
- •Құрылыс өндірісінің технологиясы
- •Құрылыс мамандары
- •Геотехника
- •2.А.А.Мырзақожаева, ш.Қ. Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.Алматы, 2002 120 бет.
- •3. Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы.Оқулық.Қарағанды: ҚарМту, 2007. 102 бет. -
- •4. Қордабаев т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). Алматы,«Санат». 1995.
- •Шатырлық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар.
- •Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар
- •4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар және жауабын жазыңдар.
- •1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •2. Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).
- •4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар және жауабын жазыңдар.
- •15. Қайталау. Қорытынды.
Құрылыс мамандары
Көлік құрылыс мамандығын бітірушілер:
-жұмыс өндірісі технологияларының сапасын анықтау жөніндегі сарапшы, құрылыс ұйымдарында маман;
-көліктік тағайындау объектілерін күтіп ұстау және пайдаланумен айналысатын ұйымдарда өндірістің жаңа технологияларын енгізу жөніндегі менеджер;
-көлік құрылысы кәсіпорындары зертханаларында маман;
-магистральды, темір жол, өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме және жалғама жолдарды салу, пайдалану және қайта салу жөніндегі инженер;
-жобалау және ғылымизерттеу институттарында ғылыми маман болып жұмыс істейді.
1.Мәтінді оқып, аударыңыздар.
2.Сөздерді аударыңыздар.
Сапа, маман, жоба, қолдану, өнім, жүйелі, деңгей, бақылау, жақсарту, кәсіпорын, анықтау.
3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
4. Сала, маман сөздерін септеңіздер.
5. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыздар.
6. Тұйық етістікті сөздерді теріп жазыңыздар.
7. Мәтінді қысқаша мазмұндаңдар.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. З.С.КүзековаҚазақ тілі. Практикалық курсы: Оқулық.Алматы: Раритет,2003. – 151 бет
2.А.А.Мырзақожаева, Ш.Қ. Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.Алматы, 2002 120 бет.
3. Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы.Оқулық.Қарағанды: ҚарМТУ, 2007. 102 бет. -
4. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). Алматы,«Санат». 1995
СӨЖ
«Құрылыс материалдарының техникалыққасиеттері» тақырыбына презентация немесе жоба жазу.
2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
5-ТАҚЫРЫП. ГЕОТЕХНИКА.
Практикалық сабақтың жоспары
1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
2.Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).
Геотехника
Геотехника – ол жаңа ұғым, дәл осы кездегі ғылымдардың жиынтығы, дәлірек айтқанда инженерлі геология, тау жынысының механикасы, топырақтың механикасы, яғни іргетастың құрылуы.
Геотехника 1 әдетте міндетті пәндер тізіміне кіреді, оларды меңгеру 050729 «Құрылыс» мамандығы бойынша бакалаврдың квалификациясын және академиялық дәрежесін анықтайды.
Пәнді оқыту мақсаты инженерлік – құрылыстық істе қолданылатын инженерлік геология аймағында теориялық және практикалық білімдердің негізін меңгеру болып табылады. Бұл құрылыс алаңының инженерлік – геологиялық жағдайларын дұрыс бағалауға, жүктеме әсерінен топырақтың тәртібін және үймереттердің табиғатпен қоршаған ортамен әрекеттесуі кезінде пайда болған процесстер мен құбылыстарды болжауға; топырақ массивтерінің тұрақтылық дәрежесін; топырақты негіздіктердің құрылыстық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Пәнді оқыту міндеті бұл білімдерді ғимараттар мен үймереттердің негіздіктерін таңдағанда және геологиялық жағдайларды талдау кездінде практикалық сұрақтарды шешуде, іргетас құрылысының және топырақтар механикасының есептерін шығару үшін бастапқы материалдарды жинауда пайдалану болып табылады.
Тапсырмалар:
1. Жаңа сөздерді жазыңыздар.
2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасаңыздар.
3. Мәтінді іштен оқыңыздар.
4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар және жауабын жазыңыздар.
5. Мәтінді аударыңыздар.
6. Сөздерді септеңіздер.
Геотехника, құрылыс, инженер.
7. Сөйлемді сөз құрамына талдаңыздар.
Бұл құрылыс алаңының инженерлік – геологиялық жағдайларын дұрыс бағалауға, жүктеме әсерінен топырақтың тәртібін және үймереттердің табиғатпен қоршаған ортамен әрекеттесуі кезінде пайда болған процесстер мен құбылыстарды болжауға; топырақ массивтерінің тұрақтылық дәрежесін; топырақты негіздіктердің құрылыстық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. З.С.КүзековаҚазақ тілі. Практикалық курсы: Оқулық.Алматы: Раритет,2003. – 151 бет
2.А.А.Мырзақожаева, Ш.Қ. Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.Алматы, 2002 120 бет.
3. Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы.Оқулық.Қарағанды: ҚарМТУ, 2007. 102 бет. -
4. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). Алматы,«Санат». 1995.
СӨЖ
1.Құрылыс материалдарының жалпы қасиеттерітуралы слайд дайындау.
2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
6-ТАҚЫРЫП. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ.
Практикалық сабақтың жоспары
1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
2.Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ.
Материалды дұрыс таңдау, үймеретті жобалау және салу үшін, қолданылатын материалдардың қасиеттерін жақсы білу керек.
Құрылыс материалдарының химиялық құрамы кейбір қасиеттері: отқа төзімділігі; биотөзімділігі; механикалық және басқа техникалық сипаттамалары туралы айтуға мүмкіндік береді. Бейорганикалық байланыстырғыш заттардың (цементтің, әк тастың және т.б.) және тас материалдардың химиялық құрамын олардың құрамындағы оксидтердің мөлшерімен білдіру ыңғайлы. Негізгі және қышқыл оксидтер өз араларында химиялық байланысқан және материалдың көптеген қасиеттерін анықтайтын минералдарды құрайды.
Минералдық құрамы байланыстырғыш затта немесе тас материалда қандай минералдар және қандай мөлшерде бар екендігін көрсетеді. Мысалы, портландцементте үш кальцийлі силикаттың болуы 45-60% құрайды, сонымен бірге оның мөлшері көп болғанда оның қатуы жылдамдатылады, цемент тасының беріктігі артады.
Материалдың фазалық құрамы және оның қуысында болатын судың фазалық ауысуы, материалдың барлық қасиеттеріне және пайдалану кезіндегі тәртібіне әсер етеді. Материалда қуыстар қабырғаларын түзетін қатты заттарды, яғни материал «қаңқасын» және ауамен және сумен толтырылған қуыстарды ерекшелейді. Егер осы жүйенің компоненті болып табылатын су қатып қалса, онда қуыстарда түзілетін мұз материалдың механикалық және жылу-техникалық қасиеттерін өзгертеді.
Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқып, аударыңыздар.
2.Сөздерді аударыңыздар.
Сапа, маман, жоба, қолдану, өнім, жүйелі, деңгей, бақылау, жақсарту, кәсіпорын, анықтау.
3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
4. Сала, маман сөздерін септеңіздер.
5. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыздар.
6. Тұйық етістікті сөздерді теріп жазыңыздар.
7. Мәтінді қысқаша мазмұндаңдар.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. З.С.КүзековаҚазақ тілі. Практикалық курсы: Оқулық.Алматы: Раритет,2003. – 151 бет