
- •1)Түзу сызықты айнымалы қозғалыс.
- •2)Қисық сызықты қозғалыс
- •3)Ньютонның заңдары
- •4)Механикалық жұмыс, қуат, энергия. Сақталу заңдары.
- •5)Айналмалы қозғалыс
- •6)Идеал газдардың негізгі заңдары
- •8)Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия
- •9)Кулон заңы. Электростатикалық өріс және оның кернеулігі. Электростатикалық өрістің потенциалы. Электр өрісіндегі жұмыс.
- •11)Электр тогы және ток күші. Электр қозғаушы күш
- •12)Электр өткізгіштіктің элементар классикалық теориясы.
- •13)Магнит өрісі және оның сипаттамалары
- •14)Био-Савар-Лаплас, Ампер, Лоренц заңдары.
- •15)Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей және Ленц заңдары.
- •16)Максвелл теңдеулері
- •17)Жарық толқындарының интерференциясы
- •18)Гюйгенс-Френель принципі
- •19)Дифракциялық торлар
- •20)Жарықтын поляризациясы
- •21)Жылулық сәулелену. Кирхгоф, Стефан-Больцман, Вин заңдары.
- •22)Сыртқы фотоэффект құбылысы және оның заңдары.
- •23)Фотоэффект теориясы. Эйнштейн теңдеуі.
- •24)Жарық қысымы
- •25)Комптон эффектісі.
- •26)Сутек атомының теориясы.
- •27)Шредингердің теңдеулері.
- •28)Кванттық сандар. Паули принципі.
- •29)Қатты денелердің зоналар теориясы.
- •30)Радиоактивтік сәулелену. Радиоактивті ыдырау заңы.
11)Электр тогы және ток күші. Электр қозғаушы күш
Ток күші. Амперметр - Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі. Көлденең қимасының ауданы S өткізгіште электр өрісінің әсерінен кейін заряд тасымалдаушылар қандай да бір жылдамдықпен қозғалады деп алайық. Барлық заряд тасымалдаушылардың қозғалысы реттелген болғандықтан, өткізгіш бойымен электр тогы жүреді. Бұл кезде әр секунд сайын өткізгіштің кез келген қимасы арқылы электр мөлшері деп аталатын қандай да бір заряд өтеді. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды: I=q/t. Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) ток күші ампермен (А) өрнектеледі: 1А=1КЛ/1с 1ампер = (1Кулон/(1 секунд)). Ампер - негізгі бірліктердің бірі. Оны тәжірибе жүзінде тогы бар екі параллель өткізгіштің өзара әрекеттесуі күштері бойынша анықтаған француз ғалымы А.Ампердің құрметіне осылай атаған. 1 ампер - вакуумде бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, көлденең қимасының ауданы өте аз, шексіз ұзын түзу екі өткізгіштің бойымен өтетін тұрақты тоқ күші. Мұндай тоқ ұзындығы 1 м өткізгіштердің әрбір кесіндісінде 2*10-7 Н-ға тең өзара ірекеттесу күшін тудырады. Әлсіз және күшті тоқтарды өлшеу үшін тоқ күшінің үлестік және еселік бірліктерін қолданады: 1 мА= 10-3 А; 1 мкА= 10-6А; 1кА =103А. Біздің үйіміздің жарықтандыруға қолданатын қыздыру шамдарының ток күші, олардың қуатына сәйкес 7-ден 400 мА-ге дейін болады. 1А ток күші адам өміріне қауіпті. 1А ток күшінің бірлігі арқылы электр зарядының бірлігі немесе 1Кл электр мөлшері анықталады. I=q/t болғандықтан, q=It. I=1A, t=1c деп алып, электр зарядының бірлігін аламыз: 1Кл=1А*1с. 1Кл ток күші 1А болғанда 1с уақыт аралығында өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін электр зарядына тең. Ток күші өлшейтін құралды амперметр деп атайды. Амперметрдің шартты белгісі.-А-. Амперметрді ток күшін өлшейтін құралмен тізбекпен қосады. Амперметрде екі қысқыш бар: "+", "-". : "+" қысқышын ток көзінің оң полюсінен келетін өткізгішпен жалғайды. Электр тогы (Э.т) – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы. Бұл зарядталған бөлшектер: өткізгіштерде электрондар, электролиттерде —иондар(катиондар мен аниондар), газда —иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағы вакуумда — электрондар, жартылай өткізгіштерде —электрондар мен кемтіктер (электронды-кемтіктік өтімділік) болып табылады.Электр тогы энергетика саласында — энергияны алыс қашықтыққа жеткізу үшін, ал телекоммуникация саласында — ақпаратты шалғайға тасымалдау үшін қолданылады. Электр Қозғаушы Күш – электр тізбегіне жалғанған, табиғаты электрстатикалық емес энергия көзі. Тек қана электрстатик. күштер тұйық тізбекпен тұрақты токтың үздіксіз жүруін қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл күштердің тұйық контур бойымен зарядты қозғалтуы үшін жұмсайтын жұмысы нөлге тең, ал ток жүрген кезде әдетте энергия шығыны болады. Сондықтан тұйық контурмен үздіксіз ток жүруі үшін электр тізбегінен тыс басқа бір энергия көзі болу керек. Бұл энергия көзі энергияны сырттан ала отырып, оны зарядтардың қозғалыс энергиясына айналдырады да, қосымша электр өрісін (Е) тудырады. Мұндай қосымша электр өрісі күшінің тұйық контур бойымен істейтін жұмысы нөлге тең болмайды: . Е' шамасы Э. қ. к. деп аталады және оның шамасы бірлік зарядты қозғалтуға кететін электрстатик. емес күштердің жұмысына тең. Потенциал сияқты Э. қ. к-тің де өлшеу бірлігі – вольт (в). Электролиттердегі иондардың диффузиясы, контур арқылы өткен магнит ағынының өзгеруі (эл.-магн. индукция), т.б. Э. қ. к-ін тудырады