
2.2 Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын және температурасын анықтау
Температура мен салыстырмалы ылғалдылық аспирациялық психрометрмен анықталады.
Ассманның аспирациялық психрометрі – (7-сурет), планкалы қорғауымен (5) түтiкшенi көрсететiн, арнайы оправаға бекiтiлген, екi сынапты термометрден (1,2) тұрады. Түтiкшенiң (5) төменгi қосарланған бөлiгiне (6,7) пластмассалы төлке көмегiмен екi түтiкше (3,4) [(iшкi екi түтiкшелермен (11,12)] бекiтiлген. Олар термометр бөліктерін абайсызда болған зақымнан және жылу радиациясынан сақтайды. Түтiкшенiң (5) жоғарғы ұшы, (7) аспирациялық желдеткiшпен қосылған, (3,4) айырланған түтiкшелер арқылы сыртқы ауаны 2.0 м/с жылдамдықпен сорып алады да (14) ойық арқылы шығарады. Аспиратор (7) электр қозғалтқыш арқылы қозғалысқа келедi.
Iшкi (11,12) түтiкшелер-сыртқы (3,4) түтiкше шетiне сүйенген үш таяуыш қолшалар көмегiмен ұстатылған. Сыртқы және iшкi түтiкшелердiң арасында байланыс болмауы үшiн, жылу өткiзгiштiк жолмен, жылу берiлмеуi үшiн, қолшалардың астына (11,12) эбониттен жасалған жұқа сақиналар орнатылған.
7-сурет. Ассманның аспирациялық психрометрі
Бiр термометрдiң сұйыққоймасы (әдетте оң жақтағы 2) батиспен байланған. Бүкiл құрылғы, тiке күн сәулесінен қорғау үшiн жылтыратылып, никельденген. Iлiнiп тұру үшiн, психрометрде (12) iлмек өзегі бар. Құрылғыға, желдеткiш пен қатты желден қорғайтын (13) қалқанша, (2) термометрдi сулау үшiн: (16) алмұрт тәрiздес резеңке, (11) шыны түтiкше және (17) қысқыш берiлген.
Психрометрдің жұмыс істеу принципі: Суланған термометрдегі ылғалдың булануы арқылы термометрді айналып өтетін ауаның температурасын төмендету. Себебі бұл жерде ылғалдың булануы елеусіз жылылықтың булануымен бірге жүреді. Сондықтан ылғалдың және жанасып тұрған денелердің температуасы төмендейді; қоршаған орта құрғақ болғандықтан булану неғұрлым тез жүрсе, соғұрлым t температура төмендейді.
Ауаның температурасы психрометрдің құрғақ термометрімен анықталады, ал салыстырмалы ылғалдылық келесі тәртіп бойынша: Құрал ылғалдылықты анықтайтын жерге (аэродинамикалық құбыр ортасына, 4-суреттегідей) тәжірибе жүргізілуден 0,25 сағат бұрын орнатылады. Сосын, санаудан 4 минут бұрын термометрді батистпен ылғалдайды. Ол үшін дестильденген су толтырылған алмұрт тәріздес резеңкені алады, оны ақырын ғана қысып ішіндегі судың деңгейін шыны түтікшенің белгіленген жеріне дейін немесе оның шетінен 1 см көтереді. Осы деңгейде суды 3-5 секунд ұстап тұру үшін қысқышты пайдаланады. Осыдан кейін құрал ток көзіне қосылып 4 минут жұмыс істейді. Термометр көрсеткіштерін алғанда алдымен градустың ондық бөліктерін, сосын градустарын санап алған жөн. Құрғақ және ылғалды термометрлердің көрсеткіштерін психрометрикалық кестеден (2-кесте), немесе номограммадан (8-сурет) алу арқылы салыстырмалы ылғалдылықты табады.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын номограммамен анықтау келесі түрде болады. Номограммадағы тік және қисық сызықтар ауа температурасын құрғақ және ылғалды термометр бойынша көрсетеді, сәйкесінше көлденең сызықтар – салыстырмалы ылғалдылықты көрсетеді. Яғни, термометр көрсетулеріне сәйкес сызықтарды табу арқылы, олардың қиылысу нүктесін белгілейді (табады). Сосын оларды ординат осьтеріне түсіріп, ізделінген салыстырмалы ылғалдылық мәнін анықтайды.
Бақылаулардың нәтижелері есеп берудің соңында көрсетілген тәжірибе хаттамасына енгізіледі.
2-кесте. Психрометрикалық кесте
Құрғақ термометрдің көрсетуі, град |
Құрғақ термометр мен ылғалдандырылған термометр көрсетулерінің айырымы, град |
||||||||||||
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
|
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, % |
|||||||||||||
0 |
98 |
82 |
65 |
48 |
33 |
20 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
100 |
84 |
68 |
53 |
39 |
25 |
12 |
|
|
|
|
|
|
4 |
100 |
85 |
71 |
58 |
43 |
31 |
18 |
|
|
|
|
|
|
6 |
100 |
86 |
73 |
60 |
47 |
36 |
25 |
14 |
4 |
|
|
|
|
8 |
100 |
87 |
75 |
63 |
51 |
40 |
30 |
20 |
10 |
|
|
|
|
10 |
100 |
88 |
76 |
65 |
54 |
44 |
34 |
24 |
15 |
|
|
|
|
12 |
100 |
89 |
78 |
68 |
57 |
48 |
38 |
29 |
20 |
11 |
|
|
|
13 |
100 |
89 |
79 |
69 |
59 |
50 |
40 |
32 |
23 |
15 |
7 |
|
|
14 |
100 |
90 |
80 |
70 |
60 |
51 |
42 |
34 |
25 |
18 |
10 |
|
|
15 |
100 |
90 |
80 |
71 |
61 |
53 |
44 |
36 |
28 |
21 |
13 |
|
|
16 |
100 |
91 |
81 |
72 |
62 |
54 |
46 |
38 |
30 |
23 |
16 |
8 |
|
17 |
100 |
91 |
81 |
72 |
63 |
55 |
47 |
40 |
32 |
25 |
18 |
11 |
|
18 |
100 |
91 |
81 |
73 |
64 |
56 |
48 |
41 |
34 |
27 |
20 |
13 |
8 |
19 |
100 |
91 |
82 |
73 |
65 |
57 |
50 |
43 |
35 |
28 |
22 |
15 |
9 |
20 |
100 |
91 |
82 |
74 |
66 |
58 |
51 |
44 |
36 |
30 |
24 |
17 |
11 |
21 |
100 |
91 |
83 |
74 |
67 |
59 |
53 |
45 |
38 |
32 |
26 |
20 |
14 |
22 |
100 |
91 |
83 |
75 |
68 |
60 |
54 |
46 |
40 |
34 |
28 |
22 |
16 |
23 |
100 |
92 |
83 |
75 |
69 |
61 |
55 |
47 |
42 |
36 |
30 |
24 |
18 |
24 |
100 |
92 |
84 |
76 |
69 |
62 |
56 |
48 |
43 |
37 |
31 |
26 |
20 |
25 |
100 |
92 |
84 |
76 |
70 |
63 |
57 |
50 |
44 |
39 |
33 |
28 |
22 |
26 |
100 |
92 |
84 |
77 |
70 |
64 |
58 |
51 |
45 |
40 |
34 |
29 |
24 |
27 |
100 |
92 |
84 |
77 |
71 |
65 |
59 |
52 |
46 |
41 |
36 |
31 |
26 |
28 |
100 |
93 |
85 |
78 |
71 |
65 |
59 |
53 |
47 |
42 |
37 |
32 |
27 |
29 |
100 |
93 |
85 |
78 |
72 |
66 |
60 |
54 |
49 |
43 |
39 |
34 |
29 |
30 |
100 |
93 |
86 |
79 |
72 |
66 |
61 |
55 |
50 |
44 |
40 |
35 |
30 |
31 |
100 |
93 |
86 |
79 |
73 |
67 |
62 |
56 |
51 |
45 |
41 |
36 |
31 |
32 |
100 |
93 |
86 |
80 |
74 |
68 |
62 |
57 |
52 |
46 |
42 |
37 |
32 |
34 |
100 |
93 |
87 |
81 |
75 |
69 |
63 |
58 |
53 |
48 |
44 |
39 |
34 |
36 |
100 |
93 |
87 |
81 |
75 |
69 |
64 |
59 |
54 |
49 |
45 |
40 |
36 |
38 |
100 |
94 |
88 |
82 |
76 |
70 |
65 |
60 |
55 |
50 |
47 |
42 |
38 |
40 |
100 |
94 |
88 |
83 |
77 |
71 |
66 |
61 |
56 |
52 |
48 |
44 |
40 |
8-сурет. Салыстырмалы ылғалдылық номограммасы