Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
propedevtika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
224.5 Кб
Скачать

709. Науқаста сол жүрекше және оң қарынша гипертрофиясы белгілері бар. Патологияны анықтаңыз:

1. Митральдық қақпақшаның стенозы +

2. Қолқалық стеноз

3. Оң атриовентрикулярлық қақпақшаның жеткіліксіздігі

4. Оң атриовентрикулярлық тесіктің стенозы

5. Қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

710. Науқаста жүрек ұшы түрткісі шектелген, сол жүрекше және оң қарынша гипертрофиясының белгілері бар. Патологияны анықтаңыз:

1. Митралдық стеноз +

2. Оң атриовентрикулярлық қақпақшаның жеткіліксіздігі

3. Сол атриовентрикулярлық қақпақшаның жеткіліксіздігі

4. Оң атриовентрикулярлық тесіктің стенозы

5. Қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

711. Үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігінің белгілері:

1. Ұйқы артерияларының пульсациясы

2. Оң веналық пульс +

3. Капиллярлық пульс

4. «қалқыған мұз» симптомы

5. Мюссе симптомы

712. Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігінде пальпация мәліметі:

1. Жүрек ұшы түрткісі VI қабырғааралықта

2. Жүрек ұшы түрткісі көтеріңкі

3. Жүрек түрткісі +

4. Жүрек ұшы түрткісінің ені 3 см

5. Жүрек ұшы түрткісі күмбез тәрізді

713. Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігінде

1. Қанның сол жүрекшеден қарыншаға өтуі қиындаған

2. Қолқадан сол қарыншаға қанның регургитациясы

3. Оң қарыншадан жүрекшеге қанның регургитациясы +

4. Сол қарыншадан жүрекшеге қанның регургитациясы

5. Қанның сол қарыншадан қолқаға өтуі қиындаған

714. Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігінде жүрек перкуссиясында алынатын мәлімет:

1. Үстіңгі шекарасының жоғары және оң шекарасының оңға ығысуы

2. Үстіңгі шекарасының төмен ығысуы

3. Оң шекарасының оңға ығысуы +

4. Үстіңгі шекарасының жоғары және сол шекарасының солға ығысуы

5. Үстіңгі шекарасының төмен және оң шекарасының оңға ығысуы

715. Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігіндегі аускультативті белгі:

1. І тонның әлсіреуі, семсер тәрізді өсінді негізіндегі систолалық шу +

2. І тонның әлсіреуі, ұйқы артерияларындағы систолалық шу

3. «Бөдене ырғағы»

4. І тонның әлсіреуі, жүрек ұшындағы систолалық шу

5. Жүрек ұшындағы диастолалық шу

716. Жүрек түрткісі бар науқасқа аускультация жүргізгенде IV нүктеде систолалық шу анықталды. Патологияны анықтаңыз:

1. Митральды стеноз

2. Қолқалық стеноз

3. Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі +

4. Митральды жеткіліксіздік

5. Қолқа қақпақшаның жеткіліксіздігі

717 Жедел солқарынша жеткіліксіздігі синдромы болады:

1. миокард инфарктісінде +

2. Созылмалы пиелонефритте

3. Гипотензия кезінде

4. Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігінде

5. Крупозды пневмонияда

718. Жүрек демікпесіне тән

1. Түңгі тұншығу +

2. Ит үргендегідей жөтел

3. Іріңді қақырық

4. Тұрақты жөтел

5. Экспираторлы ентігу

719. Өкпе ісінуінің белгісі:

1. Патологиялық бронхиалды тыныс

2. Тыныс шығарудың ұзаруы

3. Везикулярлы тыныс

4. Көбікті алқызыл қақырық +

5. Аускультацияның IVнүктесінде систолалық шу

720. Талма симптомдарына жатады:

1. Мең-зеңдік, құлақтың шулауы +

2. Естің болмауы

3. Қозу

4. АҚ жоғары, тамыр соғысы үлкен

5. Тамыр соғысы қатты

721. Артериалды гипертензия дамуының факторлары

1. Авитаминоз

2. Жиі баспамен ауру

3. Анемия

4. Атеросклероз +

5. Төмен калориялық диета

722. Симптоматикалық артериалды гипертензияның даму себептері

1. Гипотиреоз

2. Шылым шегу

3. Жиі баспамен ауру

4. Бүйрек аурулары +

5. Анемия

723. Артериалдық гипертензия синдромы кезінде анықталады:

1. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары оңға ығысуы

2. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары жоғарға ығысуы

3. Систолалық «мысық пырылы»

4. Қолқадағы ІІ тонның акценті +

5. Өкпе бағанасындағы ІІ тонның акценті

724. Созылмалы оңқарынша жеткіліксіздігінің көріністері:

1. «Каротид биі»

2. Қалыпты физикалық күштемедегі ентігу

3. Тұншығу

4. Теріс көктамырлық пульс

5. Шемендік +

725. Тәбеттің болмауы, тағамнан бас тарту:

1. цитофобия

2. канцерофобия

3. полифагия

4. анорексия +

5. дисфагия

726.Ішек пальпациясын келесі аймақтарда жүргізеді:

1. Соқырішек – сол мықын аймағында

2. Сигма тәрізді - сол мықын аймағында +

3. Өрлеме – сол жақ шап аймағында

4. Көлденең - эпигастральды аймақта

5. Төмендеме - оң жақ бүйірде

727. Аш ішекте сіңірілудің бұзылу синдромы кезінде қарап тексеру мәліметтері:

1. Дене салмағының артуы

2. Кахексия +

3. Ксантелазмалар

4. Цианоз

5. Қантамырлық жұлдызшалар

728. Аш ішекте сіңірілудің бұзылу синдромы кезінде терінің түсі:

1. Қызыл

2. Бозарған +

3. Цианоз

4. «Сүтті кофе» тәрізді

5. Айқын сарғаю

729. Мальабсорбция синдромы кезінде нәжіс:

1. 3-4 күнде 1 рет

2. Қара май тәрізді

3. Күніне 2 рет

4. «Құмалақ» тәрізді

5. Тәулігіне 10 ретке дейін +

730. Асқазанның секреторлық қызметі төмендеу синдромы кезінде қандай тексеру әдісте көп мәлімет алуға болады?

1. Электрогастрография

2. Дуоденалдық зондылау

3. Ішкі ағзалардың УДЗ

4. Интрагастралдық рН-метрия +

5. Барий сульфатымен асқазанды рентгенологиялық зерттеу

731. 35 жастағы науқас кекіруге, қыжылға, тағамнан кейін жарты сағаттансоң ішінің ауыруына шағымданады, ауыру сезімі құсқаннан кейін басылады. Іш пальпациясында ауыру сезімі қай жерде орналасуы мүмкін?

1. Сол жақ бүйір аймағында

2. Кіндіктің айналасында

3. Төс шеміршегі асты аймағында +

4. Оң жақ бүйір аймағында

5. Сол жақ мықын аймағы

732. Пальмарлы эритеманың дамуы ненің салдарынан болады:

1. Тамырлар өткізгіштігінің артуы

2. Бауырда гормондар инактивациясының бұзылуы +

3. Тамырлар өткізгіштігінің төмендеуі

4. Белок алмасуының бұзылыстары

5. Пигменттер алмасуының бұзылыстары

733. «Кіші» бауырлық белгілерге жатады:

1. Гинекомастия +

2. «Медуза басы»

3. Ісінулер

4. Сарғыштық

5. Геморроидалдық көк тамырлардың кеңеюі

734. «Кіші» бауырлық белгілерге жатады:

1. Шемендік

2. Сарғыштық

3. «Медуза басы»

4. Таңқурай түстес тіл +

5. Өңештен қан кету

735. Паренхиматозды сарғаюға тән тері түсі:

1. Лимон-сары

2. Қызғылт-сары +

3. Жасыл-сары

4. Күңгірт-сары

5. «Сүтті кофе» түстес

736. Бауыр патологиясының даму себептері:

1. Эмоционалды стресс

2. Ауыр физикалық еңбек

3. Алкогольді артық пайдалану +

4. Темекі тарту

5. Суық тию

737. Курлов бойынша бауырдың қалыпты өлшемдері:

1. 13х10х9 см

2. 14х8х7 см

3. 9х8х7 см +

4. 6х9х7 см

5. 12х10х9 см

738. Ксантелазма деген:

1. Теріде өт қышқылдарының жиналуы

2. Тырнақтардың деформациясы

3. Билирубиннің теріде жиналуы

4. Теріде холестериннің жиналуы +

5. Теріде қасыған іздердің болуы

739. Гепатобилиарлық патологиялар кезіндегі тері қышуының себебі :

1. Қандағы холестерин деңгейінің артуы

2. Қандағы билирубин деңгейінің артуы

3. Қандағы өт қышқылдарының деңгейінің артуы +

4. Түктер түбінің жоғары сезімталдығы

5. Гормондардың бауырда инактивациясының бұзылуы

740. Бауыр астылық сарғаю синдромының зертханалық белгілері:

1. Қандағы байланысқан билирубин мөлшерінің азаюы

2. Қанда тек байланыспаған билирубиннің артуы

3. Билирубин деңгейі қалыпты

4. Жалпы билирубиннің байланыспаған билирубин есебінен артуы

5. Жалпы билирубиннің байланысқан билирубин есебінен артуы+

741. Паренхиматозды сарғаюдың даму механизмі:

1. Байланыспаған билирубин түзілуінің артуы

2. Бауырда билирубин конъюгациясының артуы

3. Бауырда билирубин конъюгациясының төмендеуі +

4. Бауырдан өттің ағуының бұзылыстары

5. Эритроциттер гемолизінің артуы

742. Бауырдың қабыну синдромында ауру сезімінің пайда болу механизмі:

1. Гепатоциттер некрозы

2. Бауыр өлшемдерінің кішірейуі

3. Қақпа венасында қысымның артуы

4. Қандағы өт қышқылдарының деңгейінің артуы

5. Бауыр капсуласының созылуы +

743. Бауыр жеткіліксіздігі синдромының клиникалық белгілері:

1. Теріастылық қанқұйылулар +

2. Ксантелазмдар

3. Щеткин- Блюмберг симптомы

4. Френикус симптомы

5. Ортнер симптомы

744. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі геморрагиялық синдром себептері:

1. Протромбин деңгейінің төмендеуі +

2. Лейкоцитопения

3. Эритроцитопения

4. Гипербилирубинемия

5. Гиперхолестеринемия

745. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қантамыр жұлдызшаларының пайда болу себебі

1. Билирубинді байланыстыру бұзылыстары

2. Бауырда эстрогендер инактивациясы үрдісінің бұзылуы+

3. Бауырда эстрогендер инактивациясының артуы

4. Бауырда альдостерон инактивациясының артуы

5. Бауырда альдостерон инактивациясы үрдісінің бұзылуы

746. Қақпалық гипертензия синдромының белгілері :

1. «Қантамыр» жұлдызшалары

2. Теріастылық қанқұйылулар

3. Цианоз

4. Шемен +

5. Жалған сарғыштық

747. Механикалық сарғаю синдромы негізделген:

1. Өт ағуының бұзылыстарына +

2. Билирубинді байланыстыру бұзылыстарына

3. Холестерин түзілуінің бұзылыстарына

4. Өт қышқылдарының деңгейінің төмендеуіне

5. Белок синтезінің бұзылыстарына

748. Бауырдың қабыну синдромы кезіндегі гепатомегалияда ығысады :

1. Жоғарғы және төменгі шекаралары жоғары қарай

2. Бауырдың жоғарғы шекарасы төменге

3. Бауырдың төменгі шекарасы төменге қарай +

4. Бауырдың жоғарғы шекарасы жоғары қарай

5. Бауырдың жоғарғы және төменгі шекаралары төменге қарай

749. Өт қабының қабыну синдромы кезіндегі диспепсия байланысты:

1. Билирубиннің глюкурон қышқылымен байланысуының бұзылысымен

2. Өт ағуының бұзылыстарымен +

3. Бауырда гормондардың инактивациясының бұзылуымен

4. Бауырдың уытсыздандыру қызметінің бұзылуымен

5. Белок алмасуының бұзылуымен

750. Портальдық гипертензия синдромының белгілері:

1. Әлсіздік, жүдеу, гепатомегалия

2. Спленомегалия, «жақұт» тамшылары, мұрыннан қан кету

3. Цианоз, ісінулер, гепатомегалия

4. Шемен, спленомегалия, гепатомегалия, құрсақтың алдыңғы қабырғасы веналарының кеңеюі +

5. Сарғаю, қышыну, ахолия

751. Науқас ішінің ауырлығына, нәжіспен қан бөлінуіне шағымданады. Объективті: іші үлкейген, кіндік шығыңқы, құрсақтың алдыңғы қабырғасының веналары кеңейген, толқын симптомы «+». Науқаста қандай синдром?

1. Бауырдың қабынуы

2. Портальдық гипертензия +

3. Бауыр жеткіліксіздігі

4. Паренхиматоздық сарғаю

5. Гепатоспленомегалия

752. Науқастың шағымдары: мұрыннан қан кету, арықтау, тез шаршағыштық, есте сақтау қаблетінің төмендеуі. Объективті: «қантамырлық» жұлдызшалар, теріастылық қанқұюлулар, гинекомастия, склераның сарғыштануы, бұлшықеттердің атрофиясы. Науқаста қандай синдром?

1. Бауырдың қабынуы

2. Портальдық гипертензия

3. Бауыр жеткіліксіздігі +

4. Бауырастылық сарғаю

5. Гепатоспленомегалия

753. Науқас майлы тағам қабылдағаннан кейін кенеттен оң қабырға астында қатты ауру сезімінің пайда болуына шағымданады.Объективті: айқын сарғыштық, іштің беткей пальпациясында оң қабырға асты ауырады.Қанда жалпы және байланысқан билирубин, сілтілі фосфатаза деңгейі артқан. Науқаста қандай синдром?

1. Бауырдың қабынуы

2. Бауырүстілік сарғаю

3. Бауырлық сарғаю

4. Бауырастылық сарғаю +

5. Бауыр жеткіліксіздігі

754. Науқаста тағамнан кейін бәсеңдейтін оң қабырға астының сыздап ауруы, жүрекайну, аузындағы ащы дәм, өт қабы аймағы пальпацияда ауырады, Ортнер симптомы оң. Науқаста қандай синдром?

1. Бауырдың қабынуы

2. Өт қабының қабынуы +

3. Бауыр жеткіліксіздігі

4. Бауырастылық сарғаю

5. Асқазандық диспепсия

755. Науқаста оң қабырға астының тұрақты сыздап ауруы, жүрекайну, тез шаршағыштық, пальпацияда оң қабырға асты ауырады, Курлов бойынша бауыр өлшемдері 12х11х9 см. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ артуы, гиперглобулинемия, СРБ оң. Науқаста қандай синдром?

1. Бауырдың қабынуы +

2. Қақпалық гипертензия

3. Бауыр жеткіліксіздігі

4. Өт қабының қабынуы

5. Гепатоспленомегалия

756. Науқаста оң және сол қабырға астыларында ауырлық сезімі, жүрек айну және әлсіздік пайда болды. Объективті: бауырдың Курлов бойынша өлшемдері 13х10х9 см, көк бауыр 9х8 см.

Науқаста қандай синдром?

1. Бауырдың қабынуы

2. Қақпалық гипертензия

3. Бауыр жеткіліксіздігі

4. Сарғаю

5. Гепатоспленомегалия +

757. Тәбеттің болмауы, тағамнан бас тарту:

1. bulimia

2. odinophagia

3. disphagia

4. anorexia +

5. adipositas

758. Жүрек айну деген:

1. eructatio

2. vomitus

3. nausea +

4. pyrosis

5. meteorismus

759. Тағаммен кекіру деген:

1. eructatio

2. regurgitatio +

3. emesis

4. vomitus

5. diarrea

760. Ауамен кекіру деген:

1. Eructatio +

2. regurgitatio

3. emesis

4. vomitus

5. diarrea

761. Құсу деген:

1. Eructatio

2. Vomitus +

3. regurgitatio

4. nausea

5. anorexia

762. Ішқату деген:

1. diarrhea

2. obstipatio +

3. obesitas

4. regurgitatio

5. haemorrhagia

763. Іш өту деген:

1. Diarrhea +

2. obstipatio

3. regurgitatio

4. haemorrhagia

5. meteorismus

764. Қанды нәжіс деген:

1. haemorrhagia

2. haemoptoe

3. melena +

4. haemophthisis

5. gastralgia

765. Мелена деген:

1. Қан түкіру

2. Тоқ ішектен қан кету

3. Аш ішектен қан кету +

4. Тік ішектен қан кету

5. Тері ісігі

766. Асқазан ауруларындағы ауру сезімінің механизмі:

1. асқазан атониясы

2. рецепторлардың тағаммен тітіркенуі

3. рецепторлардың тұз қышқылымен тітіркенуі

4. тегіс бұлшықеттің спазмы +

5. рецепторлардың пепсинмен тітіркенуі

767. Жасыл түсті, шірік иісті және алдында жеген тағамның қалдықтары бар құсықтың пайда болу себебі:

1. Гипермоторика

2. Гиперсекреция

3. Асқазанның қабынуы

4. Асқазаннан тағамның шығуына кедергінің болуы +

5. Артық тамақтану

768. Функционалды дисфагия белгілері:

1. Бірте-бірте дамиды

2. Өңеш ісігінде болады

3. Өңеш жарасында болады

4. Ота емін қажет етеді

5. Кенеттен пайда болады +

769. Функционалды дисфагия белгілері:

1. Өңештің қатерлі ісігінде болады

2. Қатты тағам өтуі қиындайды

3. Сұйық тағам өтуі қиындайды +

4. Бірте-бірте дамиды

5. Өңеш күйген кезде дамиды

770. Қыжылдың себебі мен механизмі:

1. Ашық кардиалды сфинктер +

2. Кардиалды сфинктер спазмы

3. Дуоденогастралды рефлюкс

4. Гипосекреция

5. Гиперсекреция

771. Қыжылдың себебі мен механизмін таңдаңыз:

1. Кардияның спазмы

2. Кардияның ашық болуы +

3. Дуоденогастралды рефлюкс

4. Гастродуоденалды рефлюкс

5. Өттің іркілісі

772. Кекірудің даму механизмі:

1. Кардияның спазмы

2. Дуоденогастралды рефлюкс

3. Пилорустың спазмы +

4. Пилорустың атониясы

5. Гастродуоденалды рефлюкс

773. Кекірудің даму механизмін табыңыз:

1. Кардияның атониясы +

2. Дуоденогастралды рефлюкс

3. Пилорустың атониясы

4. Өттің іркілісі

5. Асқазан перистальтикасы

774. Кекіру бұл:

1. Асқазанның кері перистальтикасы +

2. Асқазанның атониясы

3. Тоқ ішектің кері перистальтикасы

4. Аш ішектің кері перистальтикасы

5. Өңештің кері перистальтикасы

775. Кекіру:

1. eructatio деп аталады +

2. vomitus деп аталады

3. pyrosis деп аталады

4. nausea деп аталады

5. obstipatio деп аталады

776. Құсу:

1. vomitus деп аталады+

2. tussis деп аталады

3. nausea деп аталады

4. pyrosis деп аталады

5. diarrһea деп аталады

777. Асқазандық құсу белгілері:

1. Қышқыл дәм +

2. Дәмсіз

3. Алдынала жүрекайну болмайды

4. Алдында жеген тағам сақталған

5. Сілтілі дәм

778. Өңештік құсу белгілері:

1. Қышқыл дәм

2. Қышқыл иіс

3. Алдынала жүрекайну болмайды +

4. Қорытылған ас

5. Өт араласқан

779. Асқазандық құсудың даму механизмі:

1. Пилорустың ашылуы

2. Пилорустың атониясы

3. Асқазанның шырышты қабаты рецепторларының тітіркенуі +

4. Пилорустың спазмы

5. Онекіелі ішектің спазмы

780. Асқазан ауруларындағы ауру сезімінің белгілері:

1. Тағам қабылдаумен байланысты +

2. Дефекациямен байланысты

3. Сол қабырға астында орналасады

4. Кіндік айналасында орналасады

5. Іш жүргізетін дәріден кейін қояды

781. Асқазан ауруларындағы ауру сезімінің белгілері:

1. Тағам қабылдаумен байланысты емес

2. Белбеу тәрізді

3. Дефекациядан соң басылады

4. Оң қабырға астында орналасады

5. Төс шеміршегіасты аймақта орналасады +

782. Асқазан ауруларындағы ауру сезімінің сипаты:

1. Сол қабырға астында орналасады

2. Кіндік айналасында орналасады

3. Тағам қабылдағаннан кейін болады +

4. Құсқаннан кейін болады

5. Дефекациядан соң күшейеді

783. Асқазан диспепсиясы симптомы:

1. Жүрек айну +

2. Іштің кебуі

3. Ішқату

4. Диарея

5. Нәжіс «құмалақ» тәрізді

784. Асқазан ауруларындағы ауру сезімінің белгісі:

1. Белбеу тәрізді

2. Дефекациямен байланысты

3. Тағамнан соң 4-5 сағ кейін пайда болады

4. Тағамнан соң 30 мин-1 сағ кейін пайда болады +

5. Оң қабырға астында орналасады

785. Асқазан ауруларындағы ауру сезімінің белгісін таңдаңыз:

1. Төс шеміршегіасты аймақта орналасады +

2. Кіндік айналасында орналасады

3. Гипогастрийде орналасады

4. Өт айдағыштар қабылдағаннан кейін басылады

5. Суық қолданғанда қояды

786. Асқазан ауруларындағы ауру сезімінің сипатын табыңыз:

1. Белбеу тәрізді

2. Эпигастрийде орналасады +

3. Мезогастрийде орналасады

4. Шап және белдің сол жартысына таралады

5. Тағамнан соң 3-4 сағ кейін пайда болады

787. Асқазан ауруларындағы ауру сезімі болады:

1. Ерте +

2. Кеш

3. Түнгі

4. Дефекациямен байланысты

5. Тағам қабылдаумен байланыссыз

788. Асқорту ағзаларының патологиясының қарап тексергендегі белгісі:

1. Эпигастралды аймақтың пульсациясы

2. Арықтау +

3. Сол қабырға астының томпаюы

4. Терісі көгілдір түсті

5. «Барабан таяқшалары» симптомы

789. Асқорту ағзаларының патологиясы бар науқастарды қарап тексергенде анықталады:

1. Сарғыштық +

2. Терісі боз және қасыған іздер

3. Терісі боз және геморрагиялық бөртпелер

4. Терісі «сүтті кофе» түстес

5. Терісі қола түстес

790. Асқорту ағзаларының патологиясы бар науқастардың ауыз қуысын қарап тексергенде анықталады:

1. Тілі ылғалды, таза

2. Тілі «географиялық»

3. Тілі ылғалды, өңезделген +

4. Некроздық баспа

5. Қызылиектің қанағыштығы

791. Асқорту ағзаларының патологиясы бар науқастардың ішін қарап тексергенде анықталады:

1. Іші үлкейген, кіндігі тартыңқы

2. «Қыздыру» симптом +

3. Қасаға үстінің томпаюы

4. Іші симметриялы

5. Эпигастральды пульсация

792. Ішті қарап тексергендегі асқазан патологиясының белгісі:

1. Іші үлкейген, кіндігі тартыңқы

2. Қасаға үстінің томпаюы

3. Көзге көрінетін асқазанның перистальтикасы және антиперистальтикасы +

4. Іші симметриялы

5. Эпигастральды пульсация

793. Ішті қарап тексергендегі асқазан және ішек патологиясының белгісі:

1. Іші симметриялы үлкейген

2. Іші дөңгелек пішінді

3. Эпигастральды аймақ пульсациясы

4. « Медуза басы»

5. Іш тыныс алуға қатыспайды +

794. Іштің беткей пальпациясының мақсаты:

1. Ауру сезімін анықтау +

2. Резистенттілікті анықтау

3. Науқастың толықтығын анықтау

4. Шеменді анықтау

5. Серпімділікті анықтау

795. Іштің беткей пальпациясының мақсатын тап:

1. Резистенттілікті анықтау

2. Науқастың толықтығын анықтау

3. Шеменді анықтау

4. Серпімділікті анықтау

5. Іш пердесінің тітіркену симптомын анықтау +

796. Іштің беткей пальпациясының мақсатын болып табылады:

1. Резистенттілікті анықтау

2. Науқастың толықтығын анықтау

3. Шеменді анықтау

4. Серпімділікті анықтау

5. Іш бұлшық еттерінің қатаюын анықтау +

797. Асқазанның секреторлық қызметінің артуының белгісі:

1. Шірік иіспен кекіру

2. Қышқылды кекіру +

3. Ауызда ащы дәм

4. Ауамен кекіру

5. Құсық «кофе түстес»

798. Протеинурия деген

1. Зәрде лейкоциттердің болуы

2. Зәрде эритроциттердің болуы

3. Зәрде оксалаттардың болуы

4. Зәрде белоктың болуы +

5. Зәрде фосфаттардың болуы

799.Олигурия кезінде тәулікте бөлінетін зәр мөлшері мынадан аз:

1. 1000 мл

2. 800 мл

3. 700 мл

4. 600 мл

5. 500 мл +

800. Гематурия деген

1. Зәрде лейкоциттердің болуы

2. Зәрде эритроциттердің болуы +

3. Зәрде оксалаттардың болуы

4. Зәрде белоктың болуы

5. Зәрде фосфаттардың болуы

801. Бүйректік ісінуде роль ойнайды:

1. Белок синтезінің төмендеуі

2. С витаминінің тапшылығы

3. Гипопротеинемия +

4. Гиперпротеинемия

5. Гиперкалиемия

802. Нефротикалық синдром кезінде ісінудің пайда болуында роль ойнайды

1. Капиллярлар қабырғасының өткізгіштігінің төмендеуі

2. Қан плазмасындағы гидростатикалық қысымның төмендеуі

3. Қан плазмасындағы онкотикалық қысымның артуы

4. Қан плазмасындағы онкотикалық қысымның төмендеуі +

5. Қанда және тіндерде калий иондарының жиналуы

803. Жедел нефротикалық синдром кезінде ісінудің пайда болуында роль ойнайды

1. Капиллярлар қабырғасының өткізгіштігінің төмендеуі

2. Қан плазмасындағы гидростатикалық қысымның төмендеуі

3. Капиллярлар қабырғасының өткізгіштігінің артуы +

4. Қанда және тіндерде калий иондарының жиналуы

5. Қан плазмасындағы гидростатикалық қысымның артуы

804. Бүйректік ісінулердің клиникалық белгілері

1. Аяқта пайда болады

2. Кешке айқын болады

3. Бетте пайда болады +

4. Ұстағанда суық

5. Көгілдір

805. Нефротикалық синдромның зертханалық белгілері

1. Гипербилирубинемия

2. Гипохолестеринемия

3. Микроальбуминурия +

4. Гиперальбуминемия

5. Лейкоцитурия

806. Бүйректік артериальды гипертензия синдромы мына салдардан дамиды:

1. Альдостерон деңгейінің төмендеуінен

2. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсендігінің артуынан +

3. Простагландиндік жүйенің активтенуінен

4. Ағзаларда калийдің жиналуы

5. Калликреин-кинин жүйесінің қызметінің артуы

807. Қарап тексергенде анықталатын бүйректің созымалы жеткіліксіздігінің клиникалық белгісі:

1. Теріасты веналардың кеңеюі

2. Геморрагиялар, теріде қасынған іздер +

3. Диффузды цианоз

4. Ксантомалар, ксантелазмалар

5. Пальмарлық эритема

808. Ьүйректің созымалы жеткіліксіздігінің зертханалық белгісі:

1. Қанда креатинин деңгейінің жоғарлауы +

2. Қанда креатинин деңгейінің төмендеуі

3. Гипокалиемия

4. Гипогликемия

5. Гиперальбуминемия

809. Нефриттік синдром кезінде несеп:

1. Сабан түстес сары

2. Қара

3. Түсі «ет жуындысы» тәрізді +

4. Түсі «сыра» тәрізді

5. Жасылқай

810. Бүйректің созымалы жеткіліксіздігінің зертханалық белгісі:

1. Қанда мочевина деңгейінің жоғарлауы +

2. Қанда креатинин деңгейінің төмендеуі

3. Гипокалиемия

4. Гипогликемия

5. Гиперальбуминемия

811. Бүйректің созымалы жеткіліксіздігі синдромында Реберг сынамасымен бағаланады:

1. Несептегі лейкоциттер саны

2. Несептің мөлшері

3. Бүйректің концентрациялау қабілеті

4. Шумақтық сүзілудің мөлшері +

5. Несептің түсі

812. Қабақтың ісінуі, терінің бозаруы, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия, қанда креатинин деңгейінің қалыпты болуы қандай синдромның белгілері болып табылады?

1. Бүйректің созымалы жеткіліксіздігі

2. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі

3. Несептік синдромның

4. Нефротикалық синдромның +

5. Бүйректік артериалдық гипертензия

813. Нечипоренко бойынша зәр анализін бағалаңыз: лейкоциттер – 2000, эритроциттер – 3000, цилиндрлер – 20.

1. Лейкоцитурия

2. Гематурия +

3. Цилиндрурия

4. Оксалатурия

5. Пиурия

814. Нечипоренко бойынша зәр анализін бағалаңыз : лейкоциттер – 4500, эритроциттер – 1000, цилиндрлер – 15.

1. Оксалатурия

2. Пиурия

3. Лейкоцитурия +

4. Гематурия

5. Цилиндрурия

815 Макрогематурия кезіндегі зәр түсі:

1. “Ет жуындысы тәрізді” +

2. Ақшыл сары түсті

3. “Сыра түстес”

4. Түссіз

5. Жасылқай

816.Реберг сынамасы арқылы анықталады:

1. Зәрдегі лейкоциттер саны

2. Зәр мөлшері

3. Шумақтық сүзілу көлемі +

4. Бүйректің концентрациалық мүмкіншілігі

5. Зәрдегі цилиндрлер саны

817. Қан түзу жүйесі патологиясының клиникалық белгілері:

1. Алақанның қызаруы

2. Ксантеллазмдар

3. Тері астына қанқұйылулар +

4. Терідегі қасынған іздері

5. Қан тамыр жұлдызшалары

818. Миелопролиферация синдромы негізінде жатыр

1. Көкбауыр қызметінің нашарлауы

2. Патологиялық қан түзу ошақтарының пайда болуы +

3. Лимфа түйіндеріндегі қабыну үрдісі

4. Регенераторлық қан түзу

5. Қанұю факторларының тұқымқуатын тапшылығы

819. Миелопролиферация синдромы кезіндегі шағымдар:

1. Буындардың қозғалыс кезінде ауруы

2. Сол қабырға астының ауруы +

3. Ісінулер

4. Көңіл-күйінің жиі өзгеруі

5. Тәбетінің жоғары болуы

820. Лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейі қалыпты жағдайда болғанда эритропения, анизоцитоз, пойкилоцитоз, ЭТЖ артуы қандай синдром белгісі болып табылады?

1. Миелопролиферация

2. Анемиялық +

3. Геморрагиялық

4. Гиперспленизм

5. Лимфопролиферация

821. Науқаста спленомегалия, анемия, лейкопения, тромбоцитопения анықталды. Синдромды атаңыз

1. Миелопролиферация

2. Гиперспленизм +

3. Лимфопролиферация

4. Гепатоспленомегалия

5. Геморрагиялық синдром

822. Эндокриндік жүйе патологиясының белгілері:

1. Ісінулер

2. Геморрагиялар

3. Гигантизм +

4. Бұлшықет массасының артуы

5. Буындар деформациясы

823. Қалқанша безінің патологиясына тән шағым:

1. Шөлдегіштік

2. Тыныш күйде ентігу

3. Терінің қышуы

4. Ашуланшақтық +

5. Қанағыштық

824. Эндокриндік жүйе патологиясының зертханалық белгісі:

1. гипергликемия +

2. гиперпротеинемия

3. диспротеинемия

4. Креатинин деңгейінің артуы

5. Қан амилазасы деңгейінің артуы

825. Гипергликемия синдромы кезіндегі негізгі шағымдар:

1. Несеп шығарудың сиреуі

2. Ыстықты көтере алмауы

3. Қақырықты жөтел

4. Шөлдегіштік +

5. Беттің ісінуі

826. Гипергликемия синдромында кездесетін шағымдар:

1. Тәбеттің жоғарлауы, ауыз құрғауы +

2. Тәбеттің төмендеуі

3. Терінің құрғауы, тырнақ сынғыштығы, әлсіздік

4. Несеп шығарудың сиреуі, ісінулер

5. Ашуланшақтық, тершендік

827.Қалқанша безінің қызметі төмендеген науқастарда аускультацияда анықталатыны:

1. Брадикардия +

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]