Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Olzhas_otchet.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
260.61 Кб
Скачать

Жалпы ережелер.

    1. Салықтық тіркеу бµлімі (әрі қарай бөлім) Қазыбек би атындағы ауданы бойынша салық басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    2. Бөлім өзінің қызметі барысында ҚР Конституциясы мен 1999ж. 23-шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» № 453-1 және 1999ж. 10-желтоқсандағы «Еңбек туралы» № 493-1 Заңдарын, ҚР Үкіметі мен Президентінің нормативті-құқықтық актілерін, ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі жұмыстар агенттігі төрағасының бұйрықтарын, министрліктің және облыстық салық департаменті басшыларының бұйрықтарын, нұсқауларын, өкімдерін және нұсқамаларын және осы ережені басшылыққа алады.

    3. Бөлім өзінің қызметін СБ басшысының тікелей басшылығымен Салық басқармасының басқа бөлімдерімен тығыз қарым-қатынаста іске асырады.

  1. Бөлімнің негізгі тапсырмалары.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу

  • салық төлеуші жеке кәсіпкерлер бойынша ҚР мемлекеттік тізілімінде тіркелу немесе қайта тіркелу туралы мәліметтерді ҚР ТСАЖ МБ-на енгізуі

  • салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің тіркеу есебі

  • ҚҚС бойынша тіркеу есебі

  • эектрондық салық төлеушінің тіркеу есебі

  1. Бөлімнің қызметі.

3.1 Қазақстан Республикасының салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеуі мен куәліктерді беру

3.2. қайта тіркелу туралы мәліметтерді ҚР ТСАЖ МБ-на енгізу

3.3. салық төлеуші жеке кәсіпкерлердің тіркеуге және қайта тіркеуге тапсырған құжаттарының толықтығын және дұрыс толтырылуын тексеру

3.4. салық төлеушілерге құжаттардың тізілімің түсіндіру

3.5. салық төлеушінің заңды істерін құру

3.6. есепке тұру мерзімінің сақталуын бақылайды, есепке тұру мерзімі бұзылған уақытта әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ресімдейді және Қаулының жобасын жасауы

3.7. құқыққорғау органдарының талабы бойынша заңдық істерді құқық бөліміне тапсыру

3.8. салық төлеуші жеке кәсіпкерлер бойынша ҚР мемлекеттік реестрінде тіркелу немесе қайта тіркелу туралы мәліметтерді ҚР ТСАЖ МБ-на енгізу

3. 9. куәліктерді беру

3.10. Қарағанды облысы бойынша СД-нің тізімі бойынша заңды тұлғалардың құрылуы мен таратылуы жөнінде Әділет басқармасымен салыстырып тексеру жүргізуі

3.11. бөлім бастығына жетекші бастық орынбасарына бланкісінің бүлінгені туралы бүліну себебін көрсетіп, қызметтік хат арқылы уақытында хабарлану.

3.12. 2-С есебіне қатысу

3.13. Салық төлеушілердің хаттарын салық заңдылығында белгіленген мерзімде орындау

3.14. Заңды тұлғаларды ҚҚС бойынша есепке қою: ҚҚС бойынша куәлік беру, ҚҚС бойынша есепке тұру өтініштерін МБ-на енгізу, салық төлеушілерге куәліктер беру

3.15. ҚР Салық кодексінің 574-бабына сәйкес қызметтің басталуын және объектінің есептен шығуын тіркейді, қызметтің 8 түрі бойынша МБ-н жүргізу және салық төлеушілерге тіркеу карточкасы беру

3.16. Салықтық есепті электронды түрде тапсыруға өтініш тапсырған салық төлеушілерді тіркеуі

3.17. Салық төлеушілерге есепте тұрғаны жөнінде анықтама-растау қағазын беру

3.18. Жоғары тұрған СБ-ларының тапсырмаларын орындау

3.19. Салық кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]