
- •Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау
- •Негізгі әдебиеттер
- •9. Курстың саясаты
- •10. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
- •11. Бағалау саясаты
- •2. Пестицидтердің талғампаздығы.
- •Инсектицидтер мен акарицидтер
- •Родентицидтер
- •3.Энтомофагтар, акарифагтар.
- •3. Өсімдік қорғаудың биологиялық әдісіне маңызды орын алатын энтомофаг түрлері мыналар: браконид, афидиид, афелинид, трихограмматид, алтын көзділер, галлица тұқымдасы жатады.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •4.Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •3. Вегетативті мүшелер мен масақтағы дән санын қалыптастыруын фитосанитарлық оңтайландыру
- •Астық дақылдарының егістігінде қос жарнақты арамшөптерді қарсы гербицидтер.
- •Сульфонилмочевина туындылары
- •Контактты әсерлі гербицидтер
- •«Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысымен бекітілген.
- •5.Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар.
- •Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу.
- •Мемлекеттік фитосанитариялық бақылаудың міндеттерi.
- •Аса жоғары қауіпті кластары пестицидтерді қолдану жөніндегі талаптар.
- •Тізімде ... Пестицидтерді қауіптілігіне байланысты қолдану регламенттер.
- •Жеке қауіпсіздіктің ережелері.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
- •Тильменбаев әт., Жармұхамедова г.Ә. Энтомология. – Алматы: Қайнар, 1994, 336 бет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университеті
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН қорғау
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
050801 – «Агрономия» мамандығының студенттеріне арналған
Астана 2013
БЕКІТЕМІН
С.Сейфуллин атындағы Қазақ «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ»
агротехникалық университетінің АҚ Басқарма төрағасының
әдістемелік кеңесінде қаралды орынбасары, профессор
және басып шығаруға мақұлданды ____________ Е.Т.Тазабекова
8 маусым 2012ж. № 8 хаттама «_____» ____________ 2012 ж.
Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау
Құрастырған: Ә.Қ.Тулеева, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент.
Сын-пікірші: И.И. Жұмагулов, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент.
«Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау» пәні бойынша студенттер ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің фитосанитарлық жағдайын оңтайландыру және бақылау бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлеу мен ұйымдастыру үшін керекті білімдерді игереді.
Өсімдік шаруашылығы кафедрасының отырысында қаралды және құпталынды. 2012 ж. 04 «09» хаттама № 9
Агрономия факультетінің әдістемелік комиссиясының отырысында қаралды және құпталынды, 2010 ж _____ « » ____ хаттама №
Мазмұны
Кіріспе |
4 |
Атаулар және анықтамалар |
5 |
Пәннің жұмыс бағдарламасы |
11 |
Өсімдіктерді интегралды қорғау пәнінің дәрістері |
23 |
Өсімдіктерді интегралды қорғау пәнінен шепаралық бақылаулардың сұрақтары |
52 |
Зертханалық-іссаналық сабақтардың тақырыптары |
56 |
Өзіндік жұмыстарды тапсыру кестесі |
78 |
Өсімдіктерді интегралды қорғау өздігінен дайындалу тапсырмалары |
80 |
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы |
89 |
КІРІСПЕ
Агроөндірістік кешеніндегі маңызды міндеттердің бірі - ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерде қолайлы фитосанитарлық жағдай жасау. Өсімдік қорғауда өсімдік шаруашылығы технологиялары элементтерінің оңтайлы үйлесуінің арқасында ғана бұл міндеттер шешімін таба алады. Ауыл шаруашылық дақыл өнімдерін зиянды ағзалардан сақтау үшін, өсімдіктерді интегралды қорғауды ғылыми-негізделген түрде тиімді қолданғанда ғана камтамасыз етеді. Барлық күресу әдістерін біріктіру экологиялық таза өнім алу және пестицидке деген тәуелділікті төмендету үшін қажет, сондықтан зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күресудің жалпы жүйесі, зиянды ағзалардың таралуын және дамуын реттейтін бірден-бір қолайлы тәсілі болып табылады.
Белгіленген өнімділікті алуға және сол өнімнің сапалы болуына, пестицидтерді дұрыс таңдауда, оларды тасымалдауда, сақтауда, пайдалануда қауіпсіздендіруде, өсірілетін негізгі дакылдарды корғау шараларының жүйесін жоспарлауда, өсімдіктерді қорғауды ұйымдастыруда және оны жүзеге асыруда, алдын алу шараларына сүйене отырып, жою шараларын қолдану туралы шешім қабылдауда маманның іскерлігі әсер етеді.
«Өсімдіктерді интегралды қорғау» пәннің оқу әдістемелік кешеннің жұмыс бағдарламасы мен сабақтың әр тақырыбының көлемі және пән тұтасымен мамандықтың бекітілген оқу-жұмыс бағдарламасына сәйкес көрсетілген. Әр тақырыпқа негізгі және қосымша әдебиет тізімі берілген.
Студенттердің білімін бағалау үшін аралық бақылауларға берілетін сұрақтар келтірілген. Ағымдағы және аралық бақылаулардың, өзіндік жұмыстардың бағаларын және қорытынды ұпай-рейтингтің көрсеткішін есепттеу рейтингтік жүйеге негізделеді.
«Өсімдіктерді интегралды қорғау» пәннің оқу-әдістемелік кешеніне өсімдіктерді қорғау мен карантин саласында кең қолданыстағы негізгі атаулары мен анықтамаларынан тұратын глоссарий көрсетілген.
Маман болу үшін агроценоздағы зиянкестер, аурулар және арамшөптермен күресу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін, егіншілік жүйесі элементтерінің фитосанитарлық маңызын, өсіру технологиясын, пестицидтердің қазіргі өсімдік қорғаудағы алуан түрлерін, олардың препараттық түрін, қолданудың әдістерін және тәртібін, биоагентердің маңызын білуі қажет.
4
Атаулар және анықтамалар
Ағзаның орташа өлу мерзімі – химиялық зат немесе агенттің әрекетінен кейін 50% ағзалар өлетін орташа уақыт.
Аддитивтілік – қоспаның жиынтық әсері әр компоненттің жеке әсерінің қосындысы тәрізді болады.
Акарицид – кенелермен күресуге арналған химиялық зат.
Альгицид – балдырларды жоюға арналған химиялық зат.
Антидот – уға қарсы зат (дәрі-дәрмек, тағам).
Антифидант – насекомдардың қоректенуіне кедергі жасайтын химиялық заттар.
Арборицид –ағашты және бұталы өсімдіктерді еріксіз құрту үшін қолданатын пестицид.
Аттрактанттар – тірі ағзаларда түзілетін және дараларды иіс көзіне қарай бағыттайтын сигналды заттар (феромондар, алломондар, кайромондар).
Афицид – бітелерді құртуға қолданатын пестицид.
Аэрозоль – газда немесе атмосферада шашыраңқы орналасқан тамшылар немесе қатты бөлшектер диаметрі 0,1….50 мкм.
Арнаулы сақтау орындары (көмінділер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын көмуге арналған сақтау орындары;
Арнаулы техника - пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
Аталық вакуум – зиянды ағзалармен күресу әдісі. Феромонды тұзаққа жергілікті түрдің ер жыныстыларын аулауға негізделген. Нәтижесінде ұрғашылардың негізгі бөлігі ұрықтандырылмайды.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы объектілер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөніс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндірістік және өзге де үй-жайлар;
Пестицидтердің қауіпсіз мөлшері – біркелкі енгізу кезінде ағзаға теріс әсерін беретін пестицид мөлшері.
Биологиялық тиімділік – дала жағдайында пестицидтерді қолдану нәтижесінде өлуін, зиянды ағзалардың азаю немесе өсімдіктердің зақымдану дәрежесінің азаюын көрсетеді.
Бөтен текті түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі;
Бластомогендік әрекет – әсер етуші заттың немесе агенттің, организмдері ісіктің пайда болуынан.
Вермицид – құрттармен күресуге арналған химиялық зат.
Гербицид – керек емес шөптесін өсімдіктерді жоюға арналған химиялық зат.
5
Дезориентация – аталықтарды кеңістікте бағытталуын бұзу – бағытынан айрылған аталық насекомдар аналықтарын ұрықтандыра алмайды.
Десикант – өсіп тұрған қалпында өсімдіктердің кебуін тездететін химиялық заттар;
Дефолиант – пестицид, шөптесін және ағаш бұта тәрізді өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін қолданылады.
Ерекше қауіпті зиянды организмдер - оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейім, экономикалық, экологиялық залал келтіретін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбесіне енгізілген зиянкестер мен өсімдіктер аурулары;
Жартылай ыдырау мерзімі (Т50 ) - топырақтағы пестицид мөлшерінің бастапқымен салыстырғанда екі есе азаюы үшін қажетті уақытты көрсетеді.
Жерсіндіру-карантиндік көшеттіктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің және басқа да ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттіктер;
Зиянды организмдер - топыраққа, өсімдікке және ауыл шаруашылық өніміне теріс әсер ететін зиянкестер, арамшөптер және өсімдіктердің аурулары;
Зиян тигізудің экономикалық шегі - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің өсімдік шаруашылығы өнімінің ысырабын туғызатын, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді қажет ететін саны;
Зиянды түрлермен интегралды күресу – механикалық, физикалық, биологиялық, генетикалық, агротехникалық шараларды бірге қолдану. Идиосинкразия – белгілі заттардың әсер етуіне көтеріңкі индивидуальды сезімталдылық.
Инактивация – детоксикация немесе иммобилизация әсерінен биологиялық белсенділіктің жоғалуы.
Ингаляция – тыныс алу кезінде заттың ауамен ағзаға енуі.
Ингибиторлар – тірі организмдердің бойындағы ферменттердің немесе зат алмасу үрдісінің қарқындылығын толық тежеуге немесе баяулатуға қабілетті органикалық немесе анорганикалық заттар;
Импорттық карантиндік рұқсат - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат беретін құжат; Карантинге жатқызылған өнім - өздері арқылы карантинді объектілерді таратуы мүмкін кез келген материалдар (жүктер);
Карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ; Карантинді объект - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп; Карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ; Карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат; Карантиндік шара - Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің енуін немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсім;
Кумуляция - организм бойында улы заттардың түгел ыдырамау және организмнен шығарылмау нәтижесінде жинақталуы немесе удың әсерінің өзгеруі; Күту мерзімі – пестицид қолданумен өнім жинау аралығындағы (дақылға байланысты ), пестицидтердің қалдықты мөлшерінің қауіпсіз деңгейге дейін төмендеу кезеңі.
Қолдану мөлшері - пестицидтердің өндірістік жағдайда өсімдіктерді қорғау және жоғары шаруашылық тиімділігі тәжірибе нәтижесінде анықталған мөлшері;
Ларвицид – насекомдар және кенелердің дернәсілдерімен күресетін зат.
Лимацид – пестицид, моллюскалармен күресу үшін қолданылады.
Метаболизм – пестицидтің in vitro, in vivo жағдайында биологиялық факторлардан, зат алмасу әсерінен өзгеруі.
Мутаген –ұрпақтан-ұрпаққа берілетін өзгерістерді тудыруы мүмкін зат, агент.
Нематицид – нематодтармен күресу үшін қолданылатын зат.
Орташа летальды пестицидтің мөлшері – біркелкі енгізгенде біртекті зиянды объектілердің даралар тобының 50% жойылуына әкелетін пестицид мөлшері.
Овицид – пестицид, зиянкестердің жұмыртқаларын жою үшін қолданылады.
Өсімдіктерді қорғау - өсімдік шаруашылығы өнімінің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдістерін, фитосанитариялық іс-шараларды әзірлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;
Өсімдік шаруашылығы өнімі - халықтың - тамақ өнімдеріне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсіптің шикізатқа деген қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім;
Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган - өсімдіктер карантині саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру,
техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру және тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі; Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік кәсіпорын;
Өсімдіктер карантині (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;
Персистенттілік (тұрақтылық) - пестицидтердің физикалық, химиялық және биологиялық үдерістердің ыдыратушы әсеріне қарсы тұру қабілеті;
Пестицидтер - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
Пестицид дозасы - белгілі бір аудан, көлем немесе өңделетін объект массасына шаққандағы салмақ бірлігі (г/га, л/га, г/л, мг/л, кг/т, л/т т.б.).
Пестицидтерді детоксикациялау – пестицидтердің басқа химиялық байланыстарға айналуы, зиянды ағзаларға және жылуқанды жануарларға токсинді емес пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, көмуге немесе жоюға бағытталған іс-шаралар;
Пестицидтерді мемлекеттік тipкeу - препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі;
Пестицидтердің бастапқы компоненттері - пестицидтерді өндіруге арналған химиялық және басқа да заттар;
Пестицидтердің қалдық мөлшері - өсімдік шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі химиялық заттар құрамының мөлшерлік көрсеткіші, олардың адам мен жануарларға қауіпсіздігі осы көрсеткіш арқылы бағаланады;
Пестицидтің летальды дозасы - зиянды ағзалардың өліміне алып келетін доза.
Пестицидтің метаболизмі – тірі ағзаның ішінде пестицидтің өзгеруі.
Пестицидтерді өндіру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердің негізінде пестицидтер дайындаудың технологиялық процесі;
Пестицидтер тізімі - Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етіліп тіркелген пестицидтер тізбесі;
Пестицид мөлшері – пестицид бірліктерінің саны бірлік есебінің беткі қабатынан, тәжірибелік объектінің көлемі немесе массасы.
Пестицидтерге резистентілік (төзімділік) - организмдердің пестицидтердің улы әсеріне қарсы тұра алатын биологиялық қасиеті;
Пестицид ұнтағы – шаң тәрізді препарат пестицидтердің бөліктерімен диаметрі 0,02-ден 0,06 мм-ге дейін қолданылады.
Пестицидтің шығын мөлшері – пестицидтің әсер ететін мөлшері, өңделетін жерге жұмсалатын пестицидтің мөлшері, массасы.
Пестицидтің синергизмі – бірнеше пестицидтерді бірге қолданғанда жинақталған токсиндік әсерінің жоғарылауы.
Пестицидтер жүйесі - өсімдікке ене алатын, ұлпаларына таралатын және зиянды объектілерді жоятын пестицид.
Пестицидтермен жойқын улануы – пестицидті бір рет қолданғанда ағзаның өмір сүруі нашарлайды, өліміне алып келеді.
Резорбты әрекет – қанға сіңгеннен кейінгі заттың әсері.
Рұқсат етілген шекті мөлшері – тағамдағы максимальды заттың санын, ауада және суда, адамға немесе ұрпағына күнделікті қолдану өмір бойы негативті жағдайлар туғызбайды.
Рұқсат етілген шекті концентрация (ПДК) – заттардың максимальды мөлшері немесе агенттің ортадағы мөлшері, мөлшері көбейгенде оны жарамсыз қылады.
Репеллент – бұл адамға, үй жануарларына немесе пайдалы өсімдіктерге зиян тигізуші жәндіктер мен басқа жануарларды үркіту (қорқыту, қуу) үшін қолданылатын химиялық қосылыс.
Ретарданттар - өсімдіктердің өсу қарқындылығын тежейтін химиялық заттар, нәтижесінде өсімдіктер ергежейлі болады.
Родентицид – кеміргіштерге қарсы қолданылатын у.
Синергизм – қоспаның улылық дәрежесі жеке компоненттердің улылық дәрежесінің қосындысынан әлдеқайда көп;
Стерилянттер – организмдердің көбеюге қабілеттілігінен айыратын химиялық заттар;
Сублетальды пестицид мөлшері – біркелкі енгізгенде зиянды ағзаларды өлімге әкелмей, маңызды функциялардың бұзылуына әкелетін пестицид мөлшері.
Талғампаз (селективтік) уыттылығы – химиялық улы заттардың организмдердің біріне әсер етіп, ал екіншісіне әсер етпеу қасиеті.
Токсикология – улы заттар мен олардың организмдерге әсерін зерттейтін ғылым саласы;
Уәкілетті орган - жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды өз өкілеттігі шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Улар – aз ғана мөлшерде болса да организмдердің бойына әртүрлі жолдармен еніп, оларды белгілі бір жағдайда улап, ауруға шалдықтыруға қабілетті химиялық заттар;
Фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектілердің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің санымен және зиян тигізуімен анықталатын қалыптасқан жай-күйі;
Фитосанитариялық бақылау бекеті - шекара және кеден пункттері аумағында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі;
Фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық іс-шараларды жүргізудің мерзімдері мен көлемдерін жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесін алдын ала айқындау;
Фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді зерттеуді, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негізінде фитосанитариялық болжам әзірлеуді қамтитын іс-шаралар жүйесі;
Фитосанитариялық іс-шаралар - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің саны мен зиян тигізуін азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені.
Фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат; Фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін, карантинді объектілердің ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негізделген бағалау;
Фумигациялық отрядтар - карантинге жатқызылған өнімді уәкілетті органның нұсқамаларына сәйкес немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша газбен дезинсекциялау әдісімен залалсыздандыруды жүзеге асыратын, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бөлімшелері; Экспозиция -удың организмдерге әсер ету ұзақтығы;
Эмбриотроптық - пестицидтердің жатынның қалыпты қалыптасуын бұзатын қасиеті.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН қорғау пәнІнің жұмыс бағдарламасы (силлабусы)
1.Оқытушы жөніндегі мәліметтер: Тулеева Әсия Қузайырқызы, өсімдік шаруашылығы кафедрасының доценті, а.ш.ғ.к., 69 ауд.
2. Пән туралы мағлұмат: Ауылшаруашылық дақылдарын қорғау пәні бойынша 3 кредит қарастырылған, пәнді оқыту бір семестр бойы жүреді. Өсімдіктерді интегралды қорғаудың курсы мынадай сабақтарды қамтиды: дәріс - 15 сағат, зертханалық сабақтар 30 сағат, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) 15 сағат, студенттердің өзіндік жұмыстары (СОЖ) – 75 сағат. Қорытынды бақылау түрі – емтихан.
Оқу уақытының бөлінуі
семестр- аптасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
8
|
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
|
Барлығы |
Дәріс |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
Аралық бақылау |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
Аралық бақылау
|
15 |
Зертхана лыќ |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
30 |
||
СОӨЖ |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
15 |
||
СӨЖ |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
75 |
||
Барлығы |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
135 |
3. Курс пререквизиттері – ботаника, өсімдік физиологиясы, химия, микробиология, генетика, зоология, биология, егіншілік, экология, білімі қажет.
4.
Курс постреквизиттері
– өсімдіктерді интегралды қорғау пәнін
оқып-білу басқа арнайы пәндерді: ауыл
шаруашылық
дақылдарыншаруашылық
ө
5. Курсқа қысқаша шолу
Интегралды өсімдік қорғау курсы арнаулы пәндердің бірі. Өсімдік шаруашылықтан алынатын өнімнің сапасы мен көлемін зиянды жәндіктерден сақтау үшін тиімді күресу шараларды жүргізу қажет Қазіргі кезде химиялық әдістің жоғары тиімділігімен қатар көпшілігінде қоршаған ортаның ластануына, адамдардың және жануарлардың денсаулығына әсер тигізуге мүмкіншілігі анықталады. Экологиялық таза өнімдерді алу, химиялық заттардың теріс әсерлерін азайту үшін өсімдік қорғауда барлық белгілі тәсілдері біріктіру, интегралды жол мен қолдану басты болып саналады. Сондықтан ауыл шаруашылық мамандарын дайындауда «Өсімдіктерді интегралды қорғау» пәннің маңызы зор.
Пәнді оқытудағы мақсат. Студенттерге қоршаған ортаны, жануарларды және адам қорғауды ескертіп өсімдік қорғау шараларды тиімді қолданудың қауіпсіз жолдарын, дақылдың өндіру технологиясында күресу шаралардың тәсілдерін дұрыс таңдап ұйымдастыруды үйрету.
Мадени дақылдарының өнімділігі мен сапасын сақтау және жоғарылату мақсатында зиянды ағзалардың зияндылықтарын шектейтін және экология факторларды есепке ала отырып күресу шараларды жүйелі түрде пайдаланып, өсімдіктердің фитосанитариялық жағдайларын басқару және реттеу жөнінде студенттерге теориялық білім жєне практикалық тәлім беру.
Пәнді оқып білудегі міндеттер:
Студенттердің «Өсімдіктерді интегралды қорғау» пәнін меңгергендегі үйренетіндері:
өсімдік қорғаудың әдістемелік және теоретикалық негіздерін білу
қорғау тәсілдердің артықшылығы мен кемшілігін білу
пестицидтердің қолдану регламенттерін білу
қазіргі кезде қолданылатын пестицидтердің ассортиментін білу
зиянды ағзалардың санын анықтау, олардың даму және таралуының болжамдардың түрлерін, маңызын білу
жеміс-көкөніс дақылдардың зиянкестері мен ауруларына қарсы
күрес шараларын дұрыс жоспарлау және жүргізуді білу.
Өсімдіктерді интегралды қорғау пәнін оқу нәтижесінде студент істей білуі қажет:
Зиянкестер мен аурулардан өсімдіктерді қорғаудың негізгі бағыттарын
Егіншілік жүйесіндегі жеке тәсілдерінің фитосанитариялық маңызын
Биологиялық күрес тәсілін, негізгі препараттарды
Зиянкестерге, ауруларға қарсы рұқсат етілген химиялық заттарды
Пестицидтерді қауіпсіздік жолмен қолдану, сақтау, тасымалдау және жою ерекшеліктерін
Зиянды ағзалардың дамуының және таралуының болжамын жасау, мониторинг өткізу
Селекция және генетикалық әдістің маңызын
Ауылшаруашылық мекемелерде өсімдік қорғау шаралардың жүйесін жасау, орнықтыру, ұйымдастыру.
6. курстың мазмұны
6.1 Дәрістік сабақтарының тізбесі
Тақырып атауы және № |
Көлемі сағ. |
Әдебиеттер |
Ағымды бақылау балл |
1 |
3 |
4 |
5 |
1-тақырып. Кіріспе дәріс. Ауылшаруашылық дақылдарын қорғаудың маңызы. |
1
|
Н.Ә. 1,2,3,4 Қ.Ә. 9 |
0,2 |
2–тақырып. Ауылшаруашылық дақылдарын қорғаудағы химиялық әдіс. |
1 |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1 |
0,2 |
3- тақырып. Зиянды нысандарға пестицидтердің уыттылығы. |
1 |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1
|
0,2 |
4-тақырып. Пестицидтерді қолданудың физикалық, химиялық негіздері. |
1 |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1
|
0,2 |
5-тақырып. Зиянкестерге қарсы қолданылатын химиялық заттар |
1 |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1 |
0,2 |
6-тақырып. Фунгицидтерді қолданудың биологиялық негіздері. |
1 |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1
|
0,2 |
7-гербицидтер. Классификациясы. Жүйелі және контактілы препараттар. |
1 |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1
|
0,2 |
8-Дефолианттар, десиканттар және өсімдіктің өсіп, жетілуін реттейтін заттар |
1 |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1
|
0,2 |
9-тақырып. Өсімдік қорғаудың биологиялық тәсілі. |
1 |
Н.Ә. 2,3 Қ.Ә.1 |
0,2 |
10 – тақырып. Превентивті (алдан ала) қорғау шаралары. |
1 |
Қ.Ә.2,4, 9
|
0,2 |
11 – тақырып. Зиянды ағзалардың дамуын және таралуын болжау. |
1
|
Қ.Ә.2, 4
|
0,2 |
1 |
2 |
3 |
4 |
12-13 тақырып. Қорғау шаралардың жүйесін жоспарлау және ұйымдастыру. |
2 |
Н.Ә. 1, 4 К.Ә. 2,9
|
0,4 |
14– тақырып. Бидайдың интегралдық корғау жүйесі. |
1 |
Қ.Ә. 4,5,6,7,9
|
0,2 |
15– тақырып. Бұршақ дақылдарды кешенді қорғау. |
1 |
Қ.Ә. 4,5,6,7,9
|
0,2 |
6.2 Зертханалық сабақтарының тізбесі
Тақырып атауы |
Көлемі, сағ. |
Әдебиеттер |
Ағымды бақылау, балл |
1 |
2 |
3 |
4 |
1-жұмыс. Пестицидтердің пайдалану объектілеріне, әсер ету механизміне қарай жіктелуі. |
2 |
Н.Ә. 1,4,5 Қ.Ә.1
|
1,2
|
2- жұмыс. Пестицидтердің санитарлық –гигиеналық жіктелуі. Класс қауіптілігіне байланысты қолдану ерекшеліктері. |
2 |
Н.Ә. 1,4,5 Қ.Ә.1 |
1,2 |
3-4 жұмыс. Инсектоакарицидтердің, родентицидтердің ассортиментімен танысу. Нематицидтер Фумиганттар. Ассортименті. Қолдану ерекшеліктері. |
4 |
Н.Ә. 1,4,5 Қ.Ә.1
|
2.4
|
5-6 жұмыс. Тұқым дәрілейтін химиялық заттар. Қолдану әдістері. Өсімдіктердің вегетация кезеңінде қолданылатын фунгицидтер. |
4 |
Н.Ә. 1,4,5 Қ.Ә.1
|
2.4
|
7- жұмыс. Гербицидтердің ассортіментін танысып білу. |
2 |
Н.Ә. 1,4,5 Қ.Ә.1 |
1,2 |
1 – рубеждік (аралық) бақылау |
|
|
|
8- жұмыс. Өсімдіктердің өсуін реттейтін химиялық заттар, дефолианттар, десиканттар. |
2 |
Н.Ә. 1,4,5 Қ.Ә.1 |
1,2
|
9 - жұмыс. Тізім бойынша рұқсат пен қолданылатын биопрепараттарды сиппаттау. |
2 |
Н.Ә. 1,4,5 Қ.Ә.1 |
1,2
|
10 - жұмыс. Энтомофагтар мен акарифагтарды қолдану. |
2 |
Н.Ә. 2,3 Қ.Ә. 1 |
1,2
|
1 |
2 |
3 |
4 |
11- жұмыс. Пестицидтердің биологиялық, шаруашылық, экономикалық тиімділігін анықтау. |
2 |
Н.Ә. 5 Қ.Ә. 1 |
1,2
|
12 - жұмыс. Өсімдік аурулары мен зиянкестерін анықтау әдістері. |
2 |
Н. Ә. 5 Қ.Ә.2, 4,6 |
2,4
|
13-14 жұмыс. Мәдени дақылдарды қорғау шараларының жүйесін жобалау. |
2 |
Н. Ә. 5 Қ.Ә. 4,5,6,7,9 |
1,2
|
1 – рубеждік (аралық) бақылау |
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН қорғау пәнінен өзіндік жұмыстарды орындау және тапсыру кестесі
№ |
Сабақтың тақырыбы |
СӨЖ тапсырмалары |
СӨЖ тапсырмалары-ның мақсаты мен мазмұны |
Әдебиеттер |
Бақылау түрі |
Тапсыру уақыты |
Бағалау ұпайдары |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1
|
Ауылшаруашы- лық дақылдарын қорғау пәнінің теориялық және қолданбалық сипаты. |
Өсімдік қорғау және карантин туралы Заңдар. Маңызы. Мазмұны. |
Өсімдік қорғау және карантин саласында мемлекет жағынан реттеуін білу. |
Қ.Ә. 8
|
Жазбаша жауап. Тапсырмалардың дәптерде орындалуын бақылау. |
1 |
1,3 |
2
|
Пестицидтерді қолданудың санитарлық гигиеналық негіздері. |
Пестицидтерді қолданудың жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары.
|
Пестицидтерді сақтау, тасымалдау, қолданудың қауіпсіздік ережелерін, пестицидтерді зарарсыздандыру ерекшеліктерін білу. |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1
|
Жазбаша жауап. Тапсырмалардың дәптерде орындалуын бақылау. Конспект. |
2 |
1,3 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
3 |
|
Жұмысшылардың қауіпсіздіктің жеке құралдары.
|
|
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1
|
Жазбаша жауап. Тапсырманы тексеру. Конспект. |
3 |
1,3 |
4
|
Пестицидтердің құрылымы, қолдану тәсілдері |
Эмульсия концентраттары. Пестицидтерді аерозоль, фумигация тәсілдерімен, еліктіргіш заттарды қолдану. |
Эмульсия концетраттарын дайындау. Пестицидтерді қолдану тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін оқып-білу. |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1
|
Жазбаша жауап. Тапсырмалардың дәптерде орындалуын бақылау. Конспект |
4 |
1,3 |
5
|
Зиянкестерге қарсы қолданылатын химиялық заттар |
Биологиялық белсенді заттар. Ингибитор синтезін тежеушілер, ювеноидтар, аттрактантар, реппеленттер. Жыныс стерилизация жасайтын препараттар. |
Биологиялық белсенді заттардың қолдану аймағын, маңызын оқып-білу. |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1
|
Жазбаша жауап. Ауызша жауап. Тапсырманы тексеру. Конспект. |
5 |
1,3 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
6 |
Түбірімен жойқын әсерлі фунгицидтер |
Қоздырғыштарды тыныштық кезеңдерінде құрту, топырақ дезинфекциялауға арналған фунгицидтер. |
Түпкілікті жоюға қабілетті фунгицидтерді, қолдану тәсілдерін оқып-білу. |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1
|
Жазбаша жауап. Тапсырмалардың дәптерде орындалуын бақылау. Конспект. |
6 |
1,3 |
7 |
Гербицидтерді қолданудың биологиялық негіздері |
Арамшөптерге қарсы гербицидтердің қолдану мерзімдері, кезеңдері |
Гербицидтердің арам шөптердің түрлеріне байланысты қолдану ерекшеліктерін оқып-білу. |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1
|
Жазбаша жауап. Тапсырмалар-дың дәптерде орындалуын бақылау. Конспект. |
7 |
1.3 |
8 |
Өсімдіктің өсіп жетілуін реттейтін заттар |
Өсімдік реттегіштер ассортименті, қолдану аймағы |
Қазіргі кездегі өсімдіктің өсіп жетілуін реттейтін заттарды оқып-білу. |
Н.Ә. 1,4 Қ.Ә.1
|
Жазбаша жауап. Тапсырмалардың дәптерде орындалуын бақылау. Конспект. |
8 |
1.3 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9
|
Өсімдік қорғаудың биологиялық тәсілі. |
Көкөніс дақылдарының зиянкестеріне қарсы пайдалы жәндіктердің түрлері, маңызы. |
Энтомофаг, акарифагтарды қолдану принциптерін оқып-білу. |
Н.Ә. 2,3
|
Жазбаша, ауызша жауап. Тапсырманы тексеру. Конспект |
9 |
1,3 |
10 |
Карантин негіздері. |
Өсімдік карантині туралы Заң. Маңызы. Мазмұны. Жалпы ережелер. Карантиндік объектілерінің түрлері. |
Қарантиндік ағзаларды, олардың көбеюіне, таралуына тосқауыл қоятын шараларды білу. |
Қ.Ә. 8
|
Жазбаша жауап. Тапсырмалардың дәптерде орындалуын бақылау. Конспект. |
10 |
1,3 |
11
|
Қорғау шараларды қолдану шешімін қабылдау нормативтері. |
Ауыл шаруашылық дақылдарда зиянды ағзалардың зиян тигізетін экономикалық шектерінің көрсеткіштері.
|
Пестицидтерді қолдануға мүмкіншілік беретін белгілі дәрежелерді оқып-білу. |
Н.Ә. 5 Қ.Ә.2,3 |
Жазбаша жауап. Тапсырмалардың дәптерде орындалуын бақылау. Конспект. |
11 |
1,3 |
12
|
Фитосанитария лық мониторинг. |
Дәнді дақылдарының зиянкестерінің, ауру-ларының және арам-шөптерінің таралуы мен дамуының фитосани-тарлық мониторингі. |
Зиянды объектілерінің дамуы мен таралуын бақылау жүйелерін оқып-білу. |
Қ.Ә.2,3,4 |
Жазбаша, ауызша жауап. Тапсырманы тексеру. Конспект |
12 |
1,3 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
13 |
Арпа, сұлының интегралдық корғау жүйесі. |
Арпа, сұлы дақылдарының фитосанитарлық технологияның күнтізбелік фенологиялық жүйесі
|
Зиянды ағзалардың түр құрамын, за-қымдаушы кезең-дерін, өсімдіктер-дің зақымдалу мер-зімдерін, күресу шараларды оқып білу. |
Қ.Ә. 2,4,5,6,7,9 |
Жазбаша жауап. Тапсырмалардың дәптерде орындалуын бақылау. Конспект. |
13 |
1,3 |
14 |
Жоңышқаның кешенді қорғау жүйесі. |
Жоңышқа дақылының фитосанитарлық технологиясының күнтізбелік фенологиялық жүйесі
|
Зиянды ағзалар-дың түр құрамын, зақымдаушы ке-зеңдерін, өсім-діктердің зақым-далу мерзімдерін, күресу шараларын оқып білу. |
Қ.Ә. 2,4,5,6,7,9 |
Жазбаша жауап. Тапсырмалардың дәптерде орындалуын бақылау. Конспект. |
14 |
1,3 |
15 |
Күнбағысты кешенді қорғау жүйесі. |
Күнбағысты фитосанитарлық технологияның күнтізбелік фенологиялық жүйесі
|
Зиянды ағзалар-дың түр құрамын, зақымдаушы ке-зеңдерін, өсім-діктердің зақым-далу мерзімдерін, күресу шараларын оқып білу. |
Қ.Ә. 2,4,5,6,7,9 |
Жазбаша жауап. Тапсырмалардың дәптерде орындалуын бақылау. Конспект. |
15 |
1,3 |
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі