
- •Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау
- •Негізгі әдебиеттер
- •9. Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11. Бағалау саясаты
- •2. Пестицидтердің талғампаздығы.
- •Инсектицидтер мен акарицидтер
- •Родентицидтер
- •3.Энтомофагтар, акарифагтар.
- •3. Өсімдік қорғаудың биологиялық әдісіне маңызды орын алатын энтомофаг түрлері мыналар: браконид, афидиид, афелинид, трихограмматид, алтын көзділер, галлица тұқымдасы жатады.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •4.Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •3. Вегетативті мүшелер мен масақтағы дән санын қалыптастыруын фитосанитарлық оңтайландыру
- •Астық дақылдарының егістігінде қос жарнақты арамшөптерді қарсы гербицидтер.
- •Сульфонилмочевина туындылары
- •Контактты әсерлі гербицидтер
- •«Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысымен бекітілген.
- •5.Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар.
- •Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу.
- •Мемлекеттік фитосанитариялық бақылаудың міндеттерi.
- •Аса жоғары қауіпті кластары пестицидтерді қолдану жөніндегі талаптар.
- •Тізімде ... Пестицидтерді қауіптілігіне байланысты қолдану регламенттер.
- •Жеке қауіпсіздіктің ережелері.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
2. Пестицидтердің талғампаздығы.
3. Ағзалардың пестицидтерге резистенттілігі.
Әдебиеттер:
Химическая защита растений/ под ред.Г.С. Груздева.–М.: Агропромиздат, 1987.
Попов С.Я., Дорожкина Л.А., Калинин В.А. Основы химической
защиты растений. М., 2003.
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (анықтамалық материалдар), Астана, 2011
1. Агрономия саласында қолданылатын пестицидтердің қасиеттерін, олардың жылу қанды жануарларға, насекомдарға, бактерияларға, өсімдіктерге және бүкіл биоценоз бен экологиялық жүйеге әсерін зерттейтін токсикология саласы – агрономиялық токсикология деп аталады.
Агрономиялық токсикологияның негізгі міндеті – белгілі бір мақсатта пайдаланылатын пестицидтерді синтездеудің және олардың адамдар мен пайдалы жануарларға зиянды әсер етпейтін тиімді әсерін табудың теориялық негізін қалау.
Өсімдіктерді қорғау үшін қолданылатын химиялық заттарға қойылатын негізгі талап – олардың зиянды организмдерге жоғарғы уыттылығы.
Пестицидтердің уыттылығы заттардың химиялық құрылымына байланысты. Органикалық қосылыстардың уыттылығы олардың құрылымымен байланысты болатындығының заңдылығын білу тиімділігі – уыттылығы өте жоғары жаңа пестицидтерді синтездеуге мүмкіндік береді.
Табиғатта организмнің у әсерінен биологиялық реакциясы жалпы у дозасының азғана бөлігінің әсерінен болады. Бұл удың азғана бөлігі организмнің тіршілігінде маңызды бір функциясын тежейді. Осыдан организмнің екінші кезектегі улануы жүреді. Ол организмнің тіршілігін тоқтатуға әкеп соқтыруы мүмкін.
Пестицидтердің уыттылық дәрежесі бірқатар факторларға байланысты оларды ескермей препараттарды бағалау мүмкін емес. Факторларды 3 топқа біріктіреді: пестицидтер мен зиянды организмдердің өзара контактысының ұзақтығына әсер ететін фактор (экспозиция); организмдер бойына пестицидтердің енуіне әсер ететін факторлар; организм бойындағы пестицидтердің күйіне байланысты факторлар.
Пестицид неғұрлым ұзақ әсер етсе, соғұрлым организмге көп у енеді де оның улану дәрежесі артады. Өсімдіктер мен топырақты пестицидтермен өңдегенде у экспозициясы пестицидтердің өсімдіктер мен топырақта сақталу қасиетіне байланысты (пестицидтердің физикалық химиялық қасиеті мен қоршаған орта жағдайлары). Препараттардың сақталу ұзақтығына олардың жабысқыштығы мен ылғалданғыштығы да әсер етеді. Заттардың бұндай қасиеттерін арттыру мақсатында препараттарға арнаулы заттар қосады.
Қоршаған орта жағдайларынан пестицидтердің әсер ету ұзақтығына ең алдымен температура мықты ықпал етеді. Екінші едәуір әсер ететін фактор әрине ылғалдылық.
Улы зат жетерлік дәрежеде және тез арада тиісімен зиянды организмдер бойына енуі қажет. Улы заттардың организмге енуінің бірнеше жолдары бар.
Организм бойында өтетін үдерістер заттардың уыттылығына әсер етеді әсіресе - молекулаларының рецептор молекулаларымен сәйкестігі.
2.Насекомдар, жануарлар мен өсімдіктердің түрлеріне байланысты талғампаз уыттылығы талғампаздық коэффициентпен белгіленеді. Талғампаздығы жоғары заттардың талғампаздық коэффициенті 1-ден әлдеқайда жоғары болады. Пестицидтердің пайдалы өсімдіктерге, насекомдарға, саңырауқұлақтарға, жануарларға және адамдарға уыттылығы төмен болуы қажет.
3. Организмдердің пестицидтердің улы әсеріне қарсы тұра алатын биологиялық қасиеті организмдердің пестицидтерге төзімділігі деп аталады. Пестицидтерге төзімділік табиғи және қалыптасқан болып екіге бөлінеді.
Табиғи төзімділіктің мынадай түрлері ажыратылады: түр төзімділігі, жыныстық төзімділік, кезеңдік төзімділік, жас төзімділігі, маусымдық және уақытша төзімділік.
Қалыптасқан төзімділік (резистентілік) дегеніміз химиялық улы зат организмді уласа да, организмнің уға бойы үйреніп, у бар жерде тіршілік етіп көбею мүмкіндігі. Төзімділіктің бұл түрі жеке, топтық және айқас болып бөлінеді.
Зиянды организмдердің төзімді нәсілдерімен күресу және резистентілікті болдырмау үшін: препараттардың қолдану мөлшерін және қолдану мерзімін қатаң сақтау; әсер ету механизмі әр түрлі пестицидтерді кезектестіріп пайдалану; препарат әсерін күшейту мақсатында пестицидтерге синергетикалық заттарды қосу; өсімдіктерді қорғаудың интегралды қорғау керек.
Бақылау сұрақтар:
1 Агрономиялық токсикологияның негізгі міндеті.
2 Пестицидтердің уыттылық дәрежесіне әсер ететін факторлар.
3 Талғампаздық коэффициенті.
4 Пестицидтерге резистентілікті ену жолдары.
4-тақырып. Пестицидтерді қолданудың физикалық химиялық негіздері
1.Пестицидтердің негізгі препаративтік формалары.
2. Пестицидтердің қолдану тәсілдеріне жалпы сипаттама
3 Бак қоспалар
Әдебиеттер:
Химическая защита растений/ под ред.Г.С. Груздева.–М.: Агропромиздат, 1987.
Попов С.Я., Дорожкина Л.А., Калинин В.А. Основы химической
защиты растений. М., 2003.
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (анықтамалық материалдар), Астана, 2011
1.Зиянкестерге, ауруларға және арамшөптерге қарсы пестицидтерді қолданудың тиімділігі тек уыттылығына ғана байланысты емес, сонымен қатар препараттардың формасына да байланысты. Сондай-ақ көптеген пестицидтердің әсер етуші заттарын таза күйінде қолдануға болмайды. Препараттардың формасына қарай пестицидтердің қолдану тәсілдері және қоршаған ортаның ластану дәрежесі де әр түрлі болады. Өсімдік қорғауда қолдану үшін пестицидтер қатты және сұйық препаративтік формалар дайындалады. Қатты күйдегі препараттар: дуст (Д), ылғалды ұнтақ (ЫҰ), суда еритін ұнтақ (СЕҰ), паста (ПС), құрғақ аққыш суспензия (ҚАС), сулы-дисперсленген гранулдар (СДГ), микрогранулдар (МГ), гранулдар (Г), карындаш (К) және басқалары. Сұйық күйдегі препараттар: су ерітіндісі (СЕ), эмульсия концентраттары (ЭК), суспензия концентраты (СК), май концентраты (МК), май-суспензия концентраты МСК және басқалары
Аталғандарымен қатар пестицидтер аэрозоль және фумиганттар күйінде де қолданылады. Сол сияқты уланған еліктіргіштер (кеміргіштерге қарсы), әр түрлі антисептикалық және инсектицидтік қағаздар қолданылады.
Ұнтақтар (дустілер) – инсектицид, фунгицид немесе гербицидтің және әбден ұнталған толықтырғыштың механикалық қоспасы. Бүгінгі күні тозаңдатқанда ауаны қатты ластайтын болғандықтан дусті күйіндегі препараттар көп шығарылмайды.
Ылғалды ұнтақ (ЫҰ) – суға араластырылып, тұрақты суспензия түрінде дайындалған ұнтақ күйіндегі пестицид препараты.
Суда еритін ұнтақ (СЕҰ) ЫҰ тәрізді әсер етуші зат, толықтырғыш, беткі белсенді заттар және жабысқыштардан тұрады. Суда жақсы еріп, нағыз ерітінді түзеді.
Топырақта тіршілік ететін зиянкестерге қарсы, арамшөптерді тамыр жүйесі арқылы улау үшін, сол сияқты топырақ бетінде тіршілік ететін зиянкестерге қарсы ұшақтардан шашу үшін гранула күйіндегі препараттар қолданылады.
Су ерітіндісі күйінде суда жақсы еритін пестицидтер. Таза су ерітінділерлері күйіндегі препараттар өсімдік жапырақтарын дұрыс суламайды. Сондықтан оларға беткі белсенді заттар, ОП-7, ОП-10 т.б. қосу қажет.
Эмульсия концентраты – ұсақ тамшыларға бөлінген, сыртынан беткі белсенді қорғаныш қабаты бар пестицидтің майдағы ерітіндісі. Суға аралыстырғанда тұрақты, ұзақ мерзім ыдырамайтын эмульсия түзеді. Эмульсия концентраттарының 2 типі ажыратылады.
Микрокапсула күйіндегі препараттар (МКП) – мөлшерлері 5-100 мкм капсулалардан тұрады. Препараттың әсер етуші заты әр түрлі заттардың, күн сәулесінің, температураның әсерінен және механикалық жолмен ыдырайтын қабықшаларыдың ішінде болады. Олар пестицидтердің әсер етуші заттарының адамдармен, жануарлармен және өсімдіктермен контактысын болдырмау немесе әсерін баяулату мақсатында қолданылады.
Қосалқы заттар (ҚЗ) (ингредиенттер) – пестицидтердің жұмыс құрамының физикалық химиялық қасиеттерін жақсарту үшін қосылатын заттар. Пестицидтердің физикалық қасиеттерін жақсартатын қосалқы заттар бонификаторлар деп аталады.
Ұнтақтарға толықтырғыштар ретінде ретінде силикагель, бентонит, каолин қолданылады.
Пестицидтердің құрамында диспергатор, стабилизатор және эмульгатор болады.
2. Пестицидтерді қолдану тәсілдері олардың препаративтік формаларына байланысты. Пестицидтерді қолданудың мынадай тәсілдері бар: бүрку, тозаңдату, гранулдап шашу, уланған еліктіргіштер, фумигация, тұқым (тұқымдық материалды) дәрілеу.
Бүрку – пестицидтерді қолданудың ең кең таралған тәсілдерінің бірі. Бүріккен кезде пестицид өсімдік бетіне сұйық тамшы күйінде түседі. Тамшы мөлшеріне қарай бүрку бірнеше түрге бөлінеді: ірі тамшылы, немесе көп литражды, тамшы диаметрі D 300 мкм астам; орташа тамшылы, немесе қарапайым – D = 150-300 мкм; ұсақ тамшылы, немесе кіші көлемді – D = 50-150 мкм; ультра ұсақ тамшылы бүрку(УҰТ) – D = 50 мкм және одан да ұсақ.
УҰБ үшін дайын арнайы препаративтік форма ғана пайдаланылады. Пестицидтерді бүрку тәсілімен қолданғанда жел жылдамдығы ескеріледі. Авиация көмегімен шашқанда жел жылдамдығы 3 м/с аспауы тиіс, ал өңделетін дақылдардан биіктігі 5-10 м болуы тиіс.
Тозаңдату – өсімдіктерге препаратты ұнтақ (дуста) күйінде шашу. Бұл ең қарапайым және арзан тәсіл, бірақ ол жұмыс аймағын қатты ластайды, және желмен ұзаққа тасымалданады.. Қазіргі кезде көпшілік дақылдар егістігінде фунгицид және акарицид ретінде қолданылатын ұнтақталған күкірт осы тәсілмен қолданылады.
Фумигациялау – газ немесе бумен өңдеу. Бұл тәсіл ең алдымен шет жерден тұқымдық және басқа матералдардағы карантин объектілерді жоюға, қор бойындағы зиянкестерді жоюға, қоймаларды, топырақты, өсімдіктерді т.б. залалсыздандыруда қолданылады.
Қоймаларды фумигациялау үшін алдымен оны әбден бітейді, қажет болса ішін қыздырады, содан соң қажетті фумигант мөлшерін анықтау үшін көлемін шығарады. Дегазация әдетте қойманың есік-терезесін ашып желдету арқылы жүргізеді, қажет болған жағдайда қажетті қондырғылар қолданылады.
Тұқым және тұқымдық материалды өңдеу – негізінен тұқымдық материалдың бетінде немесе бойында болатын ауру қоздырғыштарына қарсы қолданылады. Сонымен қатар ол топырақ инфекциясы мен зиянкестерінен де қорғайды. Көбіне бұл өңдеу тәсілі дәрілеу деп аталады. Дәрілеу құрғақ, ылғалды және дымқыл болып үшке бөлінеді.
Инкрустация – ірі тұқымдарды өңез түзуші зат пен пестицидтің бір қабатымен каптау. Бұндай жағдайда препарат тұқым бетіне жақсы беркиді, тиеу-тасымалдау және себу жұмыстары кезінде шаңдалмайды.
Дражжилеу – ұсақ тұқымдарды (сәбіз сияқты) дәрімен қаптау. Бұл жағдайда тұқым бетінде әр түрлі пестицидтерден тұратын бірнеше қабаты болуы мүмкін. Мысалы, бірінші қабатында фунгицид болса, екіншісінде – тыңайтқыш, үшіншісінде – инсектицид, ал төртіншісі бейтарап болып түзіледі. Сондықтан дражирование жасалған тұқым әр түрлі ауру мен зиянкестерден қорғалып қана қоймай қоректік заттармен қамтамасыз етіледі, іріленуі себу кезінде тұқымды үнемдеуге мүмкіндік беріп, өсімдік жиілігін бірден қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Уланған еліктіргіштер – тышқан тәрізді кеміргіштерді жою үшін қолданылады. Олар еліктіргіш азық пен роденцид қоспасынан тұрады. Еліктіргіш азық ретінде, дән, жарма т.б. пайдаланылады. Еліктіргіш құрамына жабысқақ заттар, кейде аттрактанттар да кіреді. Оларды кеміргіштер сүйсініп жейтін болулары керек. Олардың құрамындағы пестицид мөлшері басқа тәсілдерге қарағанда өте аз болады.
3. Пестицидтер қоспасын көбіне жеке препараттардың әсер ету спектрін кеңейту үшін қолданады. Практика жүзінде фунгицидтер мен инсектицидтердің немесе басқа да пестицид топтарының күнтізбелік қолдану мерзімдері сәйкес келеді. Осыған байланысты пестицидтер қолдану шығынын азайту ыдыс қоспасын пайдаланады. Алайда бұл жерде пестицидтердің қоспадағы бір-бірімен сәйкестігін бағалау қажеттілігі туындайды. Бір-бірімен араластырған кезде олардың әр қайсысының физикалық химиялық қасиеттерінің өзгеріссіз қалуы және олардың әсер етуші күшінің жеке қолданылған кездегідей болуы, дақылдарға кері әсер етпеуі олардың сәйкесті екенін сипаттайды.
Әдетте ыдыс қоспалары компоненттерінің физикалық және
химиялық сәйкестігін бағалайды. Физикалық сәйкестігі тұнба түзу ықтималдығына байланысты анықтайды. Егер 15 минут бойына тұндырғаннан кейін тұнба түзілмесе пайдалануға болады. Ал егер де түзілетін ұлпа ірімшік сияқты, тұнбасы шайқағанда да жойылмаса қоспа компоненттері сәйкессіз болғаны, сондықтан оны қолдануға болмайды.
Қоспа компоненттерінің өзара әсері аддитифтілік, синергиялық, потенциялық немесе антогонистік сипатта болады.
Бақылау сұрақтары:
1 Қатты күйдегі препараттар түрлері.
2 Сұйық күйдегі препараттар түрлері.
3 Пестицидтердің құрамы.
4 Қосалқы заттар, олардың міндеттері.
5 Бүрку тәсілінің түрлері.
6 Бүрку тәсілмен қолданылатын препаративтік формалар.
7 Фумигациялауға қойылатын талаптар.
8 Тұқым дәрілеу тәсілдерінің кемшіліктері мен артықшылықтары.
9 Аэрозоль тәсілінің кемшіліктері.
10 Родентицидтердің препаративтік формалары.
11Бақ қоспаның өзара әсерін анықтау әдісі.
5-тақырып. Зиянкестерге қарсы қолданылатын химиялық заттар