Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

116.Қазіргі Қазақстанқоғамындағыдемографиялықтенденциялар

Тәуелсіз Қазақстан егеменді ел болғаннан кейінгі алдына қойған басты мақсатының бірі – адамдардың жақсы тұрмысын ететін қоғам орнату еліміздің барлық аймақтарында өндірістің құлдырауы және соған байланысты халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі демографиялық жағдайда әсерін тигізді.

Мұны бала туу мен өлім- жітімнің, сондай-ақ халықтың республикадан тыс жерлерге көшіп кету шілердің жол-күйін сипаттайтын көрсеткіштерін анық байқауға болады. Мәселен, 1991-1995 жж. Аралығында әр мың тұрғынға шаққанда бала туу деңгейі 21,0 адамнан 16,1 адамға дейін азаяды, Германияға, АҚШ-қа, Ресейге т.б. жерлерге қоныс аударушылар көбейді.

Республика көлемінде 131 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрып жатты. Бір айрықша бөліп айта кететін жайт, қазақтар саны бірте-бірте басымдыққа ие болып келеді. Мәселен, ХХ ғ. 60 жылдары қазақтар елде тұратын халықтың үштен бірін қамтыса, 1997 жылдың басында олар республика халқының тең жарымын құрады.1999 жылы халық санағы бойынша қазақтың саны 8,2 млн. Адамға жетіп жалпыхалықтың 53,4% -ын қамтыса , 2004 жылы 8,6 млн-нан асып республика халқының 58%-ын құрады.

117.Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым. Еқыұ – ның Астана Саммиті.

ЕҚЫҰ20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл — Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 56 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. 20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл — Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 56 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]