
- •Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнайгаз ісі институты
- •Мұнай-газ ұңғыларын құрлықта бұрғылауға арналған машиналар мен жабдықтар
- •Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесін жабдықтау
- •1.1 Бұрғылау жабдығының тәл жүйесі туралы қысқаша түсінік
- •1.2 Бақылау сұрақтары.
- •2.1 Арқан тармақтарына әсер ететін жүктеме
- •2.2 Жабдықтау түріне байланысты арқан ұзындығы
- •2.3 Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
- •3.1 Ұңғыларды бұрғылау барысында тексерілетін көрсеткіштер
- •3.2 Гидравликалық салмақ индикаторы
- •3.3 Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағы мен қашауға түсірілетін жүктемені салмақ индикаторы бойынша анықтау
- •3.4 Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын негізгі көрсеткіш пен өздігінен жазатын манометр арқылы анықтау
- •3.5 Қашауға түсірілген күшті анықтау
- •3.6 Верньер көрсеткіші бойынша анықтау
- •3.7 Индикатор диаграммасын оқып білу
- •3.8 Бақылау сұрақтары.
- •4.1 Шығырды таңдау
- •4.2 Шығыр жетегі үшін қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •4.3 Бақылау сұрақтары.
- •5.1 Бұрғы қашауларының конструкциясы
- •5.3 Қашау жасақтары
- •5.4 Бұрғы қашауларының жуу жүйесі
- •5.5 Тіректері май толтырылып бекітілген қашауларды қолдану
- •5.6 Шарошкалы қашау конструкцияларын тұрақты ережеге бағындыру
- •5.7 Бақылау сұрақтары.
- •6.1 Бұрғылау құбырлары тізбегі туралы мәлімет
- •6.2 Бұрғылау құбыры тізбегінің атқаратын міндеттері
- •6.3 Бұрғылау құбырлары тізбегінің элементтері
- •6.3 Болаттан жасалған бұрғылау құбырлары
- •6.4 Жалғаушы ұштары пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары
- •6.5 Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.6 Жалғанатын жерлерінің беріктігі жоғары ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.7 Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары
- •8 Жетекші құбырлар
- •6.9 Бұрғылау құбырларының аудармалары
- •6.10 Бұрғылау құбырлары тізбегінде қолданылатын сүзгілер
- •6.11 Ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған аралық тіректер
- •6.12 Бақылау сұрақтары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Бұрғылау машиналары мен кешендері
- •5В072400 – «Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» мамандығы үшін
4.3 Бақылау сұрақтары.
1. Бұрғылау шығырының негізгі жұмыс істеу принципі?
2. Бұрғылау шығырының тежегіш жүйелері?
3. Бұрғылау шығырының негізгі тежегіші?
4. Бұрғылау шығырының қосымша тежегіштері?
№5 – Зертханалық жұмыс
ТАУ ЖЫНЫСЫН ТАЛҚАНДАУШЫ АСПАПТАР
Жұмыстың мақсаты: тау жыныстарын бұзушы аспаптардың, оның ішінде мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда жиі қолданылатын үш шарошкалы қашаулардың конструкциялық ерекшеліктері және олардың жұмыс істеу принциптерімен студенттерді таныстыру.
5.1 Бұрғы қашауларының конструкциясы
Шарошкалы бұрғы қашаулары шарошкаларының санына қарай бір, екі, үш, төрт, алты және көп шарошкалы болып келеді. Ең кең тараған түрі үш шарошкалы қашаулар. 2.1-кестеде осы үш шарошкалы қашаулардың МЕСТ бойынша шығарылатын түрлері берілген.
5.1-кесте-МЕСТ 20692-75 бойынша шығарылатын үш шарошкалы қашаулардың түрі мен өлшемдері
Қашау түрлері |
Диаметрі, мм |
Бұрғылауға ұсынылатын тау жыныстарының түрлері. |
М |
190,5; 215,9; 295,3; 349,2; 393,7. |
Жұмсақ, әлсіз, созымтал тау жыныстары. |
М3 |
190,5; 215,9 |
Түрпілі, жұмсақ. |
МС |
190,5; 215,9; 295,3 |
Жұмсақ және қаттылығы орташа. |
МС3 |
190,5 |
Жұмсақ, түрпілі қаттылығы орташа. |
С |
98,4; 120,6; 132,0; 139,7; 165,1; 190,5; 215,9 |
Қаттылығы орташа. |
|
269,9; 295,3; 394,2; 444,5 |
Қаттылығы орташа. |
С3 |
190,5; 215,9; 269,9; 295,3 |
Қаттылығы орташа түрпілі. |
Т |
93,0; 98,4; 120,6; 132,0; 139,7; 146,0; 151,0; 165,1; 190,5; 215,9; 244,5;269,9; 295,3; 349,2; 397,7 |
Қатты тау жыныстары. |
СТ |
190,5; 215,9; 269,9 |
Қаттылығы орташа, қатты тау жыныстары аралас. |
Т3 |
215,9; 244,5; 269,9; 295,3 |
Қатты, түрпілі тау жыныстары. |
ТК |
215,9; 244,5; 269,9; 295,3 |
Қатты, берік тау жыныстары аралас. |
К |
215,9; 244,5; 269,9; 295,3; 320,0 |
Берік тау жыныстары. |
ОК |
96,4; 146,0; 196,0; 215,9; 244,5; 269,9 |
Өте берік тау жыныстары. |
Үш шарошкалы жуу жүйесі гидромониторлы, май толтырылған тіректі қашаулардың қарапайым конструкциясы 5.1-суретте көрсетілген.
Шарошкалы қашау бөлек секциялардан құрастырылып, қосылатын жерлері пісіріліп ұстатылады. Пісіру жігі 5.1-суретте 1 санымен көрсетілген. Секция саны шарошка санымен сәйкес келеді. Үш шарошкалы қашау секциясы (2.2-сурет) цапфамен (2) бітетін аяқтан (1) тұрады. Цапфаға подшипниктер арқылы шарошка (3) орнатылады. Секциялардың өзара орналасу реті әр аяққа фрезерленген екі қырлы бұрыш (4) және құрастырушы штифтар (5) арқылы жалғанады.
|
|
5.1-сурет. Үш шарошкалы қашау конструкциясы: А-тұрық; В- жалғаушы бұранда; Д- жасақтары; Е-тазалау жүйесі; F- шарошка тіректері; G-май толтырылып бекітілген тірек жүйесі |
5.2-сурет. Үш шарошкалы қашау секция: 1-тірек; 2-цапфа; 3-шарошка; 4-фрезерленген екі қырлы бұрыш; 5-шарошка жасақтары
|