
- •5В050300 – Психология
- •Пәннің оқу- әдістемелік кешенінің мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Практикалық сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Студенттерді бағалаудың жалпы критерийлері
- •Апелляция процедурасы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •Белсенді таратылым материал (арм) (Hand – outs)
- •Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материал
- •Дәріс сабақтарының курсы
- •Кәсіби білім беру тұлғаның даму факторы ретінде.
- •Кәсіби іс-әрекеттегі зерттеу әдістерінің классификациясы
- •2. Кәсіби психологиялық зерттеу әдістері екі әдіснамалық принциптерге негізделеді:
- •3.Кәсіби психологияны зерттеу әдістерінің міндеттері және түрлері.
- •Кәсіби деформацияның деңгейлері
- •Семинар № 1 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 2 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 3 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 4 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 5 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 6 Семинар сабағының тақырыбы
- •Мамандану практикумы 3 пәні бойынша Емтихан сұрақтары
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
Кәсіби деформацияның деңгейлері
С.П.Безносов, Р.М.Гроновская, Л.Н.Корнеева, А.К.Маркова көрсетуі бойынша кәсіби деформацияның жоғарғы дәрежесі үнемі адамдармен жұмыс істейтін әлеуметтік мамандық өкілдерінде пайда блады: дәрігер, педагогтар, қызмет көрсету қызметкерлері, құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызметкерлер, басшылар, кәсіпкерлер және т.б.
Бұл мамандық өкілдерінде кәсіби деформация деңгейде көрінеді:
осы мамандық жұмысшыларына тән жалпы мамандық деформация. Бұл тұлғаның инвариантты ерекшеліктері және кәсіпқойлардың мінез-құлығы, еңбек өтілі жоғары жұмысшыларда көрінеді, бірақ бұл топтан деформацияның көрінуі әртүрлі. Мысалы, дәрігерлерге «қайғырушылық қажу» синдромы тән, бұл науқастардың қайғыруына эмоционалды индеференттіліктің көрінеді. Құқық қорғау органдарының жұмысшыларда «асоциалды перцепция» синдромы дамиды, яғни әрбір азамат потонциалды құқықбұзушы ретінде қабылдайды.
кәсіп бойынша мамандандырылған процесте пайда болатын арнайы кәсіби деформация кез келген кәсіп бірнеше мамандықтарды біріктіреді. әрбір мамандық өзіндік деформация бар. Тергеуші де құқықтық күдіктенушілік, оперативті жұмысшыда - өзекті агрессия, адвокатта – айлакерлік, прокурорда – кінәлаушылық.
тұлғаның индивидуалды – психологиялық ерекшеліктерімен – темперамент, қабілет, мінез қамтыған кәсіби-деформация. Нәтижесінде кәсіби-тұлғалық комплекстер дамиды.
тұлғанын кәсіби бағытталуындағы деформация : іс-әрекет мотивациясының, бұрмалануы, құндылықтың бағдарларын қайта құру, пессимизм.
Қандай да бір қабілеттерден негізінде дамитын деформация: ұйымдастырушылық, коммуникативті, интеллектуалды ( артықщылдыққа ұмтылу комплексі, талантанудың деңгейі, шамадан жоғары өзіндік бағалау, нарциссизм грек мифологиясы судағы өзінің бейнесіне ғашық болған) өзінін денесін эротикалық құмарлық.
Мінез бітістерімен қамтылған, деформация : билікті жақсы көру, доминанттылық, индефеферентілік.
4. Әртүрлі кәсіптегі жұмысшылардың ерекшеліктерімен қамтылған деформация. Кәсіби іс-әрекетін ұзақ жылдар бойы орындау процесінен, тұлғаны мамандықтың жеке кәсіби қасиеттерімен жетілдіру, жоғарғы қасиеттердің, акцентуацияның пайда болуына әкеледі. Мысалы: шамадан тыс жауапты, супер әділ, гипербелсенділік, еңбектік фанатизм, кәсіби энтуизм
Кәсіби деструкцияны детерминациялайтын факторларды үш топқа бөлуге болады:
әлеуметтік – кәсіби ортамен байланысты; объективті : әлеуметтік-экономикалық ситуация, мамандықтың синоты және имидж, кәсіби-кеңістіктік орта;
тұлғаның ерекшеліктерімен және кәсіби өзара қатынасымен қамтылған субъективті;
кәсіби процестің жүйесі мен ұйымдастыруынан, басқарудан, басшылардың кәсіпқойлығынан туындайтын объективті-субъективтілік;
№ 6 дәріс.
Тақырып: КӘСІБИ ІС–ӘРЕКЕТТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
Мақсаты: Тәуекелге психологиялық даярлықты қарастыру.
Жоспар: Тәуекелге психологиялық даярлық
Негізгі әдебиет: 1.Тетенькин Б.С. Психологичекая служба школы. – Киров, 1991
2.Раттер К. Помощь трудным детям. – М., 1995
Технологияның өзгеруімен, жаңа басшының келуімен, жаңа мамандықты меңгерумен немесе жаңа лауазымға ие болу, басқа цехқа немесе басқа кәсіпорынға ауысумен байланысты кәсіби ортанын өзгеруі, сонымен қатар адамның өзінің қажеттіліктерінң, мүмкіндіктерінің және мақсаттарының өзгеруі адамның мамандыққа деген қатынасының өзгеруіне, тіпті кәсіби дезадаптацияға әкелуі мүмкін. Сондықтан да персонал бойынша менеджерлер қызметкерлерінің жаңа мамандыққа немесе өзгерген еңбек жағдайына кәсіби реадаптациялау қажеттілігіне кездесіп отырады.
Дезадаптация адамға ортаның қысқа уақыттық және күшті әсерінен және қарқындылығы төмен, бірақ жалғасымды әсерден де пайда болады. Дезадаптация іс-әрекеттің түрлі бұзылыстарынан пайда болады: еңбек өнімділігі және санасынын төмендеуі, еңбек тәртібінің бұзылуы, авария және травматизмнін жоғарлауы. Психофизиологиялық адаптацияның критерийлері денсаулық күйі, көңіл-күй, мазасыздану, қажу дәрежесі, мінез-құлық белсенділігі юолып табылады. Психикалық адаптацияның тұрақты бұзылысы клиникалық айқын психопатологиялық синдромдарда немесе іс-әрекеттен бас тартудан көрінеді.
Кәсіби деструкция – бұл кәсіби еңбек үрдісінде тұлғаның психологиялық құрылымында пайда болатын бұзылыс, өзгеріс немесе деформация. Кәсіби деструкцияның пайда болуы және дамуы іс-әрекетті орындау өнімділігін төмендетеді, мотивация және кәсіби іс-әрекеттің позициясына негативті әсер етеді.
Кәсіби деструкция жастың психологиялық өзгерістермен де байланысты: денсаулықтың нашарлауы, психикалық процестің әлсіреуі, интеллектуалды көмексіздік. Бұл жұмыс қабілетін төмендетеді, кәсіби шаршауды, жабырқан қылықты тудырады.
«Тренинг» терминi (аылышнның аудармасы) бiрнеше мағынаға ие — «тәрбие, оқу, дайындық, жаттығу» топтық психологиялық тренинг осы түсiнiктерден шыға отырып, кең мағынада дамыту, психокоррекция, оу және диагностиқа мақсатында колданылады. Н.Ю.Хрящева және С.И.Макшанов тренингi былай көрсетедi. «Адамның кәсiби тұғалық болмысын гармонизациялау мақсатында адам, топ және ұйымның психологиялық (феномендерiн әдейi өзгертудегi көп функционалды әдiсi». Тренингтi топ — қатысушылардың алуан түрлi психологиялық мәселелерiн шешуге, оларды өзiн-өзi жәтiлдіруге, сонымен қатар топты дамытуға және жалпы топтық мәселенi шешуге бағытталған, қатысушылардың жәтекшi-психологпен бiрге болатын интенсивтi қарым-қатынас жасайтын және өзара әрекеттесетiн арнайы құрылған кiшi топтарды айтуға болады.
Отандық психологтардың бiрқатар жұмыстарында психологиялық тренинг оқытудың белсендi әдiстерi ретiнде қарастырады. Оқыту - тренинггiң маңызды элементтерiнiң бiрi, алайда бұл термин психологиялық тренингтің кiлттiк мағынасын аша алмайды.
Басқа авторлар топтық психологиялық тренингтi әсер етудiң психологиялық әдiсiне жатқызады. Алайда әсер ету терминi тренинг әдiсi ретiнде процессуалды сипатын ғана ашады.
Даму (жәке қасиеттер) түсiнiгi де психологиялық тренинг түсiнiгiн толық көрсетпейдi. О.П.Кондоурованың көрсетуiнше, тренинг барысында психологиялық қасиеттер дамып қана коймай, сондай ақ тежәлуi де мүмкiн, ал кейбiр дағды және ептiлiктер қайта қалыптасуы мүмкiн. «Даму» түсiнiгiне қарама-қарсы С.И. Макшанов «әдейi өзгеру» терминiн енгiздi. Осы түсiнiк өзгерудiң мақсатын, процесс және нәтижәсiн адекватты бейнелейдi. Басқа авторлар оқу түсiнiгiне сәйкес «тәжiрибе» түсiнiгiн белгiлейдi. Къелл Рудестам тренингтiк форманы «оқу тәжiрибесiнiң ядорсы», ол кейбiр жағдайларда адамның өзгеруiнiң және оқудың жалғыз сәттi әдiсi» деп атады. Ол топтағы өзара әрекеттi бақылай отырып, әрбiр қатысушы өзiн басқалармен идентифекациялайды және қалыптасқан эмоционаяды байланысты өзiндiк сезiм және мiнез-құлықты бағалауға қолдана алады. Топта туындаған барлық бастан кешулер және тәжiрибелер әрбiр қатысушының оны шектейтiн ұстанымдарын және наным-сенiмдерiн талдауға және қайта бағалауға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар тренинг процесiнде қатысушылар күнделiктi өмiрде көрсете алатын түрлi дағдыларды моделдей алады.
Сонымен топтық тренинг психолгиялық тренинг дегенiмiз - өзiндiк өмiрлiк тәжiрибесiн топтық өзара әрекеттсу процесiнде қайта бағалау, талдау, меңгеру арқылы тұлғалық және кәсiби дамуға бағытталған, адамның әдейi өзгеру әдiсi болып табылады.
Психологиялық тренинг жаңа тәжірибені өндеп және талдап қана қоймай, сонымен қатар ол адамды өзін сезінуге, өзінің «Менің» сезінуге бағдарлайды, өзін саналауға мүмкіндік береді. Тренингтік топ-бұл мәселелермен айналысатын орын емес, бұл әрбір қатысушы өзін жақсы тануға, өзін қабылдауға мүмкіндік беретін орын.
Психологиялық тренинг қатысушыларды өзін тануға және өз-өзін жетілдіруге белсендендіреді, өз-өзіне жеке жауапты екенін қабылдауға және оларға өзінің тұлғасының «скульпторы» болуға мүмкіндік береді.
Топтық психологиялық тренинг практикалық психологияның белсендi әдiстерiнiң жиынтығы, ол қолданылады:
1. невроздарды, алкоголизм және соматикалық ауруларды емдеу максатында клиникалық пихотерапия аясында колданылады.
2. өз-өзiн дамытуға көмектесу мақсатында, психологиялық мәселесi бар психикалық денi сау адамдармен жұмыс iстеу үшiн қолданылады.
Тренингтің ерекше белгiлерi:
- топтық жұмыстың принциптерiн сақтау;
- топқа қатысушылардың өзiн-өзi дамыту үшiн психологиялық көмекке мақсатталуы; мұндай көмек жетекшiден ғана емес, қатытсушылардың өзiнен де болады;
- азды көптi тұрақты топтын болуы (7 ден 15 адамға дейiн) екi-бес күн бойы үздiксiз жұмыс істейді немесе кездеседi;
- белгілi кеңістікте ұйымдасу (әдетте - қолайлы, шеттетлген ғимаратта, қатысушылар шеңбер бойымен отырады;
- топ қатысушыларының арасында өзара қарым-қатынас орнатылып, «қазір және осы жерде» принципін ұстанып, ситуацияларды талдайды және дамытады;
- топтық жұмыстың белсендi әдiстерi қолданылады;
- топ қатысушыларының субъективті сезiмi және эмоциясының обьективтiлiгi, вербализацияланған рефлекия.
Тренингті жүргізудің теориялық негізделуі және техникалары барлық әлемде қарқынды дамуда. Қазір олардың үлкен үш бағытын көрсетуге болады:
тұлғалық өсу тренингі;
қарым-қатынас тренингі;
бизнес тренингі.
Тұлғалық өсу тренингі психотерапевтік топтарға жақын. Онда түрлі техникалардың көмегімен қатысушылар, олардың өмірлік және кәсіби міндеттерін шешуге кедергі келтіретін өзінің психологиялық мәселелерін ұғынуға және жеңуге ұмтылады. Тренингтің әрбір қатысушысы басқа қатысушылардың және тренердің көмегімен өзінің саналанбайтын қорқыныштарын түсінуге, ішкі барьерлерді жеңе алады, басқа адамдар оны қалай қабылдайтынын жақсы түсіне алады. Бұл одан кейін де өзінің жағымды қасиеттерін неғұрлым эффективті қолдануға, қабілеттердің неғұрлым шынайы бағалауын қалыптастыруға, өзіндік қателіктер және кемшіліктерін көруге мүмкіндік береді.
Қарым-қатынас тренингі-топ мүшелерін қарым-қатынастын түрлі ситуацияларда тиімді мінез-құлықты үйретуге, оларда сәйкес дағдыларды дамытуға арналған. Тұлғалық өсу тренингі және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты және оларды кешенді әлеуметтік психологиялық тренинг біріктіреді. Әлеуметтік психологиялық тренинг біріктіреді. Әлеуметтік психологиялық тренинг әдісі алуан түрлі, оның негізінде топтық пікір-талас және рөлдік ойындар түрлі нұсқада, сәйкестікте болады.
Бизнес тренингтер нақты кәсіби міндеттерді шешуге бағытталған. Оның ішінде жиі кездесетіні бір нәрсені сату бойынша тренинг. Сонымен қатар келіссөздерді жүргізу, конфликтілі ситуацияны шешу, команданы құру, тиімді басқару және т.б. тренингтерді де танымал.
Тұлғалық өсу ішкі еркіндікті кеңейту процесі – тұлғаның актуализациясы. Актуализацияның салдары:
креативтіліктің өсуі (шығармашылық қабілет);
өзін және шынайылықты терең қабылдау «ол қандай, солай қабылдау»;
толеранттылықтың өсуі (бөгде нанымдарға шыдамдылық);
жаңашылдыққа ұмтылу және жаңа тәжірибеге ашықтық;
тікелейлік және мінез-құлықтың табиғилығы;
өз-өзіне терең сенімділік сезімі.
Актуализация процесі психикалық және ментальды деңгейде өз-өзімен терең жүйелі жұмыс жасауды көрсетеді. Ол үшін жеткілікті мотивация және рефлексияға деген қабілеттілік керек. «Тұлғалық өсу» түсінігінің өзі тұлғалық қасиеттерімен жетілдірудегі мақсатқа бағытталған жұмыс және бұл өзін-өзі тану, өзін өзі ояту, тұлғалық дамуды бағдарламалау және өзін-өзі реализациялауды көрсетеді.
Қазіргі таңда адамдар мен психологиялық жұмыстың топтық формаларын көрсету үшін «әлеуметтік-психологиялық тренингі (ӘПТ)» терминің қолданады. Әдебиеттерде ӘПТ түрлі анықтамалары бар. Емельянов Ю.Н. ӘПТ үйренуге деген қабілеттерді дамыту және іс-әрекеттің кез-келген күрделі түрлерін меңгеруге деген әдістердіңтобы ретінде анықтайды. Л.А.Петровский жұмыстарында әлеуметтік-психологиялық тренинг топтық контексте интенсивті үйрету процесінде психологиялық әсер етудің формасы ретінде анықтайды. ӘПТ тәсілдерімен шешілетін міндеттер, тренингтің алуан түрлі формаларын анықтайды. Барлық алуан түрлі формаларды 2 классқа бөлуге болады:
Арнайы ептіліктерді дамытуға бағдарланған;
Қарым-қатынас жағдайларын-өз-өзін және қарым-қатынастағы сергін, топтық ситуацияны толығымен адекватты талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған.
Осы аталған анықтамалардың негізінде ӘПТ бірінші негізгі мақсаты – қарым-қатынас сферасында компетентілікті жоғарлату.
ӘПТ жалпы мақсаты келесі міндеттермен нақтыланады. Қарым-қатынастағы компетенттіліктің факторлары (В. Л. Захаров, Ю. Ю. Хрящева):
1. Тұлға психологиясы, қарым-қатынас топтары аумағында білімдерді меңгеру;
2. Қарым-қатынас ептіліктері және дағдыларын меңгеру;
3. Сәтті қарым-қатынасқа қажетті ұстанымды дамыту және қалыптастыруды коррекциялау;
4. Өзін және басқаларды адекватты және толық бағалай алу қабілеттерін дамыту;
5. Адамдар арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынасты қабылдау және бағлау қабілеттерін дамыту;
6. Тұлға қатынасы жүйесін коррекциялау және дамыту.
Сонымен ӘПТ бірінші аспектісі – қарым-қатынас компетенттілігін дамытуға деген бағыттылық.
ӘПТ – қарым-қатынастағы компетенттілікті дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін қолдануға бағдарланған практикалық психологияның облысы болып табылады.
ӘПТ базалық әдістері – топтық пікір-талас, түрлі модификация және мазмұндағы рөлдік ойындар. ӘПТ адам саны 7-ден 15-ке дейін, сабақтың жалпы жалғасымы бірнеше күннен бірнеше айға дейін. Қатысушылардың кездесуі күнделікті немесе сирек болады. Мсыалы, аптасына бір-үш рет. Әрбір жеке кездесу бір жарым, үш сағат және одан да жоғары. Екі-үш күн үздіксіз жұмыс істеудегі топтық марафонды да көрсетуге болады.
Бүгінгі күнде «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ,, сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс- әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады.
«Тренинг» термині ( ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Мұндай көп мағыналық тренингтің ғылыми анықтамасына да тән. Ю.Н.Емельянов тренингке іс-әрекеттің кез- келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді.
Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез- құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады. Ұйымның жоспарлы белсенділігін арттыра түсу үшін оның мүшелерінің кәсіби білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталады. Сондай- ақ тренингті жеке тұлғаның әлеуметтік мінез- құлқын ұйымның мақсаты мен іс-әрекеттерінің талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай өзгертудің бір бөлшегі деп қарастыруға болады.
Ресейлік психологияда тренинг оқытудың немесе әлеуметтік – психологиялық тренингтің белсенді тәсілдерінің бірі деген ұғым кең таралған. Л.А.Петровская әлеуметтік- психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді , әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», «қарым-қатынаста жетіктілікті дамыту құралы», «психологиялық әсер ету құралы» ретінде қарастырады.
Г.А.Ковалев әлеуметтік-психологиялық тренингті белсенді түрде әлеуметтік- психологиялық білім беру әдістемесінің кешенді әлеуметтік –дидактикалық бағыты ретінде қарастырады.