
- •1.Тас дәуіріндегі әлеуметтік шаруашылық эволюциясы (палеолит,мезолит,неолти)
- •3.Сақ дәуіріндегі өмір сүрген тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысы.
- •4.Сақ тайпаларының саяси және қоғамдық құрылымы,орналасу аймақтары
- •6.Ежелгі Үйсіндердің әләеуметтік және саяси тарихы
- •7.Қаңлы мемлекетінің этносаяси тарихы.
- •9.Отан және әлем тарихындағы ғұндардың рөлі.
- •10. Түрік қағанатының құрылуы: саяси тарихы және басқару жүйесі.
- •11.Батыс Түрік қағанаты: әскери-әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылым,құлдырау себептері
- •12.Түргеш қағанатының құрылуы,Тан Әулеті және арабтармен күресі
- •13. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы, әскери-әкімшілік басқару жүйесі.
- •14.Оғыз мемлекетінің құрылымы мен этносаяси байланыстары. Оғыз қоғамының рутайпалық құрылымы. Әлсіреу себептері
- •15. Қимақ қағанаты: құрылуы, тайпалық құрылымы, құлауының себептері.
- •16.Ертеректегі және дамыған ортағасырлық
- •17. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы
- •18. Қараханидтердің мемлекетіндегі басқарудың әскери-тайпалық
- •19.Найман мен Керейіт ұлыстары : қоғамдық құрылымының деңгейі.
- •20.Қарақытай мемлекеті
- •21.Қыпшақтардың түркі халы-ң этникалық
- •22. Ұлы яжібек жолы-трансконтинент-қ жүйе ретінде
- •27. Қазақстан территориясындағы діни жүйелер: буддизм, манихейлік, христиан, зороастризм, ислам.
- •29. Ауызша өнер және түрік жазба әдебиеті. Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашғаридың шығармаларына сипаттама.
- •31.Татар – монғол шапқыншылығы: тұжырымдамалары, кезеңдері, қорытындылары және зардаптары.
- •3 2. Алтын Орданың құрылуы.Алтын Орданың этносаяси байланыстары.
- •3 4.Ақ Орданың саяси тарихы мен мемлекеттік құрылымы.
- •3 5. Моғолстан: құрылымы, территориясыжәне этникалық құрамы. Мемлекеттіңәлсіреуі мен ыдырауы.
- •36.Ноғай Ордасының саяси тарихы, этникалық құрамы және басқару жүйесі.
- •37.Көшпелі Өзбек хандығының саяси тарихы.
- •40.Қазақ хандығының қалыптасуы. ХVғ. Соңындағы алғашқы қазақ хандарының жер және қалалар үшін соғыстары.
- •41.Қасым хан. Хандықтың гүлденуі. Қазақ хандығының аумағының кеңеюі. Қасым хан саясаты (1511-1518жж):
- •42.ХvІғ. ЕкіншіжартысындағыҚазақхандығы. Хақназардыңбилікқұруы
- •43.Қазақ құқықтық жүйесінің қалыптасуы: Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан заңнамалар жинағы.
- •47.Тәуекел хан кезіндегіҚазақхандығыныңсаяси жағдайы.
- •48.Есімханныңсаясиқызметі.
- •49. «Орбұлақ» шайқасының тарихи маңызы
- •50.Тәуке ханның саяси және дипломатиялық қызметі.
- •52.XVIII ғ. Қазақ- жоңғар соғыстары. Қазақ халқының «Отан соғысы».
- •53.XVIII ғ. Екінші жартысындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы. Абылай хан тарихи тұлға.
- •55.XviiIғ. Екінші жартысы мен xiXғасырдағы Қазақста нның Ресейге қосылуының аяқталуы.
- •56.XVIII ғ. Соңы мен хіХғ.Қазақстан мен ортаазиялықмемлекеттер.
- •57.Бөкей ордасының құрылуы.
- •58.Сырым Датов бастаған халық – азаттық көтерілісі.
- •59.1822Ж. «Сібірқырғыздарытуралы» ереже.
- •60.1824 Ж. «Орынборқазақтарытуралы» ереже.
- •61.ХіХғ. ЕкіншіжартысындағыреформаларбойыншаҚазақстанныңсаясибасқаруы мен әкімшілік құрылымындағы өзгерістер.
- •62.Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты, мақсаты және оның кезеңдері, қорытындысы.
- •63.Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов көтерілістері.
- •64. 1837-1847 Жж. Кенесары ханның басшылығымен болған ұлт – азаттық көтеріліс.
- •65. Жанқожа Нұрмухамедов пен Есет Көтібаров бастаған көтерілістер
- •66.1868 Ж Орал, Торғай және 1870 ж Маңғышылақтағы ұлт – азаттық көтеріліс.
- •67.ХіХғ. Екінші жартысындағы ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы, себептері, қорытындылары
- •68.ХіХғ. Екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •69. Сауда мен өндірістің дамуы. Хіх ғ екінші жартысындағы банк-ақша қатынастары.
- •70.ХіХғ. Және хХғ.Басындағы қазақ халқының музыкалық мәдениеті.
- •71.Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
- •72.Ш.Уалихановтың ғылыми, әдеби және қоғамдық қызыметі.
- •74.Хх ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуының алғы шарттары.
- •75. 1916 Жылы ұлт-азаттық көтеріліс себептері, сипаты, негізгі ошақтары мен қозғалыс басшылары.
- •77.«Алаш» партиясының құрылуы және бағдарламасы.
- •78. 1917 Жылғы қазан төңкеріс. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •80.Қазақстан азамат соғыс жылдарында.
- •81.Қазақ Совет мемлекетінің құрылуы. Қасср-дің әкімшілік-территориялық құрылымының өзгеруі.
- •82. Т.Рысқұловтың саяси және экономикалық көзқарастары.
- •83.«Соғыс коммунизм» саясаты оның салдары.
- •85.Қазақстандағы «Кіші қазан» саясаты.Тоталитарлықжүйеніңорнауы.
- •90. 1920-1930 Жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық- саяси жағдай.
- •93. 1930-1940 Жылдардағы Қазақстанға халықтардың күштеп қоныс аударылуы. (Депортация).
- •95.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның жалпы кеңестік экономикаға қосқан үлесі.Қазақстан-майдан арсеналы. (1944 – 1945 жж.).
- •96.Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстаннның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы (1946-1953 жж.)
- •97.М.Шоқайдың саяси қызметі.
- •98.1954-1964 Ж.Ж. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Хрущевтік «жылымдылық».
- •99. XX ғ. 60 – 80 жылдарындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы
- •101.Тың және тыңайған жерлерді игеру: мақсаты, қорытындылары, салдары.
- •102.1965-1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуы.
- •103.Хх ғ. 80 жылдарындағы Қазақстандық қоғамның әлеуметтік жағдайындағы жағымсыз үрдістер.
- •104. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстан оның кезеңдері. Экономикалық құлдырау.
- •105.1986 Ж-ғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи, әлеуметтік-экономикалық себептері. Маңызы.
- •107.Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында: Қазақстанның «өзіндік» саяси моделінің қалыптасуы
- •108 Қазақстан Республикасы Конституциясы: оның тарихи маңызы.
- •109. Жекешелендіру- ҚазақстанРеспубликасындағыэкономикалықреформалардыңнегізі.
- •112. Қазақстанның тмд елдеріменқарым-қатынасы
- •113.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты жолдауындағы басым бағыттар.
- •114.ҚазақстанРеспубликасындағырухани даму. «Мәдени мұра» бағдарламасы бағдарламасы.
- •115.ҚазіргіҚазақстанмәдениетініңдамуы
- •116.Қазіргі Қазақстанқоғамындағыдемографиялықтенденциялар
- •117.Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым. Еқыұ – ның Астана Саммиті.
- •118.Н. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі.
- •119.Н. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл»атты еңбегі.
- •120. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси даму қорытындылары.
97.М.Шоқайдың саяси қызметі.
1916 жылы Мұстафа Шоқай Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарады. Түркістандағы көтерілістің себеп-салдарын тексеруге Мемлекеттік дума Ташкентке арнайы комиссия жібергенде, оның құрамында депутаттар А.Ф.Керенский, Тевкелевтермен бірге Мұсылман фракциясы жанындағы бюро мүшелері Ш.Мұхамедияров пен М.Шоқай да болады. Санкт-Петербургке оралғаннан кейін өзі жинаған материал негізінде Мұстафа 1916 жылғы көтеріліс кезінде билік орындарының Түркістан халқын аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқаны туралы Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясы атынан жасалатын мәлімдеме мәтінін даярлады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі нәтижесінде патша өкіметінің құлауын зор қуанышпен қарсы алады. Түркі мұсылман халықтарының бостандық алуына мүмкіндік туады деп үміттенеді. Сөйтіп ол 1917 жылы көктемде Түркістан өлкесіне оралады. Сол жылы 16-21 сәуір аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының І-сиезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланады. «Бірлік туы» газетінің негізін қалап, оның алғашқы редакторы болады. «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» ұйымына төрағалық етеді. Бірінші жалпықазақ сиезіне қатысады. Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа, кандидаттыққа ұсынылады. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін барлық билік кеңестік жүйеге көшіп, ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдарды кеңестердің өз бақылауына ала бастаған соң, М.Шоқай жетекшілік еткен «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» Ташкенттен Қазанға көшіп, сонда өлке мұсылмандарының төтенше сиезін өткізуді қолға алады. 1917 жылы 28 қарашада өткен сол ІV сиездің төралқасына басшылық жасайды. Сиез шешімімен құрылған Түркістан автономиясынын 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланады әрі уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болады. Ал 1917 жылғы желтоқсанда екінші жалпықазақ сиезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Бұдан кейін де осындай ұлт мүддесін қорғап, тәуелсіз ел болуға қатысты ірі-ірі шараларға басшы, мемлекеттік деңгейдегі лауазым иесі болуына қарамастан тоталитарлық жүйенің түптілікті жеңуіне орай өз бағытынан қайтпаған, ұлтжанды тұлға Мұстафа Шоқай туған жер, атамекенді қаншалықты қимағанмен, өз мақсат, идеясын жалғастыру үшін 1921 жылы шетел асып кете барады. Ресей аумағында жүргенде А.Цалыковтың редакторлығымен шығатын «Вольный горец», Грузия меньшевиктерінің «Борьба» газетінде істеген, 1920 жылы Тбилисиде украиндықтармен бірлесіп «На рубеже» журналын шығаруды жолға қойып, оның редакторы қызметін атқарып тәжірибе жинақтаған ол эмиграцияда жүргенде осы бағыттағы ісін қарқынды жалғастыра білді. Түркияда біраз аялдап, Францияға қоныстанған ол қиыншылықтарға қарамастан бастапқы идеясы бағытында кең ауқымды, терең мазмұнды күрес жүргізіп отырды.А.Ф. Керенскийдің « Дни», П.Н. Мюликовтың «Последние новости» газеттерінде қызмет етеді. 1927 жылдан Парижде Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен шығатын «Иени Түркістан» журналында белсенді қызмет атқарды. «Түркістан ұлттық бірлігі» ұйымына жетекшілік етті. 1929 жылдан «Жас Түркістан» журналын шығаруды қолға алады. Журналда Орта Азия республикалары жөнінде қисынсыз жүйе болашағы туралы аса өткір сын мақалалар жариялап отырды. Бұл сын мақалалар кеңес өкіметі басшыларына өте жайсыз тиді. Сондықтан кеңес өкіметінің үгіт-насихаты М.Шоқайдың сынына қарсы мақсатты түрде жұмыс істей бастады. Алайда М.Шоқай өз мақсатынан, түпкі идеясы түрік бірлігін сақтауды жүзеге асыру мұратынан еш уақытта қайтқан жоқ. Сол мақсат мұратын іске асыру жолында жүргенде Ұлы отан соғысы басталған 1941 жылдың желтоқсан айында Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда қайтыс болды. Атын айтуға болмайтын заманда да бір жақсысы қазақ халқы ардақты ұлының атын еш ұмытқан жоқ, айтып жүрді. Тәуелсіздік таңымен бірге Мұстафа сияқты ұлы перзенттерінің есімі жаңғыра шығып, асқақ үнмен естіле бастады, ұлт рухын көтере бастады.