Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 орт сондиру.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

«Еңбек және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы

Зертханалық жұмыс №11

Тақырыбы: «Белсенді жолмен өртті сөндіру»

Оқытушы_______________

ғыл.атағы

_______________________

«___»____________2006 ж

Студент________________

Мамандығы_____________

Тобы

Алматы 2006

Жұмыстың мақсаты: студенттерге белсенді жолдармен өрт сөндіру құралдары туралы негізгі ұғымдармен таныстыру және олар туралы пайда болатын сұрақтарға тәжірибе жүзінде жауап беру.

КІРІСПЕ

Өндіріс объектілерінің өртке қарсы қорғанысы - жаңа мекемелерді жобалағанда инженерлі-техникалық және ұйдымдастырушылық шаралар кешені болып табылады. Осылайша, өндірістегі өрттік қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларымен және өрттің шығу ошағынан белсенді қорғану әрекеттері арқылы жүзеге асады.

Еліміздегі халық шаруашылығының белсенді дамуы, өнеркәсіптің жаңа салаларының және материалдардың пайда болуы, өрт қауіпсіздігінің алдына көптеген жаңа талаптарды қойды, сонымен қатар, жаңа өртке қарсы техникалардың пайда болуына үлес қосты.

Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігі саласы жаңа, осы заманға сай жабдықтармен (автоцистерналар, автоcорғыштар, көпіршік генераторлары, мотопомпалар, өрт сөндіру құралдары және т.б.) қамтамасыз етілді. Автоматтық өрт сөндіру құралдары мен дабылдары қолданылып жүр. Айтылғандардың барлығы осы әдістемелік нұсқауда көрініс тапты.

1 Өрт сөндірудің химиялық құралдары

Өрт сөндірудің кең тараған құралдары болып: көмірқышқылы, сулағыштар, химиялық және ауалық-химиялық көбік, галойдталған көмірсутектер, түйіршікті қоспалар, бромэтилды қосылыстар, СО2, инертті газдар және т.б. табылады. Осы аталған өрт сөндіру құралдары келесі түрлерге жіктеледі: суытатын және оқшаулайтын, яғни жану аймағына оттегінің түсуін көбік қабатын жабу немесе құрғақ түйіршіктерді себу арқылы оқшаулау жүргізіледі. Электр өткізгіштігіне қарай: электр өткізетіндер (көбік, су, бу) және электр өткізбейтіндер (түйіршіктер мен кейбір газ түрлері) болып бөлінеді. Уыттылығы жағынан: уытты еместер (су, көбік, түйіршіктер), орташа уыттылар (көмірқышқылы және азот) және уыттылар (бромэтилды қоспалар, фреондар) болып бөлінеді.

Өртті сөндіру тәжірибесінде әртүрлі сулағыштар, көбіктер, инертті газдар мен механикалық құралдар кең ауқымды қолданысқа ие.

Сулағыштар жанатын нәрселердің (резеңке, көмір шаңы, шымтезек, талшықты жабдықтар және т.б.) суланғыштығын жақсарту үшін қолданылады. Бұл жерге сабынды, синтетикалық қоспаларды, амилсульфаттарды, алкилсульфонаттарды жатқызуға болады.

Көбік – жылуды аз өткізетін, қозғалмалы, жылуды сәулелендіру әсері бар, түтіндеудің тығыздығын төмендететін, бірақ механикалық төзімділігі төмен қасиеттерге ие.

Көбіктер – химиялық, ауа-механикалық және жоғары еселі болып бөлінеді.

Химиялық көбікті өрттің шығу көзіне жіберу алдында ерітінділерді (сілтілік және қышқылдық) араластыру немесе судың ағынымен көбіктенетін түйіршіктерді (көбік түзуші) араластыру арқылы алады. Көбікті түйіршік – күкірт қышқылдық аммоний мен натрий бикарбонатының, көбіктендіргіштер мен судың қоспалары. 1 кг түйіршік пен 10 литр судан 40-60 литрға дейін көбік алуға болады. ПО-1 ПГП түйіршіктерінен алған көбіктермен – мұнай өнімдерін; спирттер мен ацетондарды, ішіне 2% сабын қосылған ПГПС түйіршіктерімен өшіреді. Химиялық көбік жану аймағында оттегі мөлшерін 14% дейін азайтады, жабдықтардың беттерін жауып, оларды от жалынынан оқшаулайды, суытып, жануды тоқтатады.

Ауа-механикалық көбіктерді ауа-көбікті оқпанның көмегімен, суды қысылған ауамен және көбік түзгішпен араластыру арқылы алады. Ауа қысымына және көбік түзгіштердің қасиеттеріне байланысты орта және жоғары еселі көбіктерді алуға болады. Көбік еселігі – көбік көлемінің, өзі алынатын барлық сұйықтардың көлеміне қатынасы. 5-100 еселікті көбіктер аз және орта еселіліктілерге, ал 100-ден жоғарылары жоғары еселіліктілерге жатады.

Жоғары еселі көбіктерді, қысылған ауа мен су қоспасын және көбік түзгішті араластыру нәтижесінде, үздіксіз көбіктің пайда болуы әсерінен алады. Едәуір жоғары еселі (1000-ға дейін) көбікті алу үшін атмосферадан алынатын ауадан басқа, қосымша ауа (немесе инертті газ) пайдаланылады. Жоғары еселі көбіктің өртті сөндіру қабілеті басу әсеріне негізделген, себебі өрт ошағына көбіктің түсуі кезінде ол оның бүкіл ауданын жабады.

Инертті газдар (азот, аргон, гелий, түтіндік немесе өңделген газдар) газды-дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде құралдар мен жабдықтарды толтыру үшін қолданылады.

Механикалық құралдар (брезент, киіз, құм, топырақ) жанатын заттар ысып үлгермеген жағдайда, яғни жанудың бас кезінде қолданылады.

Өртті химиялық құралдармен сөндіру үшін әртүрлі қол өрт сөндіргіштері, сонымен бірге жылжымалы және стационарлы өртті сөндіру қондырғылары пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]