Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
278.65 Кб
Скачать

82. Т.Рысқұловтың саяси және экономикалық көзқарастары.

Тұрардың дүниетанымында отаршылдыққа қарсы сарын бірден көрінеді. Ол Түркістанның түркі тектес халықтарының бөлшектенбей біртұтас болып біріккенінде ғана отаршылдыққа қарсы шыға алатынын түсінді. Сондықтан ол 20-30 жылдары мемлекеттік саяси іске белсене араласып, белді ұйымдастырушысы болды.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен одан кейінгі саяси оқиғалар Т.Рысқұловты демократиялық интеллигенцияның алдындағы шоғырынан өсіп шыққан революционер ретінде қалыптастырды. Т.Рысқұлов құрған одаққа 30 ға тарта қазақ, қырғыз, орыс т.б. жастар бірікті. Одақ оқушы өкілдерін интелегенттердің демократиялық бөлігін және прогрессивті ауыл мұғалімдерін біріктіріп, жергілікті болшевиктер мен әскери гарнизондармен байланыс жасай отырып, өзінің жұмысын негізінен қазақ еңбекшілерінің арасында жүргізді. 1918 жылы қарашада Т.Рысқұлов Түркістан АКСР Кеңестерінің VI сьезіне қатысып, Орталық Атқару Комитетінің құрамына сайланып, ТүркОКА-ның аппаратына қызметке ауысады. Қазақ-орыс қатынастарын реттеу, ұрлық, тонаушылықпен айналысқандарға тойтарыс беру, Әулиеата уезінің экономикалық жағдайын жандандыру сияқты мәселелерді шешуге тікелей араласады. Уездік Кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Т.Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерін ашаршылықпен күресу ісіне бағыттайды. 1919 жылы наурызда Түркістан Республикасы Кеңесінің төтенше VIІ сьезінде Т.Рысқұлов Түркістан Орталық Атқару Комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып сайланады1920 ж. 21 қаңтарда Түрккомиссияның қолдауымен Тұрар.Рысқұлов.Т.О.А. Комитетінің төрағасы болып сайланды. Осы кезде Тұрар Рысқұлов өзінің «Кеңестік Түрік Республикасын құру» турасындағы идеясын ұсынды. 1921 ж. 21 қаңтарда Тұрар Рысқұлов ОАК- тің төрағасы болып сайланды.

83.«Соғыс коммунизм» саясаты оның салдары.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты (1918–1921 жж.)Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азақ-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лығы енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды.

84.Жаңа экономикалық саясат оның прогресшілдік маңызы. оның Қазақстандағы ерекшеліктері.Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері: 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өнеркәсіп өнімі 6,3% болды. Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды. Мал саны 29,9 млн.-нан - 16,3 млн.-ға кеміді. 1921 жылы кеңес үкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуді ойластырды: Азық-түлікті, отынды тегін босату; Коммуналдық қызметтерді тегін көрсету; Ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдау. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады: Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 ж ақпан - 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 ж наурыз - Оралда 10 мың бүлікші көтерілді. Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғ. 20ж. басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: Мемлекеттің еңбекші халыққа күш қолдану саясаты. 1921 – 1922жж. жаппай ашаршылық. Мал шаруашылығының ауыр жағдайы. Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың мүдделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат қажеттігі айқындала түсті. 1921 ж наурыз – жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды (партияның X съезі). ЖЭС-тің белгілері: Азық-түлік салығы. Сауда еркіндігі. Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. Ауыл шаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. Енбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. ЖЭС-тің мәні – салғыртты салықпен ауыстыру. 1921 ж наурыз-сәуір – өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. 1921 ж маусым – Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. Азық-түлік салығы енгізілгеннен бастап шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты: Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды және одан кем ірі қарасы бар қожалыктар салықтан босатылды. Бірыңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924-1925жж өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927-1928 жж өнімнің 1/13 бөлігі алынды. 1924 ж 1 қаңтар – ақшалай салық енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналган каражаттар мына салаларға бөлінді: Қорғаныс ісіне. Халық ағарту ісіне. Ауыл шаруашылығына. Ірі өнеркәсіпке. Ауылшаруашылық несиесі қоғамы көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924-1925 жж республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Ауылшаруашылығындағы басты өзгерістер: Егіс көлемі 1924 ж – 2,1 млн.га, 1928 ж - 4 млн.га-ға өсті. Мал шаруашылығы 1924 ж – 24,8 млн., 1928 ж - 41 млн.-ға көбейді. Шаруа қожалыктары 1924 ж – 737мың, 1928 ж - 1 млн.333 мыңға жетті. Астық өндіру 1924-1925 жж – 64618650 пұт, 1928-1929 жж – 240 млн. пұтқа артты. 103 коммуна, 650 ауылшаруашылық артелі, мақта өсіретін «Мақтарал» совхозы (Оңтүстік Қазакстан) құрылды. Шаруалардың жіктелу процесі күшейді: Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды. 1928 жылы шаруалардың 3/4бөлігі орташаларға айналды. Кулак-бай кожалықтар 6,6%-дан 14,8%-ға көбейді. ЖЭС жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болып жатты. Халық шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңесі 8 тресті біріктірді. Одактық маңызы бар трестер құрылды: «Эмбанефть», «Алтайказполиметалл», «Атбасцветмет». Жалпыодактық трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефть» мұнайынан алынған табыстың 5%-ын Қазак АКСР-інің өлкелік бюджетіне аударды. Осылайша одақтық трестердің монополиялық өктемдігі қалыптасты. Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс әсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды. Ресейдің орталық аудандарынан республикаға бірқатар өнеркәсіп орындары көшірілді: Орынбор тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы т.б. Өлкедегі кен өнерАқмола губерниясында – Атбасар. Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір. Бөкей ордасында – Орда. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. Өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. ЖЭС – шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921-1929жж)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]