3 Шуды мөлшерлеу
Үздіксіз шуды мөлшерлеу параметрі – жиіліктің октава жолақтарындағы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц орташа геометриялық жиілікті дыбыс қысымының деңгейі болып табылады:
L=10 lgP2/Р02, дБ.
Ауыспалы шу энергия бойынша эквивалентті дыбыс деңгейімен мөлшерленеді.
Дыбыс деңгейі – ол мына теңдіктен есептеліп шығатын шама:
,
дБА
мұнда, PA – шу жиілігінің барлық диапазонындағы орташа квадратты дыбысты қысым Н/м2.
Дыбыс деңгейін жиілік спектрінің анализаторы сөніп тұрған күйде, шу өлшегіштің “А” шкаласының көмегімен анықтайды. Қарқынды шудың мөлшерлеу параметрі ретінде орташа геометриялық жиілікті октавалы жолақтарындағы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц тең энергия бойынша эквивалентті дыбыс қысымының деңгейі болып табылады.
Дыбыс қысымының немесе дыбыстың эквивалентті деңгейі энергия бойынша мына формуламен анықталады:
,
дБ (дБА)
мұнда, Т – деңгейлерді орташалау уақытының периоды, с; ti – деңгей берілген шектерде болатын, уақыт интервалы.
МЕСТ 12.1.003-76 сәйкес рұқсат етілген шу деңгейінің мөлшерлері, 3 және 4-кестеде келтірілген.
3-кесте. Өндіріс орындарындағы дыбыс деңгейі мен дыбысты қысымның рұқсат етілген деңгейлері
Атаулар |
Орташа геометриялық жиілігі бар жиіліктің октавалы жолағындағы дыбысты қысым деңгейі (дыбысты қысымға эквивалентті), дБ |
Дыбыс деңгейі (дыбыс деңгейіне эквивалентті), дБА |
|||||||
63 |
125 |
250 |
500 |
1000 |
2000 |
4000 |
8000 |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Ой еңбегіне арналған бөлмелер (кабинеттер, конструкторлық бюро, теориялық жұмыстарға арналған зертханалар, денсаулық сақтау пункттері...). |
71 |
61 |
54 |
49 |
45 |
42 |
40 |
38 |
50 |
Конторлық еңбекке арналған бөлмелер (жазба машиналары, администрация, цехтар, шу көздері бар зертханалық бөлмелер, есептеу машиналарына арналған бөлмелер...) |
91 |
83 |
77 |
73 |
70 |
69 |
66 |
64 |
75 |
Өндіріс орындарында және өндірістік кәсіпорындар аймағындағы жұмыс орындары |
99 |
92 |
86 |
83 |
80 |
78 |
76 |
74 |
85 |
4-кесте. Дыбыс деңгейі мен дыбыс қысымының деңгейіне арналған түзетулер
Сыртқы фактор |
Шарттар |
Түзетулер дБ немесе дБА |
Шу сипаттамасы |
Кең жолақты Үндестілік, қарқынды |
0 -5 |
Дыбыстың әсер ету ұзақтығы |
Бір ауысымдағы қосындысы 4-8 сағат 1-4 сағат 0,25-1 сағат 5-15 минут 5 минуттан төмен |
0 +6 +12 +18 +24 |
