
- •Салық басқармасының негізгі қызметтері мен міндеттері
- •1.2 Қазыбек би атындағы ауданы бойынша Салық басқармасының құрылымы
- •Заңды тұлғалардың салықтық есеп беруін қабылдау және өңдеу бөлімі;
- •Бақылау-кассалы машиналарымен жұмыс істеу бөлімі;
- •2.1 Салықтық тіркеу бөлімі
- •Жалпы ережелер.
- •Бөлімнің негізгі тапсырмалары.
- •Бөлімнің қызметі.
- •Бөлімнің құқықтары.
- •5. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімнің құрылымы
- •2.2 Бақылау-кассалы машиналарымен жұмыс істеу
- •2.3 Жеке кәсіпкерлердің есептемелерін қабылдау бөлімі
- •2.4 Заңды тұлғалардың салықтық есеп беруін қабылдау және өңдеу бөлімі
- •3.1 Салық басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің жалпы ережелері
- •3.2 Бөлім қызметін ұйымдастыру
- •3.3 Акциздерді әкімшілендіру бөлімі қызметкерлерінің қызметі мен міндеттері
- •1. Бөлім бастығы – Ахметбеков қ. М
- •11. Жетекші маман – Аканов б.З
- •3.4 Ққс бөлімінің қызметкерлерінің қызметтік міндеттері
- •Қорытынды
2.3 Жеке кәсіпкерлердің есептемелерін қабылдау бөлімі
Жеке кәсіпкерлердің есептемелерін қабылдау бөлімі Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан бойынша Салық Комитетінің (кейін СК) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметін СК-ң басқа да бөлімдерімен бірге атқарады.
Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылады:
- СК-ң бақылауында бар болатын жеке кәсіпкерлер бойынша қағаз және магниттік ұстаушыларда салықтық есепті қабылдау және өңдеу, сонымен қатар салықтық есеп формаларынан ақпаратты ақпараттық жүйеге (АЖ) енгізу;
- СК-ң бақылауындағы жеке кәсіпкерлер бойынша экономикалық істерді құру;
- салық заңын насихаттау және түсіндіру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Бөлім оған тапсырылған міндеттемелерге сәйкес келесі қызметтерді атқарады:
- СК-ң бақылауында бар болатын жеке кәсіпкерлер бойынша қағаз және магниттік ұстаушыларда салықтық есепті қабылдау және өңдеу, сонымен қатар салықтық есеп формаларынан ақпаратты ақпараттық жүйеге (АЖ) енгізу;
- салықтық есеп және АЖ-ге ақпараттың енгізілуімен байланысты ОблСК-не (Қалалық СК) ұсыну;
- салық заңын насихаттау және түсіндіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- салық салу сұрақтары бойынша салық төлеушілердің хаттары мен ұсыныстарын салық заңына сәйкес қарастыруды ұйымдастыру;
- салық заңын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасауға қатысу.
2.4 Заңды тұлғалардың салықтық есеп беруін қабылдау және өңдеу бөлімі
Заңды тұлғалардың салықтық есеп беруін қабылдау және өңдеу бөлімі бойынша қызметтердің тізімі келесідей:
Салық төлеушілерден салықтық есеп беру формасын қағаз немесе магнит ұстаушыларда алу.
АЖ ЭФНО, АЖ ҚҚС, АЖИД-ге алынған ФНО – ды тіркеу.
Қолма-қол тәсілмен немесе сканерлеу режимінің көмегімен салық төлеушінің қағаздарын немесе магнит ұстаушыларын пошта бойынша және міндетті түрде келуді ұсынатын салықтық есеп беру формаларын ақпарат жүйесіне сапалы түрде енгізу.
Салық сомаларын және басқа да міндетті төлемдерді, сонымен бірге, салықтық есеп беру формасында белгіленген міндетті зейнетақы салымдарын салық төлеушінің дербес шотына локальды таратуын жүргізу.
Салықтық есеп беру формасынан ақпарат жүйесіне оператордың енгізген ақпараттарында жіберген қателіктерді корректировка (жөндеу) режимінің көмегімен жою.
Жоғары салық органдарының бұйрықтарын орындау.
Дербес шоттары бойынша берілген есептің толықтығы және дұрыс болу сұрақтары бойынша салықтық есеп беруіне инвентаризацияны өткізу.
Қате счет-фактураларды теру бойынша ҚҚС-ғын ақпарат жүйесінде камералды бақылау (жеткізушінің мәліметтерінің тіркелуін тексеру (РНН, ҚҚС-ғы бойынша есепке тұру туралы куәлік), счет-фактураның шығу мерзімін тексеру).
Ал бұл бөлімнің салық төлеушілерін қарастыратын болсақ, олар Салық Кодексінің 324 бабымен сәйкес тіркелген. Жалпы бұл бөлімде мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдері және міндетті зейнетақы жарналарының есебін салық органдарында жүргізу ережелерімен таныстым. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының есебі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәсілімен таныстым. Салық органдарында дербес шоттарды қоса алғанда, салық және бюджетке төленетін төлемдер есебі, бірыңғай салық ақпараттық жүйесінде жүргізіледі. Дербес шоттарда бар ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі жауапты лауазымды тұлғаға беріледі. Ақпараттық жүйе ақпараттың рұқсат етілмеген мүмкіндіктен қорғалуын және сақталуын қамтамасыз етеді.
Есеп бөлімінің қызметкерлері және бастығы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарының есептелген (қосып есептелген, кемітілген), түскен (қайтарылған, есепке алынған) сомасы, сондай-ақ дербес шоттардағы өсімақылар мен айыппұлдар сомасының есебін жүргізудің және есептілікті жасаудың дұрыстығына жауап береді.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі құжаттамамен таныстым. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі құжаттама іс номенклатурасына сәйкес құжаттардың түрі бойынша топтастырылады:
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық төлеушілердің салыстыру актілері және дербес шоттардан көшірмелер;
қазынашылық органдары, банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған төлем құжаттары, бюджет кірісі жіктемесінің әрбір жеке коды бойынша;
алық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомасын есепке алу жөніндегі құжаттар;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомасын қайтару жөніндегі құжаттар;
дербес шоттарды беру және қабылдау туралы құжаттар;
салық және бюджетке төлетін басқа да міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алу туралы құжаттар;
банкроттардың салық берешегі бойынша құжаттар.
III-ТАРАУ. АКЦИЗДЕРДІ ӘКІМШІЛЕНДІРУ БӨЛІМІ