Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабор БМиК1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
8.15 Mб
Скачать

1.2 Бақылау сұрақтары.

1.Жабдықтаудың еселігі деп нені айтамыз?

2.Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесін жабдықтау еселігін қалай анықтаймыз?

3.Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесінің тиімді жабдықталуын таңдағанда жұмысшы тармақтар саны неге байланысты болады?

4.Бүкіл тәл жүйесінің ПӘК қалай анықталады?

5.Тәл жүйесі тура және айқыш жабдықталуларының артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыздар?

2 Зертханалық жұмыс

ТӘЛ АРҚАНЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН КҮШТІ ӨЛШЕУ

Жұмыстың мақсаттары:

Тәл жүйесі арқан тармақтарындағы тоқтап тұрған, көтеру, түсіру шақтарындағы жүктемелерді анықтау

Тәл жүйесі бұрғылау қондырғысының ең маңызды бөліктерінің бірі. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі шығырдың айналмалы қозғалысын тәлді блоктың ілгер-кейінді қозғалысына ауыстыру және канаттағы жүктемені азайту үшін арналған.

Тәлді жүйе – бұрғылау қондырғысының жүк көтергіш бөлігі болып келеді және құрамына кронблок, ілмегі бар тәлді блок, болат тәлдік канат, МКМК кіретін полиспастты білдіреді.

2.1 Арқан тармақтарына әсер ететін жүктеме

Бұл жерде қозғалыссыз, көтеру, түсіру сияқты үш режимді ажырату керек. Қозғалмаған жағдайда тәл жүйесі арқанының әрбір тармағына келетін жүктеме жабдықталудың еселігіне байланысты болады:

(2.1)

мұндағы, iт.c. –тәл жүйесінің еселігі;

n–шкивтер саны;

Р–тәл жүйесіне ілінген жалпы жүктеме (жүктің салмағына ілмектің және тәл блогының салмағы қосылады);

Рхк– арқанның жылжымалы ұшындағы жүктеме;

Рнк – арқанның жылжымайтын ұшындағы жүктеме;

Р1, Р2,…Рn – арқан тармақтарындағы жүктемелер.

КТО кезінде арқан тармақтарындағы жүктеме мөлшері шкивтердің ПӘК–теріне байланысты кедергілерден өседі.

Шкивтердің ПӘК-тері мойынтіректеріндегі және шкив ойықтары мен арқандар арасындағы үйкелістерден пайда болған кедергі шамасына байланысты. Ол шкивтердің сырғанау мойынтіректерінде 0,95÷0,96, тербеліс мойынтіректерінде- 0,97÷0,98. Олай болса әрбір арқан тармағы керілуін былай есептеуге болады:

Р21х β; Р3 = Р2 х β. (2.2)

Р2н.= Р1 х β2н-1, (2.3)

мұндағы Р2, Р2, Рн – 1, 2 және жұмысшы тармақтағы жүктеме;

β = 1/η –шкивтің қарсыласу коэффициенті.

Бұрғылау қондырғысы тәл жүйесінің ПӘК-ін төмендегі формуламен анықтайды:

ηтс= (2.4)

мұндағы ηшк – бір шкивтің ПӘК-і;

ηтс– барлық тәл жүйесі ПӘК-і;

i–полиспаст еселігі.

Көтеру кезіндегі жылжымалы тармақтың керілуін былай анықтайды:

Рхк= Р1 х β2n. (2.5)

Кез келген жылжымалы тармақтың көтеру барысындағы керілуі

Р2n = Р1 β2n-1. (2.6)

Қозғалмайтын тармақтың көтеру кезіндегі керілуі

Рнк = (2.7)

мұндағы Р – құбыр тізбегі мен тәл механизмі жылжымалы бөлігінің салмақтарынан қосылған жүктеме.

Жүкті ұңғыға түсірер шақта шектік жүктеме қозғалмайтын тармаққа түседі:

Рнк = (2.8)

Ал ең аз жүктеме жылжымалы тармақта болады:

Рхк = . (2.9)

Бүкіл тәл жүйесі ПӘК-і, пайдалы Ап жұмыспен істелген Аз жұмыстың қатынасымен анықталады. Пайдалы жұмыс жүкті жоғары көтеру үшін жұмсалады:

Ап = Р х lгр. (2.10)

2.1-сурет. Тәл жүйесін зерттеуге арналған зертханалық сұлба:

1-кронблоктың жылжымайтын шкиві; 2-тәл блогы; 3- жүктеме гирлар; 4,5-серіппелі динамометр; 6-арқанның қозғалмайтын ұшын бекітетін ілмек

Істелген жұмыс жүкті көтеру кезінде, арқанның жылжымалы ұшының оның жүріп өткен жолына көбейтіндісімен анықталады:

Аз = Рхк х lхк = Рхк х lгр х iт.c, (2.11)

мұндағы lгр – жүкті көтеру биіктігі;

Рхк – арқанның жылжымалы ұшының көтеру кезіндегі керілуі;

lхк – көтеру кезінде жылжымалы ұштың жүретін жолы (1- суретті қараңыз).

Олай болса барлық тәл жүйесінің ПӘК-і келесі формуламен анықталады:

ηтс = . (2.12)