Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД экспериментальная 2014 год.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
620.54 Кб
Скачать

Пәннің мазмұны

«Эксперименталды психология» курсы 050103- «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврларды кәсіби даярлауда маңызды орын алады. Курс студенттердің болашақ педагогикалық-психологиялық қызметінде қажет білімдері мен біліктерін пайдалану мақсатында «Эксперименталды психология» пәні бойынша теориялық және практикалық дайындықтарына бағытталған.

Курстың пәні «Эксперименталды психология» пәнін оқытуда білім, білік және дағдыларды қалыптастыру процесі болып табылады.

«Эксперименталды психология» курсын оқытудың обьектісі экспериментті өткізу техникасы мен процедурасын, теориялық ұғымдардың реті болып табылады. Оқыту әдістері болып дәрістік және практикалық сабақтар (семинар) саналады. Эксперименталды психологияның даму тарихына төмендегідей кезеңдер кіреді: педагогикалық және медициналық міндеттерге байланыстағы эксперименталды әдістердің дамуы, ғылыми жаратылыстану циклндағы ғылымдармен сабақтастық аспектілері, обьективті зерттеу әдістеріндегі психологияның даму қажеттілігімен байланысы.

Аталған курс сегіз бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім «Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері» деп аталады, онда психологиялық ғылымның жалпы жүйесінде қазіргі заманғы эксперименталды психологияның мақсаттары мен міндеттері, эксперименталды психологияның принциптері, негізігі ұғымдар мен бағыттар, оның негізгі зерттеу әдістері қарастырылады.

«Психологиядағы ғылыми зертеудің әдістері» деп аталатын екінші бөлімде әдіснама, әдіс және әдістеме мәселелері, эксперименталды психологияның дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әсері т.б. мәселелер қарастырылады.

«Психологиядағы ғылыми зертеудің әдістерін жіктеу» деп аталатын үшінші бөлім эксперименталды психологиядағы ұйымдастырушылық әдістер мен эмпирикалық әдістерді, психологиялық зерттеу кезеңдері жайлы мәселелерді қарастырады.

Төртінші бөлім «Бақылау және эмпирикалық зерттеу әдістері» деп аталады, бұл бөлім бақылау мен эксперименттің өтілу барысы мен техникасы бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті, психологиялық зерттеу кезеңдерін қарастыруға ерналған. Бесінші бөлім, «Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік – психологиялық аспектілері» деп аталады. Бұл бөлімде экспериментте зерттеуші мен сыналушының қарым-қатынасы, оның тұлғасы мен іс-әрекеті, мотивациясы, эксперимент жүргізудің этикасы қарастырылады.

Алтыныш бөлім «Экспериментті жоспарлау» деп аталады, бұл бөлім эксперименттің валидтілігі, оның түрлерін, болжам және оның түрлерін, тәуелді және тәуелсіз ауыспалыларды бөлу мен шкалалау тәсілдерін, экспериментті жүргізудің кезеңдерін қарастыруға бағытталған.

«Алғашқы мәліметтерді өңдеу» деп аталатын жетінші бөлімде нәтижелерді өңдеудің негізгі әдістері, мәліметтерді өңдеу әдістері, факторлық талдау әдістері мәселелері қарстырылады.

Сегізінші бөлім, «Ғылыми нәтижелерді ұсыну» деп аталады, онда эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері, зертеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну формалары, ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар туралы мәселелер жан-жақты қарастырылады.

Курсты меңгеру оқытудың ақпараттық- дамытушы, практикалық, көрнекі әдістері қолданылатын дәрістік, практикалық сабақтар және СОӨЖ сабақьары барысында жүзеге асырылады.

Пәнді оқытудың соңында емтихан алынады.

Негізгі бөлім.

І. Бөлім. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері

1 тақырып. Эксперименталды психология пәні. Эксперименталды психологияның міндеттері. Эксперименталды психологияның даму тарихы.

2 тақырып. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы. Эксперименталды психология дамуының негізгі бағыттары.

ІІ. Бөлім. Психлологиядағы ғылыми зертеудің әдістері

3 тақырып. Әдіснама, әдіс және әдістеме. Эксперименталды психология дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әсері. Психологиядағы ғылыми зертеудің құрылымы мен принциптері.

4 тақырып. Психологиялық теория және оның құрылымы. Ғылыми мәселе, болжам. Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері.

ІІІ.Бөлім. Психлологиядағы ғылыми зертеудің әдістерін жіктеу.

5 тақырып. Ұйымдастырушылық әдістер. Эмпирикалық мәліметтерді жинау әдістері. Эмпирикалық мәліметтерді өңдеу әдістері. Алынған мәліметтерді интрепретациялау әдістері. Психологиялық зерттеудің кезеңдері.

ІҮ.Бөлім. Бақылау және эмпирикалық зерттеу әдістері.

6 тақырып. Бақылау және эксперимент. Бақылаудың өтілу барысы мен техникасы. Жоспарлау мен бақылаушы позициасын таңдау.

7 тақырып. Бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті. Эмпирикалық мәліметтерді жинаудың басқада әдістері. ( анкета, сұхбат, интервью) Психологиялық зерттеу кезеңдері.

Ү.Бөлім. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік – психологиялық аспектілері.

8 тақырып. Экспериментте психолог пен зерттелушінің қарым-қатынасы. Экспериментатор мен зерттелушінің тұлғасы мен іс-әрекеті. Психологиялық эксперименттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

9 тақырып. Зерттелушінің мотивациясы. «Фасад», «Плацебо» эффектілері. Эксперимент жүргізудің этикасы.

ҮІ.Бөлім. Экспериментті жоспарлау.

10 тақырып. Эксперименттің валидтілігі. Валидтіліктің түрлері. Болжам және оның түрлері, Эксперименталды болжамның құрылуы. Тәуелді және тәуелсіз ауыспалыларды бөлу.

11 тақырып. Негізгі жиынтық және таңдау. Зерттелушілерді таңдау ережесін қалыптастыру. Экспериментке дейінгі және квазиэксперименталды жоспарлау. Эксперименталды жоспарды таңдау. Экспериментті жүргізудің кезеңдері.

ҮІІ. Бөлім. Алғашқы мәліметтерді өңдеу.

12 тақырып. Нәтижелерді өңдеудің негізгі әдістері. Алғашқы мәліметтерді және өлшеудің деңгейін өңдеу әдістері. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері.

13 тақырып. Коореляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділікті тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістері. Факторлық талдау. Алғашқы мәліметтерді өңдеудің компьютерлік бағдарламасы.

ҮІІІ. Ғылыми нәтижелерді ұсыну.

14 тақырып. Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері. Зертеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну. Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы. Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формасы. Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері. Ғылыми мақаланың жазылу ережесі.

Семинар сабақтарының тақырыптары

  1. Эксперименталды психологияның даму тарихы және әдістері.

  2. Эксперименталды психологияның дамуы

  3. Психологиялық өлшемдер жүргізу техникасы

  4. Эмпирикалық әдістердің классификациясы.

  5. Бақылау және эксперимент.

  6. Экспериментке дейінгі және квазиэксперименталды жоспарлар.

  7. Эксперименталды жоспарлар

  8. Корреляциялық зерттеулер.

  9. Алғашқы мәліметтерді компьютерлік өңдеу.

  10. Ғылыми нәтижелерді түсіндірудің қазіргі формалары.

СӨОЖ тақырыбы

  1. Готтеданкер Г. «Основы писхологического эксперимента» М., 1982 оқулығына конспекті жазу.

  2. Эксперименталды психологияның әдіснамалық мәселелері бойынша психологиялық әдебиеттерді зерттеу және тұжырым жасау (Куликов Л.В. , «Методология иметоды психологического исследования»., Быков В.В. Методы науки м.1972)

  3. Шмелев А.Г. «Введение в экспериментальную психосементику» М.,1979 еңбегіне конспект жазу.

  4. Рейковский Я. «Экспериментальная психология эмоции» М.,1966 ж еңбегіне конспект жазу.

  5. ОӘК зерттеу және талдау.

  6. Эксперименталды психология бойынша терминдерге арналған сөздік жүргізу.

  7. Қазақстанның және әлемдік эксперименталды психологиялық ғылымның қалыптасу және даму мәселері бойынша жүргізілетін әңгімелердің жоспарын құру.

  8. Хармон Г. «Современный факторный анализ» М., 1972 жылғы еңбегіне конспект жазу.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001

  2. Годфруа Дж. Что такое психология? В 2-х томах. М,2001

  3. Дружинин В.Н. Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001

  4. Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982

  5. Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982

  6. ДЮК В.А. Компьтерная психодиагностика. СПб, Братство, 1994

  7. Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002

  8. Закс Л. Статическое оцениыание, М, Статистика, 1976

  9. ПаповянС.С. Математические методы в социальной психологии. М, 1983

  10. Хармон Г. Современный факторный анализ. М1972

Қосымша:

  1. Шмелев А.Г. «Введение в экспериментальную психосементику» М.,1979

  2. Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984

  3. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента М,1978

  4. Быков В.В. Методы науки М.1972

  5. Фресс, Ж.Пиаже. Эксперементальная психология. М. Прогресс 1966

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

директоры

Д.Кром

_____________________________

«___» _________________ 2014 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің атауы: «Эксперименттік психология»

5В050300 – Психология

Оқу нысаны: күндізгі болім

Пәннің коды:

Барлығы - кредит 2

Курс - 3 Семестр – 6

Дәрістер - 20 сағат

Практикалық, семинар - 10 сағат

СӨЖ - 45 сағат

СОӨЖ - 15 сағат

Емтихан - 6 семестр

Жалпы көлемі – 90 сағат

А С Т А Н А – 2014 ж.

Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Байжуманова Бибіанар Шаймерденқызы психол.ғ.к, ӘПП кафедрасының аға оқытушысы

Әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасы, каб. 413а

«Эксперименттік психология» пәнін меңгеру барысында студенттер-психолгтар бірінші рет психология ғылымының негізгі әдістерімен тәжірибе жүзінде кездесіп, оларды дұрыс қолдану ережелерімен танысады және психологиялық ғылыми зерттеу жүргізу үшін қажетті білімдер мен іскерліктерді меңгереді. Сондықтан «Психология бойынша практикум» негізгі пәндердің біреуі болып есептеледі. Психолог-практик мамандығын игеру үшін өте маңызды пәндердің бірі.

«Эксперименталды психология» курсы университетте психолог мамандарды дайындаудың фундаменталды негізінің және ғылыми зерттеулердің негізгі тәсілдерін меңгеруді және принциптерін түсіндірудің құрайды. «Эксперименталды психология» курсын меңгеру барысында студенттер эксперименталды зертеуді өткізу заңдылықтарымен танысады, оның негізгі әдістерін меңгереді және оларды өз еркімен қолдануға қалыптасады. Осыған байланысты бұл пәннің өткізілу барысында практикада материалдарды бекітетін, қажетті дағдыларды қалыптастыратын дәрістер мен практикалық сабақтарға көңіл бөлінеді.

Пререквизиттер: Эксперименттік психология пәні студенттердің таңдау пәні болғанымен кәсіби біліктілік пен шеберлікті қалыптастырады. Сондықтан бұл пәнді оқу үшін жалпы психология, психология тарихы, психодиагностиканың негіздері, практикалық психология туралы білімдері болуы керек.

Постреквизиттер: Эксперименттік психология пәнінен алған білімдер студенттерге келешекте кәсіби білімдердің терең меңгеруіне мүмкінділігін береді. Мысалы, практикалық психология, психодиагностикалық іс әрекеттер теориясы, психотерапия ілімі, психологиялық кеңес беру т.б.

Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерді эксперименталды жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті білім меңгерген, өз еркімен зерттеу жүргізуге жаттықтыру болып табылады.

Пәнді оқып-меңгерудің негізгі міндеттері: психология дамуындағы эксперименталды кезеңге дейінгілерге қатысты, практикада бақылау мен басқада эмпирикалық әдістер туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту;

психологиялық экспериментті жоспарлап, және оны ұйымдастыру бойынша теориялық білімдерді меңгерту;

эксперименталды зертеудің өтілу барысында практикалық дағдыларды қалыптастырып, оның алған нәтижелерінің ұсынылуы мен өңделуін білуі;

ғылыми зерттеудің өтілуінің белгілі бір мәдени деңгейін және эксперименталды жұмысқа бағытталуын қадағалау.

Курсты бітіргеннен кейін білуі және меңгеруі тиіс.

«Эксперименталды психология» курсын оқу процесінде студенттер білуі қажет:

  • эксперименталды психологияның қалыптасуы мен даму тарихын білуі керек;

  • эксперименталды психологияның өзекті мәселелерін білуі керек;

  • психологиядағы теориялық және эмпирикалық білім туралы ұғымда\рды білуі керек;

  • теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуі керек;

  • психологиялық эксперимент ерекшелігін, іс-әрекеттің эксперименталды психологиясы жайлы, әрекеттің табиғи және жасанды түрлері жайлы білімдері болуы керек.

«Эксперименталды психология» пәнін оқыту нәтижесінде студент меңгеруі қажет:

  • практикалық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу дағдысын меңгеруі керек;

  • түрлі әлеуметтік жүйелерде эксперименталды зерттеулер жүргізу дағдысын меңгеруі керек;

  • психологиядағы ғылыми-ұғымды аппараттарды игеру шеберлігін меңгеруі керек;

  • зерттеу іс-әрекет дағдыларын меңгеруі керек.