Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A_sh_d__1179_or_1171_au_umk.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.

Сағитов А. О., Джаймурзина А.А., Төленгітова К.Н., Карбозова Р.Д. Ауылшаруашылық фитопатологиясы.-Алматы, 2000.

Сборники законодательных актов. http:/ www. Minagri. Kz

1. Еліміздің әлеуметтік тұрақтылығы мен азықтүлік қауіпсіздігі негізгінен ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығы туындайды. Осыған байланысты, агроөнеркәсіптік кешенінің дамуының негізі отандық өнімнің бәсекелестігін арттыру мен агроөнеркәсіп кешен саласындағы өнімнің өнімділігін арттыру болып табылады.

Қазақстанда өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині жөніндегі» Заңына және өсімдіктер карантині жөніндегі халықаралық келісімдерге сәйкес жүргізіледі. Жыл сайын республика аумағына алыс және жақын шет елдерден 10 миллион тоннадан астам өсімдік өнімдері тасымалданады және ол көрсеткіш жыл сайын ұлғаюда, осыған сәйкес еліміз аумағында өсімдіктер карантині саласы бойынша бақылауды жүргізудің қажеттілігі туындайды. Қазақстанның ДСҰ енуіне сәйкес экспортталатын және импортталатын өнімдердің ағымы оданда артатыны күтілуде. Осыған сәйкес карантин саласы бойынша өнімдер тасымалданатын көптеген елдер қолайсыз болып отыр. Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині жөніндегі» Заңына сәйкес карантинге жатқызылған өнімдерге тұрақты карантиндік бақылаулар жүргізу, олардан алынған орташа үлгіге зертханалық сараптама жасау, ішінара бақылаудағы зерттеулер жүргізу, карантиндік құжаттарын тексеру және карантиндік іс-шаралардың уақытылы орындалуына бақылау жүргізу Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілердің еніп кетуіне жол бермеу, таралған ошақтарын дер кезінде анықтау, оқшаулау және жою, сонымен қатар карантиндік объектілермен күресуде бюджет қаржысының жоспардан тыс шығынына жол бермеу, отандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекелестігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Жоғарыда аталған карантиндік шаралар - өсімдік тектес өнімдер мен республика аумағының фитосанитарлық жағдайына баға беретін, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың шаруашылық қаржылық істеріне әсер етпейтін тоқтаусыз және тұрақты технологиялық процесс.

Республикада бұрын болмаған, бірақ көршілес немесе басқа алыс орналасқан мемлекеттерде кең таралған, өте зиянды аурулар карантинді нысандарға жатады. Олар бірнеше жолмен таралуы мүмкін. Негізгілеріне тұқым, отырғызуға және вегетативті жолмен көбейтуге арналған өсімдік мүшелері (түйнектер, көшеттер, жуашықтар, шыбықтар және т.б.) жатады. Сонымен қатар, олар өсімдік өнімдерін тасу кезінде пайдаланылатын бұйымдар мен жабдықтар, топырақ түйіршіктері, тіптен кейде жұмыскерлердің сырт киімдері, құралдарымен тасымалдануы мүмкін. Карантинді нысан шекаралас елде кездесетін болса, ол және жел мен, жаңбыр бұлттары, ауруды тасымалдайтын бунақденелілер, су арқылы да таралу қаупі бар.

Егемендік алғаннан кейін алыс және жақын шет елдермен қарым-қатынас жақсарды, біраз дақылдардың тұқымы немесе өнімі көптеген елдерден тасымалданатын болды. Сыртқы және ішкі карантиндік маңызы бар нысандар болуы мүмкін. Әрбір ел өзінің жағдайына байланысты өсімдіктердің зиянкестері, аурулары, арамшөптер карантиндік нысандар тізімін бекітеді. Тізімнің екі түрі барА-1 жәнеА-2. А-1 тізімде елде жоқ карантиндік нысандар көрсетіледі.А-2 тізімде елде аз таралған карантиндік нысандар керсетіледі.

Қазақстан Республикасы үшін 100-дан астам ауру түрлері, зиянкестер, арамшөптер сыртқы карантинді нысан ретінде бекітілген. Олардың республика территориясына кездейсоқ таралуына жол бермеу үшін карантинді шаралар толығымен сақталынуы қажет. Алыс республика территориясына алыс және жақын шетелдерден тасымалданатын тұқым, отырғызуға арналған материалдар және өсімдік өнімдерімен карантинді нысандардың кездейсоқ әкелініп, таралып кетпеуі үшін төмендегі шараларды іске асыру қажет. Карантинді нысан таралған елдерден тұқым немесе отырғызуға пайдаланылатын көшеттер, түйнектер, гүл кесінділері алынғанда, міндетті түрде олардың карантинді нысаннан таза екенін растайтын сертификат болуы. Шет елдерден әкелінген тұқымдық және көшеттік материалдар арнайы препараттармен дәріленуі, олар салынған ыдыстар мен бұйымдар міндетті түрде зарарсыздандырылуы. Тұқым және басқада себу мен отырғызуға арналған көшеттер 1-2 жыл арнайы питомниктерде себіліп, карантиндік бақылаудан өтуі. Карантинді нысан байқалған жағдайда оның ошағын тез арада жою үшін әсері мен тиімділігі жоғары гербицидтермен оталып, өсімдік қалдықтарын жинап, өртеп жіберу.

Ішкі карантиндік нысанға республиканың белгілі бір территориясында ғана кездестін, басқа аймақтарға таралу қаупі бар нысандар жатады. Қазақстанда бүгінгі таңда 12 карантиндік объектілері тіркелген.

Америка ақ көбелегі

Восточная плодожорка – жемістің шығыс жемірі.

Дынная муха - қауын шыбыны

Колифорнийская щитовка – калифорниялық қалқаншалы сымыр

Непарный шелкопряд – жұпсыз жібек көбелегі

Червец комстока – Комсток сымыры

Картофельная золотистая нематода-картоптың алтын түстес жұмыр құрты

Амброзия многолетняя – көп жылдық ойраншөп

Амброзия полыныолистная – жусан жапырақты ойраншөп

Горчак ползучий (розовый) – жатаған укекіре, қызғылт

Паслен колючий – тікенекті алқа

Повилики, паразитирующие на травянистой растительности – арам сояу.

Ішкі карантиндік нысандар үшін сыртқы карантинді нысандарға қойылатын талаптар толық сақталуы қажет.

Қазақстан Республиксының аумағын карантиндік объектілердің еніп кетуінен қорғау мақсатында негізгі транспорттық өтетін жерлерде өсімдіктер карантині жөніндегі бекет жұмыс істейді, олар шекарада, аэропорттар мен темір жол вокзалдарында орналасқан.

Импортталатын карантинге жатқызылған өнімдер (жүктер) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекаралық бекеті арқылы өтетін пунктарда бірінші карантиндік тексеруге жатады сонымен қатар екінші рет келіп түскен жерінде қайтадан тексеріледі және тиісті актілер толтырылады.

Өсімдіктер карантині саласы бойынша фитосанитариялық тексерілуге жататын карантинге жатқызылған өнімдердің тізімі тиісті Номенклатураға өздерінің коды мен ТН ВЭД СНГ енгізілген және оларды Қазақстан Республикасы аумағына әкелу мен әкетуді тиісті өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғана жүргізеді.

Сонымен қатар өсімдіктер карантині саласы бойынша бақылауға экспорталатын карантиге жатқызылған өнімдерде жатады және республика ішінде тасымалданатын карантинге жатқызылған өнімдерде карантиндік бақылауға жатады.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар фитосанитариялық бақылауды жүргізу барысында төмендегідей құжаттарды толтырады.

Импорттық карантиндік рұқсаттама

Фитосанитарлық сертификат

Карантиндік сертификат

Карантиндік тексеру туралы акты

Өсімдіктер карантині жөніндегі бақылау жүргізу жөніндегі акт

Алу актісі.

Әкелінетін немесе әкетілетін карантинге жатқызылған өнімдерден анықталған зиянды организмдердің түрлік құрамын анықтау мақсатында елімізде Республикалық карантиндік зертхана мемлекеттік мекемесі және оның аумақтық филиалдары қызмет атқарады.

Еліміздің аумағына тексеруге келіп түсетін импорттық, себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайтын «Республикалық дәнді дақылдарды жерсiндiру карантиндiк көшеттiгi» және «Республикалық жеміс-жидек жерсiндiру карантиндiк көшеттiгi» мемлекеттiк мекемелері қызмет атқарады. Әр облыста Астана, Алматы қалалық қүрамындағы аумақтық басқармалар өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекция бөлімдері және аудандарда мемлекеттік инспекторлар жұмыс атқарады.

Карантиндік жадығаттар:

Мәдени және жабайы дақылдар тұқымдары.

Тірі өсімдіктер мен олардың мүшелері (көшеттер, қалемшерлер, тамырлар, тамыр сабақтар, түйнектер, кесіліп алынған гүлдер т.б.).

Өсімдіктер өнімі: дән, бұршақтар, күріш, жаңғақ, жер жаңғақ (арахис), ұн, жарма, кофе (дәні), какао (бұршақтары), жаңа және кептірілген жемістер мен көкөністер, хош иісті өнімдер, мақта, зығыр, жүт, кенеп талшықтары, шикі темекі, шикі дәрі өсімдіктері және басқа өсімдік жүктер т.б.

Тірі жәндіктер, кенелер, саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар.

Жәндіктердің ауру қоздырғыштары, тұқым коллекциялары, өсімдіктер гербарилері.

Топырақ монолиттері, үлгілері, шымтезек, компостар.

Өңделмеген терілер мен жүндер.

Өсімдіктерден жасалған түрлі ыдыстар.

Ағаштардан жасалған заттар, (стул, стол, себеттер, т.б.).

Мал азықтары: пішен, күнжара, комбикорм.

Малдарды тасымалдауда жұмсалатын жадығаттар.

Посылка, бандероль, жолаушылардың жүктері, кеме, ұшақтар, поезд, вагон-ресторан, автокелік, экипаждардың азық-түліктері.

Сыртқы өсімдіктер карантині шаралары басқа елдерден келетін көліктерге, өсімдік өнімдері сақталатын бөлімдерге жөне шекараларға жақын орналасқан егістіктерге де тиісті.

2. Инфекцияның сақталу және таралу ерекшеліктеріне байланысты агротехникалық шаралардың атқаратын рөлі әртүрлі. Инфекциялары өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталатын аурулардың таралуы мен дамуын шектеуде ауыспалы егіс жүйесінің атқаратын рөлі зор. Егілетін дақылдарды белгілі кеңістікте және мерзімде алмастыру арқылы топырақта тіршілік ететін пайдалы және зиянды микроағзалардың көбеюіне немесе азаюына қолайлы жағдай жасалады, нәтижесінде егістің фитосанитарлық жағдайы қалыптасады. Ауыспалы егіс жүйесі дұрыс сақталмай, дақыл бір танапта бірнеше жыл қатарынан егілсе, топырақта ауру қоздырғыштарының инфекция қоры молайып, егістің фитосанитарлық ахуалы төмендейді.

Топырақты жел және су эрозияларынан қорғау технологиясы заман талабына сай жетілдіріліп, соңғы жылдары танаптық дақылдарды егудің нөлдік әдісі өндіріске кеңінен өндірілуде. Оның артықшылығы - жер алдын-ала өңделмей, тұқым топыраққа бірден ендіріледі. Дақылдың жиын-теріннен кейінгі қалдықтары толықтай сақталатындықтан топырақтағы ылғал және органикалық заттар қоры біраз жақсарады. Өсімдік қалдықтары біртіндеп шіріп, қарашірікке айналып, топырақтағы гумус қоры молаяды. Өсімдік қалдықтарынан жабынды қабат түзілетіндіктен жиналған ылғал қоры босқа буланбай, көбірек сақталады. Сонымен қатар, күзде топырақты терең қопсыту, көктемде тырмалау мен себер алдындағы культивация жүргізілмейтіндіктен жанар-жағар май үнемделеді.

Танаптық дақылдарды егудің нөлдік технологиясының артықшылығымен қатар, кемшіліктері де бар. Әсіресе, алғашқы жылдары егістің фитосанитарлық ахуалы нашарлайды. Тұқымы майда және топырақтың жоғарғы қабатында жинақталатын тары мен гүлтәжі тектестер, тамыры терең кететін сары және күлгін қалуен, дала шырмауығы, сүттіген сияқты арамшөптер, инфекциялары өсімдік қалдықтарында сақталатын аурулар және сонда қыстап шығатын бунақденелілердің саны мен зияндылығы артады.

Мәдени дақылдардың ауруларының дамуына тыңайтқыштар

әртүрлі әсер етеді. Көпшілік жағдайда азот пен органикалық тыңайтқыштар (көң, жасыл сидерат) өсімдіктердің өсу мерзімін ұзартады, олардың әсерінен жапырақтар қаулап өсіп, фотосинтез екпінділігі артады. Осының нәтижесінде олардың ауруларға шалдығу мерзімі ұзарады және беріктігі төмендейді. Фосфор және калий тыңайқыштары өсімдіктің өсу және жыныс мүшелерінің түзілу мерзімін біраз қысқартып, көптеген аурларға беріктігін нығайтады. Демек, органикалық және минералдық тыңайтқыштырдың оңтайлы ара қатынасын сақтай қолдану арқылы аурудың таралуы мен дамуын біраз төмендетуге болады. Өсімдіктердің ауруларға беріктігін арттырып, оның даму екпінділігін бәсеңдетуде органикалық және минералдық тыңайтқыштардың маңызы зор. Көң немесе басқа да органикалық тыңайтқыштарда фитопатогенді ағзаларға антагонист - неше түрлі бактериялар, актиномицеттер мен саңырауқұлақтар кездеседі. Танаптарда көң шашу арқылы топырақтың құнарлылығын арттырып, өсімдіктерді макро және микроэлементтермен қамтамасыз етумен қатар, оны антагонистік белсенділігі жоғары микроағзалармен байытамыз.

Мәдени дақылдардың ауруларымен күресуде оларға берік немесе төзімді сорттарды өндіріске енгізудің маңызы зор. Мысал ретінде академик В.С. Пустовойт шығарған күнбағыстың сұңғылаға берік сорттары дақылды апаттан аман алып қалғаны белгілі. Өсімдіктердің ауруға берік сорттарын шығару өте қиын жұмыс. Ол селекционерлер мен фитопатологтардың, энтомологтардың, генетиктер мен физиологтардың бірлескен еңбегін қажет етеді және төменгі әдістер пайдаланылады: өсімдіктердің түрі немесе сорт популяциясынан ауруға, зиянкеске берік формаларды сұрыптау; өсімдіктің бір түрінің немесе тұқымдасының ішіндегі ауруға, зиянкеске берік формаларды шаруашылыққа тиімді қасиеттері бар сорттармен будандастыру; жасанды және табиғи инфекция фондарын ауруға, зиянкеске берік және түсімділігі мен сапасы жоғары линияларды сұрыптау; ауруға, зиянкеске берік, түсімділігі жоғары линиялардың тұқымын тездетіп көбейту.

Жаңа сорт фитофаг пен фитопатогеннің кең таралған агрессивті нәсіліне берік болса, ол өзінің бұл қасиетін 5 жыл бойы сақтай алады. Осы мерзім ішінде оның бұл сортқа бейімделген жаңа нәсілі пайда болып, популяцияда үстемдік алатын дәрежеге жетеді. Фитопатогендердің және фитофагтардың нәсілдік құрамы үнемі өзгеріп отыратындықтан, берік сорттарды шығару бағытындағы жұмыс үздіксіз жүргізу қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині               саласындағы заңнамасы

2. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу

3.Сыртқы карантиннің негізгі міндеті қандай?

4. Ішкі карантиннің негізгі міндеті қандай?

5. Карантиндік жадығаттар

6. Өсімдіктерді қорғаудың превентивті шаралары.

11 – тақырып. Зиянды ағзалардың дамуын және таралуын болжау

1. Фитосанитарлық болжаулардың маңызы.

2. Болжауларға қажетті ақпараттар, мәліметтер.

3.Болжамдардың түрлері.

Әдебиеттер:

1.Методические указания по мониторингу численности вредителей, сорных растений и развития болезней сельскохозяйственных культур. Фолиант, 2004-272С.

2. Методические указания по учету и выявлению вредных и особо опасных вредных организмов

сельскохозяйственных угодий. Астана, 2009.

3.Справочник агронома по защите растений / под. ред Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д. – Алматы: РОНД, 2004-320С.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]