- •5В050300 - Психология
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері кафедра отырысында талқыланды
- •Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің мазмұны
- •Пәннің мазмұны
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •Білімдер бағалаудың жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •Белсенді таратылым материал (арм) (Hand – outs) Балалардың психикалық дамуын диагностикалау және коррекциялау мақсатында қолданылатын көрнекі материалдар
- •Дәріс сабақтарының курсы № 1 дәріс. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттік психология ғылымы туралы білім беру
- •№ 2 Дәріс. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы. Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттік психологияның қазіргі хал ахуалын баяндау.
- •Мақсаты мен міндеттері: Психология ғылымындағы ғылыми зерттеу әдістері туралы, зерттеу әдістерінің жіктелуі туралы түсінік қалыптастыру.
- •№ 4 Дәріс. Психологиялық теория және оның құрылымы Мақсаты мен міндеттері: Психологиялық зерттеудің ғылыми теориясы мен құрылымы, ғылым аппарат туралы білім беру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу әдістерін жіктеудің әдіснамалық негізін түсіндіру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Психологиялық зерттеуді ұйымдастыруда бақылау әдісін жүргізудің технологиясы туралы түсіндіру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу барысында қоданылатын бақылау әдісінің техникасы мен технологиясы туралы, бақылау әдістері бойынша алынған мәліметтерді талдау туралы білім беру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттатор мен зерттелінушінің өзара қарым қатынастық әрекеттерінің ерекшеліктері турал білім беру.
- •№ 9 Дәріс. Зерттелушінің мотивациясы. Мақсаты мен міндеттері: Зерттелінушінің зерттеуге қатынасу мотивтерін талқылау.
- •Мақсаты мен міндеттері: Экспериментті жоспарлау әдіснамасы туралы білім беру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Зерттеуден алынған мәліметтерді талдау, өңдеу әдістері туралы білім беру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысын қортындылау және ғылыми нәтижелерді ұсыну әдістері мен жолдары туралы мәлімет беру.
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Эксперименттік психология пәні бойынша
- •1 Аралық бақылау сұрақтары
- •Эксперименттік психология пәні бойынша
- •2 Аралық бақылау сұрақтары
- •Эксперименттік психология пәніне кіріспе
- •2 Модуль. Эмпирикалық мәліметтерді алу прцедуралары.
- •3 Модуль. Психологиялық эксперимент.
- •Сабақтардың апталар бойынша тақырыптық жоспары.
- •Тапсырмаларды орындау және өткізу графигі
Мақсаты мен міндеттері: Экспериментті жоспарлау әдіснамасы туралы білім беру.
Жоспар:
Эксперименттің валидтілігі.
Валидтіліктің түрлері.
Болжам және оның түрлері,
Эксперименталды болжамның құрылуы.
Тәуелді және тәуелсіз ауыспалыларды бөлу.
Әдебиеттер тізімі:
Годфруа Дж. Что такое психология? В 2-х томах. М,2001
Дружинин В.Н. Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001
Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982
Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982
ПаповянС.С. Математические методы в социальной психологии. М, 1983
Зерттеу жұмысы тұтас образды болу үшiн төмендегiдей жүйелiлiкпен жүредi.
1. Сөздiктердi, энциклопедияны пайдалана отырып қарастырылатын тақырыпқа қатысты негiзгi ұғымдардың анықтамаларымен танысу керек.
2. Жүйелi каталог көмeгiмeн қарастыратын тақырып бойынша библиография құру; кiтапхана неғұрлым ipi болса, каталогпен жұмыс iстey соғұрлым нәтижелi болады. Библиографиялық сипаттама негізінде өзiндiк карточкалар арқылы өз картотеканы құрып алған жөн, ол алфавит бойынша емес, жүйелi болған тиiмдi.
З. Fылыми журналдармен таныса отырып, зерттеу пәнiмен тағы алдын-ала танысуды жүзеге асыру керек. Журналдардың соңғы жылдары шыққанын қолданған жөн. Биология Психология Адам мен жануар физиологиясы және морфологиясы.
4.Психологиядан басқа қоғамдық ғылымдардың библиографиялық және (анықтамалық) сөздік түсіндірме – басылымдармен танысу.
Библиографиялық дайындық жүргізу арқылы – таңдалған, қарастыратын тақырып бойынша шығарылған ғылыми еңбектердің саны туралы, сол мәселеге оқымыстылардың, ғалымдардың көзқарасы туралы, белгім, жемісті авторларды іріктеп алуға машықтанады. Әр оқуды ең белгілі атақты авторларды оқудан бастаған жөн яғни, сол тақырып жөнінде алғашқы сөз қозғаған ғылыми еңбегі құнды болып келеді және бұл басқа ғылыми жұмыстардың мазмұнын түсінуді жеңілдетеді. Яғни, әрбір кітапты ретсіз басынан, аяғына дейін оқып шыққанша жинақталған әдебиетті әтұтас ретінде қарастырған жөн.
Кітаптағы ең мәнді зерттеуге қажет фрагменттермен тауып ең мәнді зерттеуге қажет фрагменттермен тауып үйреніп танысқан жөн, кітапты толық оқып шығу қажеттілігі керек емес. Кітапты уақытша кітапханадан алған жағдайда оны конспектілеген жөн. Оған уақыт жоғалады деп ойласаңыз, оны қайта іздестіріп қайта оқып шығуға одан көп уақыт жұмсайсыз. Әдебиеттің негзгі мазмұнын тауып, оны қысқарту қиынғңа соқса, автордың қорытындысы қандай, сол күйінде көшіріп алған жөн. Конспектіде белгілеу жүйесін қолданған тиімді. Яғни автордың ойын көрсеткен уақытты және өзіңіздің ұсынысыңыз бен ескертпеңіз болған жөн. Тұтастық болу үшін конспектің әрбір фрагменті кітаптың қай бетінде екенін көрсеткен жөн. Цитата үшін бұл міндетті түрде керек. Қысқарту жүйесі конспектіні жеделдетеді. (Штернберг Л.Ф. «Скоростное конспектирование») тексті қысқартудың ең оңай жолы дауысты әріптерді тастап кету. Әлбетте қысқарту әр адамның ойлау, есте сақтау, психомоторика ерекшелігіне, тәжірибесіне, т.б. факторға байланысты әртүрлі болады. Зерттеу жұмысын конспектілеуде – экспериментатор зерттеуді сипаттаауда оның мынадай сипатын ескеру қажет: қолданған әдістемелер тізімі, оригиналды әдістеме сипаты, эксперимент процедурасын сипаттау, зерттелінушілерді таңдай көлемі (жас ер ерекшелігі, жынысы, білім деңгейі, кәсіби нақты жататын әлеуметтік тобы көрсетілу тиіс), қажет емес немесе қажетті нәрсе таба алмай қалған жағдайда оның библиографиялық сипатын және өзіңіздің қысқаша ұсынысыңыз болу керек. Жеке меншік өз кітаптарыңызды біраз уақыт өткен сайын қайта оқып отырған тиімді. Өз кітаптарыңдағы зертеу тақырыпқа сәйкес ең қызықты, мәнді жерін белгілеп қойған жақсы.
Жинақталған материалдар хронологиялық талап бойынша жинақталған болуы мүмкін, яғни еліміздегі шетел ғалымдарының зерттеу мәселелерінің кезеңдері баяндалады. Ал логикалық құрылымның тиімділігі сол, зерттеу құбылысының табиғатын терең танып білуге болады. Әдебиетке шолу құрылымы төмендегідей болуы мүмкін:
Феноменологиялық сипаттау яғни көріну сипатты. Мәселесінің көріну көлемі, көріну жилігі, сипаттамасы, уақыттылығы, интенсивтілігі.
3ерттеу құбылысын басқа психикалық процестердің алатын орны яғни өзара байланыстылығы, өзара әсері. Оны негіздейтін факторлар, әсер ететін факторлар.
Жүйелі, тұтас комплексті орталық т.б. (подходқа бекініс ретінде қарастыру) зерттеу ұбылыстың жүйесі. Өту компоненттері, элементері арасындағы тұрақты байланысы. Психологияда структура дегеніміз алдымен функционалды құрылым, яғни басқа жеке функциялар арасындағы өзара тұрақты байланыс.
3ерттеу құбылысының табиғатты, мәні, құбылыстың әсіресе бар жинақталған анықтамасы. Зерттеу құбылысын түсінудегі әртүрлі образдағы деңгейіне сипаттама.
3ерттеу құбылысының бағынатын заңдылықтары.
Психологиялық құбылыс, қасиет немесе функциялық қолданбалы, практикалық қолданылуы.
Әдебиетке шолу құрылымы әдетте қарастырылып отырған құбылыстардың өзіндік ерекшелігіне оның зертелінген деңгейіне және факторларға байланысты болғандықтан бұл қатып қалған жүйе емес.
Зерттеу жұмысы текстінде бұл бөлік ең алғашқы фрагменттердің бірі болуы керек. Ең алдымен ұсынылып отырған әдебиеттерге шолуға негізделе отырып таңдап алынған зерттеу мәселесінің зертелінген дәрежесіне сипаттама беру керек. Толығымен ол қаншылықты дәрежеде зертелгені, кейбір жақтары, аспектері бірдей қаншалықты зертелінгенін айту қажет. 3ерттеу құбылысының табиғатын түсінудегі қарама-қайшы көзқарастарға, аз зерттелінген жақтарына, немесе тіпті зерттелінбеген жақтарына көп көңіл бөлу керек.
Білім, мәлімет, ғылыми ой - тұжырымдардың қарама-қайшылығының жетіспеушілігі – ғылыми мәселенің қалыптасуы үшін жағдай туғызады.
Ғылыми мәселенің құрылымы төмендегідей:
Мұндай дифициттің бар екенін табу (көрсету)
Дифициттің қажеттілігін таныту (түсіндіру)
Проблемалық ситуацияны қарапайым, табиғи тілде сипаттау.
3ерттеу проблемасын ғылыми терминде реттеу, жинақтау.
3ерттеу объектісі. 3ерттеу объектісі – сыртқы әлем фрагменті, яғни зерттеу субъектісіне (зерттелінуші және зерттеп отырған ғылымға қатысы жоқ нәрсенің фрагменті. Психологиялық зерттеу объектісі – индивид, адамдар тобы, адамдар қоғамы, психикасы бар жануарлар болуы мүмкін.
№ 11 дәріс. Негізгі жиынтық және таңдау.
Мақсаты мен міндеттері: Экспериментке қатысушыларды таңдау және негізгі жиынтық туралы мәлімет беру.
Жоспар:
Зерттелушілерді таңдау ережесін қалыптастыру.
Экспериментке дейінгі және квазиэксперименталды жоспарлау.
Эксперименталды жоспарды таңдау.
Экспериментті жүргізудің кезеңдері.
Әдебиеттер тізімі:
Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
Годфруа Дж. Что такое психология? В 2-х томах. М,2001
Дружинин В.Н. Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001
Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982
Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982
Статистикалық мәліметтер талдауға жататын негізгі элементтер. Мәліметтер ретінде қандай да бір популяция мүшелеріне тән қасиеттер немесе сандық қорытындылар болуы мүмкін, яғни өңдеу мақстаныда категорияларға бөлініп, классификацияланатын кез келген информация алынады.
Мәліметтердің үш түрі бар:сандық, сапалық, реттік.
Сандық мәлімет-нақты өлшеу барысында алынды. Мысалы: тестілеу нәтижесінде алынған сандық шамалар, уақыт, жас мөлшері т.б. Бұл мәліметтерді шкала бойынша тең интервалдармен орналастыруға болады.
Сапалық мәлімет-қандай да бір болмасын популяция немесе таңдау тобы элементтері қасиеттерінің сипаты. Оларды өлшеу мүмкін емес, олардың бір ғана сандық бағалануы болуы мүмкін-ол сол қасиеттердің кездесу жиілігі.
Реттік мәлімет-элементтердің өсу реті бойынша орналасқандағы сәйкес орны. Мысалы: 1-ші, 2-ші, 7-ші, 54-ші, 100-ші.
Сандық мәліметтерді талдау және интерпретациялау алдында оларды жалпылау және топтау қажет.
Мәліметтерді графикалық бейнелеу зерттелінуші құбылысты неғұрлым көрнекті түрде талдап, зерттеуге мүмкіндік береді.
Қандайда бір топтың жалпы сандық заңдылықтарын сипаттау, түрлі жиынтықтарды салыстыру мақсатында көбінесе мынадай статистикалық есептеу мәндері қолданылады.
Орталық тенденция мәндері. Топ көрсеткіштерінің орталық тенденциясы арифметикалық орта, мода және медиана шамалары арқылы анықталады. Орташа тенденция мәндерінің ішінде ең жеңіл табылатыны-мода. Мода (Мо)-бұл таралуда неғұрлым жиі кездесетін мән. Мысалы мына мәндер жиынтығында: 3, 6, 6, 7, 8, 9, 9, 9, 10, 12 мода ретінде 9 алынады. Себебі, бұл мән басқа мәндерге қарағанда жиі кездеседі (3 рет). Мода жоқ болуы мүмкін.
Медиана Md-бұл алынған мәндер жиынтығын өсу ретімен орналастырғандағы ортаңғы мән.
Орташа
арифметикалық шама-алынған мәндердің
қосындысының ортасы
немесе
ретінде белгілейді .
Өзгергіштік мәндер. Орташа тенденция мәндері сандық шкаладағы мәндер тобының жинақталынуы туралы ғана айтады. Ал топ ішіндегі бағалаулар өзгерісін (варияциясын) өлшеуде басқа сипаттаушы статистиканың қажеттігі туындайды. Орташа мәндерді әр кез вариация көрсеткіштерімен толықтырып отыру қажет.
Қалыпты үлестірім заңдылығы. Әдеттегі зерттеу барысында таңдау тобында шеткі мәндер сирек кездеседі де, орташа мәндер, әсіресе арифметикалық ортаға жақын мәндер неғұрлым жиі кездеседі. Мұндай үлестірімді графикалық түрде көрсетсек, график қоңырау тәрізді формаға жақын келеді. Үлестірімдегі мұндай форманы қалыпты үлестірім қисығы деп атайды. Бұл үлестірім қисығы 3 ғалымның ашқан заңдылығына сүйенеді. 1733 жылы Англияда Де-Муавр 1809 жылы Германияда Гаусс, 1812 жылы Францияда Лаплас.
y
х
1. Статистикалық гипотеза түрлері.
Гипотеза-бұл әлі де бекітілмеген және әлі жоққа, бекерге шығарылмаған теориядан туындайтын болжам.
Теориялық гипотеза
Элипирикалық гипотеза Х1 – Х2 =0, салыстырып
Ғылыми гипотеза отырған белгілер арасында
Статистикалық гипотеза айырма жоқ.
А
льтернативті
гипотеза (белгіленуі
Н1)Н олдік (Н0) гипотеза
Б ағытталған гипотеза
Б ағытталмаған гипотеза
Статистикалық гипотезаны тексеру.
2. Статистикалық критерийлер-бұл дұрыс гипотезаны жоғарғы дәлдікпен қабылдап, қате гипотезаны жоғарғы дәлдікпен шектеуді қамтамасыз ететін шешуші ереже.
№ 12 дәріс. Алғашқы мәліметтерді өңдеу.
