
- •1.Ауыл шаруашылық ұйымдар ерекшеліктері , есебінің мақсаттары.
- •3. Мал шаруашылық өндірісінің есебі, құжаттық рәсімдеуі.
- •3. Ауыл шаруашылық өндірісне салық салу есебінің ерекшеліктері.
- •1.Туристік бизнес ұғымы және ұйымдарындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері.
- •2. Туристік бизнестің шығындар құрамы мен калькуляция есебі.
- •2.Тауар-материалдық қорлар есебі. Автокөлік қызмет көрсетулерден кірістер мен шығыстар есебі.
- •Құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстап тұру және пайдалану шығыстарының есебі
Қаржылық есептің ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктері
Ауыл шаруашылық ұйымдар ерекшеліктері , есебінің мақсаттары.
Ауыл шаруашылық өндірісінің жіктелуі. Өсімдіктер өндірісінің есебі.
Мал шаруашылық өндірісінің есебі, қозғалыстардың құжаттық рәсімдеуі.
Ауыл шаруашылық өндірістің салық есебінің ерекшелігі.
Негізгі ұғымдар: мал шаруашылық, егін шаруашылық, негізгі өнім, ілеспе өнім, қосымша өнім, төл, бордақыдағы мал, ересек мал, табын, суару, азықтандыру, биологиялық активтер.
1.Ауыл шаруашылық ұйымдар ерекшеліктері , есебінің мақсаттары.
Ауылшаруашылық өндіріс саласы өз ерекшелігімен айырықталады және азық түлік, өнімдермен (астық, ет, сүт, тері, жүн т.б.) қамтамасыз ететін басты буыны болып танылады. Ауылшаруашылық өндірісінің басты ерекшеліктері:
ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы қатаң бақылауда;
ауыл шаруашылық өндірісі жермен байланысты;
ауыл шаруашылық өндірісінің циклы табиғи климаттық, мауысымдық жағдайларға тәуелді;
егін шаруашылығы сусыз мүмкін еместіғі;
ауыл щаруашылық өндірісі бөлініп- бөлініп орналасуы;
ауыл шаруашылық өндірісінде өзіндік сипатты құралдары түрінде тірі организмдер қатысады.
Өндірістің ерекшелігі қаржылық есепті ұйымдастыруды да ерекшелендіреді. Қаржылық есебі ХҚЕС 41 «Ауыл шаруашылық есебі» және №2 ҰҚЕС 33бөлімі «Мамандарылған салалар» стандарттарында қарастырылады, бірақ осы ұйымдардың активтерін есепке алу және жүргізуі сол стандарттармен рәсімделеді, мысалы ағымдық есептегі сатып алынатын тауарлық-материалдық қорлар ХҚЕС № 2 «Қорлар» және №2 ҰҚЕС 12 бөліміне сәйкес, ал синтетикалық есепте - есепке алу бағасы мен көлік-дайындау шығыстарынан қалыптасатын нақтылы өзіндік құн бойынша көрсетіледі, негізгі құралдар есебі ХҚЕС №16 „Негізгі құрал“ және №2 ҰҚЕС 16 „Негізгі құрал“ бөлімі бойынша жүргізіледі.
Ауылшаруашылық ұйымдардың қаржылық есебін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары:
қаржылық есепті нормативті-құқықтық құжаттар негізінде ұйымдастыру;
қаржылық есеп шоттарда бастапқы құжаттар негізінде ақпарат жинақтау;
қаржылық есептің принциптерін қатаң сақтау;
мал шаруашылығында мал басын есепке алуды, азықтандыруда, төл алу операцияларда есептік тіркегіштерге мерзімінде тіркеп қорытынын нәтижелеу;
егін шаруашылығында өнімді өсіру әрекеттердің қозғалыстарын дұрыстап есеп тіркегіштерге есепке алу, оны өткізу;
қаржылық есепті пайдаланушыларға дұрыс және мерзімде беру;
ауыл шаруашылық ұйымдардың қызметін дамыту, үздіксіз атқару.
Ауыл шаруашылық ұйымдардың өндірістік шығындар есебін есепке алу үшін қаржылық есеп шоттардың 8110,8310,8410 шоттар қолданылады, ал өнімінің есепке алу үшін 2510,2520 шоттар қолданылады.
2. Ауыл шаруашылыұ ұйымдардың өндірістік жіктелуі.
Ауыл шаруашылық өндірісі мал және егн (өсімдік) шаруашылық түрлерге бөлінеді. Оның ішінде мал шаруашылық ет өнімін дайындаумен шұғылдана немесе сүт өнімін дайындаумен шұғылданады, бірақ осы өнімдермен қоса еріксіз ілеспе, қосымша өнімдер дайындалады. Ал, егін шаруашылықта
алынатын өнімдер негізгі, ілеспелі және қосымша өнімдерге бөлінеді.
Оны алу үшін сол дақылды өсіруден алынатын өнім негізгі өнімге жатады, мысалы, астық, картоп, капуста, мақта және т.б.
Ілеспелі өнім – бір дақылдан алынатын, негізгі өнімдердің бірнеше түрлері. Мысалы, себілген екпе шөптен –пішен, балауса азық, тұқым алады.
Қосымша өнім – бұл дақылды өсірудің биологиялық және өндірсітік жағдайлары арқасында негізгі өніммен қатар бірмезгілде алынатын өнім,
мысалы, сабан, топан, мал азығы, дәнді дақылдардың сабағы және т.б. жатады. Негізгі және ілеспелі өнім өсімдік шаруашылығындағы калькуляция-
лау объектісі болып саналады. Бір дақылдан алынатын әртүрлі өнімдер арасындағы шығындарды бөлу үшін шартты коэффициенттер қолданылады.
Өсімдік шығындардың аналитикалық есебі өсімдік шаруашылығындағы аяқталмаған өндірстің түрлері, дақылдардың, дақылдар топтарының әрбір атауы бойынша жүргізіледі.
Өсімдіктер бойынша шығындар келесі бабтар негізінде жүргізіледі:
Тұқыммен оны өтырғызу материалдар шығыны.
Ебекақы төлеу және оған салықтармен төлемдер шығындары.
Тыңайтқыш (удобрение) шығыны
Өсімдіктерді қорғау құралдары.
Жұмыспен қызмет көрсету шығындары.
Негізгі құралдарды қалпында ұстау шығындары.
Өндірісті ұйымдастырумен басқару шығындары.
Сақтандыру төлемдер бойынша шығындар.
Басқада шығындар.
Аналитикалық есепті дақылдардың келесі топтары бойынша жүргізу ұсынылады:
- дәнді дақылдар: бидай, сұлы, арпа, бұршақ тұқымдастар-бұршақ, фасоль;
- техникалық дақылдар: зығыр, сол, мақта қыша (горчица), темекі,
- бақша өнімдері: қарбыз, қауын, асқабақ:
- топырақ бетінде өсетін көкеністер: қияр, баклажан, қызанақ (помидор), бұрыш, асқабақ тұқымдас көкөніс (патиссон), кәді (кабачки);
жемдік: сүрлемдік жүгері, жемдік тамыр жемістер (корнеплоды), бір жылдық және көп жылдық шөптер;
- жеміс-жидектер: алма ағашы алмұрт, персик (шабдал), өрік ағашы (аюрикос), таққұрай (малина), қарақат (смородина), қарлыған (крыжовник);
- көшет жайлар: көшеттер, жас көшеттер;
- орман шаруашылығы және егістікті қорғайтын белдеулер.
Өсімдіктер өнімінің калькуляциясын жасау кезінде негізгі, ілеспелі және қосымша (жанама) өнімдер арасындағы өндіріс шығындарын жоғарыдағы тәсілдердің бірі бойынша жүзеге асырылады:
- шығындардың жалпы сомасынан белгіленген баға бойынша қосымша өнімдердің құнын алып тастау;
-техникалық –экономикалық есептеулер негізінде, ілеспелі өнімнің бір түрі шартты бірлік ретінде қабылданатын, ал өнімдердің қалған түрлері оған теңестірілетін, белгіленген коэффициенттерді қолдану. Осы тәсіл арқылы өнімдердің барлық түрлері шартты өнімге қайта есептеледі, содан соң соған сәйкес шығындардың жылпы сомасын әрбір өнім түріне бөлетін, әрбір өнім түрінің үлес салмағы анықталады;
- есептік немесе сатып алу бағасы бойынша бағалау арқылы шығындардың жалпы сомасын ілеспелі өнім түрлерінің құнына пропорционалды бөлу.
Өсімдіктер өнімдерге қолданылатын коэффициенттер осы өнімдер шығындарының үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар.
Негізгі өнім –астық (дән) және ілеспелі өнім – сабан дәнді дақылдар өнімдерінің өзіндік құнын есептеп шығару (калькуляциялау) объектісі болып саналады. Дәнді және бұршақ тұқымдас дықылдар топтары бөлігінде келесідей аналитикалық шоттар ашу көзделеді:
- күздік дәнді дақылдар: бидай, арпа, қара бидай;
- жаздық бидай;
- өзге жаздық дәнді дақылдар;
- жаздық бұршақ дақылдары: сиыр жоңышқа, бұршақ, фасоль, жасымық, ірір бұршақ, бір жылдық бұршақ өсімдік.
Мысал, ұйым күзгі дәнді дақылдар жинау кезінде, толық өндегеннен кейін (яғни кептіру мен пайдаланылмаған қалдықтардың салмағын шегеріп тастағаннан кейін) 62300 ц астық, 3140 ц астық қалдықтарын, 35%, яғни 81400 ц сабақ алды (зертханалық анализ мәліметтері бойынша). Күзгі дәнді дақылдарды өсіру шығындары 37150000 теңгені құрады. Астық қалдығы және сабандар түрінде пайдаланылатын,1 ц астықтың құнын анықтаймыз.
Ол үшін, толық сапалы астықтың саны (көлемі) анықталады. Астық қалдықтарын зертханалық анализден өткізу негізінде анықталған астық қалдықтарындағы толық сапалы астықтың 35%-ке тең пайызы алынған астық қалдықтарының санына көбейтіледі. Астық қалдықтарындағы анықталған толық сапалы астықтың санына, оны өндеу кезінде алынған (35% х 3140:100= 1099; 62300-3140=59160; 1099+ 59160= 60259ц) толық сапалы астықтың саны қосылады. Сонда барлығы 60259 ц толық сапалы астық алынды. Енді, толық сапалы астық сомасы есептеліп шығарылады (калькуляциаланады). Алынған жалпы толық сапалы астық пен сабан белгіленген шартты өнімгше айналдыру коэффициентеріне көбейтіледі. Содан соң қосу нәтижелері шығарылып, шартты өнімге қайта есептелген (саналған) астық пен сабан алдаы. (60259ц. х 1+81400 х 0,08= 66771ц). Шартты өнімнің саны 66771 ц құрайды. 90,25% астықты, 9,7 % сабанды құрайтын (60259цх100: 66771ц = 90,25; 6512х100:66771ц=9,75%) негізгі және қосымша өнімдердің пайыздық арақантынастары анықталады.
Пайыздық арақатынас негізінде жеке түрде негізгі және қосымша өнімге жататын шығындар сомасы есептелінеді. Астық шығындары -33618125 теңгені, сабан шығыны - 3631875 теңгені құрады (90,25 % х 37250000тг.:100 = 336181125тг.; 9,75% x 37250000: 100=3631875тг.).
Өндіріс бойынша жалпы шығындарды өнімдердің центнерлермен есептелгендегі шығымына бөле отырып,1 ц толық сапалы астықтың, астық қалдықтарының және сабанның өзіндік құны есептелінеді.
Өсімдіктер өнімін өсіру барысындағы шығындарды есепке алу үшін қаржылық есеп шоттардың 8-ші бөлім шоттары қарастырылған. Мысалы, тұқымды салу үшін қоймадан босатылды (заборлық карта, накладной) Д 8110 К 1310. Өнімді шығару үшін жасалған шығындарды есепке алу:
өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты жұмысшыларға еңбекақы есептелінді(есептік-төлем ведомост) Д 8112 К 3350;
өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты жұмысшылардың еңбекақысына әлеуметтік салық есептелінді (арнайы ведомост, карточка) Д 8113 К 3150;
өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты жұмысшылардың еңбекақысына әлеуметтік сақтандыру төлем есептелінді (арнайы ведомост, карточка) Д 8113 К 3210;
өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты пайдаланған негізгі құралдарға тозу есептелінді (инвентарлық карточка, №10 ж\о) Д 8415 К2420;
өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты жалданған мүлікке жал шығыны есептелінді (шот-фактура, № 6 ж\о)Д 8417 К 3360;
өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты пайдаланған су үшін шығыны есепке алынды (шот-фактура, № 6 ж\о) Д 8415 К 3360;
өсімдіктер өнімін өсірумен байланысты үстеме шығындар шоты жабылды Д 8110 К 8410
өнімнің өзіндік құны анықталды (калькуляциялық карточка) Д 7010 К 8110;
Дайын өнім кіріске алынды (накладной, кіріс ордер)Д 2510 К 8110