
- •5В050300 - Психология
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері кафедра отырысында талқыланды
- •Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің мазмұны
- •Пәннің мазмұны
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •Білімдер бағалаудың жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •Белсенді таратылым материал (арм) (Hand – outs) Балалардың психикалық дамуын диагностикалау және коррекциялау мақсатында қолданылатын көрнекі материалдар
- •Дәріс сабақтарының курсы № 1 дәріс. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттік психология ғылымы туралы білім беру
- •№ 2 Дәріс. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы. Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттік психологияның қазіргі хал ахуалын баяндау.
- •Мақсаты мен міндеттері: Психология ғылымындағы ғылыми зерттеу әдістері туралы, зерттеу әдістерінің жіктелуі туралы түсінік қалыптастыру.
- •№ 4 Дәріс. Психологиялық теория және оның құрылымы Мақсаты мен міндеттері: Психологиялық зерттеудің ғылыми теориясы мен құрылымы, ғылым аппарат туралы білім беру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу әдістерін жіктеудің әдіснамалық негізін түсіндіру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Психологиялық зерттеуді ұйымдастыруда бақылау әдісін жүргізудің технологиясы туралы түсіндіру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу барысында қоданылатын бақылау әдісінің техникасы мен технологиясы туралы, бақылау әдістері бойынша алынған мәліметтерді талдау туралы білім беру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттатор мен зерттелінушінің өзара қарым қатынастық әрекеттерінің ерекшеліктері турал білім беру.
- •№ 9 Дәріс. Зерттелушінің мотивациясы. Мақсаты мен міндеттері: Зерттелінушінің зерттеуге қатынасу мотивтерін талқылау.
- •Мақсаты мен міндеттері: Экспериментті жоспарлау әдіснамасы туралы білім беру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Зерттеуден алынған мәліметтерді талдау, өңдеу әдістері туралы білім беру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысын қортындылау және ғылыми нәтижелерді ұсыну әдістері мен жолдары туралы мәлімет беру.
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Эксперименттік психология пәні бойынша
- •1 Аралық бақылау сұрақтары
- •Эксперименттік психология пәні бойынша
- •2 Аралық бақылау сұрақтары
- •Эксперименттік психология пәніне кіріспе
- •2 Модуль. Эмпирикалық мәліметтерді алу прцедуралары.
- •3 Модуль. Психологиялық эксперимент.
- •Сабақтардың апталар бойынша тақырыптық жоспары.
- •Тапсырмаларды орындау және өткізу графигі
Мақсаты мен міндеттері: Психология ғылымындағы ғылыми зерттеу әдістері туралы, зерттеу әдістерінің жіктелуі туралы түсінік қалыптастыру.
Жоспар:
Әдіснама, әдіс және әдістеме.
Эксперименталды психология дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әсері.
Психологиядағы ғылыми зертеудің құрылымы мен принциптері.
Әдебиеттер тізімі:
Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
Шмелев А.Г. «Введение в экспериментальную психосементику» М.,1979
Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984
Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента М,1978
Фресс, Ж.Пиаже. Эксперементальная психология. М. Прогресс 1966
Ғылыми мәселенің қойылуы- кез-келген зерттеудің бастамасы. Тіпті балалардың шынайы сұрақтары мәселенің түбі болып табылады. Адамда неғұрлым мақсатқа талпынушылық көп болса, соғұрлым көп жақсы жұмыс істейді. Мотивация төмен болған жағдайда, іс-әрекетте қателіктер көбейе бастайды, үйреніп білу баяу дамиды.
Бірқалыпты өзгермелісіз жағдайға бейімделген адамда мәселе туындамайды. Тек өмірдің ауыспалығы және адамның өзінің ішкі жан дүниесінің белсенділігі ғана мәселені туындататды. Ғылыми мәселелер тұрмыстық мәселелерге қарағанда нақты ғылыми саладағы терминдердің негізінде қалыптасады.
«Күн неге жарқырайды?» - десек, бұл сұрақ, мәселе емес.
«Адамдардың жеке басындағы қасиеттің бірі – агрессивтік-генетикалық белгілер өзгешелігі ме, жоқ әлде жанұя тәрбие әсеріне байланысты ма?» - бұл мәселе. Психология дамуындағы терминдердің жинақталу негізінде көрініп тұр және бұл нақты әдістер арқылы шешіледі.
Мәселенің қойылымы болжамдық тұжырымдаудан тұрады. Ғылымда мәселенің болуы-шындықты түсіндіру және сипаттау үшін мәліметтің жетіспеу салдарынан туындайды.
Сонымен мәселенің туындауындағы кезеңдер:
Ғылыми білімде шындық туралы жетіспеушіліктің көрінуі.
Қарапайым тіл деңгейде мәселені сипаттау.
Ғылыми пәндер терминінде мәселелерді тұжырымдау.
Екінші кезең міндетті түрде керек, өйткені қарапайым тіл деңгейінде мәселені сипаттау белгілі бір ғылыми салада, басқа ғылым салаларына ауысуына мүмкіндік береді. Мысалы: адамдарға агрессивтілік қасиетті тек психолгиялық факторлар негізінде ғана емес, сонымен қатар жалпы және молекулалы генетика әдстерді пайдалану арқылы шешуге немесе астрологиялық білімдерге сүйене отырып планеталық адам әрекетімен мінезіне әсері туралы тұжырым жасауға болады. Осыған сәйкес мәселені тұжырымдау, шешу мүмкіншіліктері тереңдейді, зертеу болжамы ұсынылады.
Ғылыми мәселе-зерттеушінің табиғатқа қоятын риторикалық сұрағы, бірақ оған өзі жауап беруі тиіс.
Ғылыми мәселелер төмендегіше топталады:
Шындықтағы мәселелер.
Мәнді болып көрінетін жалған мәселе
Шешімі жоқ мәселелер. Мәселенің шешімінің жоқтығын дәлелдеудің өзі оны шешудің бір варианты болып табылады.
Р.С. Немов экперменттік педогогикалық психологияның мәселелерін былайша топтастырады.
Балалардың және ересектердің психологиялық дамуын жеделдету мәселелері.
Жас ерекшелік даму дағадарыстарын анықтау және жеңу мәселелері.
Дамудағы сензитивтік кезеңді диагностикалау және басқару мәселелері.
Баланы психологиялық дамуындағы мүмкіндіктері мен перспективаларына сәйкес оқу мазмұнын таңдау мәселелері.
Оқытудың әдістері мен құралдарын дамытушылыққа айналдыру, яғни адамның таным, жеке бастық, өзара жеке бастық даму деңгейін жоғарылату мәселелері.
Оқытушылар мен тәрбиешілердің кәсіби психологиялық дайындығы мен мамандықты жетілдіру мәселелері.