Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІV семестр С-12.КҚТ..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
43.73 Кб
Скачать

Шатырлық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар.

Органикалық байланыстырғыш битумның және қарамайдың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы тағайындаудағы материалдар мен бұйымдарды алу үшін пайдаланылады: гидроизоляциялық, герметикалық, антикоррозиялық және жол.

Битум — түсі қара немесе күңгірт қоңыр, 400 — 5000 молекулярлық масса мен көміртегі қоспасынан және олардың металл емес туындыларының күкіртпен, азотпен немесе оттегімен қосылысынан тұратын органикалық зат. Бөлме температурасы кезінде олар қатты, байланыстырғыш, байланыстырғыш созылымды және сұйық күйде болуы мүмкін. Битум органикалық ерігіштерде ериді, мысалы, бензол, толуол, ксилол, хлороформ, күкірт көміртегінде және т.б. Битум табиғи және жасанды болуы мүмкін (мұнайдан алынған). Жабындық және гидроизоляциялық материалдар су өткізбеу, суды жұту, жылуға төзімділік пен механикалық беріктік бойынша белгіленген талаптарға сай келуі тиіс.

Арматураланған тақталарды ыстық мастика немесе ыстық асфальт қоспасын баспақтау арқылы, шыны-мата немесе металл торды арматуралауды қолдана отырып дайындайды. Арматураланбаған қалқандарды осы қоспа сияқты, бірақ арматурасыз дайындайды. Тақталарды гидроизоляция орнату мен деформациялық жіктерді толтыру үшін қолданады. Герметикалық материалдар (герметикалар) жіктердің арасында су мен ауаның өтуін қамтамасыз ету үшін құрылыс конструкцияларының элементтері арасында түйіскен жерлерді тығыздау үшін қолданылады. Жіктерді және құрастырылған үйлердің түйіскен жерлерін бітеуге арналған герметикалар созылымды болуы тиіс, өйткені жіктер температуралы және шөгінді деформациялар нәтижесінде өздерінің өлшемдерін өзгертеді. Герметикалардың басқа типі — құрастыру герметикасы, — қабырға мен есіктер, терезелер арасындағы жіктерді бітеу үшін, рамадағы шыныларды бекіту үшін пайдаланылады.

Тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып, аударыңыздар.

2.Сөздерді аударыңыздар.

Сапа, маман, жоба, қолдану, өнім, жүйелі, деңгей, бақылау, жақсарту, кәсіпорын, анықтау.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

4. Сала, маман сөздерін септеңіздер.

5. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыздар.

6. Тұйық етістікті сөздерді теріп жазыңыздар.

7. Мәтінді қысқаша мазмұндаңдар

Ұсынылатын әдебиеттер.

1. З.С.КүзековаҚазақ тілі. Практикалық курсы: Оқулық.Алматы: Раритет,2003. – 151 бет

2.А.А.Мырзақожаева, Ш.Қ. Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.Алматы, 2002 120 бет.

3. Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы.Оқулық.Қарағанды: ҚарМТУ, 2007. 102 бет. -

4. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). Алматы,«Санат». 1995.

СӨЖ

1.Тас құрылыс материалдарының түрлері тақырыбына презентация әзірлеу.

2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

12-ТАҚЫРЫП. ӘРЛЕУ ЖАБЫНДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.

Практикалық сабақтың жоспары

Әрлеу жабындарының технологиясы.

1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

2. Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).

ӘРЛЕУ ЖАБЫНДАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.

Ғимараттың өзіндік сәулет шеберлігін қамтамасыз ету, интерьерге қайталанбайтын өрнек беру үшін құрамы, құрылымы, түстер гаммасы мен бұйымдардың түрі бойынша — әрлеу материаллары қолданылады. Декорациялық функциядан басқа, әрлаеу материалдары тұрғылықты үйлер мен қоғамдық жайлардың жайлылығын арттырады, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының бұзылуының алдын алатын қорғаныш жабындары ретінде қолданылады.

Жайлардың ішкі жағында әрлеу қабырғалардың барлық вертикаль бетінен, ал төбе мен еденді горизонталь жүргізеді.

Сыртқы әрлеу ғимараттар мен үймереттердің қасбеттері мен цоколь бөліктерін декорациялық қорғауды енгізеді.

Әрлеу материалдарын қолдануға техникалық қасиеттерін қамтамасыз ету және декорациялығы бойынша талаптар қойылады, ол талаптар оларды пайдалану жағдайымен анықталады.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді жазыңдар.

2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасаңдар.

3. Мәтінді іштен оқыңдар.

4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар және жауабын жазыңдар.

5. Мәтінді аударыңдар.

6. Сөздерді септеңіздер.

Металл, қорытпа.

7. Сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Металл элементтер табиғаттағы барлық элементтердің 3/4 бөлігін құрайды, бірақ барлығы бірдей құрылыста қолданыс таппайды. Олардың кейбіреулері өте сирек кезедеседі.

8. Мәтінді қысқаша мазмұндаңдар.

13-ТАҚЫРЫП.ЖЫЛУИЗОЛЯЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АКУСТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Практикалық сабақтың жоспары

Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар.

1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

2. Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]