
- •1 Курс студенттеріне 2013-2014 оқу жылының 2 семестріне арналған
- •Оқу бағдарламасы (силлабус)
- •Міндеттер:
- •1.5.Оқыту нәтижелері:
- •Университеттің барлық мамандықтарының 1 курс студенттеріне
- •2013-2014 Оқу жылының 2 семестріне арналған Пән бойынша күнтізбелік- тақырыптық жоспар
- •3. Дәріс жоспары
- •4. Практикалық сабақтар жоспары
- •7. Соөж сабақтарының өткізілуі мен пән бағдарламасы бойынша кеңес беру тәртібі
- •8. Оқытушының талаптары
- •9. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
3. Дәріс жоспары
Апта |
Тақырып |
Сабақ мазмұны |
Сағат саны |
1. |
Қазақстан аумағындағы тас ғасыры |
1. «Қазақстан тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері. 2.Тас ғасырының археологиялық дәуірлеуі және оның мерзімдемесі. 3.Неолиттің жалпы сипаттамасы мен ерекшеліктері |
1 |
2. |
Ерте орта ғасырлық мемлекеттер (VI ғ. басы - X ғ.) |
1. Ұлы Түрік қағанаты. Батыс Түрік қағанаты (603-704). 2. Түркеш қағанаты (704-756), Қарлұқ мемлекеті (766-940). 3.Оғыз мемлекеті, қарлұқтардың саяси тарихы. |
1 |
3. |
XIII ғ. Қазақстан монғол жаулап алуы және Алтын Орда кезеңінде (1243 ж - ХV ортасы) |
1.Орталық Азия шығысындағы геосаяси жағдай және Монғол мемлекетінің құрылуы. 2.Монғол ұлыстары құрамындағы Қазақстан. 3.Алтын Орданың саяси және мемлекеттік құрылысы. |
1 |
4. |
Х V - ХVI ғғ. Қазақ хандығы |
1.Қазақ хандығының құрылуы ғылыми мәселе ретінде. 2.Бұрындық пен Қасым ханның кезеңіндегі Қазақ хандығы. 3. ХVI ғасырдың II жартысындағы Қазақ хандығы. Хақ Назардың билігі (1538-1580). |
1 |
5. |
Жаңа кезеңдегі Қазақстан (ХVIII ғ. I жарт-ғы ) |
1.ХVIII ғ. I жарт-ғы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы. 2.Қазақстанның Ресей империясы құрамына қосыла бастауы. 3.ХVIII ғғ. 30-50 жж Ресей империясының Қазақстанда жүргізген саясаты. |
1 |
6. |
XIX ғасырдың I жартысындағы Қазақстан |
1.Қазақ хандығының Орта азиялық мемлекеттермен қарым- қатынасы. 2.19 ғасырдың 20-40 жылдарындағы патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік реформалары. Қазақстанның Ресей империясы құрамына қосылуының аяқталуы. 3. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың ерекшеліктері. |
1 |
7. |
Қазақстан Кеңес дәуірінде 1917-1921 жж |
1.1917ж Қазан төңкерісі және оның алғы шарттары 2.Азамат соғысы (1918-1920) халықтар трагедиясы. 3.Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы. |
1 |
8
|
Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде. |
1.Ұлы Отан соғысының басталуы және оның сипаты. 2.Қазақстандықтар соғыс майданында. 3.Қазақстан депортацияға ұшыраған халықтардың отаны. |
1 |
9. |
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.) |
1.Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық - саяси ахуал. 2.Қазақстан аумағында ядролық поигондардың құрылуы. 3. Жаңа идеологиялық компаниялар. |
1 |
10. |
Қазақстан кеңестік экономикалық және әлеуметтік – саяси жүйенің дағдарысының өршуі кезеңінде (1964-1985 жж) |
1.20 ғасырдың 60-80 жж.елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы тенденциялар. 2.Одақтық халықшаруашылығы кешеніндегі Қазақстан ролінің артуы. 3.Экологиялық, ұлттық, әлеуметтік- демографиялық мәселелердің шиеленісуі. |
1 |
11. |
Қазақстан «Қайта құру» саясаты кезеңінде |
1.«Қайта құрудың» негізгі сатылары және олардың сипаттамасы. 2.Қазақстан Горбачев реформалары кезеңінде. 3.КСРО-ның ыдырауының алғышарттары. |
1 |
12. |
Қазақстан тәуелсіздік жолында |
1.Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы және оның маңызы. 2.Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. 3.ТМД құрылуы.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың интеграциялық бастамалары. |
1 |
13. |
Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуы. |
1.Транзиттік кезеңнің қиындықтары. (1992-1997жж) 2.1997-2010жж экономикалық дамудың басымдылықтары мен бағыттары. 3.«Қазақстан – 2030» стратегиялық жоспары, экономикалық даму мүмкіндіктері. |
1 |
14. |
Қазақстан Республикасының қоғамдық- саяси дамуы |
1.Қазақстан Республикасының қоғамдық- саяси өмірін демократияландыру мен модернизациялау. 2. Қазақтардың дүниежүзілік тұңғыш құрылтайы және қазақтардың этникалық отанына оралуының басталуы. 3. «Нұр Отан» партиясы жетекші әлеуметтік- саяси партия ретінде. |
1 |
15. |
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты |
1.Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы, оның БҰҰ-на қабылдануы. 2. Қазақстан жаңа жаһандану әлемінде. 3.Қазақстанның сыртқы саясаты және ұлттық қауіпсіздік мәселелері. |
1 |
Барлығы |
|
15 |