Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

15. Қимақ қағанаты: құрылуы, тайпалық құрылымы, құлауының себептері.

Х ғасырдың басындағы Ертіс өзенінің орта ағысы мен Солтүстік Шығыс Жетісуда мемлекет құрып оның басында «байгу», «жабғу» атағы бар билушісі тұрған,ол ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басында жалпы түріктік «қаған» дәрежесіне көтерілген қимақ тайпасының тарихына зер салмақпын!

Қимақ қағанатының әлеуметтік және саяси дамуына қарай тайпадан мемлекеттік құрылымға дейін билеушілерінің атақ дәрежесіне төменгі баспалдақтан жоғары қарай өсу қарқыны байқалады, мәселен, шад түтік пен жабғудан қағанға дейін (шад жабғу, ұлық шад үлкен шад) кішік (кіші) қаған ұлық (ұлы) қаған.

Қимақтардың қағаны өз мем/ң аумағындағы тайпа ақсүйектерінің өкілі болып келетін билеушілерді тағайындап шынайы өз қолында ұстады. Билікті мұраға қалдыру тек қана қаған (жанұясы) мен хан руында ғана емес, тайпа ақ сүйектерінде де кездесіп отырды. Қимақ қағанының он бір билеушісі өз жерлерін балаларына мұра ретінде қалдырып кеткен. Қимақтар VI – IX ғасырларда ежелгі түрік қоғамында қалыптасқан әлеуметтік және мәдени дәстүрлерді дамыта отырып, ІХ ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында өздері де толыққанды мемлекет құрды.

Қимақ мемлекеті ХІ ғасырда ішкі күштер мен әлеуметтік теңсіздіктің әсері мен дағдарысқа ұшырай бастады.Оның қылауын батыстан жылжыған көшпелі тайпалар тездете түсті. Бұл процестер 916жылы Солтүстік Қытайдағы Ляо мемлекетін құрған қидандардың (қарақытайлардың) күш алып, өз ықпалын жүргізе бастауымен де байланысты. Осының арқасында қимақтар өз кезеңінде Қимақ мемлекетінің жалғастырушысы болды.

16.Ертеректегі және дамыған ортағасырлық

мемлекеттердің шаруашылығы

Қазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер шаруашылығы отырықшы егін шарушылығымен тығыз байланыста болған көшпелі және жартылый көшпелі мал шаруашылығына негізделген еді. VI-XII ғасырлардағы мемлекеттердің басты шаруашылығы мал өсіру болған. Ортағасырлық қоғамда малға жекеменшік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен біріге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен. Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған. Кейбір жазба ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың  жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мәліметтер бар. Түріктердің жылқысы климаты қатаң, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген еді, сонымен қатар сүтінің мол және еті мен майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленді. Түріктер сиыр және қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын - қымыз дайындайтын. Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына  байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау баурайларындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты. Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай  қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Құмыра жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың баурайларындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]