Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД экспериментальная 2014 год.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
620.54 Кб
Скачать

Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысын қортындылау және ғылыми нәтижелерді ұсыну әдістері мен жолдары туралы мәлімет беру.

Жоспар:

Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері.

Зертеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну.

Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы.

Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формасы.

Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері.

Ғылыми мақаланың жазылу ережесі.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001

  2. Дружинин В.Н. Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001

  3. Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982

  4. Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002

  5. Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984

Ф. – Дж. Мак. Гиган эксперименттік әдістерге төмендегілерді қарама-қарсы деп есептейді.

1. Классикалық клиникалық әдіс

2. Табиғи бақылау

3. Сұрақ-жауап

4 Архзивтік зерттеу

5. Коррекциялық байланыс құру

6. Квазиэксперимент

М.В. Мэтлин экспериментке қарсы басқа әдістер тізімін көрсетеді.

1. Табиғи бақылау және табиғи эксперимент

2. Сұрақ – жауап

3. Коррекциялық зерттеу

4. Архивтік зерттеу

5. Кейбір ситуациялық жағдайды зерттеу.

П.К.Козби коррекциялық әдісті және эксперимент әдісіне дейінгі әдістерді: сұрақ – жауап, табиғи бақылау және табиғи эксперименттерді қарама-қайшы қояды.

Психологияда экспериментті зерттеу – басқа зерттеу әдістерінен өзгешелігі сол, экспериментатор өзгеріске тәуелсіз нәрселерді өте күшті жағдайда монипуляциялайды. Эксперименттік зерттеудің қабылдау варианттын – зертелінушілердің негізгі және бақылау топтары болуымен сипаталады. Эксперимент емес зертеулерде, барлық топ бірдей, сондықтан оларды салыстыру жүргізіледі.

Формальды негіздеме бойынша экеспериментті зерттеудің бірнеше типтері бар. Зерттеу (ізденіс) және бекітуші эксперимент. Ізденіс эксперимент – тәуелді және тәуелсіз өзгерістер арасында байланыс болу – болмауы белгісіз жағдайда жүргізіледі. Сондықтан ізденіс зерттеу А және В (Мұндағы А - тәуелді өзгеріс, В – тәуелсіз өзгеріс) өзгерістері арасында себепті тәуелсіздік бар болуы және жоқ болуы туралы гипотезаны тексеруге бағытталады. Егер екі өзгерістің арасында сапалы байланыс туралы информация болса, онда бұл байланыстардың түрі туралы гипотеза жасалынады. Бұл жағдайда зерттеуші тәуелсіз және тәуелді өзгерістер арасындағы сандық байланыс түрі жасалынатын бекітуші эксперимент жүргізеді.

Зерттеу алгоритмі жалпы алғанда былайша сипатанылады:

  1. А және В сапалы себептік байланыстар туралы гипотеза жасалынады.

  2. Ізденіс эксперимент жүргізіледі.

  3. Гипотеза бекітілмей қалған жағдайда басқа сапалы гипотеза жасалынады да жаңа ізденіс эксперимент жүргізііледі, егер сапалы гипотеза бекітілсе, сандық функционалдық гипотеза жасалынады.

  4. Бекітуші эксперимент жүргізіледі.

  5. Өзгерістер арасындағы байланыс түрі туралы гипотеза мақұлданады нақтыланады (немесе бекерге шығарылады)

Психологиялық зерттеулік тәжірибесінде эксперименттік зерттеулердің әртүрлі түрін сипаттауда «критикалық эксперимент» және пилатажное зерттеу немесе пилотакенті эксперимент, полевое эксперимент терминдері қолданылады.

  1. Критикалық эксперимент – барлық мүмкіншілікті гипотезалар бір мезгілде тексерілу үшін қолданылады

  2. Пилотаж эксперимент тексеріп көру, алғашқы экспериментті жүргізу сипатында қолданылады.

  3. Полевой эксперименттік – зерттеу күнделікті өмірде шындықтағы өзгерістер арасындағы байланысты зерттеу үшін жүргізіледі. Мысалы топтағы балалардың статусымен құрбылары арасындағы ойын барысындағы оның сандық контакт арасындағы байланысын зерттеу. Психологиядағы эксперименттік зерттеу басқа кез-келген ғылымдар сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Оның кейбір бөліктері міндетті түрде болып келеді, кейбір бөліктері жоқ болуы мүмкін, бірақ қарапайым қателік болмас үшін жүргізілу жүйесін міндетті түрде есте сақтап отыру қажет. Психологиялық эксперименттік зерттеудің негізгі кезеңдеріне тоқталайық және олардың мазмұнына қысқаша сипаттама берейік:

1. Кез келген зерттеу оның тақырыбын анықтап алуда басталады. Тақырып зерттеу төңірегімен, проблема шеңберімен, пән, объект және әдісті таңдап алумен шектелінеді. Мәселен алғашқы құрылым құрып алынады. Зерттеуші қазіргі кездегі психологиялық білімге қанағатанбайтындығы кейбір мәселелердің қаралмай қалғандығы қандай факті мен заңдылықтарды түсіндіруге болмайтындығы, қандай теориялық адамдардың әрекетін түсіндіруде бір-біріне қарама-қайшылық туғызатындығы туралы түсіндіре алу қажет

Эмперикалық зерттеу негізгі 3 жағдайда жүргізіліеді:

  1. Құбылыстың болуы туралы гипотезаны тексеру.

  2. Құбылыстың бар екендігі туралы гипотезаны тексеру

  3. А құбылысынан В құбылысына дейінгі себептік тәуелділікк гипотезаны туралы тексеру.

2. 3ерттеу мәселесін құрып алған соң ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу кезеңдері басталады. Зертеуші түсіндіруге тырысқан басқа психологтардың эксперименттік мәліметтерімен, өзі таңдап алған тақырыптың себептерімен танысуы керек. Мұнда Интернет, релком кітаптары, арнайы журналдағы мәліметтерді қолдануға болады. Зерттеудің келесі кезеңінде бастапқы жұмысқа базалы түсінік берілген анықтамаларды ізденістіруден басталады. Психологиялық сөздік, басқа аралас пәндердегі энциклопедиялар т.б. қолданылады.

Алғашқы мәселенің құрылымы оған бірқатар жауаптар варианттарын ұсынудан тұрады. Мысалы: Жалпы ақыл – ой дамуының деңгейіне – тұқымқуалаушылық немесе орта факторларының қайсысы басым әсер етеді деген сұраққа көптеген жалпы теориялық ұсыныстар беріледі.