2.2 Бақылау-кассалы машиналарымен жұмыс істеу
- •2.3 Жеке кәсіпкерлердің есептемелерін қабылдау бөлімі
- •2.4 Заңды тұлғалардың салықтық есеп беруін қабылдау және өңдеу бөлімі
- •3.1 Салық басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің жалпы ережелері
- •3.2 Бөлім қызметін ұйымдастыру
- •3.3 Акциздерді әкімшілендіру бөлімі қызметкерлерінің қызметі мен міндеттері
- •1. Бөлім бастығы – Ахметбеков қ. М
- •11. Жетекші маман – Аканов б.З
- •3.4 Ққс бөлімінің қызметкерлерінің қызметтік міндеттері
- •Қорытынды
Қорытынды
Қорыта айтқанда, кәсіби-іс тәжірибені Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы бойынша Салық басқармасында өттім. Бұл іс-тәжірибеде көп мағлұматтармен танысып, ақпараттық жүйелермен жұмыс жасауды үйрендім. Салық басқармасының негізгі құқықтары, міндеттері, олардың қызметтерімен және бөлімдерімен таныстым.
ҚР-ң Қаржы министрлігінің салық комитетінің Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы бойынша Салық басқармасы – мемлекеттік мекеме болып табылады. Мемлекеттік мекеме болғандықтан, мемлекеттік табыстардың түсуін қамтамасыз етуін мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін атқарады.
Салық басқармасының негізгі міндеттері:
- салықтардың түгел және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төленуін қамтамасыз етеді, міндетті зейнеткерлік төлемдерді жинақтаушы зейнеткерлік қорға толық және уақытында төленуін қамтамасыз етеді;
- салық төлеушінің салықтық міндеттемелерінің орындалуын бақылауға алады;
- Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- өндірістің алкогольді, өнімнің айналымын мемлекеттік бақылауға алуын қамтамасыз ету.
Салық басқармасының негізгі функциялары:
- салықтардың толық төленуін және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің заңды түрде жүргізуін бақылау;
- бюджеттің табысты бөлімін болжауға қатысу;
- трансферттік бағаларды қолдануында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік жергілікті органдардың бір-бірімен өзара байланыста болып салық заңдылықтарын дұрыс орындалуын бақылау;
- салық төлеушілерге комплекстік және тематикалық тексерулерді іске асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметтер.
Әрбір бөлімнің қызметкерлерінің өз міндеттері және құқықтары бар. Салық басқармасы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді жүктейді.
Салық басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің жалпы ережелері:
1. Акциздерді әкімшілендіру бөлімі Салық Комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасы Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметінің қаулыларымен, Салық комитетінің бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі өкімдері, басшылық нұсқаулықтары, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлім өз қызметі келісім бойынша салық комитетінің өзге құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау жүргізеді.
Мен тәжірибе уақытында бұл бөлімде мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжаттарын қабылдап, оларды «ИС Акциз» ақпараттық жүйесіне электронды нысанда енгізіп, осы ілеспе жүк құжаттардың тіркелуін жүзеге асырдым.
Бұл тәжірибеде көп теория мен тәжірибені ұщтастырып, көп нәрсеге үйрендім. Салық басқармасының құқықтары мен міндеттерін, олардың қызметтерімен, бөлімдерімен таныстым.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің салық комитетінің Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы бойынша салық басқармасы – мемлекеттік мекеме болып табылады. Мемлекеттік мекеме болғандықтан мемлекеттік табыстардың түсуін қамтамасыз етуін мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін атқарады.
Қорыта айтқанда, мен, Қалдыбаев Олжас Кайыржанұлы өндірістік тәжірибені Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы бойынша Салық басқармасында өттім. Бұл тәжірибеде теория мен практиканы ұштастырып, салықтық білімімді толықтыруға мүмкіндік алдым. Олардың ең бастысы – салық төлеушілермен жұмыс жасап, жүктелген міндеттерге толығымен жауап беру.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі);
«Этил спиртiн оны техникалық мақсатта немесе алкогольдi емес өнiмдердi өндiруде пайдаланатын ұйымдарға акциз төлеу арқылы сату ережелерiн бекiту туралы» ҚР Қаржы министрлiгi Салық комитетi төрағасының 2005 жылғы 18 қаңтардағы N 11 Бұйрығы. ҚР Әдiлет министрлiгiнде 2005 жылғы 18 ақпанда тiркелдi. Тiркеу N 3450 "Заң газетi" 2005 жыл 22 шiлде N 77(701);
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» ҚР 07.04.2003 ж. Заңы;
«Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 12.06.2003 ж. № 439-ІІ Заңы;
«Акциздiк қосындардың қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы» ҚР Қаржы министрiнiң 17.09.2010 ж. N 464 Бұйрығы. "Казахстанская правда" 13.11.2010 ж., № 310-311 (26371-26372);
«Ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу Ережелерін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрлігінің 08.10.2003 ж. N 366 бұйрығы, "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 520-521 (26364);
Карагусова Г. Налоги: сущность и практика использования.- Алматы 2001 ж.;
«Каржы-Каражат», 1994 ж.;
«Бюллетень бухгалтера», Издательство «Бико», 2008ж.;
Жалпы салық стандарттары;
www.salyk.kz;
http://cabinet.salyk.kz/;
http://www.taxkrg.mgd.kz/;
http://akciz_support_nk.@ mgd.kz/.