Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Salalar_boyynsha_1179_arzhyly_1179_esepi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121 Кб
Скачать

Құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстап тұру және пайдалану шығыстарының есебі

Ауысымдық онкүндік рапорт ірі құрылыс машиналары жұмысының есебін жүргізу үшін негізгі бастапқы құжаттар болып саналады. Ол әрбір машина үшін мынадай көрсеткітерден тұрады: нақты және жоспар бойынша өндірілген өнім атауы мен көлемі, сағаттармен есептегендегі (жұмыс және пайдалы уақыт) уақыт, ауысым ішінде бос тұрып қалу, машиналардың жұмыс істейтін орны. Мұнда жұмыс есебі мен машинистке еңбекақы есептеу мәліметтері бар.

Шағын машиналар мен тетіктердің жұмысы олардың құрылыс алаңдарында күнтізбелік уақыт бойынша болуымен есепке алынады, ауысымдық рапорттар жасалмайды. Бір айда бір рет есеп беріледі, онда құрылыс объектелері бойынша әрбір машинаның атқарған машина-ауысымының саны көрсетіледі.

Құрылыс техникаларын ұстап тұру және пайдалану шығыстары өзіне келесілерді енгізеді:

  1. Бір жолғы шығыстар: тиеу және түсіру, машиналарды тасымалдау, құрастыру, бұзу және машиналарды сынап көру үшін қосу шығыстары – оларды жүзеге асыру кезінде 1620 “Алдағы кезеңдердің шығыстары” шотының дебеті бойынша есепке алынады, содан соң теңдей үлестермен “Құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстап тұру және пайдалану шығыстары” шотына аударылады.

  • Ағымдағы шығыстар 8310 шотында есепке алынады.

    Ай соңында, құрылыс техникаларын ұстап тұру және пайдалану шығыстары негізгі өндіріс жұмыстарының құрамына есептен шығарылады және объектілер арасында атқарылған машина-ауысымның сметалық құны пропорционал бөлінеді.

    Құрылыс машиналары мен механизмдерін ұстап тұру және пайдалану шығыстарының талдау есебі № 10 журнал-ордерде және оған ашылған № 1 ведомоста жүргізіледі.

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]