
- •Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнайгаз ісі институты
- •Мұнай-газ ұңғыларын құрлықта бұрғылауға арналған машиналар мен жабдықтар
- •Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесін жабдықтау
- •1.1 Бұрғылау жабдығының тәл жүйесі туралы қысқаша түсінік
- •1.2 Бақылау сұрақтары.
- •2.1 Арқан тармақтарына әсер ететін жүктеме
- •2.2 Жабдықтау түріне байланысты арқан ұзындығы
- •2.3 Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
- •3.1 Ұңғыларды бұрғылау барысында тексерілетін көрсеткіштер
- •3.2 Гидравликалық салмақ индикаторы
- •3.3 Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағы мен қашауға түсірілетін жүктемені салмақ индикаторы бойынша анықтау
- •3.4 Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын негізгі көрсеткіш пен өздігінен жазатын манометр арқылы анықтау
- •3.5 Қашауға түсірілген күшті анықтау
- •3.6 Верньер көрсеткіші бойынша анықтау
- •3.7 Индикатор диаграммасын оқып білу
- •3.8 Бақылау сұрақтары.
- •4.1 Шығырды таңдау
- •4.2 Шығыр жетегі үшін қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •4.3 Бақылау сұрақтары.
- •5.1 Бұрғы қашауларының конструкциясы
- •5.3 Қашау жасақтары
- •5.4 Бұрғы қашауларының жуу жүйесі
- •5.5 Тіректері май толтырылып бекітілген қашауларды қолдану
- •5.6 Шарошкалы қашау конструкцияларын тұрақты ережеге бағындыру
- •5.7 Бақылау сұрақтары.
- •6.1 Бұрғылау құбырлары тізбегі туралы мәлімет
- •6.2 Бұрғылау құбыры тізбегінің атқаратын міндеттері
- •6.3 Бұрғылау құбырлары тізбегінің элементтері
- •6.3 Болаттан жасалған бұрғылау құбырлары
- •6.4 Жалғаушы ұштары пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары
- •6.5 Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.6 Жалғанатын жерлерінің беріктігі жоғары ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.7 Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары
- •8 Жетекші құбырлар
- •6.9 Бұрғылау құбырларының аудармалары
- •6.10 Бұрғылау құбырлары тізбегінде қолданылатын сүзгілер
- •6.11 Ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған аралық тіректер
- •6.12 Бақылау сұрақтары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Бұрғылау машиналары мен кешендері
- •5В072400 – «Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» мамандығы үшін
5.3 Қашау жасақтары
Қашау жасақтары ұңғы түбінде тау жыныстарын бұзу және ұңғы қабырғасын өндеу қызметін атқарады. Жасақтар шарошка бетіне орналасады.
Шарошкалар. Шарошкалар пішіні бір конусты (5.3 а -сурет,) және көп конусты (2.3 б -сурет,) болып келуі мүмкін. Бір конусты шарошка денесі екі конусты беттермен шектелген. Конус (1) негізгі, ал конус (2) кері конус деп аталынады.
Екі конусты шарошкалар денесі үш конуспен, ал үш конусты шарошкалар төрт конуспен шектелген. Негізгі және кері конустар арасында орналасқан конустар қосымша конустар деп аталынады. Қосымша конустарды негізгі конустан бастап кері конусқа қарай нөмірлейді.
Шарошка
төмендегідей геометриялық параметрлермен
сипатталады: шарошка диаметрі мен
,
негізгі және кері конустар бұрыштары
және биіктігімен
.
Негізгі конус төбесіндегі және қосалқы
конустарда шірлер орналасады. Шірлер
шарошка төбесінен бастап орыс әріптерімен
немесе нөмірлеп белгілейді. Шарошкадағы
соңғы шір шеткі, ал қалғандары ортаңғы
деп аталады.
Шарошкаларды олардағы бірінші шірдің шарошка төбесіне қатысты орнына және қашау өсіне қарай нөмірлейді. Бірінші шір негізгі конус төбесі маңындағы кеңістікте орналасқан және ұңғы түбінің ортасын бұзатын шарошка кіші нөмірімен және сол сияқты белгіленеді.
5.3-сурет. Шарошка пішіндері:
а-бір конусты; б, в- көп конусты
Болаттан жасалған фрезерленген жасақтар. Шарошка шірлеріне жасақтар (тістер) фрезермен ойылады немесе орнатылады. Ойылма тістер ортаңғы шірлерден тойтарылған сыналар түрінде жасалады.
Бұл
тістер төмендегідей геометриялық
параметрмен сипатталады: ұшы бойынша
ұзындығы l, ол шір еніне тең; бастапқы
биіктігі
,
бастапқы мұқалу мәні в (l
x
в тістердің мұқалау ауданшасы) деп
аталады; үшкірлеу бұрышы 2γ; тістердің
шеткі қырларының мұқалу ауданшасына
жүргізілген көлбеу бұрыштары
және
;
тістердің шірдегі орналасу адымы –
t.
Бұрғылау барысында қашау диаметрінің кішірею шамасын азайту мақсатымен және ұңғы қабырғасы маңындағы тау жыныстарының бұзылуын жеңілдету үшін шеткі шірлерге мұқалу ауданшасының түрі тәрізді тістер ойылуы мүмкін. Бұл тістер «сөрешелері» шарошка кері конусында немесе мұқалу ауданшасы құраушысына қатысты 900-қа ауытқи орналасқан «көлденең» тістер де жатады.
Ойылып жасалған жасақтар төзімділігін қамтамасыз ету үшін шарошкаларды легирленген аз көміртекті болаттардан химия – термиялық, өңдеулерден өткізіп барып дайындайды. Тістердің бүйір (1) және сыртқы қырларын (2), сонымен бірге кері конустан калибрлеуші жасақтары (3) қатты түйірлі релит қорытпасымен балқытып жалатады. Балқытылған кері конус беттерінің салқындауын жеңілдету үшін оларға ойықшалар жасалған.
5.4-сурет. Фрезерленген жасақтар:
а-төбе бұрышы сына тәрізді; б-г-тәрізді; в-т-тәрізді; г-п-тәрізді; д- «шеткі» жасақ формасы. 1 және 2- бүйір және сыртқы қырлары; 3-калибрлеуші жасақ; 4-қатты қорытпалы қабат; 5- ойық
Қатты қорытпадан жасалған жасақтар. Кейбір қашауларда ортаңғы және шеткі шірлерге жасақтар ретінде вольфрам – кобальт қорытпаларынан дайындалған тістер қолданылады. Жұмысшы беттерінің түрлеріне қарай «М» және «С» (5.5 а - сурет), сына тәрізді «Г» (5.5 б -сурет) және конусты-сфере тәрізді «К» (5.5 в -сурет) түрлері шығарылады. «К» түрінің кейбіреулерінде конустың беттері бірнеше болып келеді. «М» түрлі тістердің «С»-ға қарағанда жұмысшы бетінің биіктігі үлкен және сына төбесінің бұрышы кіші (γ=600, ал «С» түрінікі γ=680 ).
МЕСТ 860-7б бойынша қатты қорытпадан түрі Г-20 және Г-28 тістерде дайындалады. Г-25 пішінді тістердің жұмысшы беттері төбесіндегі бұрышы 900 сына тәрізді етіліп жасалады. Сына ұшы 1 мм радиуспен жұмырланған. Г-26 тістерінің ұшы сфера тәрізді, радиусы цилиндр радиусынан біршама үлкен.
Қатты қорытпадан дайындалған тістер шір ойықтарына сығылып отырғызылады. Тістердің жұмысын жеңілдету үшін шір денесіне шар ойықтар ойылады.
Қатты қорытпадан дайындалған тістерді төмендегідей параметрлермен сипаттау қабылданған: тіс диаметрі – Р; жұмыстық ұшы; шарошка денесіне қатайту тереңдігі – һі ; тістердің шарошка денесінен шығу биіктігі– һс , тістердің шарошкада орналасу адымы – t.
Қатты қорытпалы қашау жасақтары ұңғы қабырғасын фрезерлеу және тез тозудан сақтау үшін оның қапталдарына престеп отырғызып, бекітеді (5.6-сурет).
5.5-сурет. Қатты қорытпалы жасақтар
5.6-сурет. Қатты қорытпалы жасақтардың шарошка денесіне орналасуы:
а-жасақтың шарошкаға орналасуы; б- жасақтың шарошка қапталына орналасуы.
1-қатты қорытпалы жасақ; 2-шарошка денесіне орналасу орны; 3-ойық; 4-шарошка қапталдарына орналасу ойықтары
Қашау тістерінің ұңғы түбін жабу коэффициенті. Тістері ойылып дайындалған қашаулар үшін, ұңғы түбін жабу коэффициенті төмендегі формуламен есептеледі.
z
=
, (5.1)
мұндағы
– қашау шарошкаларындағы барлық
шірлердегі тістер ұзындығының қосындысы;
Д – қашау диаметрі.
Шарошкалардың орналасуы. Шарошкалардың қашау өсіне байланысты орналасуы төмендегі параметрлерімен анықталады:
шарошка өсінің қашау өсіне қарай көлбеу бұрышымен–
;
шарошка ұшының шарошка өсінен шығу шамасымен–
;
шарошка өстерінің ауытқу шамасымен – (5.3 а, б -сурет).
Шарошка өсінің қашау өсіне қатысты көлбеу бұрышы, қашау жасақтарының түрімен анықталады, қазіргі үш шарошкалы қашауларда ол бұрыш 510-57030 арасында алынады.
Шарошка ұшының өсіне шығу мөлшері қашау түрі, өлшемімен анықталып (0-12 мм) аралығында алынады.
Шарошкалар бір-бірімен 1200 бұрышпен орналасады, ал қашау өсіне байланысты екі түрлі орналасады:
-шарошка өстері қашау өсінің бір нүктесінде қиылысатын шарошка өстері ауытқымаған қашаулар (5.3 а -сурет);
-шарошка өстері ауытқыған қашаулар (5.3 б -сурет).
5.7-сурет. Шарошкалары өздігінен тазаланатын қашаулар:
I. II. III-шорошка саны; 1-сыртқы шір жасақтары; 2- ортаңғы шір жасақтары; 3- қапталдағы жасақтар; 4- шарошка денесі
Шарошка өстерін қашаудың айналу бағытына қарай орналастырады. Ауытқу мөлшері 4-10 мм шамасында, қашау түрі өлшемімен анықталады. Шарошка өстерінің ауытқу шамасы 1,5 мм аспайтын қашаулар, шарошка өстері ауытқымаған қашаулар деп саналады. Мұндай ауытқуды технологиялық ауытқу деп атайды. Ол, шарошка өстерінің кері ауытқу жағдайларын болдырмауды қамтамасыз етеді.
Шарошкалардың өзара орналасуына қарай қашаулар екі түрге бөлінеді: шарошкалары өздігінен тазаланатын қашаулар. Бұл қашауларда әр шарошкадағы ортаңғы шірлер, көрші шарошкалар шірлері арасындағы кеңістікке кіріп тұрады. (5.7 а,б -сурет). Шарошкалары өздігінен тазаланбайтын қашаулары көршілес шарошкалар нұсқасымен (контур) қиылыспайды.