
- •1.Ауыл шаруашылық ұйымдар ерекшеліктері , есебінің мақсаттары.
- •3. Мал шаруашылық өндірісінің есебі, құжаттық рәсімдеуі.
- •3. Ауыл шаруашылық өндірісне салық салу есебінің ерекшеліктері.
- •1.Туристік бизнес ұғымы және ұйымдарындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері.
- •2. Туристік бизнестің шығындар құрамы мен калькуляция есебі.
- •2.Тауар-материалдық қорлар есебі. Автокөлік қызмет көрсетулерден кірістер мен шығыстар есебі.
- •Құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстап тұру және пайдалану шығыстарының есебі
2. Туристік бизнестің шығындар құрамы мен калькуляция есебі.
Туристік азық-түліктердің өзіндік құнына қосылатын шығын құрамы № 2 ҰҚЕС 12 «Қорлар» мен рәсімделеді. Аталған стандартқа сәйкес туристік азық-түліктердің өзіндік құны табиғи ресурстар, шикізатпен материалдар, отын, негізгі құралдар, электроқуат, еңбек ресурстары сияқты басқы шығындардың өндірістік процесінде пайдалану бағаларының құнын білдіреді. Туристік азық-түліктердің өндірістік өзіндік құнына тікелей және жанамаға бөлінген шығындар қосылады.
Тікелей шығындар – бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына тікелей қосылуы мүмкін шығындар (турстік азық-түліктерді өндіру және өткізумен байланысты қызметкерлердің еңбекақысы, оларға салықтармен аударымдар).
Жанама шығындар – бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына оның бөлінуі бойынша қосылатын шығындар (телефон байланыс, интернетке шығу, жарнамалық, каталогтар, сувенирлік өнімдер дайындау, жалдық ақы, тасымалдау, жол, комиссиондық ақылар).
Туристік азық-түліктерді өндіру шығындарын топтастыруы № 2 ҰҚЕС 12 «Қорлар» сәйкес жүзеге асырылады: а) экономикалық элементтермен – материалдық шығындар, еңбекақы шығындары, салықтармен аударымдар, негізгі құралдардың тозуы, басқа да шығындар;
б) шығын баптары бойынша – материалдар, еңбекақы, салықтар-аударымдар, үстеме шығындар.
Туристік азық-түліктерді өндірудің шығын есебіне қаржылық есеп шоттар жоспарының 8110 және 1620 шоттары пайдаланылады.
Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі.
Еңбеақы шығыны нормаланбайды және туристік кәсіпорындарда қабылданған есептік саясаттың тәртібіне сәйкес туристік азық-түліктердің
өзіндік құнына қосылады. Туристік бизнестің ұйымдары еңбек және еңбекақы жұйесінің төлемін ҚР-сының Еңбек кодексімен және
министрлігінің 12.05.2000 ж. №111-п. бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2000 ж. №1942 «Қызметкерлердің орташа еңбекақысын есептеу тәртібі туралы нұсқау» және «ҚР еңбек мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар» қаулысына сәйкес дербес белгілейді.
Туристік субъектілерді жұмысшы күшімен (қызметкермен) қамтамасыз ету шығыны мына жазу бойынша бухгалтерлік есепте көрініс табады:
8112 «Өндіріс жұмысшыларына еңбекақы» шот дебеті
3350 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті 60000
Аударым (әлеуметтік салық) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдік азаматтардың және Қазақстанда тұрақты тіршілік ететін азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбекақы қорынан Қазақстан Республикасы «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Еңбекақы қорынан аудару (әлеуметтік салық) сомасына бухгалтерлік есепте мына жазулар жазылады:
8113,8213, 8313, 8413 «Еңбекақыдан аудару» шоттар дебеті
3150 «Әлеуметтік салық», 3210 «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер» шот кредиті.
Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасын төлеу 20.06.97 ж. №136-1 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңмен, ҚР Үкіметінің 16.09.97 ж. №1342 «Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықта Қазақстан Республикасы азаматтарына Әлеуметтік жеке код иемдену тәртібін бекіту туралы» қаулысымен, ҚР Үкіметінің 15.03.99 ж. №245 «Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын ұстау және аудару Ережесін бекіту туралы» (29.12.99 ж. №2010 өзгертулермен және толықтырулармен) қаулысымен және қызметкерлердің еңбекақысының басқа да нормативті құжаттарымен реттеледі. Онда жазулар жазылады:
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шот дебеті
3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер» шот кредиті 6000.
Негізгі құралдар амортизациясына байланысты шығындар туристік фирмалардағы есептік саясатқа қабылданған әдістермен анықталып, бухгалтерлік проводкалар жазылады:
7210 «Әкімшілік шығындар», 7110 «Өнімді өткізу шығындары», 8415 «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» шоттар дебеті 2420«Негізгі құралдардың тозуы», 2740 шот кредиті. Жалпы шаруашылықтың шығындарына кезең (әкімшілік) шығындары ретінде танылады. Олар өндіріс көлеміне тәуелді емес және нақты туристік өнім түрлерімен байланысы жоқ тұрақты шығындар ретінде анықталады.
• Көлік шығындары: тасымалдаушының (көшірушінің) қызмет көрсетулері (әуе, темір жолдары, су, ауа жолдары және т.б. төленген комиссиялық сыйақыны қосқандағы турға қосылатын жол құжаттары) мұнда мынадай жазу жүзеге аысырылады:
а) алынған жол құжаттарының сомасына (комиссиялық сыйақыны қосқанда):
8418 «Басқадай үстеме шығындар» шот дебеті
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек», 3390 «Басқадай кредиторлық берешек» шоттар кредиті 459000,
ә) жол құжаттарының төлемақысы:
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шот дебеті 1030«Ағымдағы банктік шоттарындағы ақша қаражаты
», 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1060 « Өзге ақша қаражаты», 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттар кредиті 459000.
• Туристік фирманың асырау, қызмет ету және басқару шығындары.
1. Материалдық шығындар:
7210 «Әкімшілік шығындар» шот дебеті
1310-1350 «Шикізат және материалдар» шоттар кредиті.
2. Басқарушы қызметкерге еңбекақы есептеледі:
7210 «Әкімшілік шығындары» шот дебеті
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шот кредиті.
3. Басқарушы қызметкердің еңбекақы қорына аудару сомасына (әлеуметтік салық):
7210 «Әкімшілік шығындары» шот дебеті
3150 «Әлеуметтік салық» шот кредиті.
4. Жарнама және туристік азық-түліктерді нарықта жылжыту шығындары:
7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» шот дебеті
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шот кредиті.
• Турды жүзеге асыруға қызмет көрсеткені үшін басқа жақтың субъектісіне (тұлғасына) төлемақылар.
Туристерді орналастыруға қызмет көрсетулер – қонақ үйлермен, пансионаттармен, санаторийлермен, демалыс үйлермен және т.б. қызмет көрсету, оның шығынын туристік фирмалар серіктестік туралы келісімшартқа сілтеме жасай отырып, тариф бойынша орнын толтырады:
а) тұрғаны үшін:
7470«Басқа да шығыстар» шот дебеті
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шот кредиті 3060000,
ә) орналастыру және тұрғызу бойынша көрсеткен қызметі үшін берешектерді төлеу:
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шот дебеті
1030 «Ағымдағы банктік шоттарындағы ақша қаражаты», 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1060 «Чек кітапшасындағы ақша», 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттар кредиті 3060000.
• Жаңа туристік азық-түліктерді дайындау және игеру шығындарына менеджерлерге таныстыру турының шығындары, қызметкерлерге тіл үйрету курсының шығындары, басшылардың келісімшартқа қол қоюына іссапар шығындары және т.б. шығындар жатады.
а) жүзеге асырылған шығындар сомасына:
1620 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» шот дебеті
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек » шот кредиті.
ә) есептеу принциптеріне сәйкес алдағы кезеңдерге жолдаманы өткізу шығындары жолдама сол уақытта сатылғандықтан есептік кезең шығындары деп танылады:
7470 «Басқада шығыстар» шот дебеті
343 «Басқадай» алдағы кезең шығындары шот кредиті.
• Мыналарды жүзеге асырған контрагенттерге комиссиялық сыйақы:
а) туристік азық-түліктерді сату:
7470 «Басқада шығыстар» шот дебеті
3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шот кредиті.
ә) комиссия келісімшарты бойынша сыйақы төлеу:
3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шот дебеті
1030 «Ағымдағы банктік шоттарындағы ақша қаражаты», 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1060 «Чек кітапшасындағы ақша», 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттар кредиті.
• Басқадай шығындар мен төлемдер.
Визалық (рұқсатнамалық) қызмет көрсету – туристік фирмалар әдетте туристік азық-түліктердің құнын қоспай, туристерден консульдық алымды өндіріп алады. Мұнда мына жазулар жүзеге асырылады:
а) туристерден консульдық алымды өндіріп алу сомасына:
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шот дебеті
3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шот кредиті.
ә) консульдық алымды төлеуге курьерге аванс беруде:
1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі » шот дебеті
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шот кредиті.
б) аванстық есеп берудің негізінде:
3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шот дебеті»
1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шот кредиті.
• Ерікті сақтандыру бойынша қызмет көрсетулер агенттері туристік агенттік болып табылатын сақтандыру компаниялары туристерге қызмет көрсетеді. Агенттік келісім – жеке немесе заңды тұлғаның біреудің атынан орындағаны туралы және сенімхат бойынша принципал атынан операцияны жүзеге асыратын белгілі бір міндет түрлеріндегі принципал мүддесіндегі келісімшарт түрі. Агенттік келісімге қол қоюда агентке сақтандыру полисының бланкілері беріледі. Туристік фирмаларда бланкілер 006 «Қатаң есеп берудің бланкілері» балансталған шотына кірістеледі. Бланкінің жылжу есебі қатаң есеп берумен арнайы журналда жүргізіледі. Агентттің берешегі мен комиссиондығын сақтандыру келісімшартын бекіту туралы хабарлайтын құжат – бордероны алудағы келісімге сәйкес сақтандыру компаниясы есептейді. Сақтандыру компаниясы қойған шоттардың негізінде келісімде белгіленген мерзімде тараптардың өзара есеп айырысуы болады. Мұнда мына жазулар жазылады:
• туристерден өндіріп алған сақтандыру сыйлықақы сомасына:
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шот дебеті
3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шот кредиті.
• туристерден өндіріп алған комиссиялық сыйақы сомасына:
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шот дебеті
6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс»
шот кредиті.
• сақтандыру компаниясы төлеген берешектер сомасына:
3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шот дебеті
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шот кредиті.
Туристік азық-түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі
22.02.02 ж. №296-ІІ «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» заңда белгіленгендей, туристік қызмет көрсету қолданыстағы заңға сәйкес жазбаша түрде бекітілген келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.
Туристік азық-түліктің сатылу құнын дұрыс есептеу үшін мына есеп айырысуларды келтіруге болады:
Туристік азық-түліктер сатылу бағасының есеп айырысуы:
1. Туристік азық-түліктердің құны 2208000тг.
2. Туристік компаниялардың шығыны (7110,7210) 180000тг.
3. Жоспарлы рентабельділік - 10% 220800тг.
4. Үстеме 400800тг.
Үстемелер деңгейі - 18%
5. Туристік азық-түліктерді өткізу бойынша салық салынатын айналым 20608000.
6. Салық салынатын айналымдағы ҚҚС 417408.
7. Сату көлемі 3025408тг..
Туристік жолдамаларды өткізуде мына бухгалтерлік жазулар жүзеге асырылады:
а) туристік азық-түліктердің өзіндік құны есептен шығарылады:
7010 «Өткізілген енімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» шот дебеті 8110 «Негізгі өндіріс» шот кредиті 2208000тг.,
ә) сатып алушыға шотты ұсынғанда:
1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді де-
биторлық берешегі» шот дебеті
6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шот кредиті 2608000тг.,
б) ҚҚС сомасына:
1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді де-
биторлық берешегі» шот дебеті
Шот кредиті 3130 «ҚҚС» 417408тг.,
в) сатып алушыдан төлемдер кеп түсті:
1030 «ағымдық банктік шоттарындағы ақша қаражат», 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шоттар дебеті
1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді де-
биторлық берешегі» шот кредиті 3025408тг..
Қолма-қол есеп айырысумен туристік жолдамаларды өткізуде:
а) сатудан түскен түсім сомасына:
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шот дебеті
6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шот кредиті 2608000тг.,
ә) ҚҚС сомасына:
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шот дебеті
313 0 «ҚҚС» шот кредиті 417408тг.,
б) бюджетке аударылған ҚҚС сомасына:
3130 «ҚҚС» шот дебеті
1030 «Ағымдық банктік шоттарындағы ақша қаражаты» шот кредиті
Есептік кезеңнің соңында:
Қаржылық нәтиже анықталды 5610 «Есептік жылдың жиынтық табысы (зылылы)» дебеті 7000 бөлімнің шоттары кредиті, 6000 бөлімнің шоттары дебеті 5610 «Есептік жылдың жиынтық табысы (зылылы)» кредит
және қорытынды табысты кеміту шығындары есептен шығарылады:
5510 «Жиынтық табыс» шот дебеті, ал табыс анықталса 5510 «Жиынтық табыс» кредиті.
Автокөлік ұйымдарындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Негізгі құралдар есебі.
Автокөлік ұйымдар әр түрлі қызмет көрсету түрлерімен шұғылдану мүмкін. Жүк тасмалдайтын өндіріс, кісі тасмалдайтын өндіріс, аралас немесе жөндеу, құрастыру және басқада өндіріс түрлерге бөлінеді. Осы қызмет көрсету түрлерімен айналысатын ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктер де туындайды. Аталған өндіріс ұйымдардың әрекеттерін әдеттегідей негізгі, қосалқы және үстеме шығындарын өндірістік бөлімдер (автокалонна, цехтар) бойынша бөлек-бөлек есепке алынады.
Өндірістік – ұйымның лицензиясында көрсетілген қызметтер бойынша шығындар - ол, тікелей шығындар материалдық, еңбекақы, еңбекақыға салықтармен төлемдер – диспетчерлер, механиктер, техниктердің еңбек ақысы.
Көмекші цехтардың қызметтері тартылу мүмкін– шеберханалардағы құрал-саймандарды таратушылар, машина жуушылар, негізгі құралдар мен техникалық заттарға күтім жасау және жөндеу жұмыстарын жүргізетін шығындар, олардың жұмысшыларына еңбекақы және салықтармен төлемдер. Оқушылардың еңбек ақысы (негізгі және қосымша). Күзет ұстау – еңбек ақы шығыны.
Ал, үстеме шығындарға өндіріс ғимараттары мен автокөлік кәсіпорнының аумағын ұстап тұру-жылыту үшін газ, су, бу, отын құны, сондай-ақ жарықтандыру электр қуатының құны, канализацияны ұстап тұру шығыстары, жұмыс орнын таза ұстауға жұмсалған материалдар мен инвентарлар құны және т.б. жатады. Бұдан басқа үстеме шығындар есебіне апарылады: еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі және арнайы киімдер бойынша шығыстар, барлық шығындар жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек орнын жабдықтауға (қоршаулар, қалқандар және т.б.) жұмсалады; қауіпті жерлер туралы ескертетін, жұмыс ережелерін түсіндіретін плакаттар, жазулар сатып алуға жұмсалатын шығыстар, еңбек қауіпсіздігі туралы арнайы ақыл-кеңес беру және лекциялар оқығаны үшін ақылар; қажетті дәрі-дәрмектер, арнаулы және қорғаныс киімдерін сатып алуға кететін шығындар, сондай-ақ жұмысшыларға тегін берілетін арнайы кезекші киімдер сатып алу шығындары.
Пайдалану, техникалық және өндірістік құжаттамалар бланктері – жолсапар бланктерінің, автобус билеттерінің, квитанциялардың және т.б. құны.
Автокөлік өндіріс ұйымдардың есебіндегі негізгі құралдар ХҚЕС №16 және №2 ҰҚЕС 16 бөліміне сәйкес жүргізіледі. Ал, кіріске алынғаннан кейін пайдалануды бастағаннан соң келесі айдан бастап автокөлікке тозу есептелінеді. Күрделі жөндеуден өткен автокөліктерге пайдалану мерзімі ұзартылады.
Ал, жол сапарға (линияға) шығарылатын автокөліктер дер кезінде заңмен ережелерге сәйкес техникалық бақылаудан өткізіледі, шығарылатын кезде диспетчерлермен қадағаланады. Сынып жол сапардан шығып қалған ytvtct –немесе өткізген автокөліктерге комиссиямен, механиктің қатысуымен акт жасалады (Н.Қ.№5 “Автокөлікті есептен шығаруға арналған акті»).