
- •5В050300 - Психология
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері кафедра отырысында талқыланды
- •Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің мазмұны
- •Пәннің мазмұны
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
- •Білімдер бағалаудың жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •Белсенді таратылым материал (арм) (Hand – outs) Балалардың психикалық дамуын диагностикалау және коррекциялау мақсатында қолданылатын көрнекі материалдар
- •Дәріс сабақтарының курсы № 1 дәріс. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттік психология ғылымы туралы білім беру
- •№ 2 Дәріс. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы. Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттік психологияның қазіргі хал ахуалын баяндау.
- •Мақсаты мен міндеттері: Психология ғылымындағы ғылыми зерттеу әдістері туралы, зерттеу әдістерінің жіктелуі туралы түсінік қалыптастыру.
- •№ 4 Дәріс. Психологиялық теория және оның құрылымы Мақсаты мен міндеттері: Психологиялық зерттеудің ғылыми теориясы мен құрылымы, ғылым аппарат туралы білім беру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу әдістерін жіктеудің әдіснамалық негізін түсіндіру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Психологиялық зерттеуді ұйымдастыруда бақылау әдісін жүргізудің технологиясы туралы түсіндіру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу барысында қоданылатын бақылау әдісінің техникасы мен технологиясы туралы, бақылау әдістері бойынша алынған мәліметтерді талдау туралы білім беру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттатор мен зерттелінушінің өзара қарым қатынастық әрекеттерінің ерекшеліктері турал білім беру.
- •№ 9 Дәріс. Зерттелушінің мотивациясы. Мақсаты мен міндеттері: Зерттелінушінің зерттеуге қатынасу мотивтерін талқылау.
- •Мақсаты мен міндеттері: Экспериментті жоспарлау әдіснамасы туралы білім беру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Зерттеуден алынған мәліметтерді талдау, өңдеу әдістері туралы білім беру.
- •Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысын қортындылау және ғылыми нәтижелерді ұсыну әдістері мен жолдары туралы мәлімет беру.
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Эксперименттік психология пәні бойынша
- •1 Аралық бақылау сұрақтары
- •Эксперименттік психология пәні бойынша
- •2 Аралық бақылау сұрақтары
- •Эксперименттік психология пәніне кіріспе
- •2 Модуль. Эмпирикалық мәліметтерді алу прцедуралары.
- •3 Модуль. Психологиялық эксперимент.
- •Сабақтардың апталар бойынша тақырыптық жоспары.
- •Тапсырмаларды орындау және өткізу графигі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«БЕКІТЕМІН»
Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің
директоры
Д.Кром
_____________________________
«___» _________________ 2014 ж.
ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәні «Эксперименттік психология»
Студенттер үшін мамандығы
5В050300 - Психология
Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебі
Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасы
Астана – 2014 ж.
5В050300 – Психология бакалавр мамандықтары бойынша мемлекеттік білім берудің жалпы стандарттарының негізінде пәннің оқу-әдістемелік кешені дайындалды.
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасының доценті, пс.ғ.к. Байжұманова Бибіанар Шаймерденқызы дайындады __________________________________________________
Әлеуметтік және психологиялық пәндері кафедра отырысында талқыланды
Хаттама № ____ «_____» ______________________________ _________ж.
Кафедра меңгерушісі
______________ «_____» __________________________ ___________ ж.
Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.
Хаттама № ____ «_____»_________________________ ___________ж.
Төраға
__________________ «_____» ____________________ ___________ж.
Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің мазмұны
бет
1. Типтік оқу бағдарламасы ( егерде пән міндетті компонент болса,)…..........
2.Оқу бағдарламасы таңдау компоненті бойынша…………. ……………...…..
3. Студенттер үшін пәннің оқу бағдарламасы (syllabus):…………..................
Пәннің сипаттамасы, автор туралы мәлімет, пәннің постреквизиттері, пререквизиттері......................................... .............................................................
Пәнді оқытудағы дәрістердің тақырыптық жоспары әдістемелік нұсқаулармен..........................................................................................................
Пәнді оқытудағы семинар (семинар (практикалық) сабақтардың жоспары) тақырыптық жоспары әдістемелік нұсқаулармен..........………………………….........................................................
Пәнді оқытудағы СОӨЖ тапсырмаларын тапсыру және орындау графигі әдістемелік нұсқаулармен...........................…………………………...................
Пәнді оқытудағы СӨЖ тапсырмаларын тапсыру және орындау графигі әдістемелік нұсқаулармен …………………………….........................................
Әдебиеттер тізімі ………………………………………………............................
Білімдер бағалау жалпы шкаласы..............……….................................................
Баға критерилері....……....…………….……………..........…….……………….
Апелляция процедурасы ………………………………….........………………...
4. Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз …………...…………............
5. Белсенді таратылым материал (АРМ) (Hand – outs)………….……………..
6.Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материал;
7.Дәріс комплексі (дәріс тезистері, әдебиеттер тізімі)………….......................................................................................................
8. Әлеуметтік бейінді бағыттағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық............................................................................................................
9. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары (жазбаша, тест сұрақтары, өздік дайындалу үшін сұрақтар тізімі, емтихан сұрақтары және т.б.)…………….................................................………..............
10. Оқытудың бағдарламалық және мультимедиялық қамтылуы (плакатар, слайдтар және т.б)………….…............................................................................
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәннің атауы «Эксперименттік психология»
Оқу формасы күндізгі
Курс 3 Семестр 6
Емтихан 6 семестр
АСТАНА – 2014
Алғы сөз
«Эксперименталды психология» курсы университетте психолог мамандарды дайындаудың фундаменталды негізінің және ғылыми зерттеулердің негізгі тәсілдерін меңгеруді және принциптерін түсіндіруді құрайды. «Эксперименталды психология» курсын меңгеру барысында студенттер эксперименталды зерттеуді өткізу заңдылықтарымен танысады, оның негізгі әдістерін меңгереді және оларды өз еркімен қолдануға үйренеді. Осыған байланысты бұл пәннің өткізілу барысында практикада материалдарды бекітетін, қажетті дағдыларды қалыптастыратын дәрістер мен практикалық сабақтарға көңіл бөлінеді.
Эксперименттік психология курсының мақсаты және міндеттері.
«Эксперименталды психология» курсының мақсаты- студенттерді эксперименталды жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті білім меңгерген, өз еркімен зерттеу жүргізуге жаттықтыру болып табылады.
«Эксперименталды психология» курсының міндеттері:
психология дамуындағы эксперименталды кезеңге дейінгілерге қатысты, практикада бақылау мен басқада эмпирикалық әдістер туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту;
психологиялық экспериментті жоспарлап, және оны ұйымдастыру бойынша теориялық білімдерді меңгерту;
эксперименталды зертеудің өтілу барысында практикалық дағдыларды қалыптастырып, оның алған нәтижелерінің ұсынылуы мен өңделуін білуі;
ғылыми зерттеудің өтілуінің белгілі бір мәдени деңгейін және эксперименталды жұмысқа бағытталуын қадағалау.
«Эксперименталды психология» курсын оқу процесінде студенттер білуі қажет:
эксперименталды психологияның қалыптасуы мен даму тарихын білуі керек;
эксперименталды психологияның өзекті мәселелерін білуі керек;
психологиядағы теориялық және эмпирикалық білім туралы ұғымда\рды білуі керек;
теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуі керек;
психологиялық эксперимент ерекшелігін, іс-әрекеттің эксперименталды психологиясы жайлы, әрекеттің табиғи және жасанды түрлері жайлы білімдері болуы керек.
«Эксперименталды психология» пәнін оқыту нәтижесінде студент меңгеруі қажет:
практикалық жұмыстарды жоспарлау және жүргізу дағдысын меңгеруі керек;
түрлі әлеуметтік жүйелерде эксперименталды зерттеулер жүргізу дағдысын меңгеруі керек;
психологиядағы ғылыми-ұғымды аппараттарды игеру шеберлігін меңгеруі керек;
зерттеу іс-әрекет дағдыларын меңгеруі керек.
«Эксперименталды психология» курсын оқудағы студенттердің осы пәннің негізгі мазмұнын меңгеруі шеңберінде оқытылатын мәліметтерді өңдеуде математикалық статистикалық аймақтағы білімдердің қатысуын, сонымен қатар қалыпты және патологиялық заңдылықтардың білімдерін болуын талап етеді.
«Эксперименталды психология» курсы келесі пәндермен байланысты: психодиагностика, педагогикалық психология, психологиядағы математикалық әдістер, жеке адам психологиясы, психология бойынша прктикум.
«Эксперименталды психология» курсын оқыту нәтижесінде студенттер негізгі білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды меңгереді. Студенттерге «Эксперименталды психология» курсын оқыту нәтижесінде эксперименталды зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктерін және жеткілікті білім қорларын пайдалану ұсынылады.
Курстың мазмұны дәрістерде ашылып, семинар, лабороториялық сабақтарда бекітіледі. Курстың негізгі тарауларына, арнайы әдебиеттерді конспектілау мен реферат жазуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмыстары қарастырылған.
Студенттердің білімін тексеру қорытынды тест түрінде жүргізіледі. Курсқа 135 сағат берілген: дәріске-45 сағат, СОӨЖ-на -45 сағат, СӨЖ –на 45 сағат.