Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 орт сондиру.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

3 Өрт сөндірудің қондырғылары

Өрт сөндірудің қондырғылары өрттің алғашқы сатысында, өртті сөндіру бөлімшелері келгенше, өртті оқшаулау үшін қажет.

Өрт сөндірудің қондырғылары стационарлы, жартылай стационарлы және жылжымалы болып бөлінеді. Өрт сөндіру құралдарының түріне және құрамына қарай осы қондырғылар: газды (көмірқышқыл), аэрозольды, сұйық және түйіршікті болады.

Жоғары еселі ауа-механикалық көбік түзу үшін ПГП-50, ПГ-100, ГВП-20, ГВП-600 және ГВП-2000 (6-сурет) көбік генераторлары қолданылады. Көбік генераторы – иілгіш құбыр соңына орнатылған су ағынды эжекторлы аппарат. Ол тор таспалары бар металл корпустан тұрады. Көбік түзуші ауаны сору арқылы сулы ерітіндінің ағынын үлестіргіштен шашыратады. Көбік тор арқылы өткен кезде ұсақ көпіршіктерге бөлінеді.

6-сурет. ГВП-600 көбік генераторы

1) Тозаңдатқыш; 2) сырты; 3) тор пакет; 4) қондырғы

Жұмыс қысымы үлестірілу алдында 0,5 МПа, ал көбік түзу шығыны – 6 л/с. Көбік генераторының оқпан соңында, көбікті өртке түзу бағыттайтын саптама болады.

Қазіргі кезде автоматты ауа-көбікті өрт сөндіргіштер қолданылады. Олар кішігірім ғимараттар мен тоннельдерде, май трансформаторлар мен реакторлардағы өрттерді сөндіруге арналған.

Стационарлы ауа-көбікті ОВПС-250а өрт сөндіргіші (7-сурет) оңай жанатын сұйықты сөндіру үшін қолданылады.

7-сурет. Стационарлы ауа-көбікті ОВПС-250а өрт сөндіргіші

1) Ыдыс; 2) кронштейн; 3) катушка; 4) жең; 5) көбік генератор; 6) өрт сөндіргіштерді зарядтауға арналған құрылғылар; 7) қысылған ауа баллондары

Ол көбік түзуші қоспамен толтырылған корпустан тұрады. Өрт сөндіргіш сиымдылығы 250 л, алынатын көбік көлемі 7500 м3, ағын ұзындығы 10 м дейін, жұмыс істеу уақыты 240 с, өрт сөндіргіштің зарядымен бірге салмағы 450 кг. Жұмыс жасауы үшін, қысылған ауа толтырылған баллон қолданылады. Қысылған ауа қысымы арқылы вентиль бұралады, көбік түзгіш көбік генераторына түседі, ол саптама арқылы өрт ошағына шашыратылады.

Газды өрт сөндіру құралдарына УП-2м типті (8-сурет) өрт сөндіргіштері жатады, олар жанып жатқан қатты материалдарды, мұнай өнімдерін және электр құралдарын сөндіруге арналған. Ол арба үстіне орнатылған сиымдылығы 40л екі шойын баллоннан құралған. Баллондар комірқышқылымен (әр баллондағы көмірқышқылының қысымы 6мПа, салмағы 25 кг) толтырылған.

8-сурет. УП-2М қозғалмалы көмірқышқылды

өрт сөндіргіш

Жұмысты бастау үшін маховикпен алдымен бірінші баллон вентилін, сосын (көмірқышқылы таусылғаннан кейін) екіншісінікін бұрау керек. Көмірқышқылы балоннан шыққанда, қысымның төмендеуі салдарынан газ күйіне өтеді, қатты суыну нәтижесінде көмірқышқылдық қар түзіледі. Өртті сөндіру әсері жанып жатқан заттын суынуы есебінен және комірқышқыл газының ауамен қосылу есебінен болады.

Бір баллон 3-3,5 м ағын ұзындығымен 120с жұмыс істейді. УП-2М жұмыс істегенде абай болу керек, себебі қолды үсітіп алу қаупі бар (бөлшектерінің температурасы -600С дейін).

ЛВЖ қабаттарында түйіршіктерден көбік түзетін ПГ-50 және ПГ-100 көбік генераторлары, ал СИ-2 жылжымалы түйіршікті өрт сөндіргіштер – мұнай өнімдері мен металлоорганикалық қосылыстарды сөндіру үшін қолданылады. Стационарлы жылжымалы СЖБ-50, СЖБ-150 өрт сөндіргіштері электр құрылғыларын сөндіру үшін, сонымен бірге аэродром қызметінің өрт машиналарын біріктіру үшін қызмет етеді. (9-сурет).

9-сурет. СЖБ-50 стационарлы қозғалғыш өрт сөндіргіш.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]