
- •Құрылыс өндірісінің технологиясы
- •Құрылыс мамандары
- •Геотехника
- •2.А.А.Мырзақожаева, ш.Қ. Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.Алматы, 2002 120 бет.
- •3. Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы.Оқулық.Қарағанды: ҚарМту, 2007. 102 бет. -
- •4. Қордабаев т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). Алматы,«Санат». 1995.
- •Шатырлық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар.
- •Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар
- •4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар және жауабын жазыңдар.
- •1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
- •2. Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).
- •4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар және жауабын жазыңдар.
- •15. Қайталау. Қорытынды.
ІV семестр
1-ТАҚЫРЫП. ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.
Практикалық сабақтың жоспары
1. Құрылыс өндірісінің технологиясы. Грамматика.
(осы тақырыптарды толықтыру, еске түсіру, студенттерге сұрақтар қою).
2.Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).
Құрылыс өндірісінің технологиясы
Құрылыс материалдарының өнеркәсібі алуан түрлі өнімнің көп санын жасайтын өндірістің арнайы салаларының күрделі кешенін білдіреді.
Қазіргі уақытта ежелгі құрылыста болған проблема, атап айтқанда үймереттер мен ғимараттар тораптарын қосу проблемасы шешілген. Металл және темір бетон бағаналардың кез келген өлшемдерін жобалау мүмкіндігі биік үймереттер құрылысына әкелді. Мысалы, Астанада, Алматыда және басқа қалалардатұтас құймалы бетоннан көп қабатты ғимараттар салынған. Қазақстан Республикасы Парламентінің ғимараты заманауи ұлттық сәулет өнерін білдіреді.
Тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттар адамдарды және әр түрлі жабдықтарды орналастыруға және оларды қоршаған ортаның әсерінен қорғауға арналған үймереттерді білдіреді. Барлық ғимараттар тағайындалуы бойынша бірдей бөліктерден тұрады:
іргетастан, ғимараттың негізі болады және жүктемені бүкіл ғимараттан жерге береді;
қаңқадан — онда ғимараттың қоршайтын элементтері орнатылатын көтергіш конструкция; қаңқа жүктемелерді қабылдап, қайта үлестіріп және оларды іргетасқа береді;
қоршайтын конструкциялардан, ғимараттың ішкі көлемін сыртқы ортаның әсерінен оқшаулайды немесе ішкі көлемнің жеке бөліктерін өз араларында бөледі; қоршайтын конструкцияларға қабырғалар, ара жабындар мен төбелер жатады, сонымен бірге аз қабатты ғимараттарда қабырғалар мен ара жабындар қаңқаның функциясын орындайды.
Тапсырмалар:
1. Жаңа сөздерді жазыңыздар.
2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасаңыздар.
3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар және жауабын жазыңдар.
4. Мәтінді аударыңыздар.
5. Сөздерді септеңіздер.
Іргетас, қанқа, конструкция.
6. Сөйлем мүшесіне талдаңыздар.
Барлық ғимараттар тағайындалуы бойынша бірдей бөліктерден тұрады:
7. Мәтінді қысқаша мазмұндаңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. З.С.Күзекова. Қазақ тілі. Практикалық курсы: Оқулық.Алматы: Раритет,2003. – 151 бет
2.А.А.Мырзақожаева, Ш.Қ. Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.Алматы, 2002 120 бет.
3. Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы.Оқулық.Қарағанды: ҚарМТУ, 2007. 102 бет. -
4. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). Алматы,«Санат». 1995.
СӨЖ
1.Біздің университет туралы айту.
2.Сағынов – ғалым, академик.
2-ТАҚЫРЫП. ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТ КОНСТРУКЦИЯСЫ
Практикалық сабақтың жоспары.
Өндірістік ғимарат конструкциясы. Грамматика.
1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
2.Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).
ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТ КОНСТРУКЦИЯСЫ
Құрылыс материалдары мен бұйымдардың осы алуан түрлілігінде бағдарлану оңай болуы үшін, оларды жіктеу қажет. Тағайындалуы және технологиялық белгісі бойынша жіктеу аса көп таралды.
Тағайындалуы бойынша материалдар келесі топтарға бөлінеді:
конструкциялық, онда жүктемелерді қабылдайды және береді;
жылуды оқшаулайтын, олардың негізгі тағайындалуы — жылуды тасымалдауды қоршайтын конструкциялар арқылы минимумға жеткізу және сонымен бірге энергия шығыны барынша аз болғанда жайдың қажетті жылулық режимін қамтамасыз ету;
акустикалық(дыбысты сіңіретін және дыбысты оқшаулайтын) — жайдың «шумен ластануын» деңгейін төмендетеді;
гидрооқшаулайтын және төбелік — төбелерде, жер асты үймереттерінде және судың немесе су буларының әсерінен қорғау қажет болатын басқа конструкцияларда су өткізбейтін қабаттарды құру үшін;
герметикаландыратын— құрама конструкциялардағы түйістерді бітеу үшін;
әрлейтін— құрылыс конструкцияларының сәндік сапасын жақсарту үшін, сондай-ақ конструкциялық, жылуды оқшаулайтын және басқа материалдарды сыртқы әсерлерден қорғау үшін;
арнайы тағайындалған(отқа төзімді, қышқылға төзімді және т.б.), арнайы үймереттерді тұрғызу кезінде қолданылады.
Тапсырмалар:
1. Жаңа сөздерді жазыңыздар.
2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасаңыздар.
3. Мәтінді аударыңыздар.
4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар және жауабын жазыңыздар.
5. Сөздерді септеңіздер.
Металл, қорытпа.
6. Тұйық етістіктерді тауып сөйлем құрастырыңыздар.
7. Мәтінді қысқаша мазмұндаңдар.
3-ТАҚЫРЫП. ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ
Практикалық сабақтың жоспары
1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
2.Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).
ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ
Территорияны тігінен тегістеу, құрылыс алаңын тазарту жөніндегі жұмыстар және қазылатын олардың тереңдігі мен үйіндінің биіктігі көрсетілген геодезиялық бөлу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Жекеленген өнеркәсіптік үймереттер мен ғимараттар, автомобильжәне темір жолдардың, плотиналардың, бөгеттердің төсемдері үшін алаңдарды тігінен тегістеу, осы секілді объектілер іргетастар қуыстарын қайта жабу сапалы төсемдер қатарына жатады. Сондықтан олар құрамы, ылғалдылығы, орнықтылығы, тығыздығы, су өткізгіштігі жөнінен белгіленген талаптарға жауап беруі керек.
Жұмысты жүргізу, топырақты орналастыру және үюге, үйіндінің орнын ойластырмай қайта-қайта ауыстыра беруге жол бермейтіндей тәртіп белгілейтін негізгі техникалық құжат – жер жұмыстарының баланысы болып табылады.
Тапсырмалар:
1.Сөздерді аударыңыздар.
Тігінен, құрылыс алаңы, темір жолдар, тазарту, орлар, биіктік, ылғалдылық, үйінді, бөгет, төсем, қуыс,үю, сапалы.
2. Мәтінді оқып, аударыңыздар.
3. Жұмысты жүргізу, қайта жабу сөз тіркестерін жіктеңіздер.
4. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
Техникалық құжат, алаңдарды тегістеу, темір жолдар.
5. Тұйық етістікті сөздерді тауып, көшіріңіздер.
6. Кейінді ықпалды сөздерді көшіріп жазыңыздар.
7. ҚР-ның рәміздерін айтып беріңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. З.С.КүзековаҚазақ тілі. Практикалық курсы: Оқулық.Алматы: Раритет,2003. – 151 бет
2.А.А.Мырзақожаева, Ш.Қ. Жақыпбеков. Құрылысқа арналған шыны негізіндегі әрлі қаптама материалдары.Алматы, 2002 120 бет.
3. Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы.Оқулық.Қарағанды: ҚарМТУ, 2007. 102 бет. -
4. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі (Оқу құралы). Алматы,«Санат». 1995.
СӨЖ
1. Құрылыстың шарттары та0ырыбына реферат дайындау.
2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
4-ТАҚЫРЫП. ҚҰРЫЛЫС МАМАНДАРЫ.
Практикалық сабақтың жоспары
1. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
2.Мәтінмен жұмыс (термин сөздерді аудару, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастыру, тапсырмаларды орындау).