Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жалпы психология 5В050300 1 курс 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
675.33 Кб
Скачать

6. Дәріс тақырыбы: Қабылдау қасиеттері.

Дәріс тезистері

Қабылдау тітіркендіргішке және қабылданатын субъектінің өзіне тәуелді.Қабылдаудың адам психика мазмұны мен жеке бас ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталынады.

Қабылдау - гипотеза жылжыту мен тексеруге қажетті информацияны қолданатын белсенді процесс.Бұл гипотезалардың сипатамасы жеке адамның өткен тәжірибесімен байланысыты анықталады.Қабылдау процессінде объектінің белгілі бір категорияға жату гипотезалары ұсынылады және тексеріледі.

Осылайша, белгілі бір затты қабылдау процесінде өткен тәжірибенің іздері активизациялайды.

Экспериментте 2 группа сыналушыларына көп мағыналы фигуралар ұсынылды.Бір группаға фигураларды ұсынған кезде атаулардың бірінші тізімін берді, екінші группаға басқа тізімді берді.Сыналушылар фигураларды ұсынғаннан кейін оларды жаңғыртуы тиіс болды.Фигуралардың сөзбен белгіленуі оларды жаңғыртуды жеңілдетті.

Осылайша, қабылдау субъекттің өткен тәжірибессңмен байланысты.Адам тәжірибесі неғұрлым бай болса, соғұрлым қабылдау процессі де бай болады.

Негізгі әдебиет: 5, 7

Қосымша әдебиет: 8, 11

7. Дәріс тақырыбы: Ойлау психологиясы.

Дәріс тезистері

Адамның өз өмір-тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді .Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар коршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім қүбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді. Соған біз дүниенің сыр-сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының қүпиясын терең білуді, оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз. Міне осындай мақсат-мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс-әрекетінде заттар мен кұбылыстардың белгісіз қасиеттерін, ерекшеліктерін кездестіріп отырады, өзінің бұрынғы тәжірибесі мен білімінің, шама-шарқының жеткіліксіздігін аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені танып білу де шексіз. Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын білу-ге бағытталады. Әрбір адам ойланып-толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердін сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса, мұның өзі оған жаңалык ашкандай болып көрінеді.

Сонымен, ойлау дегеніміз — әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың; дуниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау — сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағьі ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.

Негізгі әдебиет:2, 3,5, 7

Қосымша әдебиет: 8, 9, 12, 13

8. Дәріс тақырыбы: Ойлау мен сөйлеу байланысы.

Дәріс тезистері

Ойлаудың сезімдік таныммен және тілмен байланысы.

Дүниетану тікелей сезімдік процестер — түйсіну, кабылдау, пайымдаудан басталып, одан әрі ойлануға карай өрбиді. Таным процестерінің барлығы да тікелей сезімдік процестер — түйсіну, кабылдау, елестетумен байланысты. Елес — заттардың накты бейнесін көз алдымызға келтіретін тікелей таным процесі — сезімдік танымнан абстрактылы ойға көшу аралығындағы көпір сияқты. Адамдардын сыртқы дүниені танып білуінің шындығы және оның санамызда бейнеленуінің теңдігі мен ақиқаттығы тәжірибе, сондай-ақ, адамдардың табиғат пен қоғамға ыкпал етіп, оларды өзгерту жолындағы іс-әрекеттерінің нәтижелері аркылы тексеріліп отырадьі.

Тікелей сезімдік процестер барысында адам нәрселер мен құбылыстардың дара қасиеттерін, сол қасиеттердін, жиынтығы арқылы нәрселердің тұтастығын бейнелейді, көз алдында жок заттың да бейнесін елестеді.Дегенмен, адам тікелей сезім арқылы танып білген нәрселердің белгі-касиеттері мен мән-жайына терең бойлап, жете танып біле алмайды. Мұндай ерекшеліктерді білу тек ойлау және де заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын, бір тектес нәрселердің жалпылык белгілерін дерексіздендіру арқылы жанама жолмен жүзеге асырылады. Мысалы, заттардың, эсер еткен нәрселердің жылылығын, оның температурасын тек жанама әдіспен, термометр аркылы ғана анықтауға болады. Ал ондай жылылықты тері түйсігі аркылы не қолмен сипап аныктау оңайға туспейді.

Негізгі әдебиет:2, 3,5, 7

Қосымша әдебиет: 8, 9, 12