Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД прак спец 3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
979.46 Кб
Скачать

Белсенді таратылым материал (арм) (Hand – outs)

Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материал

ГЛОССАРИЙ бойынша студенттерге тақырыпқа байланысты карточкалар таратылады, карточканың бірінші бетінде термин жазулы тұрады, ал студент сол терминге түсініктеме жазады.

Стресс – кез келген күшті әсерден адамда пайда болатын психофизиологиялық күй.

Үйрету – сыртқы және ішкі іс-әрекет пен мінез-құлықта болатын белгілі бір мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін тәсіл. Мақсатқа сай өзгерістердің бәрі бірдей үйрету бола бермейді.  

Фенотип – организмнің бақылауға келетін кез келген морфологиялық, физикалық, мінез-құлықтың нышаны.

Адаптация (лат. adaptatio- бейімделу) – қоршаған орта жағдайларына бейімделу. Психологиялық А. адам өзімен, қатынас бойынша серіктестерімен (партнерлерімен) және жолығу алдында қоршаған әлеммен үйлесімді болуын қалайды. Дезадаптация – А. бұзылуы.

Абыржу, алаңдау – белгісіз қауіптің, оқиғаның қолайсыз даму мүмкіндігінің сезімі. Конституциялық тұлғалық алаңдау, абыржу (бұл тұлғаға оның ғұмыры бойына тән) және оқиғалық А. (бұл тұлғада қазіргі кезде байқалады) ажыратылады.

Абыржулық, алаңдаулық ауытқулар- клиникалық көріністерінде абыржу, алаңдау жетекші рөл атқаратын психика ауытқуларының тобы.

Аналитикалық (психоаналитикалық) психотерапия –теориялық база ретінде психоанализді –З.Фрейдтің психиканың санадан төменгі бөлігінде басып тастаған қызығулардың, олардың тұмшаланған түрде сана бетіне жарып шығуы мүмкін симптомдар түрінде болуы, сана мен санадан төменгі бөлік туралы психотерапевтік тәсілдер тобы. Қазіргі заманғы авторлар тұлға өмір сүретін және дамып жетілетін социалдық жағдайларға зор мән береді (қатынас шеңбері, отбасылық қатынастар, қоғамдағы жағдайлар және с.с.)

Гипноз (грек. hypnos- ұйқы) - әдетте жасанды түрде шақырылатын психиканың ерекше жағдайы. Гипнозға түсушінің санасының өзгеруімен, оның сендіруді қабылдауының артуымен және басқа әсерлерді қабылдауының төмендеуімен сипатталды. Психотерапияда жеке тәсіл ретінде немесе басқа емдік әдістермен бірге қолданылады.

Гипнотерапия - (грек. hypnos- ұйқы, terapia – емдеу, қамқорлық) –гипноздағы емдік сендіруді қолдануға негізделген психотерапевтік әдіс.

Депрессия (лат. depresso- басып тастау, тұқырту) –пәс көңіл-күймен, қимыл және психикалық тежелумен өзін қазіргі және болашақ өзінің орнын пессимистік бағалаумен сипатталатын сырқаттың жағдайы. Д. әр түрлі құрамдас бөліктері әр қилы дәрежеде көрінуі мүмкін.

Ипохондрия (грек. hypochondrion)- жалған немесе реалды бар, бірақ әсіреленген дертті пациент ауыр және (немесе жазылмайтын деп есептейтін кесел бойынша негізсіз мазасыздану. Әр түрлі жан дүниелік ауытқулардың шеңберінде байқалады.

Истериялық ауытқулар (лат. hystera- жатыр) пациенттердің жоғары иланушылығы және өз нанымдылығы байқалатын психикалық ауытқулар тобы. Психикалық жарақаттану фонында симптомдар пайда болады, олардың көрнекілігі, дерттің сыртқы көріністерінің организмдегі объективтік өзгерістерге сәйкес келмеуі.

Конформизм (лат. conformis – ұқсас, сәйкес келетін) – бұл социалдық қоршаудағы нормативтерге бейімделу мақсатындағы айналасындағылардың әсеріне байланысты тұлғаның өз мінез –құлқын өзгерту бейімділігі.

Мінез акцентуациясы (лат. accentus- лептену, ұру - психиатриялық норманың шеткі нұсқалары. Мұнда мінездің әр түрлі тұрпаттары, белгілері біртегіс дамымаған және тұлға құрылымында оларға психожарақаттаушы факторлар әсер еткенде тұлғаны дезбейімделуі (дезадаптациясы) болуы мүмкін «осал тұстары» болады. Психопатиямен кейбір ұқсастығында (ұқсас мінездік радикалдар болады, ғұмыр бойына байқалады) парциалдығымен (даму дисүйлесімділігі барлық мінезді қамтымайды, тек оны кейбір белгілерін қамтиды), дезбейімделудің аздаған тереңдігімен ерекшеленеді.

Маскүнемдік (алкоголизм) (араб. Al Kohol) мастануды тудыратын мөлшерде спирті бар ішімдіктерді шектен тыс жүйелі тұтыну. Созымалы М. алкогольді ішімдіктерді ұзақ тұтынумен, алкогольден психикалық және денелік тәуелділіктің қалыптасуымен, оның бойға сіңуінің, оны көтере білудің өзгеруімен, жани және тәни сферада қайтымсыз бұзылулармен (алкогольдік деградация) сипатталады.

Мінез (грек. сharacter- айырмашылық белгі, ерекшелік) – тұлғаның тұрақты (стабильді) жеке ерекшеліктерінің жиынтығы, оның қайталанбас психикалық тұрпаты. Іс-әрекетте және қатынаста қалыптасады және білінеді, бұл тұлғаға тән мінез құлық формасының негізі болып табылады.

Қорқыныш - қауіп төндіретін оқиғаларлы күтудегі ішкі кернеудің, өмір үшін тікелей қауіптің сезімі.

Психиатрия (грек. рsyke - жан, iatreia – емдеу, шипалау) –медициналық ғылымның психотерапиямен жапсарлас облысы. Психикалық кеселдердің себептерін, таралуын, түрлерін, көрністерін зерттеумен айналысады, оларды диагностикалаудың, емдеудің және профилактикасының әдістерін құрастырады.

Психология (грек. рsyhe - жан, logos-ғылым, ілім)- психотерапиямен жапсарлас психикалық даму және қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін білім аумағы (облысы).

Психопатия (грек. psyhe- жан, patos- зардап тарту, дерт) – «мінез кемістігі», барлық тұлғалық тұрпаттың дисүйлесімділігімен бірге аномалиясы. п. тұрақтылықпен, стабильділікпен (ғұмыр бойына байқалады), тотальдықпен (тұлғаның тек жеке белгілері емес, мінездің барлық тұрпаты дисүйлесімді), социалдық дезбейімделу- дезадаптациямен (стеротиптік жиі кикілжіңдер, тұлға қоғамдағы өз орнын кейде қиындықпен табады) сипатталды. П. қалыптасуында тектік бейімділік те, тәрбиелену жағдайлары да маңызды мән иеленеді.

Психосоматика (грек. psyhe- жан, soma-тән) – тұлғаның психикалық ерекшеліктерінің өзара байланысын, тұқыртылған, басып тасталған сезімдерін, мүдделерін, қызығушылықтарын, психикаішілік кикілжіңдерін және олардың денелік деңгейде символикалық сипат иеленетін симптомдар түрінде білінуін зерттейтін қазіргі заманғы психотерапияның бағыты.

Психосоматикалық ауытқулар (психосоматоздар) –психожарақаттаушы әсер мен психиканың белгілі бір ерекшеліктерінің болуы дененің ағзалары мен жүйелерінің қызметінің ауытқуларын тудыратын кеселдер тобы. Организмнің жасушалары мен тіндерінде тұрақты өзгерістер болатын органикалық П. (гипертониялық кесел, ойық жара дерті және басқ.), функциялардың бұзылуы органикалық өзгерістермен бірге жүрмейтін функционалдық П. (мысалы, вегето қан тамырлы дистония, логоневроз) және кең мағынадағы П. (мысалы, жоғары жарақаттану, пациенттің тұлғалық ерекшеліктерінен туындаған) ажыратылады.

Психотерапевт –психотерапия бойынша білікті маман. Біздің елде П. жоғары медициналық білім, психиатрия мен психотерапия бойынша мамандану иеленуі және бұл мамандықта оның жұмыс істеу қабілетін анықтайтын сынақ тапсыруы керек.