Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жалпы психология 5В050300 1 курс 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
675.33 Кб
Скачать

20. Дәріс тақырыбы: Тану процесі.

Тану естің бұрынғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жаңгыртудағы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бүрынғы көргенін бірден айнытпай таниды, енді біреулер тіптен тани алмай қиналады. Тану ұқсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын көрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадағы нәрселерді соған ұқсатады. Ес елестері. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазір жоқ көріністің бейнесі еске түседі. Соған орай көрген нәрсенің бейнесі көзге елестейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құлаққа келеді. Қабылдау процесіне бірнеше талдағыштар қатысады. Елестетулерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой корытындылары арқылы да тудыруға болады. "Елестетулер жалқы және жалпы сипатта да болады. Бір ғана нәрсені елестету жалкы, ал жалпы елестету тектес, ұқсас нәрселерді жеке-жеке қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейнелер. Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып жүзеге асырады.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 5, 7

Қосымша әдебиет: 8, 9, 12, 13, 14, 15, 16

21. Дәріс тақырыбы: Ұмыту процесі

Ұмыту.Бұрын қабылданған материалдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз.Ұмыту дегеніміз қабылданғанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жанылысуы. Ұмыту жүйке кызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық күшті болады. Ұмыту кабылданған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді. Мәселен, аты әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі, ғалым Карл Линней әбден қартайғанда -өзінің 40-50 жыл бұрын жазған шығармаларын 'оқып отырып: «Шіркін-ай, мен осындай шығарманың авторы болсам»,-деп таңырқапты. Атақты жазушы Вальтер Скотт «Айвенго» атты романын науқастанып жүрген кезінде жазыпты. Роман басылып шығады. Ауруынан айыққан соң В. Скотт өз ро-манының қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты. Мұндай кұбылыс психологияда амнезия деп аталады және бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ өшкен, ұмытылған байланыстар бір кезде жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді. Мәселен, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістерде тұтқында болған Ресей солдаты Германияда ұзақ жылдар бойы тұрып, кейін еліне оралады. Еліне келген соң арада бірнеше жылдан кейін бұрын меңгерген неміс тілін мүлде үмытып қалады. Ауырып, ауруханаға түседі. Бір күндері бойы сергігенде, ол орнынан тұрып, бұрынғыша немісше сөйлеп кеткен.

Осы орайда, уакытша ұмытуды сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту жүйке клеткаларындағы тежелу процестерінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі казіргі есте сақтау жұмысына бөгет болса, оны проактивтік тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған материалына кейінгі кызметі бөгет болса, ретроактивтік тежелу делінеді. Мұндай жайттар мағынасы бір-біріне жақын матеиалдарды үйренуде жиі кездеседі.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 5, 7

Қосымша әдебиет: 8, 9, 12, 13, 14, 15, 16