
- •Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнайгаз ісі институты
- •Мұнай-газ ұңғыларын құрлықта бұрғылауға арналған машиналар мен жабдықтар
- •Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесін жабдықтау
- •1.1 Бұрғылау жабдығының тәл жүйесі туралы қысқаша түсінік
- •1.2 Бақылау сұрақтары.
- •2.1 Арқан тармақтарына әсер ететін жүктеме
- •2.2 Жабдықтау түріне байланысты арқан ұзындығы
- •2.3 Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
- •3.1 Ұңғыларды бұрғылау барысында тексерілетін көрсеткіштер
- •3.2 Гидравликалық салмақ индикаторы
- •3.3 Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағы мен қашауға түсірілетін жүктемені салмақ индикаторы бойынша анықтау
- •3.4 Бұрғылау құбырлары тізбегінің салмағын негізгі көрсеткіш пен өздігінен жазатын манометр арқылы анықтау
- •3.5 Қашауға түсірілген күшті анықтау
- •3.6 Верньер көрсеткіші бойынша анықтау
- •3.7 Индикатор диаграммасын оқып білу
- •3.8 Бақылау сұрақтары.
- •4.1 Шығырды таңдау
- •4.2 Шығыр жетегі үшін қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •4.3 Бақылау сұрақтары.
- •5.1 Бұрғы қашауларының конструкциясы
- •5.3 Қашау жасақтары
- •5.4 Бұрғы қашауларының жуу жүйесі
- •5.5 Тіректері май толтырылып бекітілген қашауларды қолдану
- •5.6 Шарошкалы қашау конструкцияларын тұрақты ережеге бағындыру
- •5.7 Бақылау сұрақтары.
- •6.1 Бұрғылау құбырлары тізбегі туралы мәлімет
- •6.2 Бұрғылау құбыры тізбегінің атқаратын міндеттері
- •6.3 Бұрғылау құбырлары тізбегінің элементтері
- •6.3 Болаттан жасалған бұрғылау құбырлары
- •6.4 Жалғаушы ұштары пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары
- •6.5 Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.6 Жалғанатын жерлерінің беріктігі жоғары ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •6.7 Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары
- •8 Жетекші құбырлар
- •6.9 Бұрғылау құбырларының аудармалары
- •6.10 Бұрғылау құбырлары тізбегінде қолданылатын сүзгілер
- •6.11 Ауырлатылған бұрғылау құбырларына арналған аралық тіректер
- •6.12 Бақылау сұрақтары.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Бұрғылау машиналары мен кешендері
- •5В072400 – «Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» мамандығы үшін
6.4 Жалғаушы ұштары пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары
Бұл құбырлардың ерекшеліктері құлпы мен құбырдың жалғанатын жерлері бұрада орнына пісіру арқылы қосылады. Қазіргі кезде шеттері сыртына шығарыла отырғызылған жерлерінен пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары (6.5-сурет) кеңінен қолданылып жүр. Олардың басқа құбырлардан ерекшелігі ішкі диаметрі барлық ұзындығында бірдей. Сондықтан осындай бұрғылау құбыр тізбегіндегі гидравикалық кедергі өте аз болады және тексеру аспаптарын (дефектоскоп) ішімен өткізгенде еш кедергісіз, сонымен қатар көтеріп-түсіру жұмыстарын жеңілдетеді. Төмендегі 6.4-суретте осындай құбырлардың қарапайым түрі көрсетілген.
6.4-сурет. Жалғаушы ұштары пісіру арқылы жалғанған бұрғылау құбырлары
6.5 Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
Ауырлатылған бұрғылау құбырлары, бұрғылау құбырлары тізбегінің өстік салмағын көбейту және оның төменгі бөлігінің тұрақтылығын арттыру үшін қолданылады.
Бұрғылау жұмыстарында қыздырылып созу арқылы дайындалған ауырлатылған бұрғылау құбырлары кеңінен қолданылады. Бұл құбырлар техникалық шарт (ТШ 14-3-164-73), бойынша бүкіл ұзындығына тегіс және конусты оймамен жасалады. Қыздырылып созу арқылы дайындалған ауырлатылған бұрғылау құбырларын беріктік топтары Д және К болаттардан термиялық өңдеусіз дайындалады, сондықтан олардың беріктігі төмен. Осындай құбырлардың қарапайым түрі төмендегі көрсетілген.
6.5-сурет. Қыздырылып созу арқылы дайындалған ауырлатылған бұрғылау құбырлары
Бұл кемшіліктер балансирленіп дайындалған ауырлатылған бұрғылау құбырларында (УБТС) кездеспейді. Осындай құбыр төменде 6.6-суретте көрсетілген. Бұндай құбырлардың ішкі қуыстары бұрғыланып жасалады және дайындау кезінде сыртқы диаметрі бойында механикалық, термиялық өңдеулерден өткізіледі. Осындай құбырлардың шартты диаметрі 99 дан 299 мм-ге дейін етіп жасалады. Ауырлатылған бұрғылау құбыр түрлері мен өлшемдері төменде көрсетілген.
6.6-сурет. Балансирленіп дайындалған ауырлатылған бұрғылау құбыры (УБТС)
6.6 Жалғанатын жерлерінің беріктігі жоғары ауырлатылған бұрғылау құбырлары
Бұрғылау жұмыстары кезінде ауырлатылған бұрғылау құбырлары мен бұрғылау құбырлары иілу кернеулерінің әсеріне ұшырайды. Олардың ең жоғарғы мәндері жалғанған жерлерге түсіріледі. Бұл бұранда ойықтарында тозу сызықтарының пайда болуын тездетеді. Сондықтан бұранда соңына жеңілдету ойықшаларын ою және бұранда ойығының қуыстары мен ойықша беттерін шығыршақтармен жүргізіп нығыздау, жалғау элементтерінің төзімділігін едәуір арттырады. Бұранда соңында жеңілдету ойықшасы бар ауырлатылған бұрғылау құбырларын УБТС-І, УБТС-2 деп белгілейді. Диаметрлері 89-дан 229 мм-ге дейін, болаттың ДК және ЛМ маркаларынан дайындалады.
6.7-сурет. Спиралды ойықтары бар ауырлатылған бұрғылау құбырлары
6.2-кесте-Ауырлатылған бұрғылау құбырларының өлшемдері
Сыртқы диаметрі,мм |
Ішкі диаметрі, мм |
1м қимасының салмағы, кг |
79 |
32 |
31,9 |
89 |
38 |
39,8 |
121 |
51 |
69,1 |
127 |
57 |
73,8 |
146 |
57 |
92,9 |
165 |
57 |
137,2 |
165 |
71 |
126,3 |
171 |
57 |
152,2 |
171 |
71 |
141,3 |
178 |
57 |
163,2 |
178 |
71 |
153,2 |
197 |
71 |
192,9 |
203 |
80 |
199,2 |
216 |
71 |
240,9 |
216 |
76 |
236,4 |
229 |
71 |
289,9 |
229 |
90 |
273,9 |
241 |
71 |
309,0 |
241 |
76 |
304,6 |
248 |
71 |
358,1 |
248 |
76 |
324,9 |
248 |
90 |
309,8 |
254 |
100 |
313,8 |
279 |
76 |
481,3 |
279 |
100 |
392,6 |