Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД экспериментальная 2014 год.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
620.54 Кб
Скачать

Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу барысында қоданылатын бақылау әдісінің техникасы мен технологиясы туралы, бақылау әдістері бойынша алынған мәліметтерді талдау туралы білім беру.

Жоспар:

Эмпирикалық мәліметтерді жинаудың басқада әдістері.

(анкета, сұхбат, интервью)

Психологиялық зерттеу кезеңдері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Дружинин В.Н. Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001

  2. Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982

  3. Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982

  4. Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002

  5. Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984

Ғылымдар қатарында бақылау әдісі жалғыз эмпирикалық әдіс болып табылады. Классикалық бақылаушы ғылым астрономия болып табылады. Оның барлық жетістіктері бақылау техникаларын жетілдірумен байланысты.

Бақылау дегеніміз зерттелініп отырған объектіні мақсатқа бағытталған, ұйымдасқан және белгілі-бір жолмен қызмет ететін қабылдау және объекті жүріс-тұрыстарын тіркеу. Бақылау – зерттелініп отырған объекті туралы қажетті ақпараттар оның тікелей көру арқылы қабылдауы мен бағалауының нәтижесінде алынатын психологиялық зерттеу әдісі

Бақылау әдісінің түрлері:

  1. Бақылау объектісіне байланысты: тұтас бақылау және селективті бақылау;

  2. Бақыланатын объектінің орналасуына қарай: сыртқы объективті дүниені бақылау және ішкі субъективті дүниені бақылау, немесе өзін-өзі бақылау-интроспекция;

  3. Зерттеу мақсатына сәйкес: еркін бақылау (басқарылмайтын, мақсатсыз бақылау) және мақсатты бақылау;

  4. Сипаттау, баяндау бірлігіне қарай: жүйеленген және жүйеленбеген бақылау. Жүйелік бақылау белгілі-бір жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылаушы жүріс-тұрыстың тіркелетін ерекшеліктерін көрсетеді және сыртқы ортаның шарттарын жіктейді. Индивидтің немесе топтың белгілі шарттардағы жүріс-тұрыс көрінісі. Жүйеленбеген емес бақылау зерттеу үстінде жүргізіледі. Ол этнопсихология, даму және әлеуметтік психологияда қолданылады.

  5. Бақылаушының позициясына қарай: сырттай бақылау және қосарланған бақылау. Сырттан бақылаудың өзі ашық және жабық болып бөлінеді;

  6. Бақылауды ұйымдастыру тәсіліне байланысты: лабораториялық бақылау, еркін жағдайдағы бақылау (полевое наблюдение), арнайы қалыптастырған жағдайдағы бақылау (спровоцированное наблюдение);

  7. Бақылауды хронологиялық ұйымдастыруға байланысты: лонгитюдті бақылау, белгілі-бір кезеңдік бақылау, жеке жағдайды бақылау.

Психологиялық бақылау жүргізетін құбылыстар:

  1. Индивидтің мінез-құлық ерекшеліктері;

  2. Психикалық әрекет өтуінің сыртқы формасы;

  3. Эмоционалды қалыптардың экспрессивті формалары;

  4. Тұлғалық қырлар, қасиеттер;

  5. Сөздік формада көрінген сана көріністері.

Бақылаудың категориялары мен бірліктері

Бақыланатын объектіні саналы түрде сипаттау үшін бақылау барысында арнайы бөліп шығарылған категориялар мен бірліктер болады. Яғни, субъект белсенділігінің құрамына жасанды бірліктерді бөліп шығару арқылы жүргіземіз. Мұндай бірліктерді бөліп шығару 1-ден бақылау процессінің белгілі-бір рамкамен шектелуін, 2-ден зерттелінетін құбылысты, сондай-ақ мәліметтерді тікеу тәсілін таңдап алуды, 3-ден теориялық негіздің эмпирикалық мәліметттерді алу процессіне енуін жүйелеу мен қадағалауды қамтамасыз етеді.

Ал категориялар зерттелушінің белгілі-бір теориялық көзқарасы жүйесіндегі өзіндік мәнге ие болған бағалау бірліктері.

Бақылау мәліметтерін алуда сапалық және сипаттаулар, бағалаулар қолданылады. Сапалық түрде бағалаудың 2 типі бар:

1) Тұрмыстық тілде сипаттау. Шартты атаулар мен белгілер;

2) Жасанды белгілер мен кодтарды қолдана отырып сипаттау.

Ал, сандық сипаттаудың 2 тәсілі бар:

1) Баллдық бағалаулар түрінде қолданылатын психологиялық шкалалау;

2) Уақытты өлшеу немесе хронометраж (белгілі бір уақыт аралығында бірліктердің кездесу жиілігін есептеу).

Тұтас бақыланатын процестен тіркеу үшін белгілі-бір уақыт аралығы алынады. Бұл кезең барлық кезеңді репрезентациялай алуы керек.

Бақылау жүргізу процедурасы:

  1. Дайындық кезеңі. Мұнда бақылау объектісі туралы бастапқы түсінік алу, бақылау түрін таңдау, бақылау мақсатын, міндеттерін және жағдай мен бақыланушыны анықтау;

  2. Бақылау сызбасын, нақты жоспарын және бақылау техникасын қалыптастыру;

  3. Бақылау жүргізудің кезеңі. Эмпирикалық мәліметтерді алу процесі, яғни осы кезеңнің нәтижесі ретінде;

  4. Нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау.

8 дәріс. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік – психологиялық аспектілері.