Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД экспериментальная 2014 год.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
620.54 Кб
Скачать

Мақсаты мен міндеттері: Зерттеуден алынған мәліметтерді талдау, өңдеу әдістері туралы білім беру.

Жоспар:

Нәтижелерді математикалық статистикалық өңдеудің негізгі әдістері.

Алғашқы мәліметтерді және өлшеудің деңгейін өңдеу әдістері.

Мәліметтерді өңдеудің статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982

  2. Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982

  3. ДЮК В.А. Компьтерная психодиагностика. СПб, Братство, 1994

  4. Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002

  5. ПаповянС.С. Математические методы в социальной психологии. М, 1983

Түрлі психология, педагогикалық психологиялық зерттеулерде түрлі топтардағы көрсеткіштерді салыстыру, белгілер арасындағы айырманы нақтылы көрсету қажеттігі туындайды. Мұндай салыстырулар сол топ ерекшелігі эксперименталды әсер шамасын анықтауға мүмкіндік береді. Нақтылы бір зерттеу қорытындыларын өңдеуге қажетті әдісті таңдап алу мәліметтердің түріне таңдау тобы ерекшелігіне және таралу типтеріне тәуелді. Әдетте ені таңдау тобы үшін ортаңғы мәндер айырмашылығының жеткіліктілігін Стюдент әдісі (t-тест) ал одан көп топтары үшін Т-тест және дисперциялық анализ қолданылады. Ал сандық емес мәліметтермен кездескенде немесе таңдау тобында аз адам болған жағдайда параметрикалық емес әдістер қолданылады. Х2-критерий (хи-квадрат), Манна-Уитни және Вилкоксонның рангілік кретерий қолданылады.

1.Стюдент әдісі тәуелді және тәуелсіз топтарға арналған жеке есептеу тәсілдерін ұсынады.

Тәуелсіз таңдау тобы үшін орта мәннің айырмашылығын есептеуде мына формула ұсынылады.

М1 және М2 -әр таңдау тобының орта мәні.

S1 және S2 - әр таңдау тобының стандартты ауытқуы

n1 және n2 - әр таңдау тобының элементтерінің саны

Тәуелді таңдау тобы үшін мына формула қолданылады.

d - әр жұп арасындағы айырма

n- жұп саны.

2. Манна-Уйтни (әдісі) критерийі (U) екі таңдау тобында қандайда белгі бойынша айырманы бағалау үшін реттік мәліметтермен жұмыс істеуге қолданылады.

3,.Пирсон әдісі (х2 критерийі) психологиялық зерттеу жүргізу барысында бірнеше топтағы зерттеуші белгінің эмпирикалық үлестірімдер арасындағы айырманы анықтауды талап ететін жағдайлар жиі кездеседі.

4. Спирменнің рангілі корреляциясы коэффициенті бұл параметрикалық емес әдістер қатарына жатады.

Психологиялық зерттеулерде қандай да бір екі айналымның қандай байланыста екендігін анықтау қажеттілігі жиі туындап отырады. Мысалы: оқушылардың мектептегі үлгерім көрсеткіші мен олардың Равеннің матрицалары тесті нәтижелері арасындағы байланыс және жеткіншектердің өзіндік бағалауы мен қобалжу деңгей арасындағы өзара байланыс т.б.

«Корреляция» термині өзара байланыс, өзара тәуелділігі мағынасын білдіреді.

13 дәріс. Корреляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділікті тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістері.

Мақсаты мен міндеттері: Корреляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділікті тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістері туралы мәлімет беру.

Жоспар:

Корреляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділікті тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістері.

Факторлық талдау.

Алғашқы мәліметтерді өңдеудің компьютерлік бағдарламасы.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982

  2. Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982

  3. ДЮК В.А. Компьтерная психодиагностика. СПб, Братство, 1994

  4. Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002

  5. ПаповянС.С. Математические методы в социальной психологии. М, 1983

Психологиялық эмпирикалық әдістерінің көпшілігіне, қойылатын талаптары жалпы ғылыми талаптары мен зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарға тоқталайық. Эмпирикалық материалдар жинақтауға қолданылатын барлық әдістер активті және пассивті болып бөлінеді. Активті әдістерге: лабораториялық эксперимент және оның түрлі модификациясы, квазиэксперимент жатады. Пассивті эксперименттке – бақылау, клиникалық әдістер, іс-әрекеттің нәтижесін талдау әдістері, өлшемдік және коррекциялық зертеулер, мәлімет жинақтау әдісі және т.б. жатады. Бірінші әдісте – объектіге өте күшті әсер, өзгеріс қолданылады. Екінші әдісте табиғи процестің барысын тіркеп отырады.

Экспериментатор

Зерттелінуші

Процеске әсері

Табиғи процесті тіркеу

Тапсырма орындалуы

Табиғи әрекеті

Эксперимент

Өлшеу

Әңгіме, сұрақ – жауап

Бақылау

Эксперименттік зертеуде– көп жағдайда өлшеу құралдары қолданылады. Бақылау әдістеріде инструментальды болуы мүмкін, айталық видеозапись, магнитофон заттары тағы басқа ақпарат құралдары қолданылады. Дегенмен оның өлшемдік корекциялық зертеуден өзгешілігі зертелінуі инструментпен өзара әрекеттесу болмайды (тест орындау да сол сияқты) Ал эксперименте және өлшеуде зертелінуші тапсырманы орындау әрекетінде болады. Ал бақылау және сұрақ - жауапта оған ешқандай тапсырма берілмейді, ол өзін табиғи күйінде ұстайды.

Зерттеуді ұйымдастыру әдістеріне не қойылатын (талаптар) зерттеу әдістерін өзгешелейді.

  1. Эксперименттік зертеулер, жүйелі бақылау коррекциялық зерттеу. Бұлардың ерекшелігі сол, зертеуші сыртқы өзгерістерді тексере отырып, негізгі өзгерг

  2. істердің арасындағы себеп-салдардық немесе коррекциялық байланысты анықтауға тырысады. Бұл үшін ол мақсатқа бағыттау зертелінушілер немесе бақыланушылар индивидтер тобын жинақтайды, өзінің әрекетін жүйелі түрде анықтауды жоспарлайды.

  3. Табиғи эксперимент немесе бақылау, әңгіме, клиникалық әдіс, кейбір ситуациларды сипаттау т.б. Бұл әдістер адамның мінез құлық ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Бұлар кейінгі теориялық қорытындылар мен критикалық экспериментерде тексеру үшін жасалынған материалдар болуы үшін эмпирикалық қорытынды және индуктивті гипотеза жасаудың негізгі құралы болып табылады.

  4. Квазиэксперимент. 3ерттеу өткізудің табиғи әдісі мен өзгерістерді қатаң түрде тексеруде қолданылатын әдістер арасындағы «аралық» (промежуточный). Табиғаттағы өзара әрекетестік эксперимент пен бақылау арасындағы аралық жағдай мен айналысатын зат әдістерді зертеушіге тәуелсіз нәрсе сияқты табиғи жүретін байқай алуға болады. Квазиэксперимент идеалды зерттеу деп көрсететін схеманы қажет нәрсе деп толық жүзеге асыра алмаймыз. Әдіс деп түсіндіруге де болады, бірақ мұндай байланыстар кей жағдайда ерекше квазиэксперименттік жоспарларды қолдану арқылы компенсацияланады.

Әдетте эксперименттік зерттеу болу үшін, жеткіліксіз нәрселер болған жағдайда эксперимент емес зерттеу бола алады да – эксперимент емес зертеулердің барлығы эксперименттік зертеуге қарама-қарсы зертеулер болып табылады.

14 дәріс. Ғылыми нәтижелерді ұсыну.