Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД экспериментальная 2014 год.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
620.54 Кб
Скачать

№ 4 Дәріс. Психологиялық теория және оның құрылымы Мақсаты мен міндеттері: Психологиялық зерттеудің ғылыми теориясы мен құрылымы, ғылым аппарат туралы білім беру.

Жоспар:

Психологиялық теория және оның құрылымы.

Ғылыми мәселе, болжам.

Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001

  2. Годфруа Дж. Что такое психология? В 2-х томах. М,2001

  3. Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984

  4. Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента М,1978

  5. Фресс, Ж.Пиаже. Эксперементальная психология. М. Прогресс 1966

Зерттеу-ғылымның мақсатын тәжірибе жүзінде іске асырады. Зерттеу кез-келген мәселенің өзіне тән талаптары болуы шарт:

  1. Ғылыми зерттеу мәселенің көкейтестілігі – зерттеу үшін оны таңдауға қажетті негізігі аргумент. Көкейлестілігі - дәл қазіргі уақытта өз уақытында, сол күнге қажеттілікке сәйкес мәселені шешу міндеттілігін білдіреді.

  2. Жаңашылдығы-мәселенің өзіне қатысты емес, ұсынылатын шешімге қатысты сипаттамасы. Жаңашылыдығы мәселені шешуге талпыну, тексеруді кең және терең үйренудің нәтижесінде құралады.

  3. Практикалық мәні-мәселенің шешімі қаншалықты шындықтағы іс жағдайын жақсы, тиімді жаққа қарай өзгертетіндігімен анықталады.

Кез-келген зерттеу белгілі бір принциптерге сүйенуі қажет.

  1. Гуманизм және педагогикалық оптимизм принциптері, кез келген зерттеуге зиян келтірмей, керісініше дамытуға әсер ету керек. Сыпайы, қайырымды, ұқыпты қатыста іске асыру.

  2. Объективтілік және ғылыми принциптері, психикалық даму, өзінің заңдылықтарына сәйкес ашылуы қажет. Дамудың әрбір кезеңіндегі өзіне тән заңымен, мазмұнымен түсіндірілуі қажет.

  3. Комплекстік және жүйелік принциптері. Зерттеу бірізді жүреді, жеке бір параметрлері емес дамудың жақтары тұтас қаралу негізінде әрбір психикалық сапасының орнын анықтау арқылы, олардың өзара байланысын ашу керек.

  4. Детерменизм принципі. Кез келген психикалық құбылыстың дамуы, басқа психикалық құбылыстардың дамуымен тығыз байланысты, психикалық ерекшеліктердің қалыптасыуындағы себеп салдарды айқындау қажет.

  5. Іс-әрекетте психиканың және сананың даму принципі. Іс-әрекет тек психиканың даму жағдайы ғана емес, сонымен қатар, іс-әрекет-оны зерттеудің бір жолы.

  6. Сана мен іс-әрекеттің бірлік принципі. Л.С.Рубинштейн ұсынған. Сана мен іс-әрекеттің өзара байланысы мен өзара әсерін көрсетеді. Сананы зерттеу іс-әрекет арқылы жүреді, өйткені сана іс әрекетті басқарады және сана іс-әрекетте қалыптасады.

  7. Жеке даралық және жеке тұлғалық қатынас жасау принципі. Психикалық дамудың жалпы заңдылықтары - әрбір индивидта өзіндік сипатта және басқаларда қайталанбайтын формада кездеседі.

5 дәріс. Психологиядағы ғылыми зертеудің әдістерін жіктеу.

Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу әдістерін жіктеудің әдіснамалық негізін түсіндіру.

Жоспар:

Ұйымдастырушылық әдістер.

Эмпирикалық мәліметтерді жинау әдістері.

Эмпирикалық мәліметтерді өңдеу әдістері.

Алынған мәліметтерді интрепретациялау әдістері.

Психологиялық зерттеудің кезеңдері.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Дружинин В.Н. Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001

  2. Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982

  3. Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982

  4. ДЮК В.А. Компьтерная психодиагностика. СПб, Братство, 1994

  5. Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002

Нағыз ғылыми эксперимент ұзақ, мұқият дайындықты талап етедi, оны зерттеуде мынадай міндеттер іске асады:

1. Тақырыпты белгiлеу және зерттеу мәселесiн алдын-ала анықтау.

2. Әдебиеттi таңдау және оларға талдау жасау.

3. Зерттеудiң тапсырмасын, болжамын және мәселесiн анықтау.

4. Психодиагностикалық, зерттеулiк, әдiстемелердiң апробациясын және өңделуiн жинақтау.

5. Эксперименттiң өтyi мен дайындығы.

6. Эксперименттiң ұйымдастырылуы мен жүргiзуiнiң схемасын талдау.

7. Эксперименттен алған нәтижелердi өңдеу және талдау.

8. Алынған мәлiметтердiң қорытындысын және практикалық ұсыныстар негiзiндегi түсіндірмелер.

Әрбiр аталған эксперименттiң дайындалған, ұйымдастырылған, жүргiзу кезеңдері, тек кейбiреулерi болмаса, өз бетiнше тәуелсiз зерттеу жүргiзе алады. Бұл байланыста эксперименттен

басқа психологиялық педагогикалық зерттеудiң алты түpi бар бөлемiз:

1. Бейнелiк-аналитикалық (талдаулық) зерттеу.

2. Бейнелiк критикалық (сынды) зерттеу

3. Теоретиялық зерттеу

4. Эмпирикалық (көріністік) бейнелiк зерттеу

5. Эмпирикалық түсiндiрмелi зерттеу.

6. Әдiстемелiк зерттеу.

Бейнелiк талдаулық зерттеу - таңдалған тақырыпқа зерттеушi түгелдей көлемде зерттеп көрсетiп және практикалық бағалау есебiнде әдебиеттерге жүйелiк талдау жасайды және өңделген материалды талдау арқылы оқыту мен тәрбиелеудiң тиiмдi жолдарын iздестiрудi қарастырады.

Негiзгi тапсырма берiлген әдебиеттердің көмегімен iстiң немесе жұмыстың жалпы шетiн анықтап, жауаптары белгiлi сұрақтарды белгiлеп және әлi жауап беретiн сұрақтарды белгiлеуден тұрады.

Мағлұматтық материал әдебиеттi оқудың нәтижесiнде жинақталған ғылыми реферат түрiнде ұсынылады: ол жерде жүргiзiлген зерттеулердiң үлгiсiмен, нәтижелердiң қысқа көрсеткiштерiнен басқа, мәлiметтердiң себептi таңдауы тар. Егер осындай түрдегi зерттеу өздiгiнен емес, ол күрделi зерттеудiң бөлiгi ретiнде орындалса, мысалы, жоспарланған эксперименттiң алғашқы кезеңі сияқты, онда нәтижесiнде алынған жазбаша мәтін, эксперименттiк жұмысты сипаттайтын жеке тарау болуы мүмкін. Жоғарыда бөлiнген психологиялық - ­педагогикалық зерттеулердегi бейнелiк - талдау анағұрлым мелшерде қиын болып табылады. Оған, әдетте келесi негiзгi талаптар ұсынылады:

а) талданған әдебиеттiң мазмұны, таңдалған тақырыпқа сәйкестiгi.

б) оқытылған әдебиеттiң тiзiмiнiң толықтылығы.

в) реферат мазмұнындағы алғашқы әдебиеттiк қайнарыньң терең өңделуi.

г) берiлген әдебиет мәлiметiнiң жүйелiк талдануы.

д) реферат мәтіндері логикалығы мен қатесiздiгi, оны жасаудағы ұқыптылығы және билиографиялық талаптардың дұрыстығы.

Реферат аяқталысымен қарастырылған мәселе күйiне қатысты қорытынды, талдау жасау ұсынылады; мәселе бойынша қандай жұмыстар жасалынады немесе жасалыныды мәселемен байланысты, оның сұрақтарына тугелдей жауап беру үшiн қандай шаралар қолдану керек?

6 дәріс. Бақылау және эмпирикалық зерттеу әдістері.